Әке тәрбиесінің тірегі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ӘКЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТІРЕГІ

Қоғамдық институттардың ең күрделі жүйесі бұл - отбасы. Отбасы қарапайым екі адамның бірлесіп шаңырақ көтеруінен басталып, сол шаңырақ арқылы үрім-бұтақ өсіп-өніп, үлкен бір қауымға айналады. Халқымыздың дәстүрінде қара шаңырақтың қасиетін терең сезіндіретін небір ұлағатты сөздер бар. Соның бәрі жайдан-жай емес. Отбасының әрбір мүшесі, ата-ана, бала - үйдің алтын діңгегі. Осылардың ішінде ерекше алып қарайтын негізгі тақырыбымыз, ол - әке.

Қандай ұлағатты сөз! Әке әркімде бар. Әке - жаратылыстың бастауы. Алла тағала адам баласын жаратқанда Адам ата, Хауа ана деп о баста бөліп жаратқан. Адамзат баласының жер бетінде көбеюі дәл осы екі жаратылыс иесінен бастау алған. Дін тұрғысынан қарағанда «әйел еркектің қабырғасынан жаралған» деп айтылады. Адам баласына өз қабырғасынан жақын не бар? Демек, қабырғадан жаратылған ана, яғни, әйел - ер адам үшін ең жақыны. Ер мен әйелдің жаратылысы, олардың өмірі жеке бола алмайды, Жеке дами алмайды. Бұл - күллі жаратылыс идеясына сай келмейтін дүние. Олар бірге болғанда ғана ұрпақ пайда болады. Ал дүниеге келген әрбір ұрпақ, келесі ұрпақты жалғастырады. Бұл - қарапайым ғана заңдылық. Олай болса, әкесіз ананы, анасыз әкені елестетудің өзі қиын. Жер бетінде жақсылық атаулының барлығы осы екі адамның қолымен, солардың ізгі жүректерімен, нәзік көңілдерімен жасалады. Ата-ананың балаға сыйлаған өмірі, оларға берген тәлім-тәрбиесі сол баланың ержетіп, жақсы азамат болып өсуіне кепіл болады. Қазақ халқы әкені асқар тауға теңейді. Бұдан асқан теңеу, меніңше жоқ.

Өмірде ұрпақтар тәжірибесі деген бар. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі». Бұл жағынан алғанда ұтарымыз көп. Бірақ әкелердің бәрі бірдей ұлына үлгі болып жатыр ма? «Бес саусақ бірдей емес». Әкелердің де түрлі-түрлісі болады. Шешелердің де түрлі-түрлісі болады. Баласының тағдырына, отбасының қамына жүрдім-бардым қарайтын әкелер болады. Үйленбей жатып ажырасып, баланың обалына қалып, соның тиісті алименттік төлемін төлемей, бой тасалап, табысын жасырып жүретін әкелер де бар. Ондайлар бүгінде көп. Мұның бәрі өзіміздің қоғамда болып жататын жағдай болған соң, тәптіштеп айта берудің қажеті жоқ шығар.

Әке туралы әңгіме қозғаған соң, бір сәт ұлағатты әкелер туралы айтайықшы. Ондайлар да бар ғой. Көп шығар деп ойлаймын. Баланың көз алдындағы әке бейнесі ең бір жарқын сәттерге толы болып есте қалады. Әкенің тәрбиесін көріп өскен балада арман бар ма? Әке деген мұхит қой, біле білген кісіге. Әкенің сөйлеген сөзі, әкенің айтқан ақылы, әкемен бірлесіп жасаған шаруалар, әкемен өткізген әрбір күн, әрбір сағат, әрбір минут - үлкен тәрбие мектебі. Баланың ой-санасы ананың аялы алақанымен, әкенің нұрлы сөздерімен қалыптасады. Екеуі бірдей болмаса, бала толыққанды болмайды.

Дүниедегі ешбір оқу - әке мен ананың берген тәлімін бере алмайды. Оқудан білім қонар, ал тағылымды тәрбие - тек әке мен анадан ғана берілетін қасиет. Әке мен ананың бергеніндей білім, ақыл, тәрбие еш жерде болмайды. Оны кітаптан табу қиын. Олардың тәрбиесі, Абай айтпақшы, бар тамырды қуалайды. Жүректен шығып жүрекке жетеді. Әкенің балаға айтқан әңгімесі, баласымен бірге ойнап-күлгені, серуендеткені, ел аралатып қыдыртқаны, жаңа адамдармен таныстырғаны, «балам» деп мақтанғаны, ата-бабасының, руының, елі мен жерінің кім екенін ұқтырғаны - тәрбиелік мәні терең дүниелер. Әке - өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстырып тұрған алтын көпір. Сол көпір арқылы әрбір ұрпақ өзінің болашағымен қауышады. Үй шаруасына ана жауапты болса, отбасының жалпы жағдайына әке жауапты. Ежелден қалыптасқан түсініктің бірі - «әке - үйдің асыраушысы». Үйдегі жандардың аш қалмауын, киімдерінің бүтін болуын ойлайтын - әке. «Балаларым алаңсыз балалық шағын өткізсін, жарым ештеңеден қысылмасын, дастарқанымыз мол болсын» деген ой әкенің көкейінен ешқашан кетпейді. Бұл табиғаттың заңдылығы да шығар. Өткен дәуірлерде де әке үйдің басты асыраушысы болды. Бүгінде де сол дәрежесінде келе жатыр. Әкесі бар үйдің шаңырағы еш уақытта шайқалмайды. Ол үйдің тәртібі де темірдей қатал. Қандай да болсын жағдайларда соңғы сөз - әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді. Себебі баланың барлық арманы әкенің арманымен ұштасады. Әке өзінің баласын қандай күйде көргісі келетінін күні бұрын ойластырады. Әрине, ешбір әке өз баласына жамандық тілемейді. Ең асылын, ең жақсысын баласына беріп, «мен көрген қиындықты балам көрмесінші» деп тілейді. Мұны сезіп, сол ойды ақылына қондырып, санасындағы терең түйсікпен біліп жатқан бала болса, ондайдан айналып кетесің ғой. Бүгінгі қоғамда әйел мұғалімдер, әйел тәрбиешілердің көп екені белгілі. Мектепте, жоғары оқу орнында тек қана әйел мұғалімдердің тәрбиесін көріп өскен ер баланың болмысы болбыр, жаны нәзік. Шымыр, қайсар болып өспейді. Ер мұғалімнің орны қашанда бөлек. Ол ер баланың бойында жігітке тән мінездерді қалыптастырады. Сөзі, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы - барлығы қалыптастып келе жатқан бала үшін үлгі. Ал егер баланың көз алдында ылғи да әйел тәрбиеші, әйел мұғалім, әйел оқытушы жүретін болса, еркектік мінездің қалыптасуы екіталай.

Әдетте, біз « бала-біздің болашағымыз» деп айтқанды ұнатамыз, бірақ соның астарына үңіліп жатпаймыз. Соған орай жас ұрпақты тәрбиелеуде жіберіп отырған олқылықтарымыз аз емес. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар арасында бұзақылық жасау азаймай отыр. Көптеген ата-ана баланы өмірге әкелген соң, бірінші кезекте оны қатарынан қалдырмай киіндірсек, тамағын тойындырсақ болды деп ұғынады. Әрине, бұл дұрыс емес. Бала да жас өскін секілді баптағанды, аялағанды қажет етеді. Жасында ұғынбағанды баланың ер жеткенде түсіне қоюы екіталай. Сондықтан бауыр еті баланың қоғамдағы өз орнын қателеспей табуына бағыт-бағдар беріп отыру ата-ананың негізгі міндеті болып қала береді.

Соңғы кездері жас өспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың етек алуы неден деген сауал туындары сөзсіз. Оның себептері де көп. Көп жағдайда ата-ана баласының бос уақытын қалай өткізетініне мән бермейді немесе отбасындағы келеңсіз тірлік әлгіндей жағдайға душар етеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтылмаған. Бала тәрбиесі марғаулықты көтермейді. Қайсыбір ата-ана өз баласының әлсіздігін мектептен, мұғалімдерден көреді, ал мектептегілер керісінше ата-ананы кінәлайды. Екі жақта бала тәрбиесіне мұқият болмайынша, іс бітпейді. Тәрбие сапалы болу үшін балаға мектептің, ата-ананың, қоғамның жан-жақты қамқорлығы керек. Сонда ғана көргенді азамат тәрбиелеп шығарамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Менің отбасым
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Отбасы – отанымыздың ошағы
Отбасындағы балалар рөлі
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі
Қазақ халқында ұл бала тәрбиелеу дәстүрінің қалыптасуы
Бала тәрбиесі - баршаның ісі
Ислами тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz