Қайта өрлеу дәуірі. Донателло


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қайта өрлеу дәуірі. Донателло.

Донато ди Николло ди Бетто Барди

http://im3.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/rB1IT6mnUO7KOsu4aZTh2ubo68Ers2.jpg Бұл атақты мүсінші Донателлоның толық аты. Отаны - Флоренция. 1386 жылы дүниеге келген. Ауқатты отбасынан шықса да, әкесінен ертерек айырылып, жетімдік пен жоқшылықтың азабын басынан өткереді. Ешқайда ұзап шыға алмай, өмірінің көбін өзінің туған қаласында өткізді. Еңбек жолы сол кездегі әйгілі мүсінші Лоренцо Гиберти шеберханасында басталды. Донателло қажымай-талмай ізденді, өткен заманнан келіп жеткен өнер ескерткіштерін үлкен ықыласпен зерттеді. Әсіресе антикалық мәдениет үлгілеріне ден қойып, өзінің творчетвосына нәр іздейді.

Бұл кезде Флоренция қаласында атақты Санта Мария дель Фьеро ғибадатханасының құрылысы қызу жүріп жатқан еді. Оның тезірек бітуіне қала әкімдері орасан зор маңыз береді. Ғибаданхананы салуға белгілі сәулет өнерінің маманы, архитектор Филиппо Брунелелески басшылық етеді. Ол сол кезеде жаңа таныла бастаған Донателлоны қызметке шақырып, собордың ішкі жағын әшекейлеуді жүктейді. Жас шебер орасан көп еңбек сіңіріп, өзінің болашағынан зор үміт күттірген мүсінші екенін көрсетеді.

http://im2.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/oGq0B4ni0CF7G01zmYYZqgXY89Q2P9.jpg XV ғасырдағы Флоренция ірі өнеркәсіп, мәдениет орталығы еді. Онда неше алуан цехтар жұмыс істейтін. Және олардың әрқайсысының дербес туы, гербі, қамқор әулиесі болды. Сондай қолөнер цехтарының бірі қару-жарақ шығаратын-ды. Оған Георгий әулие қамқорлық етті. Міне, осының барлығы сол кездегі өнердің басты тақырыбына айналды. Бұған дейін де, бұдан кейін де творчествоға өзек болды. Мәселен, суретшілер, мүсіншілер Георгийді алуан қырынан алып бейнелеген еді. Көбіне ақбоз ат мінгізіп сері ретінде көрсететін. Ұзын сапты өткір найзамен алпауыт айдаһарды өлтірген батырдың тұлғасын тек бір қырынан беруге бейім еді. Мысалы, мүсіншілер ауыздығымен алысқан атты, сосын азу тісті алты қарыс айдаһарды мүсіндеумен шектелді. Ал, басты кейіпкер - Георгий ішкі дүниесін тереңірек ашып, кесек тұлғасын жасауға онша мән бермейтін.

Осылай ғасырлар бойы қалыптасқан трафареттен бас тартқан Донателло әулие Георгий образын бүтіндей басқаша бейнеледі. Ол батыр образын мейлінше шынайы етіп көрсетуге тырысты. Георгий мүсінші кескіндеуінде сұңғақ бойлы, талдырмаш жас жігіт. Ол сауыт-сайман асынбай, жеңіл киінген. Жүзінде сабырлылық пен өжеттілік бар. Болат қалқанға сәл ғана сүйеніп, әлденеге ойланған қалыпта. Жанары өткір. Тұлабойын бұла күш кернеген жас батыр қандай да болсын сыннан сүрінбей өтетініне кәміл сеніммен қарайды. «Флоренция республикасына төнген қауіпті жеңу үшін дәл осындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жауынгер, ел қамқоршысы болар азаматтар керек» деген ой туғызады. Донателло бұл туындысы арқылы ердің Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, қаһармандық бейнесін көрсетпек болды. Мүсінші еңбегінің осы қырын кезіндегі Флоренция әкімі Козимо Медичи және өнер сыншылары жоғары бағалаған еді.

http://im6.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/y3N4I5I1jIN54HafzK07GU21G4wQ2U.jpg

1431 жылы Донателло Римге саяхат жасады. «Мәңгі қаладағы» көптеген айнтикалық ескерткіштерді түгелдей көріп, оларды зерттеді. Тіпті соған орай арнайы альбом жасап, оны суретке толтырды. Олардың көбі мүсінші қиялының қағазға түскен алғашқы бедерлері еді. Кейін қолға алмақ шығармаларының сұлбасы еді. Ол әулие Георгийден кейін өз творчествосының бағыт-бағдарын біржола анықтап алады. Артынан өшпейтіндей із қалдырған ерлердің ерлігі, адамзат баласы асқан ұстар адамгершілік қасиеттері оның өзекті де өміршең тақырыбана айналды. Соны ең басты мақсат етіп қойды. Соның бір айғағы, талай ұйқысыз түндерден кейін туған қоладан жасалған Давид мүсіні. Бұл тақырып ежелгі еврейлердің қасиетті кітабы - библиядан алынған. Иуда патшалығы мен филистимлян әскерін көзсіз батыр адам басқарады. Ол - екі иығына екі кісі мінгендей алып тұлғалы, айбынынан арыстан именгендей аса сұсты Голиаф еді. Оның аты аталған кезде сен тұр мен атайын дейтін дұшпанның тізесі қалтырап, төбе шашы тік тұратын болған. Еңіреп отырған бала жылауын қояды екен. Сондай айдарынан жел ескен қаскөй батырға қарсы келетін ел ішінен еркек кіндікті бір адам табылмай қояды. Қырық күн бойы қырғын салған ол халықты қанға бөктіреді. Ел басына нәубет төніп тұрған осындай қиын-қыстауда Саул патшаның шатырына бақташы бала Давид кіреді. Иіліп сәлем беріп болған соң: «Қатерлі жауға мен шабамын!» - деп Давид өз тілегін білдіреді. Баланың батылдығына таңқалсада бақай есептілер басындырғысы келмейді. Өзеуреп отырған жұрт оның бұл тілегіне ду күліп, мысқыл сөзбен шығарып салады.

Бірақ бала тілегін қабыл алмасқа да шара қалмайды. Ақыры дүлей күштің тәңірісіндей Голифқа бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған Давидті қарсы шығарады. Бала қолына бар-жоғы таяқ пен сақпан ұстайды. Мына келемежге күйінген Голиаф долдана ұмтылған сәтте тас салған сақпанды жас батыр айналдырып-айналдырып келіп, жауға қарсы тартып жібереді. Өткір тас сарт етіп Голиафтың маңдайына тиеді. Жай тимейді, маңдай сүйегін парша қылып тесіп өтеді.

http://im8.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/6OVvG9knCKI37pUaa9ez106eyBKkjt.jpg Донателло шығармасына арқау болған осы аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында мүсінделген. Сіз Голиафтың басын алған өр тұлғалы батыр баланың семсерді жерге қадап, сол аяғымен жауының басын басып тұрған сәтін көргенде, осындай жұмбақ сырға тап боласыз. Давидтің кәрленген жүзінен жауыздыққа деген өшпенділік табын, қан жұтқан халқының өшпес кегін көргендей әсерде қаласыз.

Ғасырлар бойы көрген адамның көңілін өсірген осынау таңғажайып туындыны терең ашып беру үшін мүсіншіге асқан шеберлікпен қатар, сөз жоқ творчестволық батылдық керек болды. Олай дейтініміз, адам сымбатын жалаңаш мүсін арқылы бейнелеу Қайта өрлеу дәуіріндегі өнердің айрықша жаңалықтарының бірі еді. Бұл дәстүрді бір ғасыр өткен соң атықты мүсінші әрі суретші Микеланджело одан әрі дамытты.

Өнер өлкесіне шалқар шабытпен бірге шынайы халық сүйіспеншілігін қатар ала келген Донателло осыдан кейінгі (1443-1453 ж. ж) он жылын Падуя қаласында өткізген. Осы жылдар ішінде қажырлы еңбек, талмас ізденіс «Гаттамелата» сынды кесек дүниені өмірге әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу өнері. Проторенессанс, кватроченто
Христиан өнерінің бастапқы кезеңі
Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйретудің тиімді әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Еуропадағы «қайта өрлеу» өнері
Италия туралы жалпы мәлімет
Италия Республикасы
Италия Республикасы— Еуропаның оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет
Орта ғасыр мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz