Киіз үйдің жасау-жиһазы
1 Киіз үй құрылысы
2 Киіз үйдің сыртқы бейнесі
3 Тұсаукесер
2 Киіз үйдің сыртқы бейнесі
3 Тұсаукесер
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.
Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді.
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.

Үй мүліктері:
Киіз кілем — киізден жасалған кілем.
Киіз қап — киізден жасалған қап.
Киіз сырмақ — киізден жасалған сырмақ төсеніш.
Қара ошақ— ұзақ ұсталған ошақ.
Қазан аспа— қазандық, ошақ.
Қасаба — ошақтың үш бұтында болатын қайқы ілмек темір.
Қасаға — ошақтың шеңбері.
Қауға— құдықтан су тартатын теріден істелген ыдыс.
Қауға шаңбағы — темірден жасалған шаңырақ тәрізді қауға терісі бекітілетін құрал.
Қобди— кішкене шебер жәшігі, сандықша.
Қож— ірі малдың жауырын сүйегінен істелетін сәнді күрек.
Қолқа—жүк артқан түйенің тарту арқанының дәл төске келетін жеріне өткізіп қоятын жең сияқты киіз.
Қолақпан— қол ағаш, қол шоқпар.
Қоржын— ердің артына бөктеріп жүретін екі басты шағын қалта-қапшық.
Қос — шағын киіз үй.
Құман — шойын шәугім.
Құр — өрген не тоқыған жалпақ бау.
Құрсау— 1. Метейдің сыртына үш жерінен салынатын жұқа, жалпақ темір құрсау.
2. Сынған шайқұмандарды құрсаулау.
3. Өте ұзын уықтарды майыстырмау үшін салынатын теріс құрсау.
Құты— сауыт, мүйізден, түйенің табанынан, былғарыдан жасалатын қалта, ыдыс.
Күйеу қазық — үй артындағы жел арқан байланатын қазық.
Қияқты — ұшы екі жүзді өткір найза.
Қырдасын — киіз кесіндісі, қиығы.
Қылдырық—кәрі жіліктің жіңішке сүйегінен жасалатын тіс шұқуыш.
Кебежеқап — кешкенде кебеженің қажалып қалмауы үшін жасалатын арнайы қабы.
Кермелі төсек — арнайы орнатылған бақандар арасына керіп ұсталған төсек.
Кесек киіз — асылған күйіндегі тұтас киіз.
Қар бау — уықтың қарына сәндік үшін ілінетін бау.
Қаршы — төсек-орын, көрпе-жастықтарды салып қоюға арналған киізден жасалған бұйым.
Киіз үй құрылысы
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.
Киіз үйдің сыртқы бейнесі

Шаңырақ Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:
1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Киіз үй керегесі
Керегені құрайтын әрбір ағашты желі дейді. Желінің ең ұзынын керегенің ерісі (3) деп, одан қысқалауын балашық (2), ең кішісін сағанақ (1) деп атайды.
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды көз деп атайды. Ал оны көлеміне қарай желкөз, торкөз деп екі түрге бөледі.
Уық
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын доғалай (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Киіз үй есігі
Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.
Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3 -сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық.
Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.
Сықырлауықты әшекейлеуге қошқармүйіз, түйемойын, дөңгелек жапырақшалар, түйетабан, шырмауық сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды.
Қырқынан шығару (салт). Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді (Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда болған. Соның бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетті баланың туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.
Баланы қырқынан шығарудың тағы бір ерекшелігі бар. Қырық күннен сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару салты міне, осыған байланысты шығып, ол сәбидің жан- жүйесінің қалыптасып денесі сау болып өсуіне деген ақ батадан (тілектен) шыққан.
Осы жерде “қырқы” деген сөзге мән беру керек.
Қайтыс болған адамныңда “қырқы” беріледі. Бірақ баланы “қырқынан шығарылады” деп, өлген адамға “қырқы берілді” деп айтады. Мұны шатастырып алуға болмайды.
Бар тәлімі мен тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер де бар.
Олар мынадай: құрсақ шашу, жарыс қазан, кіндік кесер, атқою, бесікке салу, тыштырма, қырқынан шақыру, тұсау кесу, тіл ашар, ашамайға мінгізу, аузына түкіру, шідерге сигізу т.б.
Тобық тығу. Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр да бар (І.Есенберлин). Бұл серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алтын сағатқа немесе қалы кілем беругн серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе тобықты тығуға алған жігіт кез келген уақытта, кезкелген жерде тобығымды бер деген жерде қолына ұстата беруі керек. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса – ұтылғаны . Ол уәде бойынша серттескен затын беруі керек. Тобықты тығуға жігіттер де қатыса алады. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Мұның арты қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне, қосылуына жалғасады. Тобық тығуда қызықты оқиғалар да кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне хабар – ошарсыз кетті деген хабар келеді. Ал жігіт жау қолына түсіп тұтқында болады. Соғыстан кейін тұтқында болды деп еліне жібермей тағы айдалады. 12 жылдан соң еліне оралып, жігіт қыздан сертін сұрағанда салиқалы қыз тобықты ұстата беріпті. Содан екі жас қосылып, тату – тәтті өмір сүріп кеткен екен (Ораз Ілиясұлы Ана тілі газетінен).
Бармағын жалау (ғұрып). Ықыласыңызға қарай келдік, бармағыңызды жалай келдік. (Мірдің оғы). Құрметті адамды біреу қонаққа шақырғанда оның жанына 1-2 жігіт шақырылмаса да ере барып, үй иесіне Біз пәленшекеңнің бармағын жалауға келдік - дейді. Мұның қазақ ғұрпында еш ерсілігі жоқ, керісінше шақырылған қонақтың құрметін көтере түсу болады. Мұндайда келген жігіттерге үй иесі де риза болып қалады. Кейде үй иесі өзінен кіші адамдарға біздің үйге пәленше келеді, сендер соның бармағын жалаңдар дейді. Бұл арнаулы шақыру болса да өзінен кішілермен сыйласудың, құрметтеудің белгісі. Ұлт дәстүрінде адаммен сыйласудың, қатынастың мұндай жолдары көп.
Көңіл айту – азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі ғұрыптық салт. Бұл ізгі дәстүр көп халықтарда ертеден бар. К. а. жаны ашығандықты, қайғыға ортақтықты, жақындықты, сыйластықты білдіреді. Қазақ халқында кісі, отбасы, ауыл, ру басына түскен қайғы-қасірет, өлім-жетімге байланысты К. а. қара сөзбен де, өлеңмен де айтылады. Қаза алдымен естіртіледі де (қ. Естірту)`, содан кейін К. а. басталады. К. а-ға жұбату жалғасады. Бұл ғұрыптық салттардың бәрі өзара сабақтасып, адам ойын тереңнен тербеп, қайғысын сейілтетін филос. ойлы, ұтқыр сөздермен көркем жеткізіледі. Негізгі ой мақал-мәтелмен алыстан орағытыла келе, қайғылы адамның жігерін қайрап, үмітін жебейді. Мыс., Байдалы би Уәлидің кіші әйелі Айғанымға “Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім” деген екен. Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанда “Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес, Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне сездірмес... Әлімдердің ақ сөзі, өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар, Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!” деп көңіл айтыпты. Адамның қайғысын бөлісу қазақ қоғамында ертеден тамырын үзбей келе жатқан рәсім.
Құрсақ шашу (дәстүр). Жас келіннің екіқабат болғаны белгілі болса, оның абысын ажындары, енелері әйелдерді шақырып, құрсақ тойын (кей жерде құрсақ шашу дейді) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz