«Тарихи жазбалар»
1 Үйсін елі
2 Үйсіндердің тәңірқұт қоластындағы күйі

Тарихи деректер, үйсіндердің Жетісуға келуден бұрын жолыққан бір трагедиясы туралы, “Күшті көршілерінің шабуылынан Үйсін елінің билеушісі өлтіріліп, хандық үзіліп, билік ойрандалған. Жері басқалар қолына өтіп, халық тозып, тоналған” [[1]] деп жазады. Осы арада, жоғарыда айтылған бір деректің екінші аудармасын да бере кетейін. Онда: “Келесі жылы (Хань Уынди заманы чянюанның 4 жылы, б.з.д. 176 жылы), тәңірқұт (冒顿 - Моду, Мөде, Мете, кей әдебиеттерде Бақтұғ. Б.з.д. 209 - 174 жылдары билеген - С. Ж.) Хань патшасына мынадай хат жіберді: ‘Оң білге ханды жазалау тұрғысынан батыстағы нүкістердің үстіне аттандырдым. Тәңірім медет бергендіктен, сардарларымыз бен жасағымыз сығай, алмауыттарымыз арқалы болды да нүкістерді күйреттік. Қарсыласқанның басын шауып, қалғанының тізесін бүктірдік. Кроран, Үйсін, Хагат ұлыстары және олармен іргелес 26 ел Ғұнға бағынды.
Тарихи деректер, үйсіндердің Жетісуға келуден бұрын жолыққан бір трагедиясы туралы, “Күшті көршілерінің шабуылынан Үйсін елінің билеушісі өлтіріліп, хандық үзіліп, билік ойрандалған. Жері басқалар қолына өтіп, халық тозып, тоналған” [[1]] деп жазады. Осы арада, жоғарыда айтылған бір деректің екінші аудармасын да бере кетейін. Онда: “Келесі жылы (Хань Уынди заманы чянюанның 4 жылы, б.з.д. 176 жылы), тәңірқұт (冒顿 - Моду, Мөде, Мете, кей әдебиеттерде Бақтұғ. Б.з.д. 209 - 174 жылдары билеген - С. Ж.) Хань патшасына мынадай хат жіберді: ‘Оң білге ханды жазалау тұрғысынан батыстағы нүкістердің үстіне аттандырдым. Тәңірім медет бергендіктен, сардарларымыз бен жасағымыз сығай, алмауыттарымыз арқалы болды да нүкістерді күйреттік. Қарсыласқанның басын шауып, қалғанының тізесін бүктірдік. Кроран, Үйсін, Хагат ұлыстары және олармен іргелес 26 ел Ғұнға бағынды. Садақ асынған көшпелілердің баршасы бір үйдің адамындай болды’ ” [[2]]. Бұл арада бейбіт бағынды деген сөз жоқ. Әрине ол мүмкін де емес. Бәрі де “Тәңір медетімен”, “жасақ сығайлығымен”, “алмауыт арқалығымен”, демек қару күшімен, сұрапыл соғыс не тактикалық айлалармен, (соңғы аудармаша айтқанда) “күйретілген” немесе (алғы аудармаша болғанда) “қырғындап, бағындырған”. Ендеше Үйсін елі де Ғұн тәңірқұтына бейбіт бағына салмаған. Керісінше ауыр қырғын арқылы еріксіз тізе бүккен. Ал мұны жүргізіп отырған - Ұлы Далалықтардың басын құрап іргелі ел ету үшін атқа мінген әйгілі көсем Мөде тәңірқұт. Мұны жоғарыда айтылған елші Жаң Чянның патшаға берген есебі жайлы мына сөз дәлелдей түседі: “Жаң Чян бұл тұста бек мәртебесінен айырылған еді. Ол: ‘Пақырыңыз Ғұнда жүрген кезінде Үйсін ханының күнби деп аталатындығын естіген. Күнбидің әкесі ғұндардың батыс жағындағы шағын елді билеген екен. Ғұндар шапқыншылық жасап, күнбидің әкесін өлтіріпті’ ” [[3]].
Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжылар Үйсін тарихындағы келелі мәселелер атты еңбегінде айтқандай, “... Б.з.д. 177 жылдары ғұндардың, батысқа қауырт жорық жасап, үйсіндерді бағындыруы Тарихи жазбалар мен Ханьнама. Ғұн баянында жазылған келелі оқиға, оның шын екендігінде күмән жоқ, зерттеушілердің баршасы оны жаппай мойындап отыр” . Алайда бұл екі тарихи кітапта Нәнді биді қай жақ өлтіргені туралы сөз қарама қайшы. Ханьнама Юежы (Жүз, Нүкіс) жақ өлтірді десе, Тарихи жазбалар Ғұн жақ өлтірген дейді. Жоғарыда айтылған таласты түйін де міне осы арада.
Меніңше Ұлы қаған Мөде тәңірқұт, “бірінші бөлімде” айтқанымыздай, тек қара күштің аңғал батыры ғана емес. Ол өз заманынан оза туған, стратегия, тактика, доктрина, саясат, амал, айла атаулыға жүйрік көсем. Сондықтан халқы көп (халық саны сонау Баркөл мен Жемісарыдан Қашқар, Хотанға шейінгі хандықтардың халық саны жиындысынан бір есе артық), күші мығым Үйсін ұлысын әшкере соғыспен басып алудың оңай емесін де, ол әдіспен бағынудың баянды болмасын да әбден біледі. Күндердің күнінде, бір көтеріліс шығып, қайтадан бой бермей кетерін межелей алады. Сондықтан алдымен түнделеткен астыртын, тұтқиыл да шапшаң шабуылмен Үйсін ордасын ойран қылған, артынан бұл қастықты басқаға (қас жауы Ұлы жүзге) жаба салып, өзі бассыз да бейшара күйге түскен Үйсінге, оның “аман қалған” (ісжүзінде бәлкім әтейі аман қалтырған) күнбизадасына (былайғыАлыпкөк Елжау күнбиге) шапағатшы болып шыға келуі әбден мүмкін. Ол өз әкесін де өзгенің ойына келе қалмайтын басқаша амалмен өлтірген емес пе еді.
Ханьнама. Жаң Чянның ғұмырнамасы дегендегі мыналар Елжаудың көңіліне күдік ұялатпау үшін ғұндар жағынан жасалған, таратылған үгіттің Бан Гу қолымен орындалған көшірмесі сықылданады. Онда, “Күнбидің әкесі Нәнду би тегінде Келентау (Гансу өлкесіндегі Чилян тауы - С. Ж.) мен Дахата (бүгінгі Дунхуаң - С. Ж.) аралығындағы Ұлыжүзбен (ұлынүкіспен - С. Ж.) қанаттас отырған шағын ұлыстың билеушісі екен. Ұлы жүз шапқыншылық жасап, Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып алыпты. Халқы босып ғұндарды паналапты” делінген.
Былайша айтқанда:
А. Осы кезеңде, Үйсін сықылды бауларды (хандықтарды, ұлыстарды) өзіне бағындыру жорығын жасаған да, ол мақсатына жеткен де Мөде тәңірқұт қана. Бұл туралы оның Хань патшасына жазған хатын жоғарыда айттық.
Ә. Сыма Чян Тарихи жазбаларды Бан Гудың Ханьнамасынан ғасырлап бұрын жазған. Оқиғаны көрген не естіген адамдар тірі кезде хатқа түсірген. Мұндай адамдар Хань әулетінің қолына Ғұннан түскен тұтқындар ішінде де аз емес. Демек Сыма Чяндікі сенімділеу.
Б. Қай заманда болса да, Хань патшаларының Сыма Чянға ұқсамайтын, аса саясатшыл кей тарихшыларының өзінен бұрын жазылған дүниені редакциялап, патшасының қабағы мен заман ықлымына орай жөндеп отырғаны құпия емес. Бірде тату құдандалы, бірде өліспей беріспейтін қас жау болып келген іргелес алып ел Ғұн қағанатының қытығына тие бермеу үшін, Бан Гудың Сыма Чяндікін сонау жер түбіне (батысқа, көп саныдысы Сыр мен Аму жаққа) ауып кеткен “Ұлы жүз өлтірдіге” өзгерте салуы әбден мүмкін. Бұл тәңірқұттарға қағанкесін (патша тұқымынан саналатын қыздарын) бергенге қарағанда оңай да арзан жағатсу ғой. Хань жақ үшін бұратаналардың қай жағының қай жағын қырғаны маңызды емес. Бірін-бірі қырғаны ғана маңызды.
В. Егер Нәнді бидің ордасын Ғұн тәңірқұты талқандамаған болса, былайғы тарихтағы Үйсіннің Ғұннан алыстап (тәуелсіз кетіп), даюежыға (Ұлы жүзге) жақындауын түсіндіру қиын.
Г. Бұл ойымызды талай ғалымдар құптап отыр. Мысалы, Мың Фанрын (孟凡人) Үйсіндердің батысқа қоныс аударудан бұрынғы мекені деген еңбегінде былай дейді: “1. Чин әулетінің соңғы кезінен Хань Уынди заманы (б.з.д. 179-157 жж. - С. Ж.) чянюанның 3-, 4 жылдары аралығында, Ұлынүкіске (Ұлыжүзге) ғұндар ауыр қатер төндірді. Нүкістер жойылу қаупіне дөп келіп, өз басын амандаудың өзі оларға мұң болған еді. Сондықтан ұлы нүкістердің шақты күшімен Үйсінге шабуыл жасауы өте қиын. Ісжүзінде, ол кездегі Үйсіннің күші нүкістерден олқы соқпайтын [[4]], сол себепті нүкістердің үйсіндерді жеңе қоюы да оңай-оспақ іс емес. Әсіресе, сол кездегі жағдайда, Нүкістер мүбада, үйсіндерге шапқыншылық жасаса, көп жаудың арасында қалар еді, сондықтан бұл тұста нүкістердің қауіп-қатерге бел байлап, үйсіндерге шапқыншылық жасай алмайтындығын кесіп айтуға болады. 2. Хань Уынди заманы чянюанның 3-, 4- жылдары аралығында, ғұндар “нүкістерді күйретіп”, “Кроран, Үйсін, Хагат ұлыстарын және олармен іргелес 26 елді бағындырған”. Бұл сол кезде ғұндардың Батыс Өңірді шаужайлай бастағандығын ұғындырады... Дәл осы кезде - нүкістер тұңғыш рет батысқа ауғанда Хыши дәлізінен Іле өзені алабына көшіп барғаны айдан анық болады. Мұндай жағдайда, нүкістер батысқа ауғаннан кейін шапқыншылық жасап, күнбидің әкесін өлтірді деген пәтуа қисынға келмейді. 3. Тарихи жазбалар мен Ханьнамадағы жазба деректерге қарағанда, үйсіндердің батысқа ауудан бұрын шапқыншылыққа ұшырауы бір-ақ рет қана болған. Нақтылап айтсақ, тек Хань Уынди заманы чянюанның 3-, 4- жылдары аралығында ғұндардың Кроран, Үйсін, Хагат ұлыстарын және олармен іргелес 26 елді бағындырған оқиғамен бірге болған. Бұл деректі жоғарыда пайымдалған ахуалмен байланыстырсақ, мынадай тұжырым жасай аламыз: Ханьнама. Жаң Чянның ғұмырнамасында жазылған нүкістер шапқыншылық жасап күнбидің әкесі Нәнду биді өлтірді дегенге толық сеніп кетуге болмайды; ал Тарихи жазбалар. Дад-уан баянында жазылған ғұндар шапқыншылық жасап, күнбидің әкесін өлтірді дегеннің жаны бар (бұл Хань Уынди заманы чянюанның 3-, 4 жылдары аралығында ғұндардың үйсіндерді бағындырған кезі)... Қысқасы, жоғарыдағы талдауға негізделер болсақ, күнбидің әкесін өлтіру оқиғасы нүкістермен қатыссыз, ал нүкістердің екінші рет батысқа аууы Леузаң тәңірқұттың шапқыншылығы салдарынан болған... Сонымен бірге, жоғарыда жасаған талдаулардан біз... деректердің ішінде Тарихи жазбалар. Дад-уан баянындағы жазба деректер тарихи шындыққа неғұрлым жанасатындығын аңғарамыз...”. Нүкістерге Леузаң тәңірқұт шабуылдағанын рас санайтын Канада синологы Проурибн да Елжау ата кегі үшін (vendetta) Нүкіс еліне шабуыл жасады дегенді Бан Гу оқырманын қызықтыру үшін ғана қосып қойған деп санайды.
Демек Мөде тәңірқұт Үйсін ұлысын жоғарыдағы аса шебер ұйымдастырылған құпия қырғынға әшкере қормалдық араластырып бағындырған.
Тәуелсіздіктен айрылған үйсіндер Ғұн қағанатының қоластындағы бір бау (ұлыс, хандық) санатында 20 неше жыл өмір сүреді. Мұның денінде тәңірқұт тікелей басқарып, Бөжей жабғы сықылдылар атқарушы ретінде болған шығар. Жылнамалар бұл туралы нақты сөзден аттап кетеді. Үйсіндердің тәңірқұт қоластындағы күйі жайлы бергі пайымдаулар былай:
1. Құл тайпа болған. Уаң Биңхуа, т.б. ғалымдардың, Мөде тәңірқұт тұсында, “Үйсін ісжүзінде ғұндарға тәуелді болды. Шаруашылық тарапта алым-салық төлеу, көпшір тапсыру, саяси тарапта бағыну, әскери тарапта бұйрықты қабылдау сияқты зорлықты борыштарды өтеді. Мәні жағынан алғанда тұтас тайпа бойынша ғұндардың құлы болды” [[5]] дегенінің жаны бар. Ол заманда бағындырушының бағынушыға байланысының басқаша - сыйласымды, құрметтеулі, жанашырлы, тең күйде болуы мүмкін емес. Ондайды бүгінде де толық жүзеге асыру қиын болып отыр. Уаң Биңхуаларға қоса кетеріміз - біріншіден, бұл байланыс, Уаң Биңхуалар айтқандай Мөде кезінде ғана емес, кейінгі Леузаң (Лаушаң, 老上) [[6]]тәңірқұттар заманында да жалғасын тапты. Хән әулетімен соғыс өршіген сайын бауларға түскен жүк те ерепайсыз ауырлай берді. 20 неше жылдан соң үйсіндердің Ғұн қағанатына бағынбауға қарай беттеуіндегі көп себептің бірі де осында тұр.
Алайда амалды елбасылары - Мөде мен Леузаң тәңірқұттар Үйсін күшінен шебер де толық пайдаланған, ал көреген көсем Елжау да бұл барыста өз есесін ұтымды ескерген көрінеді.
2. Тәңірқұт үйсіндерді “өз қоластындағы жуас та адал ел қылудың” амалын әу бастан келістіре ойластырған.
Бұған жау жағынан ордасы күйретілгеннен соңғы Үйсін ахуалы ретіндегі мына дерек мықты мысал. Оның бірінде: “Жаңа туған нәресте күнби иен далада қалыпты. Кейін көрсе, ет тістеген қарғалар оның үстінен шырылдап ұшады екен. Көкқұртқа келіп оны емізіп тұрады екен. Бұған қайран қалған тәңірқұт, оны киелі бала екен деп, өз қолында бағып ержеткізіпті” [[7]] делінген.
Бұл арадағы мыналардың қайсысына тоқтау ми жүгіртуді талап қылады:
А. Дәл сондай (сәби иенде қалған, құс пен бөрі оны баққан) ахуал табиғи да шын болған іс.
Ә. Ол ахуал болған, бірақ оны біреу (мысалы Бөжей) әтейі қолдан жасаған.
Б. Тіпті қолдан да жасамаған. Тек сондай болды деп сөз таратқан және оны тәңірқұтқа жеткізген.
В. Ахуалды (мейлі қолдан жасалсын немесе табиғи да шын болсын) тәңірқұт көзімен көрген.
Бұл деректі Бәнгу “Жаңа туған нәресте күнбиді аталық (абыз көке - 傅父) Бөжей (Бозоқ - 布就. - С. Ж.) ябғұ (жабғы, лиңхоу - 翎候– С. Ж.) қалың шөптің арасына апарып жасырып қойыпты. Бөжей оған азық алып қайтып келсе, оны көк құртқа емізіп жатыр екен, ет тістеген қарғалар оны төңіректей ұшып жүріпті. Ол мұны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz