Ресейде білім берудің мемлекеттік жүйесінің құрылу жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Ресейде білім берудің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.
  2. Декабристердің Ресейде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына есері.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-кайшылықтар шиеленісе түсті, соның нәтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады.

Патша үкіметінің қоғамдық пікірге жекелеген, кейбір шектеулі жеңілдіктер беруі ғасырдың басында декабристер көтерілісі талқандалғаннан кейін азат ету және кез-келген прогрессивті козғалысты басып-жаншу өрескел шаралармен өзгертілді. Алдыңғы қатарлы қоғамдық пікірге осындай шектеулі жеңіддіктерге мәжбүрлік еткен 1804 жылғы мектеп реформасы болып есептеледі, бірнеше қалаларда (Харьков, Казань және т. б) университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орындарының ашылуы. Бұл мектеп реформасына француз буржуазиялық революциясының ағартушылық идеялары ерекше әсер еткен еді.

1804 жылғы мектеп жарғысы. 1802 жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі ұйымдастырылды. "Халық ағарту ісінің ережелері" жарияланды. Бұл ережелердің негізіңде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей алты оқу округіне бөлінді. Әрбір округті мемлекеттік чиновник-оқу округінің попечителі басқарды. Барлық оқу орындарының мазмұны, приход мектептерінен басқасы толықтай мемлекеттік есепке алынды.

"Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері" негізінде 1804 жылы "Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жарғысы" жарияланды, бұл құжат "1804 жылы мектеп жарғысы" деп аталды. Осы жарғы бойынша халыққа білім берудің төмендегідей жүйесі ұсынылды:

Приход училищелері жарғысы бойынша әр қалалар мен селоларда ашылды. Оның негізгі міндеттері: 1) оқушыларды уездік училищелерге түсуге даярлау; 2) оқушыларға діни тәрбие мен элементарлық сауаттылық беру. Бұл училищелерде оқу мерзімі біржылдық.

Оқу жоспарына "құдай заңы" және "дәстүрді үйрету", оқу, жазу, арифметиканың алғашқы төрт амалы, үй шаруашылығы туралы қысқаша түсінік, табиғат шығармалары, адам денесі, денсаулықты сақтау құралдары туралы түсініктер беру енді.

Приход училищелерін халықтың өзінің каражатына ұстау жоспарланды. Мемлекет ешқандай қаражат қарастырмады.

Уездік училищелерді губерниялық және уездік қалаларда бір-бірден ашу жоспарланды. Уездік училищелердің міндеті, біріншіден, оқушыларды гимназияға түсуге даярлау, екіншіден, әртүрлі сословиялардың балаларына "өндірістің жағдайына" сәйкес қажетті білім беру болды.

Оқу мерзімі уездік училищелерде екі жылдық деп белгіленді. Олардың оқу "жоспарына", "құдай заңы", "Адамдар мен азаматтардың лауазымдары туралы" кітапты оқу, "Ресей грамматикасы", жалпы және орыс жағырапиясы, жалпы және орыс тарихы, арифметика, геометрия, физика, тарих пен технология (жергілікті жердің технологиясы, өндірісі) енді. Уездік училищелер гимназияларға бағынды.

Гимназияларды әрбір губерниялық қалаларда ашу жоспарланды, олардың міндеті-жастарды университеттерге түсуге даярлау. Оқу жоспарына көптеген пәндер енгізілді: шет тілдері (латын, француз және неміс), жағырапия және тарих, жалпы және Ресей статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы (метафизика, логика, дәстүрді үйрету), сөз өнері, поэзия теориясы, эстетика, математика, физика, коммерция теориясы, технология жөне сурет салу. Гимназия университеттерге бағынды.

Гимназияның оқу жоспарына "құдай заңы" енгізілмеді. Бұл 1804 жылғы жарғыға алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының ықпалының нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар гимназияларда орыс тілін оқыту қарастырылмады, оны орыс халқына деген менсінбеушіліктің бюрократияға тән болғандығынан деп түсіндіруге болады.

Университеттер халыққа білім беру жүйесінің жоғарғы сатысын құрайды, университеттерге гимназистік курстың көлемінде білімі барлар түсе алады. Жарғыны құрастыруға қатысқан ғалымдарға кейбір жеңілдіктер бере отырьш, патша үкіметі университеттерге кейбір автономия берді. Университеттерді сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды сайлады. Оларға ғылыми қоғамдар құруға, типография ұстауға, газеттер, журналдар, оқу және ғылыми әдебиетті басып шығаруға рұқсат етілді. Профессорларға, студенттерге әсер етудің ізгілік шараларын қолдану ұсынылды.

Бірақ университеттердің негізгі міндеті мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне чиновниктерді даярлау болып табылды. Барлық сословиелер үшін бірдейлігі жарияланғанмен, шын мәнінде білім берудің сословиелік жүйесі құрылды. Бұл жүйеге буржуазиялық мектепке ұқсас кейбір белгілер тән болды: мектеп бағдарламаларының сабақтастығы, барлық сатыларында оқытудың тегіндігі, ерікті сословиеге жататын балалар үшін мектептердің формалдық түрде бірдейлігі.

2. Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына әсері

Патша үкіметі мен крепостнойлық құрылысқа қарсы өзінің революциялық күресінде декабристер халыкқа білім беру ісіне ерекше мән берді. Декабристер қозғаласының бағдарламалық талаптарының бірі халықтың арасында сауаттылықты тарату болды. Декабристер ғалымдар мен мұғалімдер қызметіне қойылған бюрократиялық бақылау жүйесін қатты сынға алды.

Жасырын декабристік ұйымдар, сол сияқты жекелеген декабристер, солдаттардың арасыңда сауаттылықты таратумен айналысты, әскери - жетімдер бөлімдеріндегі солдаттар балалары мектептеріне ерекше әсер етгі, өздерінің жерлеріңде басыбайлы шаруалар балалары, ал қалаларда - каланың кедей балалар үшін мектептер ашты. Халық мектептерінің жан-жақты жүйесін құруға қолдары жетті, олардың пікірінше, қоғамдық күштермен ашылуға тиіс және үкіметтің тарапынан бақылаудан ерікті болуы керек.

Қоғамның дамуы туралы өздерінің көзқарасында дворян революционерлері идеалистер болды, олар ағарту ісі қоғамдық қатынастарды өзгертудің негізгі факторы деп есептеді. Бірақ кейбір декабристер (П. Н. Пестель және басқалар) ағарту ісінің өмір сүріп отырған құрылысқа тәуелді екендігін дұрыс түсіндіруге дейін көтерілді. Олар ағарту ісімен тәрбиенің дұрыс қойылуы үшін қажетті шарт патша үкіметі мен крепостнойлық правоны жою екендігін көре білді.

П. И. Пестельдің құрастыруымен жарық көрген "Орыс правдасында" тәрбие адамдардың материалдық өмір сүруінің жағдайларына тікелей тәуелді екендігін атап өтті.

Жаңа тәрбие өзінің мазмұны жағынан патриоттық, халықтық болуы керек және мақсаты - азаматтық жағымды қасиеттерді меңгерген, барлық күш-жігерін отанының гүлденуіне арнаған азаматты тәрбиелеу. Декабристер орыс тілінде жүргізілген "отандық тәрбиені" талап етті. Декабристер жаңа, ерекше әділетті қоғам жағдайында жас ұрпақты өмірге даярлау алдында тұрған мұғалімдерге ерекше жауапты міндеттер жүктеді.

Дворян революционерлердің пікірі бойынша, тәрбиешілер болып жұмыс істейтіндер "адамгершілік сыннан өткен", Отанын сүйе білетін, халықтың мақтанышын бойына сіңірген, шетелдік ықпалды жеккөретін адамдар болуы керек. Дворян революционерлері балаларды оқытудың алдыңғы қатарлы өдістерін қолдады, оқылатын материалды оқушылардың механикалық есте сақтауына, құрғақ жаттауға қарсы шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері туралы
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы
Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау
К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі
К. Д. Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары: құрлымы, мәртебесі, мақсаты және міндеттері
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылуы
ИОГҚ мұражайының басшылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz