Алаяқтық қылмысын тергеу ерекшеліктерінің кейбір мәселелері
Кіріспе
Жұмыстың негізгі бөлімі
Диссертацияның қорытындысы
Жұмыстың негізгі бөлімі
Диссертацияның қорытындысы
Бұл магиcтрлік жұмыста алаяқтық қылмысының даму тарихы, алаяқтық жасаған тұлғаның және алаяқтықтың құрбаны болған тұлғаның криминалистикалық сипаттамалары, сондай-ақ, алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесіне байланысты алаяқтықтың криминалистикалық сипаттамасы, қылмыстық іс қозғаудың ерекшеліктері және бастапқы тергеу кезеңіндегі жағдайлар мен тергеуші әрекеті, бастапқы тергеу әрекеттері мен кейінгі тергеу әрекеттерінің ерекшелігі қарастырылған. Сонымен қатар, алаяқтық қылмысын тергеу кезінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері баяндалған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабына сай, мемлекетіміз өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Коституциясының 26-шы бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады және меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi, сондай-ақ соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды», - делінген.

Қолжазба құқығында
ҚАЙРАТҰЛЫ АЙДЫН
Алаяқтық қылмысын тергеу ерекшеліктерінің кейбір мәселелері
Құқық магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
6M030100 - Заңтану
мамандығы бойынша
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Жұмыс Қазақстан Республикасы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші Заң ғылымдарының докторы
Сейтенов Қ.Қ.
Ресми оппонент Заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ресей Университетінің саясаттану және құқық кафедрасының аға оқытушысы
Енсебаева А.Р.
Қорғау 2011 ж. __ маусым күні сағат _____ Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында (ауд.___) өтеді. Мекен жайы: 010000, Астана қ., Қордғалжын тасжолы, 8.
Диссертациямен және авторефератпен Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2011 жылы ___ ______________ таратылды
Кіріспе
Диссертацияның жалпы сипаттамасы. Бұл магиcтрлік жұмыста алаяқтық қылмысының даму тарихы, алаяқтық жасаған тұлғаның және алаяқтықтың құрбаны болған тұлғаның криминалистикалық сипаттамалары, сондай-ақ, алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесіне байланысты алаяқтықтың криминалистикалық сипаттамасы, қылмыстық іс қозғаудың ерекшеліктері және бастапқы тергеу кезеңіндегі жағдайлар мен тергеуші әрекеті, бастапқы тергеу әрекеттері мен кейінгі тергеу әрекеттерінің ерекшелігі қарастырылған. Сонымен қатар, алаяқтық қылмысын тергеу кезінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері баяндалған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабына сай, мемлекетіміз өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Коституциясының 26-шы бабында: Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады және меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi, сондай-ақ соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды, - делінген.
Қазіргі таңда жекелеген қылмыс түрлерінің жылдан жылға жасалу қарқыны өсуде, соның ішінде алаяқтықтың таралуының кең өріс алуы қаржылық экономика мен еркін кәсіпкерлік қызметтің талаптарына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, бұл қылмыс түрін ашу, тергеу кейде қиынға түседі. Оның басты себебі, қоғамның, экономиканың, адам санасының деңгейінің дамуына байланысты болып отыр, демек, алаяқтық жасаудың тәсілдері мен әдістері қоғамның, адам санасының дамуына байланысты жетіліп, жаңарып отырады.
Алаяқтық – бұл меншікке қарсы бағытталған қылмыс, ҚР ҚК 177 бабына сай алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе қиянат жасау арқылы алу.
Біздің қылмыстық заңнамамен бөтен мүлікті ұрлау үшін ең ауыр жаза ретінде мүлікті тәркілеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру көзделгендігіне қарамастан, алаяқтық кең тараған және қоғамдық қауіптілігі жоғары қылмыс болып қалып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында: қылмыстарды жылдам әрі толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды тиісінше қолдану мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы тиімді қолдануды көздейтін оңтайлы құқықтық тетіктерді әзірлеу талап етіледі және тұжырымдаманың 3.1. тармағында Ішкі істер органдарының басты міндеттері қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстарға және басқа да жалпы қылмыстарға қарсы күрес болып табылады. Азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы, еліміздегі қылмыстың жай-күйі мен криминогендік жағдайдың деңгейі ішкі істер органдары қызметінің тиімділігіне байланысты, сондықтан ішкі істер органдарын жетілдіру процесі қылмыстық көріністер мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда олардың жылдам әрі барабар әрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс,- делінген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы Егемендігін алып, дербес мемлекет болғанда алаяқтық әрекеттер экономикамызды әлсіретуге үлкен септігін тигізіп отыр. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты, бұл қылмысты жасау тәсілі күрделенуде, сондай-ақ жаңа тәсілдер пайда болуда. Қоғам арасында жасалынатын алаяқтық әрекеттер, мысалы, карта, оймақ ойындарын ойнау тек қана азаматтардың жеке мүдделеріне ғана залал келтірсе, банк-несие саласындағы алаяқтық әрекеттер мемлекетіміздің экономикасының құлдырауына орасан әсер етуде. Жоғарыда атап көрсеткендей, бұл әрекеттер тек қана екі немесе үш тұлғаның мүдделеріне ғана емес, сонымен қатар көпшілік қоғамды да тақыр жерге отырғызып, олардың қолма-қол ақшаларын иемденіп кетуде. Мысалы, азаматтарды алдап, сенімдеріне қиянат жасау арқылы ақшаны иемдену; уақытша фирмаларды ашып, банкілерден несиелер алған соң, ұшты-қилы жоқ болу. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасында 1991-1997 жылдар арасында өте көп жасалынған. Бұған себеп, сол кездегі мемлекетімізде заң механизмінің дұрыс болмауы, несие алған тұлғалардың жеке басының дұрыс тексерілмеуі осыған бірден-бір себеп болған. Мемлекетіміздің өркендеуіне байланысты, алаяқтықтың түрлері жылдан-жылға өзгеріп дамып келеді. Алаяқтар қатарында тек қана орта білімді тұлғалар ғана емес, сонымен қатар жоғарғы білімді, лауазымды тұлғалар да жиі кездесіп отыр. Олардың алдын алу кейбір уақыттарда тіптен мүмкін болмай қалады. Сондықтан да, қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі, алаяқтықпен күрес қажеттілігімен сипатталады. Қазіргі таңда алаяқтарды саны өсіп, әртүрлі әрекеттер жасауда, мысалы, жалған құжаттар бойынша жер учаскілерін сату, егде жастағы адамдардың сеніміне еніп олардың пәтерлерін сату немесе айырбастау және т.б. Анығырақ қарайтын болсақ, көше ойындары кешегі күннің әрекеттері. Президентіміздің халыққа Жолдауы бойынша, мемлекеттік бағдарламаға байланысты пәтерлер берілуде де лауазымды тұлғалар халықты алдап алаяқтық жасауда. Ол туралы күнделікті теледидардан да көріп отырмыз.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары ретінде ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда ішкі істер органдарына маңызды сенім білдірілген.
Қылмыстардың төмен дәрежеде ашылуының себептерінің бірі болып, криминалистикалық тіркеу саласындағы кешенді мәселелер табылады. Себебі, қылмыстарды тергеу және ашу өзінде іздеу-танымдық қызметті ұсынғандықтан, бұл қызметте маңызды рөлді ақпараттық қамтамасыз ету, криминалистикалық есептерде жинақталған мәліметтерді дұрыс қолдану және тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыруы қажет.
Сол себептен, әрекет шараларын өңдеу, іздеу, тәжірибелік жаңа ұйымдастыру және ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негіздерін енгізу өзінде теориялық және тәжірибелік қатынаста өзекті мәселені ұсынады. Жоғарыда көрсетілгендер магистрлік жұмыстың тақырыбын, жұмыстың бағытын, пәнін таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының обьектісі болып алаяқтық жасалған кезде пайда болатын, реттеу кезінде маңызды ғылыми-теориялық және практикалық мәселелер туғызатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы табылады.
Зерттеу жұмысының пәні алаяқтық қылмысын тергеудің тактикалық-әдістемелік заңдылықтары, негіздері болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты алаяқтық қылмыстарын тергеудің әдістемесіндегі криминалистикалық ұсыныстарды теориялық тұрғыдан жетілдіру және нарықтық қатынастардың дамуына байланысты алаяқтықтың алдын алу әдістерін жетілдіру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін қойылған міндеттері болып:
Алаяқ тұлғасының криминалистикалық сипаттамасын беру;
Алаяқтық қылмысының құрбандарын психологиялық және криминалистикалық тұрғыдан зерттеу;
Алаяқтықтың динамикасына, құрылымына, қазіргі таңдағы жағдайына сүйене отырып, криминалистикалық сипаттамасын беру;
Алаяқтықты тергеу әдістемесін жетілдірудегі өзекті мәселелерді анықтау;
Алаяқтық қылмысын тергеу кезінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің ерекшеліктерін ашу;
Қазіргі кездегі алаяқтықты ескертудің және оның алдын алудың кешенді жолын ұсыну қарастырылады.
Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар. Алаяқтық қылмысын тергеу ерекшелігінің кейбір мәселелері атты тақырыбын зерттеу барысында алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесін жетілдіру мақсатында келесі тұжырымдарды ұсынамын:
Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасына толыққанды талдау жасау арқылы элементтерінің өзара тығыз байланысын ашып, оларды тергеу әдістемесінің бастапқы, типтік ақпарат базасы ретінде қолдану;
Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесін жетілдіру, соның ішінде алаяқ қылмыстарының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып тергеу әрекеттерінің тактикасына байланысты әдіс-тәсілдерді дамыту;
Алаяқтық қылмысын тергеу барысында арнаулы білімнің нысандарын кеңінен қолдану, яғни тергеу барысында мамандарды жұмылдыру, сот сараптамаларын тағайындау, ғылыми техникалық құралдарды пайдалануды ұлғайту керек;
Алаяқтық қылмысының алдын алу үшін шет мемлекеттермен бірлесіп, тәжірибе алмастыруды, сонымен қатар жыл сайын шет мемлекеттердің құқық органдарының қатысуымен өткізілетін конференциялар ұйымдасыруды жүзеге асыру үшін шаралар қолдану
Зерттеу жұмысының жаңалылығы автормен алаяқтықты тергеу әдістемесін жетілдіру мәселесіне және алаяқтықты тергеудің практикалық мәселелеріне сондай-ақ тергеу кезінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің жүргізілу ерекшеліктеріне зерттеу жасалған. Сонымен қатар, қазіргі кездегі алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасына және алаяқтың өзнің құрбандарын таңдаудағы критериилері анықталған.
Диссертацияның нормативтік-құқықтық және ғылыми негіздерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, сондай-ақ, алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі мен алаяқтықтың алдын алуға байланысты атақты ғалымдардың, атап айтсақ: И.Я. Фойницкийдің, В.В. Волковтың, С.В. Познышевтың еңбектері, Р.С. Белкиннің, К.М. Кучуковтың, Е.Р. Россинскаяның, А.Я. Гинзбургтың, А.Г. Филипповтың, Е.Ғ. Жәкішевтің, Г.А. Зоринның, Е. Тлеубергеновтың және т.б. авторлардың оқу құралдары пайдаланылды.
Совет кезеңінде бұл мәселелермен: A.M. Филатов, М.Д. Шаргородский, В.А. Владимиров, Г.А. Кригер, Б.С. Никифоров, Л.С. Матышевский, Р.А. Сабитов, Г.Н. Борзенков, А.А. Филимонова, М.М. Бабаев және т.б. айналысқан.
Қазақстанда алаяқтық мәселесіне қатысты кейбір сұрақтар: Б.А. Абдрахмановтың, Б.Х. Толеубекованың, Е.О. Алаухановтың, А.Х. Миндагуловтың, З.О. Ашитовтың, А.Н. Ахпановтың, Г.И. Баймурзинның, К.А. Бегалиевтың, Б.С. Бейсеновтың, С.Я. Булатовтың, У.С. Джекебаевтың, Н.О. Дулатбековтың, Е.И. Каиржановтың, М.Ч. Коғамовтың, А.М. Мамутовтың, Н.М. Абдировтың, В.Н. Маркеловтың, А.Н. Ағыбаевтың, С.С. Молдабаевтың, Б.М. Нургалиевтың, М.О. Нукеновтың, С.М. Рахметованың, Г.Р. Рустемованың және т.б. авторлардың оқулықтары мен оқу құралдарында, еңбектерінде қарастырылған.
Алаяқтық қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мәселелері, сонымен қатар, Отандық ғалымдардың: Г.Е. Козыбаеваның. Уголовная ответственность за мошенничество в сфере банковского кредитования, К.М. Кучуковтың Актуальные вопросы совершенствования расследования мошеннических действий, Б.А. Бегалиевтің Проблемы борьбы с мошенничеством по законодательству Республики Казахстан (Уголовно-правовой и криминологический аспект) атты кандидаттық диссертацияларында қарастырылған.
Диссертацияның құрылымы: кіріспеден, үш тараудан және жеті тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі бөлімі
Кіріспеде диссертациялық жұмыстың зерттелуінің өзектілігі, зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негіздері, сондай-ақ зерттеу жұмысының жаңалылығы және зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар қарастырылады.
Бірінші тарау – Алаяқтық жасау кезіндегі қылмыскер мен жәбірленушінің криминалистикалық ерекшеліктері - келесідей бөлімдерден тұрады: Алаяқтықтық қылмысының даму тарихы; Алаяқтық жасаған тұлғаның криминалистикалық сипаттамасы; Алаяқтық бойынша жәбірленушінің криминалистикалық сипаттамасы.
Бірінші бөлімде алаяқтық туралы әңгіме қозғалғанда оның қоғамдарды таптарға және мүліктерді бөлу барысында пайда болғандығын айту керек. Ол адамзаттың алғашқы қоғамдық кезеңнен құл иеленушілік кезеңге өтуімен, мүліктердің ортақ болуының жойылуына байланысты. Жеке меншік таптардың иеленушілерінің және мүліксіздердің пайда болуы, олардың басқаның мүліктерін иемдену себептері әсер етті. Біреулерге мүлік аз немесе керісінше біреулерге мүліктер көп тиесілі болды, дегенмен де мүліктердің көп бөлігін күштілер, қу, ақылды және ойшыл адамдар иемденді. Тарих көрсеткендей, алаяқтықтың алғашқы тәсілдерінің бірі әртүрлі жалған құжаттарды жасаумен сипатталды. Жалған құжаттарды жасау тәсілдері ежелгі Римде кеңінен қанат жайған. Мұрагерлік хаттарға жалғандық жасау сол кезеңнің әдеттегі құбылысына айналған. Цицеронның сөзі бойынша, кейбір жағдайларда шыншыл адамдардың өздері мұндай әрекеттермен баю жолдарын жүзеге асырған. Жалған құжаттар жасау саны үлкен болып және ол қылмыс ретінде Канониондық құқық уақытында саналған. Римдік құқықтық қайнар көздерінде мұндай құжаттарды зерттеген сарапшылардың үлкен өнері туралы мәліметтер сақталынған. Осы құжаттардың тарихи негізінде, жалған құжаттарды криминалистикалық зерттеудің қанша жыл бұрын пайда болғандығын көруге болады. Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін иемдену алаяқтық тәсілдерінің пайда болуымен қатар, олармен күрес тәсілдерінің пайда болғандығы туралы толық тұжырым жасауға мүмкіндік бар.
Қазақстан мемлекетінің құқықтық әдебиеттерінде Ресейге қосылғанға дейін және одан кейінгі әдебиеттердің талдауы көрсеткендей, қазақтардың арасындағы қатынастарды реттеу ғұрыптық нормалары қылмыстық және азаматтық құқық деп бөлінбей, барлығы ғұрыптық және шариғат заңдары негізінде шешілгендігін байқауға болады. Бізге дейін жеткен ондай заңдар жинағы Жеті жарғы болып табылады.
1846 жылы Орынбор әскери губернаторы Обручевтің шешімімен ерекше тапсырмасы бойынша қазақ даласына чиновник Д’Андре және тілмаш Григорьев іс сапарға жіберілді. Олар қазақ даласындағы ғұрыптық құқықтарды билерден, ақсақалдардан жинақтады. Жинақталған құқықтық нормаларды Григорьев орыс тіліне аударып, Д’Андре құқықтық түрде жинақтады. Егерде олар өзінің жинақтығының дұрыстығын тапқан жағдайда Д’Андре өзінің мөрімен бекітіп отырды. Д’Андренің құжаттары ұлы, орта, кіші жүздің сұлтандарымен және 128 бидің мөрлерімен бекітілді.
Д’Андренің зерттеулерінің қортындысында қырғыздардың Орынбор басқармасының Ережелерінің негізіне енгізілді. Көрсетілген Ереженің 57-ші бабында ұрлық, тонау, ұрлау-алаяқтық бойынша 20 сомнан жоғары соммадағы жауапкершілік қарастырылған.
Сол кездегі алаяқтықтың тәсілдеріне келетін болсақ, оларға келесілерді жатқызуға болады: карталық алаяқтық, несие қағаздарына жалғандық жасау, мұрагерлікті иемдену мақсатында жалған құжаттарды жасау және т.б. Мұндай алаяқтықтар негізінен кәсіби-алаяқтармен жасалынды. Қылмыстың бұл түрін таңдаған алаяқтар сол кезеңнің өзінде өмір сүру тәсілі ретінде таңдап, оның жолдарын жетік меңгерген.
Ресейде және басқа да мемлекеттерде полициялық мекемелердің пайда болуына байланысты қылмысты жасау, оның ішінде алаяқтық әрекеттерді жасау тәсілдері, ұқсастығы бойынша бір жүйеге жинақтала бастады (сөздік портрет, сигналитикалық фотография, дактилоскопия және т.б.).
Қазақ даласындағы алаяқтық қылмыстарға қатысты мәселелер 1911 жылы Орынборда шыққан А.И. Мякутинаның Юридический быт киргизов атты жұмысында, сондай-ақ С.З. Зимановтың 1989 жылы шыққан Проблемы Казахского обычного права атты еңбегінде және басқа да құжаттарда қарастырылған.
Бұл мәліметтерден басқа Қазақстанның аумағында алаяқтықтың болғандығын халық ауыз ертегілерінен әккі алаяқ Алдар көсенің болғандығын естиміз.
Ғалымдардың ойынша, Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін, алаяқтық әрекеттер негізгі иеліктер ретінде қолданылатын үй жануарларына қатысты жасалған.
Ары қарай Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейін алаяқтық тәсілдерінің дамуы Ресейдің экономикалық өміріне байланысты болды деуге болады.
Екінші бөлімде қылмысты алдын ала ескерту, назарды тек қылмыскер тұлғасына аударғанда мүмкін болады, себебі, тек тұлға қылмыстың жасалу себебітерін тасымалдаушы болып табылады. Сондықтан әлеуметтік-тарихи даму жағдайларына байланысты, әлеуметтік тәжірибенің талабына, ғылымның даму деңгейіне байланысты қылмыскер тұлғасы деген не, оның қылмыстың жасалуына қандай ықпалы бар, оның өзгешелігі неде, қылмысты болдырмау үшін оған қандай ықпал көрсету керек деген сұрақ қойылған болатын.
Алаяқтықтың жасалу тәсілдері мүмкіндігінше әртүрлі және де ешқандай ғылыми дәрежелеуге сәйкес келмейді. Оның себебі алаяқтықты жасаудың құралдары адамның жаратылысы сияқты әртүрлі алдау және сенімге қиянат жасау. Өзінің мақсатына жету, мүлікті иемдену немесе оған құқық алу үшін алаяқтар әртүрлі әрекеттерді ойлап табады. Сондықтан алаяқтық жасайтын тұлға бәрінен бұрын осал адам емес, керісінше қу, сұм көптеген тұлғаларда кездесе бермейтін мінездерді игеретін, басқа адамдарды өзіне тарта білетін адамдар болады. Қылмыскерлердің арасында өзінің ақылымен ерекшеленетіндер, қаймақтар болып саналады. Сол себептенде алаяқтардың арасында жақсы сауатты, кей уақыттарда жоғарғы білімді егде адамдар да кездеседі.
Алаяқтың мінездемесінде әрқашанда екі жүзділік, жағымпаздық, жалған тілеулестік, яғни басқа тұлғалардың сеніміне ену үшін керекті жақтарының барлығы кездеседі. Сонымен қатар, алаяқтардың фантазиялық қабілеттері де өте жоғары, ондай қасиеттер жазушыларға тән, дегенмен де қылмыскерлер әдеби білімге, өлең шығаруға немесе басқа да қасиеттерге ие. Сол қасиеттерін олар қылмыстың ойларын жүзеге асыру барысында өте шебер қолданады. Мысалы алатын болсақ, көше алаяқтары (сүйек, карта ойынын айналдырушылар), олар тек қана өздеріне жаттанды әдістерді ғана қолданады. Олармен тек қана кейбір кішігірім ғана айлалар енгізуі мүмкін, ал жоғары дәрежелі халықаралық алаяқтар салыстырылымы жоқ қылмыстың жаңа тәсілдерін ойлап табады. Жаңа тәсілдерді ойлап қана қоймай, жоғары дәрежелі алаяқтар үшін оларды жүзеге асыру, адамдарға және ортаға қалыптасу да тән.
Қазіргі кездегі алаяқтар өте тәжірибелі психологтар екенін естен шығармаған жөн. Жәбірленушілердің селқос жүріс-тұрысы оны қол бұлғап шақырып тұрады. Кейбір жәбірленушілер басымды айналдырып, көзімді байлап қойды дегенді айтады. Оның барлығы алаяқтың мұндай әрекеттерге өте машықтанғандығының нәтижесі.
Егер қылмыскерлер алаяқтықтың әртүрлі тәсілін ойлап тапса, олардың құрбандары барлық жерлерде бірдей. Дегенмен, неміс ғалымы, Фрайбург университетінің профессоры В. Миллендорф алаяқтық әрекеттердің құрбандарын бірнеше топқа бөлген. Ол суреттеген құрбандардың негізгі қателіктері мен алаяқтардың қулығы біздің елдегі қылмыстық жағдайға сай келеді.
Алаяқтың жеке басы туралы мәліметтер: әрекет жасаған қылмыскердің жеке басы туралы айтқанда, оның жеке басының әлеуметтік-демографиялық және алдау әрекеттерін жасау тәсілі арасындағы байланысты ескере кеткен жөн. Байланыс, бұл алаяқтың қылмыс жасау тәсілін, қол сұғу затын таңдау, яғни оның қылмыстық мінез құлқының құрылу заңдылығы туралы айтуға болады. Алаяқтың жеке басын білу, бұл осы қылмыстық әрекетті тергеу әдісін құруда үлкен рөл ойнайды, алаяқтықтың күрделі тәсілін шешуге мүмкін болған қол сұғу затын анықтауға көмектеседі.
Жасы туралы айтқанда ол да үлкен рөл ойнайды, себебі біз жасына қарапайым алаяқтық категориясын, алаяқтық әрекетті жасау тәсіліне, қай салада жасалатынын анықтаймыз, сонымен қатар оның өмірлік әдісінің бар жоқтығын, оны қоршаған адамдармен психологиясын білеміз.
Үшінші бөлімде криминологиялық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі – XX ғасырдың ортасында жүйелі түрде зерттеле бастаған қылмыстың құрбандары мәселесі. Зерттеудің бастауын АҚШ-та фашистерден қашып жүрген Ганс фон Хентингтің атымен ұластырады. Ол қызықты мақала шығарып: жәбірленуші мен қылмыскер арасындағы қатынас, криминологиялық ғылымға жаңа сала – виктимологияның бастауы болды. Виктимология латын тілінен victima (құрбан) және көне грек тілінен logos (оқу, ғылым) қылмыс жасаудағы құрбанның мәні мен рөлін зерттейді. Криминологтар ұзақ уақыт бойы өздерінің виктимологияға қатынасын түсіне алмай келді, оның себебі, олар виктимологияны дербес сала ретінде немесе криминология ғылымының саласы ретінде санаудың қайсысы дұрыс болатынын анықтай алмады.
Алаяқтық қылмысының құрбаны мәселесі алаяқ тұлғасымен салыстырғанда біршама шектеулі болып келеді, дегенмен, қазіргі таңда өзектілігі жағынан кем емес. Жәбірленуші қылмыстың көбінде сөзсiз қылмыстық себептiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын, қылмыстық жағдайдың элементi мен қылмыстың iске асыруының нақтылы шарттарын құрайтын немесе өзгертетін рөл атқарады. Негізінен, құрбан ұғымы қылмыстық-құқықтық ғылымдар жүйесінде әр түрлі тұрғыдан қарастырылады. Мысалы, заттық немесе іс жүргізу құқығында жәбірленуші деп қолданылады (айта кететін жайт, Болгария мен Румынияда жәбір шегуші деп көрсетіледі). Шетел қайнар көздерінде көбіне құрбан ұғымы, яғни, victim немесе opfer қолданылады. Мына барлық сөздер орыс тiлi тұрғысынан - синонимдар, алайда, олардың мазмұны заң мағынасында әр түрлi. Кейбiр ғалымдар (А.Н. Красиков, Д.В. Ривман, Л.В. Франк тағы басқалар) құрбандарға қылмыспен тiкелей зиян келтiрілетiн жеке тұлғаларды жатқызу бейiм деп санайды. В. Я. Рыбальскаяның ойынша, жәбірленуші болып қылмыстық қол сұғу нәтижесінде зиян келтірілген жеке тұлға табылады және қылмыс жасаған тұлғаға қатысты заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуын таниды.
Алаяқтық қылмысы бойныша құрбан мынадай ерекшеліктерімен: қызбалығымен, өмір сүру жағдайына қанағаттанбауымен, өте әсершілдігімен және өзінің жеңіл ойлауымен, менменшілдігімен, құқыққа қайшы әрекет жасау арқылы табыс табуымен сипатталады. Сондай-ақ, алаяқтар өздерінің құрбандарын таңдау кезінде олардың өмір сүру деңгейіне, сенгіштігіне, оларға әсер етудің деңгейіне ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ, жоғарыда айтылып кеткендей алаяқтардың құрбаны болып көбінесе жасөспірімдер және қарт адамдар болып келеді, дегенмен орта жастағы адамдар да кездесіп жатады. Осындай адамдар категорияларының алаяқтардың айласына түсудің себебі болып жақсы өмір сүруге құштарлық, қымбат заттарды оңай, жеңіл жолмен иеленуге талпыныс, кей жағдайларда құқыққа қайшы әрекеттерді жасаудың арқасында алдану болып келеді. Алаяқтардың айтуынша, олар өз құрбандарын белгілі бір саладағы алаяқтыққа байланысты зерттеп жүріп таңдайды, ал кей жағдайда құрбан таңдау кездейсоқ жағдайда болады. Мысалы: карта ойындары кезінде, куыршақ лақтыру кезінде. Қазіргі замандағы техниканың, қоғамның дамуына байланысты алаяқтық әрекеттерін жасау әдістерінің түрлілігінде шек жоқ. Осыған орай, алаяқтардың айласына білімі жоқ азаматтармен қатар жоғарғы білімі бар азаматтар да түсіп жататыны белгілі. Мұның басты себебі неде? Менің ойымша, алаяқтардың айласына жоғарғы білімді адамдардың, негізі жалпы алғанда қарт адмадрдың, жасөспірімдердің түсіп жатуы бұл еліміздегі құқық қорғау органдарының тарапынан қылмысты ескерту және оның алдын алу шараларының, халықты ақпараттандыру жүйесінің қанағаттандырарлық жағдайда болмауы.
Екінші тарау – Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі келесідей бөлімдерден тұрады: Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы; Қылмыстық іс қозғаудың ерекшеліктері және бастапқы тергеу кезеңіндегі жағдайлар мен тергеуші әрекеті; Алғашқы тергеу әректтерінің тактикасы; Кейінгі тергеу әрекеттері.
Бірінші бөлімде, алаяқтық қылмысының сипаттамасы ашылған. Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның өсу қарқыны бірден көзге түседі. Алаяқтың қоғамға қауіптілігі күннен күнге өсуде: бұл тектес қылмыстық әрекеттер мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, коммерциялық құрылымдарға және азаматтарға ұлкен материалдық зиян келтіріп, саяси тұрақсыздандыруға апаратын факторға айналып отыр. Көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық қол сұғушылық заты болып ақша табылады. Кейбір жағдайда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бұйымдарды, өнер тауарларын иемденеді.
Алаяқтық қылмысы әр түрлі тәсілдермен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің көптен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады: карта, басқа да әуесқой, құмар ойындарды ойнағанда әр түрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған ақша купюраларының эквиваленті емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және құқық қорғау және т.б. органдарының қызметкерлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау.
Алаяқтар жоғары кәсіпкойлығымен, техникалық жағынан толық жабдықтануымен ерекшеленеді. Карта ойнайтындар ойынға қатысушылардың картасын көру үшін телеқондырғыларды қолданған жағдайлар да кездеседі. Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жылдам назар аударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсанттардың жеткілікті құқықтық білімінің және нарықтық қатынастарға сәйкес тәжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарықтағы бағалы қағаздармен, шетелмен коммерциялық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвестициялармен, несиелік-банктік қызметпен байланысты әр түрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда. Қазіргі кездегі алаяқтық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар заңды тұлғаның атынан азаматтық құқықтық мәмілелер жасап және қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында.
Азаматтардың жеке мүлкіне қол сұғушылық кезінде алаяқтар әр түрлі тәсілдерді қолданады: ақшаны жоғары пайызбен қарызға алу және оны қайтармау; сатылатын заттың өзін емес, оған ұқсас затты беру; сауда жасағанда, ақшаны айырбастағанда, майдалағанда алдау; алтын бұйымдардың орнына мыстан жасалған бұйымдарды сату; жалған ақша беру; көмек көрсетемін деп ақша алу немесе белгілі бір қызмет көрсетуге тауарларды алу; бал ашу; тәуіпшілік, емшілік жасау арқылы ақша алу; тауарларды және басқа да материалдық құндылықтарды алу мақсатында басқа адамның атын иеленіп жалған шарттар жасау нәтижесінде ақша алу; жалған мәмілелер жасау.
Алаяқтық қылмысын жасау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлері: алаяқтар бір бума ақшаға ұқсас жалған ақшаларды жолға тастап, оны бөлген кезде жәбірленушінің шын ақшаларымен ауыстырып алу, сонымен қатар алаяқтардың бөтеннің мүлкін иелену мақсатымен некеге тұру; атақты әншілердің атынан концерттер қою; өнер туындыларын қолдан жасау және сату сияқты тәсілдері жиі кездеседі.
Екінші бөлімде, алаяқтық бойынша қылмыстық іс азаматтардаң хаттары мен арыздары, мекемелер, ұйымдар және лауазымды тұлғалардың хабарлауы, сондай-ақ табылған тікелей қылмыс белгілерінің нәтижесінде қозғалады (басқа қылмыстарды тергеу және жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында). Алғашқы қайнар көздеріндегі бастапқы ақпарат көлемі мен мазмұны бойынша ерекшеленеді.
Көп жағдайларда бастапқы ақпарат қылмыс құрамының кейбір белгілерін ғана қамтиды. Азаматтардың өздеріне (немесе жақындарына) қатысты жасалған алаяқтық әрекет туралы арыздарында, ұйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарда қылмыскер туралы мәліметтер болады да, ал бірақ оқиғаның өзі қалай болғаны туралы мәліметтер болмайды. Көбінесе мұндай ақпаратқа сүйене, біреудің мүлкін алдау мен сеніп тапсырылған мүлікті иемдену орын алды, деп айту мүмкін емес. Мысалы, зейнетақыны заңсыз алды деген арызда белгілі бір тұлғаны қылмыскер ретінде көрсетеді, бірақ зейнетақыны заңсыз алғанын көрсетіп, дәлелдейтін оның фактілері жоқ. Сондай-ақ керісінше, белгісіз біреумен жасалған алаяқтық туралы арызда оқиға туралы ақпарат аз болмағанымен кінәлі туралы толық және анық мәлімет болмайды. Алаяқты қылмыс үстінде (қылмыс жасап болған соң) ұстау жәбірленушінің өзі мен алғашқы құжаттар оқиғаның болуы мен кінәлі тұлға туралы мінездемелер мен анық фактіні қамтиды.
Бастапқы ақпарат кейбір жағдайда қате немесе жалған болып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бізге қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдауды талқылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz