Тырысқақ. Әлемдегі жағдай және алдын алу шаралары

1 Тырысқақ. Әлемдегі жағдай және алдын алу шаралары
2 Әлемдегі жағдай.
Тырысқақ (cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады.
Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.
Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.
Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады. 
Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.
Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады. 

Әлемдегі жағдай.
Көптеген елдерде тырысқақ адамдардың денсаулығына төнген қауіп болып отыр. 2010 жылғы шілде айының басына жер шарында тырысқақтың 9655 жағдайы тіркелген. Тырысқақтың бұрқ етуінің ең жоғарғы қаупі көшпелі қоғамдарда және қашқындар лагерлерінде сақталуда, көп жағдайда, себеп -  санитария деңгейінің төмен болуы және қауіпті ауыз судың жоқтығы. Сіз баруға жоспарлаған елде тырысқақ ауруы бойынша жағдай туралы ақпаратты алу үшін денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына баруға болады. 
ДДҰ мәліметтері бойынша 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша келесі елдерде тырысқақ тіреклген:
Африка:  Ангола, Замбия, Зимбабве, Кения, Мозамбик, Нигерия, Судан, Уганда, Ангола;
Азия: Бангладеш, Вьетнам, Гонконг, Индия, Камбоджа, Республика Корея, Папуа-Новая Гвинея, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тырысқақтың алдын алу
Тырысқақ
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Адам ауруын қоздырушы дрожжилар
Балаларда кездесетін жұқпалы аурулардың алдын алу
Құтырық ауруы
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Аса қауіпті анаэробты қоздырғыш инфекциясы
Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Пәндер