Ес туралы жалпы анықтама



1. Ес туралы жалпы анықтама
2. Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы.
3. Есті зерттеудің ассоциативті бағыты. Г. Эббингауздың ұмыту қисығы.
4. Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени . тарихи концепциясындағы ес мәселесі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ес түрлерінің жіктемесі және олардың сипаттамасы. Өткен тәжірибені жадымызда қалдырып, сақтап, оларды қайта жаңғыртуымыз ес деп аталады. Ес адамға өте қажет. Ол арқылы субьект жеке өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, пайдасына жаратады. ХХ ғасырдың 80 ж. неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты ес заңдылықтарын ашты (мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі.Психиатр Э.Крепелина осы тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекеттерін тексеруде қолданды. Г.Э. Мюллер естің бекуі мен қайта жаңғыруы заңын ашты. ХХ ғ. И.П. Павлов шартты рефлекстер әдісін ашты. Естің жоғарғы формаларының дамуын орыс ғалымы Л.С. Выготский ХХ ғ. ашты. Әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін дәлелдеді. А.А. Смирнов, П.И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы заңын ашып, жадта қалдырудың алға қойған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеді. Келе-келе ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табу және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашушы зерттеулер пайда болды. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типін: 1. сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.(бұл сезім мүшеміз қабылдаған көріністерді толық дәл сақтау, бірақ 1 сек. еске түсіп, тез жойылып кетеді). 2. Қысқа мерзімді ес: ( Бұнда есте қалған бейне оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді). 3. Ұзақ мерзімді ес: ( жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі.
1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
3. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Ес туралы жалпы анықтама
Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы.
Есті зерттеудің ассоциативті бағыты. Г. Эббингауздың ұмыту қисығы.
Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени – тарихи концепциясындағы ес мәселесі.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ес туралы жалпы анықтама.
Ес түрлерінің жіктемесі және олардың сипаттамасы. Өткен тәжірибені жадымызда қалдырып, сақтап, оларды қайта жаңғыртуымыз ес деп аталады. Ес адамға өте қажет. Ол арқылы субьект жеке өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, пайдасына жаратады. ХХ ғасырдың 80 ж. неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты ес заңдылықтарын ашты (мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі.Психиатр Э.Крепелина осы тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекеттерін тексеруде қолданды. Г.Э. Мюллер естің бекуі мен қайта жаңғыруы заңын ашты. ХХ ғ. И.П. Павлов шартты рефлекстер әдісін ашты. Естің жоғарғы формаларының дамуын орыс ғалымы Л.С. Выготский ХХ ғ. ашты. Әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін дәлелдеді. А.А. Смирнов, П.И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы заңын ашып, жадта қалдырудың алға қойған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеді. Келе-келе ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табу және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашушы зерттеулер пайда болды. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типін: 1. сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.(бұл сезім мүшеміз қабылдаған көріністерді толық дәл сақтау, бірақ 1 сек. еске түсіп, тез жойылып кетеді). 2. Қысқа мерзімді ес: ( Бұнда есте қалған бейне оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді). 3. Ұзақ мерзімді ес: ( жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді). Есте қалдыру, қайта жаңғырту үшін жүретін әрекеттердің сипатына орай ес 3 өлшемге сай болуы керек:

Естің негізгі түрлерінің жіктемесі

Психикалық іс-әрекет мақсатына материалдың
белсенділіктің байланысты ес. сақталу ұзақтығына
сипаты бойынша ес. - ырықты байланысты ес.
қозғалысты - ырықсыз - қысқа мерзімді ес
сезімдік - ұзақ мерзімді
бейнелі - нақты қызметтік
сөз логикалы (оперативная)

Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Онсыз біз әрекеттерді жаңадан үйреніп отыруымыз керек. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның еңбектегі шеберлігінен көрінеді.
Сезімдік ес – бұл біздің сезімімізді есте қалдыру мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты. Эмоция есі адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды болып табылады.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, дәмге, дыбыстарға негізделген. Жад іздері оның мәні бұрын қабылданған нәрсені елес түрінде жаңғыртады.
Сөздік логикалы ес – мазмұнына біздің ойымыз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді. Сондықтан ой тек мағыналық болмай, сөзді-логикалы болады. Сөздік-логикалық мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан қарапайым түрдегі қозғалыс, бейнелі және эмоционалды елестер жануарда болса, мағыналы ес адамға тән. Сөздік-логикалық ес басқа ес түрлерінің дамуына көмектесіп, олардың жоғарғы деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
Нақты қызметтік ес – адамның нақты іс-әрекеті. мезеті мен қажетіне орай қозғалыстарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандайда бір әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. осы екі арадағы нәтиже сол кездегі қажеттілігімен есте тұрады. Ал көзделген мақсатқа жақындаған сайын алдыңғы нәтиже ұмтылып келесі әрекет ақпаратына орын босатқандай болады.

2. Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы.
Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз. Мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерсіз есте қалдыру, яғни болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы, Өмірде кездесетіндердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: заттар, құбылыстар, оқиғалар және т.б, ал олардың әрқайсысының жатталуы бірдей емес. Ырықты есте ақпараттың санада бекіп қалуы үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Мысалы, оқу материалын жаттап алу. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барлық іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Ниетті әрекеттің мақсаты-қажетті материалды есте сақтау. Есте қалдырып, оны қайта жаңғыртуға бағытталған әрекет-мнемикалық (мнема ес) әрекет д. а.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар ретімен өзгеріссіз есте қалады. Мұндай есте қалдыруда адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенсе, мағыналы есте қалдыруда материалдық ішкі логикалық байланыстарына сүйенеді. Сондықтан механикалықтан гөрі мағыналық есте қалдыру тиімді, механикалық есте қалдыру сан мәрте қайталау керек, ал ол жатталған нәрсе керек кезінде еске түсе бермейді. Материалды түсініп, ұғу үшін түрлі әдістер қолданылады. Игерілетін материалдың өзекті ой бөлініп алып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы мәтіннің әрбір бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады, сөйтіп осы арқылы материалды еске түсіру жеңілдейді, оқушының білімін берік етеді. Материалды ұғынудың пайдалы әдісі – салыстыру, заттар, құбылыстар, оқиғалар арасындағы ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Есте берік қалдыру жолы – қайталап тұру. ол әртүрлі немесе белсенді болуы керек. (сұрақтарға жауап беру, схема, таблица) уақытқа байланысты қайталау: 1. Жинақты – материал қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. 2. Бөлшектенген – тиімді, қуат пен уақыт үнемделеді, білім берік есте қалады.
Психологияда жаттаудың 3 түрі бар:
Тұтастай – мәтінді бастан аяқ бірнеше ретигерілгенше қайталау.
Шамалап – бірнешеге бөлініп, әрқайсысы өз алдына бірнеше рет қайталанып, жатталады.
Аралас – бірде толық, кейін тараулары бөлініп, оқылып жатталады.
Есте сақтау:
динамикалық есте сақтау қызметтік (оперативная) есте орын иеленіп, жатталған материал өзгеріске түсе бермейді.
Статистикалық ( тұрақты) – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді, материал қайта құрылып, өңделеді. Ақпараттың сақталып, өзгеріске түсуі- тану мен қайта жаңғыртуда болады. Затты не құбылысты тани отырып, оны белгілі бір категорияға жатқызамыз. Тану 2 дәрежеде, бірінші, адамның алдындағы затты біле алмай шаршатуы; екінші, күмәнсіз дәл тануы; Қайта жаңғырту танудан соң жүреді. Қайта жаңғырту материалды өз кезегімен еске түсіру арқылы жүреді. Ұмыту – еске түсіре алмау. Оның физиологиялық негізі-уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі. Ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Ұмытшақтықты жеңу үшін, оның туындауына себепші келесі заңдылықтарды білу қажет.
Материалды бірінші қабылдап, еске қалдыру
қабылданған материалды қайталау
қабылдауда ұмытылған материал уақыт өтуімен қайта еске оралады. Бұл реминисценция (жобалай еске түсіру) деп аталады.
Материалдың түсінікті болғандығын анықтап алған соң, оны есте қалдыруға байланысты жаттығулар өткізу.
Айналысқан материал қызықты болу керек.
ұмыту материал көлемі мен оны игеру қиындықтарына байланысты.
Қайталау жұмыстарын жүргізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың есін дамыту және тәрбиелеу
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Ес туралы анықтама. Естің түрлері. Естің бұзылысы
Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы
Естің нейрофизиологиялық негізі
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Естің түрлері.Қысқа мерзімді ес.Қысқа мерзімді естің құрылымы мен көлемі.Ұзақ мерзімді ес.Сана және қысқа мерзімді ес
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Windows. Жалпы ұғымдар
Қабылдау туралы жалпы түсінік
Пәндер