Тұмаудың алдын алу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе 3

  1. Тұмау4
  2. Таралуы5
  3. Алдын алу шаралары12
  4. Емі12

Әдебиеттер 14

Кіріспе

Тұмау - мұрынның кілегей қабығының қабынуы. Тұмау өте жұқпалы ауру. Тұмау жоғарғы тыныс алу органдарының ауруға шалдығуының, гриптің асқынуы, кілегей қабығының жарақаттануы т. б. инфекциялы аурулардың белгісі ретінде байқалуы мүмкін. Тұмаудың жедел, созылмалы және аллергиялық түрі бар. Жедел тұмау қыста салқын күндері жиі, ыстықта сирек кездеседі. Ауру қоздырғышы- стрептококк, стафилококк, пневмококк микробтары және вирустар. Бұл қоздырғыштар жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адамның орамалы, ыдысы, кітабы т. б. арқылы таралады. Бұл микробтар мен вирустар мұрынның кілегей қабығында өсіп-өнеді.

Жедел тұмау уақтылы емделсе 3-5 күнде сауығады. Асқынғанда созылмалы тұмауға айналады. Созылмалы түрінде мұрын су ағып, адамның иіс, дәм сезу қабілеті кемиді. Кейде құлаққа, көзге т. б. органдарға әсер етуі мүмкін. Аллергиялық тұмау тыныс органдарына түрлі шаң-тозаңның әсер етуінен болады. Бұл түріне адам әсіресе, өсімдіктердің гүлденуі. Тозаңдануы кезінде жиі ұшырайды. Аллергиялық түрі ұстамалы болады. Ауру ұстаған кезде мұрын қышып, адамды мазасыздандырады. Тұмау кезінде науқас тәбеті нашарлайды, дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буыны сырқырайды, мұрны бітіп, даусы қарлығып жөтеледі, тамағы қызарып жұтыны да ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Тұмаумен бір рет ауырған адам 1-2 жылға дейін қайталамайды.

Тұмау

Тұмау, грипп (лат. grіppus фр. grіpper - “бас салу, шап беру”), инфлуэнца - тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы - ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Грипп

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т. б. арқылы жұғады.

Таралуы

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т. б. ) әсерінен тез қырылады.

Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы - тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т. б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғ. тыныс жолдарының беткей клеткаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 - 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағ-тан соң (кейде 1 - 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Т-дан жазылғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 - 2 жылға, В типінен - 2 - 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

Тұмау және тыныс жолдарының қабынуы жас балалар арасында көп тіркеледі. Жас ағзаның сезімталдығы күшті келеді. Мысалы Украинада жылына 5 млндай бала Өткір респираторлы вирусты дертке шалдығады екен. Бұл өзге ауруларға қарағанда 7-8 есе көп көрсеткіш. Балаларды емдеуде әрбіріне қатысты өзіндік шараларды қарастыру қажет. Біздің педиатрлармен кездескен, Украиналық профессор Виталий Майданик өз практикамда көптеген балаларды емдеп, қанша бала болса, сонша ем түрін білу керектігіне көзім жетті дейді. Ол 80-ші жылдан бастап, осы салада.

Жіті респираторлық вирусты жұқпалар және тұмау

Жіті респираторлық вирусты жұқпалар және тұмау - ауа-тамшысы жолымен таралатын және жоғары тыныс алу жолдарын қабындыратын жіті жұқпалы аурулар. Аурушаңдық барлық жас тобындағы халық арасында әр жыл сайын күз-қыс кезеңдерінде тіркеледі, әсіресе денсаулығы нашар, созылмалы аурулармен ауыратын ересек адамдар мен балалар арасында кездеседі.

Өзінің әлеуметтік орны жағынан адамдардың барлық ауруларының ішінде бірінші орында тұр. Әлемде жыл сайын тұмаумен 500 млн. адам ауырады.

Тұмаудың таратушысы тек ауру адам болып табылады. Ауру адам өзінің айналасындағыларға 1-ші сағаттан бастап жұқпаны таратады. Тұмауды ескермей өздігінен емделген адамдар әсіресе қауіпті болып саналады.

Тұмау ауру адамнан сау адамға әңгімелесу, түшкіру, жөтелу кезінде жұғады. Мұндай жағдайда тұмаудың вирусы сілемей тамшыларымен бірге сыртқы ортаға шығады. Аурушаңдық жұққаннан бастап 1 - 3 сағат ішінде жетіледі. Тұмау жұқпасы адамдардың иммунитетін төмендетіп, бұл көптеген созылмалы аурушаңдықтың асқынуына себеп болады, сонымен қатар екінші рет бактериялық асқынуға әкеледі. Тұмаудың жиі кездесетін және қауіпті асқынуы - жіті өкпе қабынуына (пневмония) әкеліп соқтырады.

Тұмау мен ЖРВЖ аурушаңдығының негізгі белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бұлшықеттер мен буындардың ауырсынуы, қабыну құбылыстары, бастың ауруы, тұмау, жөтел, жас ағу, жарықтан қорқу, тамақ аурулары.

Ересектерге қарағанда тұмау балаларда өте ауыр жүреді, балаларда асқыну жиі кездеседі, бала ағзасы әлсіреп, ағзаға басқа аурудың өтуі жиіленеді. Жалпы жағдайының бұзылуы, дене қызуының көтерілуі, жоғары тыныс жолдарының қабынуы айрықша және ұзақ болып 5 - 8 күнге созылуы мүмкін.

Жұқпаның алдын алу шаралары:

- ағзаны шынықтыру

-аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді пайдалану

- жел тіиуден, ағзаны тоңудан сақтау

- сабынмен қолды жуып, қол жуу гигенасын сақтау

- ойын-сауық шараларына баруды шектеу

- «Жөтел этикеті» дағдыларын сақтау (қол орамал мен салфектка немесе жөтелген кезде ауызды жауып жөтелу, түшкірген кезде немесе ЖВРЖ мен тұмаудың белгілері байқалған болса бетпердені (маска) пайдалану)

- үйде ауру адам болса, төмендегі жайттарды ескеру: жеке бас тазалығын сақтау, мүмкіндігінше ауру адамға бөлек бөлме, жеке ыдыс, төсек орын, орамал шытын т. б. беру, бөлмені жиі-жиі желдету, еденді жуып отыру, сарымсақ, пиязды пайдалану, емдік шөптердің қайнатпасын және витаминді шырындарды ішу, көп мөлшерде сұйық ішу.

- ЖВРЖ белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, үйге дәрігер шақыртуыңыз керек.

ЖВРЖ мен тұмау эпидкезеңі жалғасуда, сондықтан аурушаңдықтың бірінші күнінен бастап, медициналық көмек шақыру қажет. Естеріңізде болсын! Нұсқаусыз өздігінен емделуге болмайды, өйткені асқынулар тудыруы мүмкін. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген әлде қайда тиімді!

Грипп ауруын вирустар туындатады. Осы ауру туралы мәлімет ертеректегі Гиппократ жазбаларында кездеседі. Жер шарында гриптіц бірінші індетінде 20 мидлионнан астам адам қаза болған. Соған қарағанда грипи әп бастан-ақ жеңіл ауру түріне жатқызылмаған.

1968-69 жылдары Гонконгте басталған індетте 34 мынға жуық адам шығын болған екен.

Грипті тудыратын А вирусы алғаш рет 1931 жылы анықталған, кейін ағылшын вирусологтары грипті тудыратын басқа да вирустардың болатындығын (В г С г Н г N1 дәделдеді.

Грипп және вирусты респираторлы инфекциялар жалпы жұқпалы аурулардың 90 пайызын құрайды. Грипті тулыратын вирустар ортомиксовирустар тобына жатады. Бұл ауру қоздырғыштары ауа арқылы таралып, 2-3 апта ішінде көптеген елді мекендсрге таралып үлгереді де, оларды бірталай экономикалық шығындарға ұшыратады. Сондықтан гриптің алдын алу және одан сауықтандыру шараларын жүзеге асырудың маңызы өте зор.

Грипті ақтамасы оның эпидемиологиялық және клиникалық белгілеріне негізделген. Аурудың орташа және жеңіл түрлерінде гриптің негізгі симптомдары жай басқа респираторлы иңфекпияларға ұқсас. Тек грипте адамның дене ыстығы жоғарырақ болады, уыттану реакциясы күшейіп, тұлабойда делсалдық ұлғаяды.

Грипте кездесетін негізгі синдромда мыналар:

1. Алғашқыда гектикалык, температураның болуы;

2. Мұрын және ауыз қуыстарындағы шырышты қабықтардын қызаруы (гиперемия), құрғауы;

3. Шырыш қабаттарының серозды ылғалдануынын кешігуі байқалады;

4. Көз конъюнктивасыныа қызаруы;

5. Қатты жөтел, көбіне құрғақ;

6. Екінші-үшінші күндері мұрыннан су ағып, жиі түшкіру.

Гриптің уытты түрінде өкпенің сегменті қабына немесе ісііге бастайды. Осы қабыну аурудын беті қайтса, 2-3 күн ішінде тез жоғалып кетеді. (Негізгі өкпе қабынуы ауруынан айырмасы осы) .

Қаннын зертханалық жалпы талдамасында аурудың алғашқы күндеріндегі нейтрофильді лейкоцитоз, бірте-бірте лейкопениялы лимфоцитозға ауысады. Лимфоцитоздардың жоғарылауымен аурудың бетінін қайтқаңы айқындалады.

Гриптің типтік диагиостикасы көмей және мұрын шырышты қабаттарынан алынған жағындылар (мазок) арңылы анықталады. Сонымен бірге серологиялық тестер мен түрлі-түсті иммунологиялык, реакциялар (комплементарлық, гемаглютинәциялык) жасауға болады. Көп жағдайда вирустың антигендік құрамын анықтау арқылы оныц типін анықтауга болады.

Ауруды емдеге де, гриптің А типінде вирусқа қарсы қолданылатын дәрілерді (ремантадин, ацикловир, оксалин және т. б. ) қолдануга болады. Гриптің негізгі емі -симптоматикалық ем, яғни ыстықты түсіретін және антигистаминдік дәрілер, Балалар үшін ыстықты тусіретін ең тиімлі ләрі - парацетамол, әл антигистаминді дәрі -фенкарол, Осы дәрілерді жас шамасына қарай қолданған дұрыс.

Ауырган адамға интерферон дәрісін де беруге болады. Интерферон дәрісі қайнаған суға ерітіліп, мұрын ішіне 3-5 тамшыдан күніне 5-6 рет тамызылады.

Мектеп жасындағы балаларға және ересектерге антигриптің, гиппостад (күрделі қоспалар) дәрілерін қолданған жөн. Ауырған адам дұрыс тамақтанып, сұйықты көбірек ішкені пайдалы. Ауру асқынбаса, 6-7 күн ішінде жазылып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұмау
Құс тұмауына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Тұмау және құс тұмауы, шошқа тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Тұмау (грипп)
Тыныс жолдары арқылы тарайтын ауру қоздырғыштарының биологиясын (грипп, қызылша)
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Тұмау (грипп) туралы
Тұмау туралы
Жылқы тұмауы кезіндегі патоморфологиялық өзгерістері
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz