Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде
2. Әлеуметтік мемлекет
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
1. Жалпы тарих және құқықтану мектепте. 2008.
2. Ақиқат. 2004.
3. Егемен Қазақстан. 2005.
4. Краткий политический словарь. Москва: Политиздат, 1989.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде
2. Әлеуметтік мемлекет
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.

Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

Әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік мемлекет ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады деп көрсеткен. Әлеуметтік мемлекет деген ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық келісім мемлекетінен және мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және Англияда, т.б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты – қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік экономика ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен Қазақстан таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы – гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау... Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы – демократиялық мемлекеттің де, әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбәр мүшесінің тіршілік етуіне лайықты жағдай жасау үшін заңды түрде жарияланған азаматтық құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің жоғары болуы - әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы
Қазақстан Ресубликасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Азаматтық қоғамның құрылымы
Конституциядағы құқықтық мемлекет белгілері
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ
Құқықтық мемлекет белгілері
Пәндер