Сақтандыру шартының мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Сақтандыру шарттың түрлері ... ... ... ... ..6
Қорытынды ... ... ... ... ... .10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... .11
Сақтандыру шартының кейбір ерекшеліктері сол сақтандыру шартының ерекше арналуына байланысты болады. Бұл мысал, шарт бойынша азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарына қатысты. Осындай кездерде сақтандыру олар арқылы шарттық және деликтілік жауапкершілік жүзеге асатын тетіктерге қосымша болып келеді. Сонымен қатар құқық бұзушылы іс-әрекетіне байланысты сақтандыру төлемді жасауды қарастыратын нормалар және құқық бұзушының жауапкершілігін тікелей анықтайтын нормалар арасында белгілі бір қатынастар (қатысу) анықтады.
Мұндай сақтандыруды қолданудың саласы сол сияқты онымен белгілі дәрежеде қамтамасыз етілетін шарттық немесе деликтілік жаупкершіліктің ерекшеліктері азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың бір немесе өзге шарттары бойынша кім пайда алушы болып келетініне тікелей әсер етеді.
1. Жайлин Ғ.А. « ҚР-ның Азаматтық құқығы » Ерекше бөлім 1-том Алматы 2006ж
2. ҚР-ның Азаматтық кодексі
3. Гражданское право. Том 2. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы.Издательство КазГЮА.2000.
4. Төлеуғалиев Ғ. ЌР Азаматтыќ ќұќығы. Алматы 2001ж.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1. Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... 4
2. Сақтандыру шарттың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

Кіріспе

Сақтандыру шартының кейбір ерекшеліктері сол сақтандыру шартының ерекше арналуына байланысты болады. Бұл мысал, шарт бойынша азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарына қатысты. Осындай кездерде сақтандыру олар арқылы шарттық және деликтілік жауапкершілік жүзеге асатын тетіктерге қосымша болып келеді. Сонымен қатар құқық бұзушылы іс-әрекетіне байланысты сақтандыру төлемді жасауды қарастыратын нормалар және құқық бұзушының жауапкершілігін тікелей анықтайтын нормалар арасында белгілі бір қатынастар (қатысу) анықтады.
Мұндай сақтандыруды қолданудың саласы сол сияқты онымен белгілі дәрежеде қамтамасыз етілетін шарттық немесе деликтілік жаупкершіліктің ерекшеліктері азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың бір немесе өзге шарттары бойынша кім пайда алушы болып келетініне тікелей әсер етеді.
Егер болуы мүмкін деликті жауапкершілік сақтандырылса, онда пайда алушы болып кез - келген зиян шегуші субъект болып табылады.


1.Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы
Сақтандыру шартының мазмұны тараптардың келісімімен айқындалады. Сақтандыру шартында шарт тараптары, сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайы, сақтандыру сомасының мөлшері, оны өтеудің тәртібі мен мерзімі, сақтандыру төлемінің мөлшері, оны өткізудің тәртібі мен мерзімі, шарттың қолданылу мерзімі, шарт талаптарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі қажет.Екі немесе одан да көп адамдардың азаматтық-құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісім-шарт деп аталады. Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді. Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады. Шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе заңды азаматтың тұрғылықты жерінде немесе заңды ұйымның, тұлғаның орналасқан жерінде жасалады. Шарттың тараптары келіспеген жағдайда оның ережелері сот шешіміне сәйкес белгіленеді. Тараптардың келісімі бойынша шартқа басқа да талаптар мен міндеттемелер енгізілуі мүмкін. Қолданылып жүрген заңдармен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлата түсетін және осы Заңға қайшы келетін шарт талаптары жарамсыз деп танылады. Сақтандыру талаптары сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шартпен белгіленеді.Шарт, егер онда өзге тәртіп көзделмеген болса, алғашқы сақтандыру төлемін төлеген кезден бастап бекітілді деп саналады.Сақтандыру төлемдерінің мөлшері шартпен белгіленеді, заңдармен белгіленген мөлшерлер бұған кірмейді. Тараптардың келісімімен сақтандыру төлемдері шетел валютасымен төленуі мүмкін.Сақтандыру төлемін шартта көрсетілген мерзімде төлемеу, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, шарттың тоқтатылуына әкеліп соғады. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт төлем бойынша қарыздар өтелген жағдайда бір ай ішінде қайта жалғастырылуы мүмкін. Шартта неғұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін. Бұл ретте шартты жалғастыру жөнінде жазбаша өтініш талап етілмейді. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт сақтанушы қарыз сомасы төлеген күннің ертеңінен бастап қайта күшіне енеді[1].
Сақтандыру төлемін уақтылы өткізбеу себепті шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда, сақтанушыға төленген сақтандыру төлемінің шартта көрсетілген бөлігі қайтарылып беріледі. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемінің мөлшері заңдармен белгіленбеген жағдайлардың бәрінде, шартпен белгіленеді. Жеке басты сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы сақтанушыға оған әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша және шеккен зиянның орнын толтыру ретімен тиесілі сомаға қарамастан төленеді. Мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемі, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушы тікелей шеккен нақты зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушыға сақтандыру сомасын, шартта көрсетілген тәртіп пен мерзімде төлеуге, сондай-ақ өтелуге тиісті зардапты азайту мақсатында жұмсалуға қажетті шығынның орнын сақтандыру сомасы ауқымында толтыруға міндетті. Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы шартта белгіленген мерзімде және үлгіде хабарлап, сақтандырылған мүліктерді құтқару мен сақтау шараларын жасауға, сондай-ақ кінәлі адамнан өндіріп алу құқығын қамтамасыз етуге міндетті.Сақтанушының келтірілген зиянға жауапты адамнан өндіріп алу құқығы мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеген сақтанушыға осы сома ауқымында көшеді.Сақтанушы осы талапты орындату құқығы үшін қажетті қолында бар құжаттардың барлығын сақтандыру өтемін алған кезде сақтандырушыға беруге міндетті. Сақтанушының азаматтық заңдарында белгіленген тіртіп пен тигізген зияны үшін жауапты адамдарға сақтандыру өтемі сомасының ауқымынан жоғары талаптар қоюды тапсыруға құқығы бар. Бұл құқықтардың көшуін сақтандыру шартында ресімдеуге де болады. Сақтанушы сақтандыру жағдайы туғаннан кейін сақтандырушыға өзінің сақтандырылған мүлікке деген құқығынан бас тартатынын хабарлап, сақтандыру сомасын толық көлемінде алуына болады. Сақтандыру шартында туындайтын дауларды белгіленген тәртіпке сәйкес сот немесе төрелік сот қарайды. Бұл ретте сақтандырушылар мен сақтанушылар осы істер бойынша баж салығын төлеуден босатылады. Сақтандыру шартының іс үстіндегі мерзімі өтіп, ал сақтандырушының жауапкершілігі пайда болмаса(несие толық және де өз мерзімінде сақтанушы заемшілерінің тарапынан өтелсе), сақтанушыға ол төлеген сақтандыру төлемінің 20%-ы қайтарылады. Сақтандыру шартын жасау тәртібі:
-сақтандыру шарты сақтанушының ауызша жасаған өтініші негізінде жасалады,және ол әкеп көрсеткен несие шартының көшірмесімен бірге 2дана болып қатталады(сақтандыру шартының үлгісі қоса тіркеледі).Сақтандыру шартының бір данасы-сақтандырушыда, екіншісі-сақтанушыда сақталады.
-сақтандыру төлемі бірден(1-ақ рет) төленеді. Төлемді төлеген күн болып сақтанушының есеп шотынан қаражатты шығыстаған күн есептеледі;
-сақтандыру шарты сақтандыру өтемі төленген күннің келесі күнінде күшіне кіреді;
-сақтандырушы сақтанушының кітаптары мен жазбаларының заемшілердің несиелерін өтемегені үшін жауапкершілігін сақтандыру бөлігіне қатыстысын тексеруіне құқы бар. Сақтандыру оқиғасы басталған кездегі шарттасушы жақтардың міндеттері:
1.сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтанушы 5күндік мерзімде сақтандырушыға оқиға туралы өтініш беру жолымен хабарлауға міндетті;
2.сақтандыру өтемінің мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне байланысты анықталады, яғни несие шартында көрсетілген күнде өтелген берешекке сүйенеді;
3.сақтанушы несие берген банкке сақтандыру өтемін 15күннің ішінде төлеуге міндетті;
4.банкке сақтандыру өтемін төлеген соң,сақтандырушыға төленген сома мөлшерінде банк–кредитордың барлық құқы беріледі, сақтанушыға несие шарты бойынша;
5.сақтанушының сақтандыру төлеуден бас тартуға құқы бар,егер сақтанушы:
а) сақтандыру қатері туралы байымдауға аз да болса маңызы бар жағдай туралы жалған мәлімет хабарласа;
б)сақтандырудың осы шарттарына орай өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса;
в) сақтандыру шартынан туындайтын айтыс тартыстарды мемлекеттік арбитраж бен сот қарайды.
Сонымен, сақтандыру шарты:
1)сақтанушы мен сақтандырушы арасында;
2) сақтанушы мен белгілі бір ұйым: банктік мекеме, салық органдары т.б арасында болуы мүмкін.
Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап(сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап(сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді[2].

2. Сақтандыру шарттың түрлері

Жеке және мүлікті сақтандыру шартының мазмұны
Шартты жауапкершілікті сақтандыру кезінде шарттың ара - қатынастық мінезі сақтандыруда пайда алушының тұлғасы нақты анықталатынына әсер тигізеді. Бұл қасиетте әрқашан жауапкершілігі сақтандырылған тұлғаның шарт бойынша әріптесі болып келеді. Егер заңмен немесе шартпен осыған жол берілсе, тұлғада шарт бойынша бірнеше контрагенті (әріптесі) болғанда, тұлға бір немесе кейбір контрагенті алдындағы жауапкершілігін сақтандыра алады.
Жауапкершілікке қатысты сақтандыру тетігі тек көмектес болатыны сақтандырушының пайда табушы алдындағы міндеті тек нақты нұсқа мөлшерімен шектелетініне әкеледі.
Азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың арналуының ерекшеліктері тағы да мынада, сақтандырылушы тұлғаның іс - әрекетінің заңсыздығы, оның кінәлілігі сақтандырушыны сақтандыру төлемақысын өтеуден босатпайды, керісінше, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалға алу шарты
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Сақтандыру шарты жайында
Сақтандыру шартын жасаудың тәртібін
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Сақтандыру шартының қолданылуы
Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай
Сақтандыру ережелері мен шарты
Пәндер