«Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары» пәнінен дәрістер



1 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ» ПӘНІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
2 СОТ БИЛІГІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3 ҚР АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ЖӘНЕ АҢЫҚТАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
5 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДВОКАТУРАСЫ
6 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мемлекет пен оның органдарының кызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанныңқызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Занның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратының айғақтайды.
Негізгі:
1. Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқыққорғау органдары. Оқу құралы. Астана, 2004 ж.
2. Авдонкин В.С., Карпов Е.А., Науменко А.Б., Правоохранительные органы. Сборник схем. М., Новый юрист. 1998 год
3. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система В РК» Астана ИКФ «Фолиант», 2000 год.
4. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы, М., Зерцало ТЕИС ,1999 год.
5. Давид Рене, Камилла Жоффре-Спинози. Основные правовые системы современности.-М, Международные отношения, 1996 год.
6. Правоохранительные органы и организации России. Компетенция и полномочия / под ред. АВ.П.Гуляева М, 1999 год.
7. Правоохранительные органы. Конспект лекций. Пособие для подготовки к экзаменам. М., Изд-во «ПРИОР», 1999 год.
8. Профессиональная этика работников правоохранительных органов / под ред. Г.В.Дубова, А.В.Опалева –М., «Щит-М» , 1998 год.
9. Решетникова Ф.М. Правовые системы стран мира. Справочник. М., Юридическая литература. 1993 год.
10. Савицкий В.М. Организация судебной власти в РФ. М., Изд-во «ТОО ИНТЕРСТАМО», 1996 год.
11. Самалдыков М.К. Правоохранительные органы в РК., Алматы 1996 год.
12. Судебная система России М, Дело, 2000 год.
13. Сулейменова Г.Ж. Суд и правоохранительные органы в РК, под ред. Тусупбекова Р.Т. – Караганда : ПО «Полиграфия», 1996 год.
14. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. / под ред. Тусупбекова Р.Т. –Алматы: Тоо «Полиграфсервис», 1999 год.
15. Слямова К.Н.Правоохранительные органы РК./- Усть-Каменогорск, 2005 г.

2.Нормативтік құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы ( өзг. және толықтырулармен)- Алматы,2000 ж.
2. О мерах по усилению национальной безопасности, дальнейшему усилению борьбы с организованной преступностью и коррупцией: Указ Президента РК от 5 ноября 1997 года №3731 // Казахстанская Правда .- 1997 год 7 ноября.
3. О национальной безопасности: Закон РК от 26 июня 1998 года. (с изм. и доп.) // Ведомости Парламента РК 2000 год №5 ст. 115.
4. О мерах по совершенствованию правоохранительной деятельности в РК: Указ Президента РК от 22 января 2001 года №536 // САПП РК 2001 , №1-2, ст.2
5. О программе борьбы с преступностью в РК на 2000 -2002 г. Г.: Постановление Правительства РК от 31 октября 2000 года № 1641 ( с изм. , допол.) // САПП РК 2000=№ 40, , Юридическая газета ,-2001,- 25 июня.
6. Об образовании Межведомственной комиссии по борьбе с преступностью при Правительстве РК, Постановление Правительства РК от 7 июня 2001 года №764, // САППРК 2001, № 20, ст.257.
7. Положение о межведомственной комиссии по борьбе с преступностью при Правительстве РК: утверждено Постановлением Правительства от 7 июня 2001 года № 764 // САППРК 2001, №20, ст. 257.
8. Концепция развития судебной системы РК (проект) // Юридическая газета.- 2001 год 8 августа.

3 Қосымша әдебиеттер:
1. Братко А.Г. Правоохранительная система (вопросы теории) М., 1992.
2. Правоохранительные органы и организации России. Компетенция и полномочия / под. Ред А.П.Гуляева М, МАЭП, ИИК «Калита», «Собрание» ,1999 год.
3. Палеев М.С., Пашин С.А. Савицкий В.М. Закон о статусе судей Научно-практический комментарии М., 1994 год.
4. Никеров Г.И. Судебная власть в правовом государстве //Государство и право. 2001 -№5.
5. Расказов Л.П. Карательные органы в прочесе формирования и функционирования административно-командной системы в Советском государстве. - Уфа, 1994 год.
6. Система правоохранительных органов: пути ее совершенствования // Истина и только истина М., 1990 г.
7. Вицин С.От формирования судебной системы к ее реформированию // Российская юстиция 2001 №5.
8. Нарикпаев М.С. Судебная система Казахстана: опыт и перспективы. // Правовая инициатива 2000 №3
9. Сапаргалиев Г.С.Возникновение и развитие судебной системы Советского Казахстана (1917-1967) Алма-ата,1971.
10. Стецовский Ю.И. Судебная власть М, 1999.
11. Суды и их роль в укреплении государственной независимости (материалы междун. Науч. Прак. Конф. Посвященной 10-летию независимости РК Астана изд.Верховного Суда РК 2001.
12. Раимбаев С. Приоритеты дня: укрепление независимости судов, улучшение качества отправления правосудия //Юридическая газета 8 ноября 2000 года.
13. Сулейменова Г.Ж. Закон должен быть точным, понятным // 20 июня 2001 года Юридическая газета.
14. Алина С. Организация учета и контроля в суде // Юридическая газета. ( января 2000 года.
15. Темирбулатов С Вопросы судебного администрирования // Правовая реформа в Казахстане №2 2000.
16. История казахстанской юстиции в документах // Фемида №9 1999.
17. Байтукбаев Д.И. Принцип разделения властей и статус прокуратуры в государственном механизме // Закон и время №4 2001.
18. Бахтыбаев И.Ж. Конституционный надзор прокуратуры в РК. Алматы, Жеты=Жаргы, 2000.
19. Туякбаев Ж.А. Развитие прокуратуры Казахстана в период государственно-правовой реформы. Алматы ,1997.
20. Алиев Р.М. Расследование уголовных дел налоговой полицией.- Алматы, 1998 год.
21. Когамов М.Ч. Предварительное расследование уголовных дел в РК: состояние, организация и перспективы. –Алматы, 1998 год.
22. Об адвокатуре. Международные положения. Закон РФ. Нормативные акты.-М, 1996г.
23. Барщевский М.Ю. Адвокат, адвокатская фирма, адвокатура.-М., 1995г.
24. Нам Г. Адвокат: гарантии и проблемы // Юридическая газета 2001 №5
25. 10 лет независимости РК: достижения и проблемы адвокатуры /Сб. материалов междун. Науч. Практич. К5онф. –Алматы: «ИНТЕРЛИГАЛ» , 2001г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ПӘНІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

1.1 Құқық қорғау қызметі: ұғымы,бел гілері, мақсаттары
 
Мемлекет пен оның органдарының кызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанныңқызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Занның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратының айғақтайды.
Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, әрине, аталғандарды, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелгенміндеттер - құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды
Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни ҚР Конституциясымен, басқа да заннамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды.
Құқық тәртібін қорғау органдары ұғымына құқық қорғау органдары ұғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір құқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды.
Кейбір авторлар құқық қорғау қызметі ұғымын кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада - бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, олардың іске асырылуын, заңдылығы мен құқық тәртібін қамтамасыз ететін барлық мемлекеттік органдардың қызметі. Тар мағынасында - бұл сол немесе өзге органның құзыретіне сәйкес заңнамада белгіленген нысанда жүзеге асырылатын бұзушылықтардан құқықтық қорғау жөніндегі арнайы уәкілетті органның қызметі.
Алайда, сол немесе өзге мемлекеттік органдарды құқық қорғау қатарына жатқызу кезінде басшылыққа алынуға тиіс өлшемдердің мәнін айқын игеру үшін белгілі шамада шартты түрде алынған, бірақ "құқық қорғау қызметі" атауы сіңісті болған қызмет белгілерін анықтау аса манызды.
ҚР заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері бар:
- біріншіден, құқық корғау қызметі әртүрлі қылмыстың түрлері бойынша мәжбүрлеу және өндіру сиякты заңдық ықпал ету шаралар қолдана отырып, тек заңның негізінде жүзеге асырылады.
Бұл жерде   құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шаралары ерекше орын алады;
- екіншіден, қолданылатын заңдық ықпал ету шаралары заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкес келуге тиіс;
- үшіншіден, құқық қорғау қызметі заңның негізінде белгілі бір рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыс жасағаны үшін ешқандай жаза алдын ала қаралмастан қолданылмайды.
- төртіншіден, құқық қорғау қызметін іске асыру сауатты және дайындалған қызметкерлерден тұратын арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Айтылғандарды ескере отырып, құқық қорғау қызметі ұғымын айқындауға болады - бұл заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын (соның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары) қолдану арқылы жүзеге асырылатын қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің оның арнаулы уәкілетті органы атынан жүзеге асырылатын қызмет.
Өз мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі күрделі болып табылады. Оның көп жоспарлығы осы мемлекеттік қызмет түрінің негізгі бағыттарымен мазмұны айқындалатын әлеуметтік функциялардың әр түрлігіне қатысты айқындалады. Мұндай бағыттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- конституциялық бақылау;
- сот төрелігі;
- соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;
- прокурорлық қадағалау;
- қылмыстарды анықтау және тергеу;
- заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.
Осы бағыттардың, әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясыныңұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою, қылмыс-жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу, сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау, кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелерге қол жеткізу, ең аяғында, нақты функцияларды іске асыру процесінде пайдаланылатын әдістердің әртүрлігі мен өзгешелігіне қарамастан, құқық қорғау қызметінің жоғарыда аталған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
 

1.2 Құқық қорғау органдары: жалпы сипаттамасы және жүйесі
 
Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарын (функцияларын) орындау үшін нақты құқық қорғау органдары жұмыс істейді. Заң ғылымында құқық қорғау органдарының тобы туралы бірдей пікір жоқ: біреулері олардың қатарын көбейтіп, ал екіншілері азайтып көрсетеді. Бұл алақұлалық осы мәселенің заңдық тәртіппен реттелмегендігімен түсіндіріледі, сондай-ақ заң актілерінде де құқық қорғау қызметіне түсінік берілмеген.  Бір ав-тор, қылмысқа қарсы тікелей күрес жүргізетіндерді құқық қорғау органдары десе, екіншілері - қылмыстар мен өзгеше қол сұғуларды түбірімен жояды десе, үшіншілері - қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалайды дейтіндер.
Ғылымда сот құқық қорғау органы болып табылатындығы туралы пікір қалыптасқан. Алайда, біздің ойымызша, соттарды құқық қорғау органдарына жатқызу дұрыс емес, өйткені сот құқық қорғау органдарынан құқықтық мәртебесімен ерекшеленетін айрықша мемлекеттік орган болып табылады. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 1-бабының 2-тармағына сәйкес соттардың міндеті "азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституция мен заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республика халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Құқық қорғау қызметінің анықтамасын, оның функцияларының (бағыттарының) сипаттамасын және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау органдарына мыналарды жаткызуға болады:
- соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар (ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет және оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілері);
- прокуратура органдары;
- қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жүзеге асыратын органдар (ҚР ІІМ, ҰҚҚ, ӘдМ, Қаржы полициясы агенттігінің кейбір алдын ала тергеу және анықтау органдары);
- құқықтық көмек пен құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін органдар (адвокатура, нотариат).
Соттар (аудандық және оларға теңестірілгендер, облыстық және оларға теңестірілгендер, ҚР Жоғарғы Соты) бізше, құқық қорғау органдарына жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сәйкес "Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл ме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, зандылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін зандар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады".
Мемлекеттік билік ҚР Конституциясының 3-бабы 4-тармағына сәйкес біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану аркылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" деген VII бөлімге енгізілген. Бірақ прокуратураға соттармен қатар сот билігі беріледі деп корытынды жасау қате болар еді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаты прокуратураның биліктің сот тармағына кірмейтіні, сонымен пара-пар екі басқа - заң шығару және атқарушы билікке қатысы жоқтығына күмән келтірмейді.
Функционалдық тұрғыдан биліктің әрбір үш тармағына байланысты бола тұрып, прокуратура органдары олардың ешқайсысына да толығымен жатпайды. Прокуратураның мемлекеттік құрылымдағы өзгеше жағдайы билік тармақтарының әрекетін теңдестіруге және олардың оңтайлы жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің дербес түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігіне себеп болады.
Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекеттің атынан арнайы уәкілеттік берілген адамдардың - прокурорлардың - заңдылықтарды бұзуды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы  заңдардың дәл орындалуын және біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылатын қызмет ретінде сипаттауға болады.
Прокуратураны ұйымдастырудың және олардың қызметінің қағидаттары - прокуратур а органдарының көпқырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтыннегізгі, басшылыққа алу.
 

2 СОТ БИЛІГІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Қазақстан республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі, болашағы
 
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптасу тарихы - қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазаққ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше манызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандары айкындауда едәуір құқықтарға ие болды.
Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен тіпті, жоғары шонжарлар -сұлтандар мен хандар да санасты. Билердің көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған.
Өзінің көнелілігі мен ескілігіне қарамастан, қазақ халқының дағдылы құқығы феодал тап өкілдерінің де, билердің де құқықтарын жақсы қорғаған. Биді сөзбен жәбірлеу, сотталқылауы кезінде билерге қарсы сөз айту, оларға зақым келтіру және т.б. адат бойынша қатаң жазаланды. Дағдылы құқық сондай-ақ билердің мүліктік, жеке және отбасы мүдделерін де қызғанышпен қорғады.
Билердің қоғамдық  жағдайының тағы бір ерекшелігін де еске сала кеткен жөн. Олар сұлтандар сияқты қазақ руларынан шет болған жоқ. Олар қауым қорынан шықты, олардың мүшелері болып, сұлтандарға қарағанда халыққа жақын тұрды. Әрбір ру тайпасында ұжымның ішкі және сыртқы істерінен хабардар бір не бірнеше билер болды.
Үстем идеология барлық ру мүшелері мүдделерінің біртұтастығын, билер мен қатардағы көшпенділер арасындағы айырмашылықты көрсетті. Билер туралы елес халық қолдаушысы-судья ретінде әлі толығымен жоғалған жоқ. Мұның барлығы билердің қоғамда аса берік орын алғандығына саяды. Кейбір зерттеушілер әлденені сөз қылып жатады. Олар үшін билер - жай ғана ірі феодал. Осылайша билердің ерекшелігін белгілі бір феодал тобы деп қана баға береді де, орындалуы өз кезегінде осы топ өкілдерінің баю көзі болып табылатыноның қоғамдық қызметтері деп көзге ілмей, шек келтіреді.
Дауларды қазақ  құкығының атақты білгірлерінің арасынан мүдделі тараптар таңдап алған билер шешті. Қазақ халқының тарихында әділдігімен, тапқырлығымен атағы жайылған көптеген билердің есімдері белгілі. Төле би Әлібекұлы, Қазыбек би Келді-бекұлы, Әйтеке би Байбекұлы - міне осылар үздік билер болды. Олардың жігерлерімен, білімдерімен және данағөйлігімен "Жеті жарғы" дағдылы құқық нормаларының жинағы жасалды. Бұл қазақ қоғамы мен жалпы қазақ мемлекеттілігінің құрылысын сала бастаған кірпішке айналды.
Кеңес билігі құрыла бастағаннан сол құрылыстың көшбасшысы болған жаңа сот органдары құрыла бастады.
Қазақстанда, оның ішінде онтүстік облыстарда дағдылы құқықтарға негізделген би соттарымен қоса, XIX ғасырдың ортасынан бастап Құран нормаларын басшылыққа алатын қазылардың соттары өмір сүрді. Бұл Қазақстанды мекен еткен халықтардың ислам дінін қабылдауымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға өтіп, жаңа құқықтық жүйе - мұсылмандық немесе шариғаттың бекітілуімен байланысты болды. Шариғат - бұл заң нор-маларының, адамгершілік қағидаттарының және өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығы. Құқықтың негізгі көздері Құран мен Сүрелер - Мұхаммед пайғамбардың іс-әрекеттері мен нақыл сөздері туралы әңгімелер - хадистерде баяндалған қасиетті әңгімелер. Бұл соттарда ауыр істерді талқылауды жүзеге асыратын молдалар судьялар болып табылды.
XX жүзжылдыктың басында көптеген облыстар мен уездерде көбінесе шешендер қазылар сотының сақталуын, ал қазылар соты жоқ жерлерде оларды құруды сөз еткен жиналыстар мен съездер болып жатты. Мәселен, қазақ буржуазиялық тобының Торғай облыстық съезі жұмыс істеп жүрген қазылар мен билер соты сақталады және халық соты ретінде бұрынғы негіздерде қызмет етеді деп шешім қабылдады; би-судьялардың төтенше съезін одан әрі шақыруды Уакытша үкіметтің уездік комиссары жүзеге асыруға тиіс болды.
1917 жылғы 19-22 сәуірлерде Орал облыстық съезі істерді Құран негізінде шешетін, яғни шариғат нормаларын басшылыққа алатын қазылар сотын құру туралы шешім қабылдады.
1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында алашордашылардың бүкілқырғыздық съезі "Алаш" партиясын құру туралы қаулы қабылдады. Осы съездің сот ісін жүргізу бойынша шешімінде былай делінді:
-  қазіргі халық соттары өздерінің жағдайларын сақтап қалады және бұрынғы негіздерде жұмыс істейді;
-  қазақтардың діни мәселелерін орынборлық дін мекемесі шешеді. Дін мекемесінің жанынан қазақ бөлімі ашылып, қазақтардың істерін татар судьялар мен мүфтилер бірігіп шешеді.
Әр облыстан бір-бірден дін судьясы таңдап алынады.
Осы съезде бес судья -қазыларға жоғары ақшалай жалақы белгіленді.
"Алаш" партиясының 1917 жылдың 20-25 тамызында Ақтөбе қаласында өткен екінші Торғай облыстық съезінің шешімімен былайша қаулы етілді: "Далада бұрынғы халық соты жұмыс істеуі тиіс ". Алашордашылардың осы ұстанымын сол кездің басқа да ойшылдары, сондай-ақ кеңес билігінің алғашқы жылдарында осы идеяны белсенді қорғаған әрі насихаттаған судьялар қолдады. Өз ұсыныстарының әділдігін дәлелдеу үшін мақала авторлары Германия мен Англияның сот тәжірибесіне сүйенді. Олардың пікірінше, Англияда сот ісін жүргізу әділ, өйткені оның ұзақ уакыт қолданылып келген заң ережелері халықтың салт-дәстүріне айналған сияқты. Ал дәстүрге айналғандар сот тәжірибесінде де тұрақты негізге ие болады.
Кенес кезеңінде Коммунистік партия мен үкімет Қазақстанның кеңестік сот органдарына адат пен шариғат нысандарын қолдануға тыйым салған жоқ. Үкімет бүл орайда нақты тарихи жағдайды көпшілік халықтың мәдениетінің деңгейі мен танымын, Қазақстан халықтарының тұрмыстық ерекшеліктерін ескерді.
Соттарда адат пен шариғаттын кейбір нормаларын қолдану Кеңес үкіметі осы құқық нормаларына қарсы күрес жүргізген жоқ дегенді білдірмейді. Ұлттық ерекшеліктерді ескеру Қазан төңкерісіне дейін үстемдік қүрған шариғат пен адат нормаларында бекітілген патриархтық-феодалдық қатынастарда қазақтардың тұрмыстық ерекшеліктерін қорғауға соттың бейімделгенін білдірмейді. Керісінше, еңбекшілердің мүдделерін қорғаған соттың рөлі олардың реакцияшыл элементтердің қолындағы қару болып табылған қалдықтармен белсенді күресте айқындалды. Сондықтан социалистік қоғамның тұрмыстық өмірінде негізгі бастауларымен сыйысқан жоқ.
Егер жүмысшы-шаруа үкіметінің заңдары мен декреттеріне қайшы келмеген жағдайларда ғана, кенес соттарының өз қызметінде шариғат пен адат нормаларын пайдалануына жол берілді.
Мәселен, 1920 жылдың 8 шілдесінде Торғай Кеңесінің съезі судьяның баяндамасы бойынша былайша қаулы етті:
"Егер дағдылы құқық әйел болсын, ер адам болсын оның жеке өміріне нүқсан келтірмейтін болған жағдайларда, және егер ол құқықтық қатынаста да еңбекшілердің көпшілігін шынайы босатуды қорғайтын Кеңес билігінің декреттеріне қайшы келмейтін болса, халық сотының дағдылы құқықты қолдануын құптайды, ал олай болмаған жағдайларда халық соты революциялық сана сезімді басшылыққа алуы керек".
Дағдылы құқық пен шариғат нормаларының көпшілігі революциядан кейін жалпы сотта қолдануға мүмкін болмады. "Мысал ретінде келтіре кетейік: біріншіден, қазақ дағдылы құқығының нормалары бойынша кісі өлтіру, зақым келтіру, бүзакылық, тоңау, ұрлық және т.б. сияқты қылмыстар жасағаны үшін кінәлі адам жәбір көрген немесе оның туыстарына күн (мүліктік қаппына келтіру) немесе айып (айыппұл) төлеуге тартылуы тиіс, бірақ бұл ереже кеңестік құрылыс жағдайында ешқандай тиімді болған жоқ. Екіншіден, отбасылық-неке қатынастарын реттейтін қазақтын дағдылы құқық нормалары айқын рулық тұрмыстың қалдықтары еді, отбасы қожайынының шексіз билігін және әйелдер мен балалардың құқықсыздығын бекітті. Ол еңбекшілердің мүддесіне, Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің саясатына қайшылық келтірді.
Шариғат пен адат нормаларын негізінде билер мен қазылар соты өз қызметінде қолданды. Бұл нормалар билер мен қазылардың ұсақ істерді қарау кезінде және, әдетте, қазақтардың арасындағы немесе қазақтар мен өзбектердің (қырғыздардың) арасындағы дауларды шешу кезінде қолданылды.
Кенестік халық соттары істерді қарау кезінде адат пен шариғаттың нормаларын жиі қолданған жоқ, оларды тек біреуді ренжіту немесе аса көп емес материалдық шығын келтірген жағдайларда ғана қолданды. Кеңес сотында дағдылы құқық нормаларын қолдану судьялар мен халық заседательдерінің револгоциялық санасы мен революциялық құқықты білуіне қарай болды. Неғұрлым күрделі істер (контрреволюциялық қылмыстар, алып-сатарлық, социалистік меншікті тонау туралы) дағдылы құқық пен шариғаттың нормаларын қолдануға рұксат берілетін халық соттарында емес, революциялық трибуналдарда талданды.
Билер мен қазы соттары революциялық комитеттер мен жергілікті кеңестердің бақылауында болғандығын атап өту қажет. Қазы не би сотының шешімімен келіспеген кез келген тараптар жергілікті халық сотына жүгіне алатын болды.
Қарастырылып отырған кезеңде көшпелі қазақ ауылында кеңестік соттармен қатар аралық соттар түрлері бойынша сот төрелігі функциясын жүзеге асыратын "ақсақалдар соты" жұмыс істеді. Ақсақалдар соты мағынасы жағынан билер мен қазылар сотынан ешбір айырмашылығы болған жоқ.
      Билер, қазылар және ақсақалдар соттары Кеңес үкіметінің қатаң тыйымдарына қарамастан Қазақстан аумағында 30 жылдарға дейін өмір сүрді. Билер, қазылар және ақсақалдар соттарының сот істерін қарау фактілеріне қарсы күрес мәселелері Қазақ АКСР ӘХК-де (Қазақ АКСР Әділет халық комиссариатында) бірнеше рет талқыланды. Нәтижесінде 1920 жылдың басында республиканың Әділет халық комиссариаты "Аралық соттарды тарату туралы" өкім шығарды, онда қазақ ауылындағы ақсақалдар соты туралы сөз болды. Партиялық, кеңестік органдардың пәрменді қадамдарына қарамастан қазылар, билер және ақсақалдар соты республиканың көптеген аймактарында өз істерін жалғастыра берді. Мәселен, Сырдария облысында мұндай соттардың 1922жылы-27-сі, 1923 жылы- 14-і, 1924жылы 2-еуі және 1925 жылы - 1-еуі тіркелген.
Біз статистикалық мәліметтер жергілікті жерлердегі істердің нақты жағдайларын көрсететін объективті болып табылмайтын сол тоталитарлық режимнің, кеңес кезеңінің мемлекеттік статистикасының ресми мәліметтерін келтірдік. Партиялық-кенестік органдар көбінесе қажет нәрсені ғана берді. Сондықтан қазылар, билер және ақсақалдар соттары Қазақстан аумағында, әсіресе, оның шалғай аудандарында көпке дейін қызметін жалғастырды. Қазақ АССР-нің 1924 жылғы 22 тамыздағы өкімінде ен далаларда аралық соттардың бір түрі - ақсақалдар соты жұмысын жалғастыруда деп көрсетілген. Олардың ерекшелігі - тек Кеңес билігінің қандай да бір регламентациясына ғана емес, дағдылы құқық нормаларынан да толық тәуелсіз болды. Қазақ АКСР-нің Әділет халық комиссары өкімнің қорытынды бөлігінде сот әділдігін заңсыз жүзеге асыратындарды РСФСР ҚК-нің 10-91 бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартуды көрсетті.
Қазақстан аумағында билер, қазылар сотының, сондай-ақ ақсақалдар соттының тоқтатылғанына қарамастан, олар Кеңестік Қазақстанның халықтық, облыстық және Жоғарғы соттарын қалыптастыру мен дамытуда маңызды роль атқарды. Билер, казылар және ақсақалдар соттарының қызметі туралы мұрағаттықжәдігерлер Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің дамуының қазіргі кезеңінде де маңызды ролге ие. Қоғамымызда сот-құқықтык реформалаудың жүргізілуіне байланысты осы соттарды құру және даму тәжірибесі айрықша маңызды. Осы соттарды ұйымдастыру мен оның қызметінің көптеген ережелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырыстарында бірнеше рет жобасы талқыланған "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын жасау кезінде зерделеніп, барынша қолданылды. Осы заң жобасын әзірлеу кезінде судьялар ғана емес, Президент Әкімшілігінің, Бас Прокуратураның, Әділет министрлігінің жауапты қызметкерлері, ғалымдар және  заңгерлер қауым қатысты.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында билер сотын құрудың перспектиеалары. Статистика мәліметтері көрсеткендей, соттардьың қараған және шағым берілмеген істерінің негізгі саны - бұл азаматтық-құқықтық және әкімшілік сипаттағы ұсақ даулар санаты. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: осын-дай санаттағы істерді билер сотының (бітімгерлік судьяларға) қарауына беруге бола ма?
Билер сотын құру қажеттігі, біздің пайымдауымызша, мынадай мән-жайларға:
- халықтың және өзін-өзі басқару институтының   құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды дайындауға, сот төрелігін атқару бойынша қызметке азаматтарды тартуға;
- қазақ сот төрелігінің ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеруге, қылмыстық-түзету сипатындағы (күн, айып, көпшілік алдында кешірім сұрау, көпшілік соты) шараларды қолданбастан туындаған дауларды шешу мүмкіндігіне;
- жекелеген этникалық топтардың туыстық байланыстармен тұру жиынтығына, ортақ менталитетті білдіретін, оның ішінде кінәлілерді жазалау мәселелерінде діни және дәстүрлік байланыстардың ортақтығына;
- заңды бұзушыға   моральдық-этикалық және адамгершілік императивті ықпал етуді бір мезгілде күшейте отырып, азаматтардың арасындағы қатынастарға мемлекеттің құқықтық әсер ету саласын азайтуға;
- билер соты шешімінін орындалуын мәжбүрлеп орындату арқылы емес, ұжымдық әсер ету және талқылау арқылы қамтамасыз етуге байланысты.
Жазылғандарға байланысты би болуға үміткерлерге қандай талаптар қойылады деген сұрақтар туындайды?
Би болуға үміткерлерге қойылатын жалпы талаптар мынадай  болуы мүмкін:
- оны құрметтейтінін растап, сот учаскесіндегі халықтың сайлауы және таңдауы;
- сайлау мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін:
- биге үміткердің жасы кемінде 30 жас;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- заңгерлік білімінің болуы (жекелеген жағдайларда жұмыс тәжірибесінің және осы талаптан бас тартудың мүмкіндігі ретінде сайлаушылар дауысының пайызы жоғары болуы).
Би институтын енгізу дауларды неғұрлым тиімді әрі жедел шешуге мүмкіндік бередІі, азаматтардың өзін-өзі басқаруы мен олардың құқықтық танымын арттыруға ықпал етеді, аудандық соттарды ұсақ істерден босатады және аса күрделі санаттағы дауларды арауға мүмкіндік береді, қолданыстағы сот жүйесі шеңберінде дәстүрлі сот төрелігінің дамуына мүмкіндік береді.
Осы институтты қабылдауға таяу шетелдердің, атап айтқанда ақсақалдар (билер) соты жұмыс істейтінҚырғыз Республикасының тәжірибесін ескеріп, жақындау керек.
 

2.2 Сот төрелігі ұғымы, қағидаттары. ҚР судьяларының  құқықтық мәртебесі
 
Сот төрелігінің қағидаттары - мемлекеттік қызметтің осы түрінің елеулі жақтарын айқындайтын жалпы, басшылыққа алынатын, негізгі ережелер. Бұл ережелер сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық мәселелерін шешу, қоғамның мемлекеттік тетігі мен саяси жүйесінде оның рөлі мен орнын айқындауда негізгі болып табылады.
"Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет кұру тек сот қана емес, сонымен бірге мемлекеттік биліктің басқа да қүқық қорғау институттары кіретін барлық әділет жүйесін түбегейлі реформалауды талап ететінін даусыз"41.
Қағидаттардың жиынтығынан соттардың қызметін реттейтін барлық құқықтық алғышарттардың негізі құралады. Бұл алғышарттар қағидаттарға қайшы келе алмайды, соңғысы жоғары заңгерлік күші бар заңдар мен нормативтік құқықтық актілерд- ҚР Конституциясында, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде, конвенцияларда және басқа да халыкаралық-құқықтық актілерде бекітілген.
Нақты заңнамалық алғышарттардан айырмашылығы қағидаттар онда қамтылатын ережелер заңдылықтың сақталуын қорғауда азаматтар, лауазымды адамдар мен органдар үшін ғана міндетті болып табылмайды, сонымен бірге заң органдары заңдарды жасай және оны түзете отырып, сол немесе өзге саладағы, атап айтқанда соттарды ұйымдастыру және оның қызметі саласындағы қолданылатын қағидаттармен немесе дәстүрлермен санасуы тиіс.
Қағидаттардың елеулі ерекшелігі олардың тұрақтылығына қатысты болып табылады. Олар нақты құқықтық алғышарттардан, соның ішінде заңдарда белгіленгеннен гөрі аз шамада конъюнктурлық, мерзімді ағымға ұшырайды. Ол кағидаттардың халықаралық-құқықтық актілерде және мемлекеттің Негізгі заңдарында қалыптасатындығымен түсіндіріледі. Ал осы санаттағы актілерді соттардың қызметін реттеитін, соның ішінде конституциялық заңдарға қарағанда өзгерту, толыктыру немесе басқаша түзету күрделірек. Сот төрелігінің кағидаттары деп аталатын құқықтық ережелердің тұрақтылығы -құқық қорғау қызметінің осы бағыттарын тұрақты ететін негізгі фактор, белгілі шамада оны кездейсоқ және терең ойластырымаған іс-әрекеттерден қорғайды.
Сот төрелігі қағидаттарының мағынасы:
- сот төрелігінің негізгі қырларын айқындайды, сондықтан барлық басқа да сот төрелігі туралы нормалар оларға сай келуге тиіс;
- оны жүзеге асыруға қатысатын органдар мен адамдар үшін ғана емес, сондай-ақ сот төрелігі саласында нормативтік құқықтық актілерді қалы пастыруда  және шығаруда заң шығарушылар үшін де міндетті;
- нақты нормаларға қарағанда тұрақты және өзгерістерге анағұрлым жиі ұшырайды, сондықтан олар сот төрелігі саласындағы тұрақтылық пен сабақтастықты айқындайды;
- нақты құқықтық актінің мақсаттары мен нағыз бағыттары туралы ақпаратты қамтитындықтан, сот төрелігі туралы басқа да нормаларды дұрыс түсіндіру үшін зор маңызға ие.
Сот төрелігі Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда және басқа да нормативтік құқықтықактілерде бекітілген неғізгі ережелерді, идеяларды басшылыққа алатын, мәні айкындалатын және сот төрелігі мен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мазмұнын білдіретін қағидаттарға негізделеді.
Негізгі кағидаттар ҚР конституциясында бекітілген, сондықтан да қылмыстық, азаматтық және өзгі де істер бойынша сот төрелігін атқару саласындағы мәселелерді реттейтін салалық заңнаманы қабылдау кезінде негізгі бола отырып, олардың жоғары заңдық күші бар, сондай-ақ соттардың (судьялардың) ғана емес, сонымен бірге барлық азаматтардың, лауазымды және заңды тұлғалардың сақтауы әрі орындауы үшін де міндетті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында заңды колданған кезде судья басшылыққа алуға тиіс сот төрелігінің қағидаттары белгіленген (77-бап).
1. адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот укімімен танылғанша ол жасаләан қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Бұл қылмыстық жауапкерш ілікке тартылған адам сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінқылмыскер болып саналмайтынын білдіреді. Бұл - демократиялық мемлекеттердің қылмыстық заңнамасында танылған кінәсіздік презумпциясы.
Кінәсіздік презумпциясы оның мазмұнын, ережелерін айқындайтын мыналармен сипатталады: 1) азаматты қылмыс жасауда кінәлі деп тану үшін оның кінәсін сөзсіз толық дәлелдеу қажет; 2) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, айыпты дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктеледі; 3) кінәсі тек заңнамада белгіленген тәртіппен дәлелденуге тиіс; 4) егер оны жоюдың барлық мүмкіндіктері аяқталса, адамның кінәлілігіне кез келген күдік айыпталуышының (сотталушының) пайдасына қарастырылады; 5) адам қылмыс жасауға оның өзі мойындауының негізінде ғана соттала алмайды; 6) адамды қылмыс жасады деп тек сот ерекше процессуалды актімен - үкіммен таниды; 7) айыптау үкімі болжамдармен шығарылмайды және шынайы дәлелдемелердің жектілікті жиналуына негізделуге тиіс; 8) адам үкім заңды күшіне енгеннен кейін кінәлі деп танылады. Конституцияда мұндай қағидат, әдетте, бекітілмейді.
1. 1999жылғы және1995 жылғы Қазақста Республикасының Конституцияларында осы қағидаттарға нұскау кеңес билігі тұсында кінәсіздік презумпциясы қылмыстық заңда танылса да, іс жүзінде іске асырылған жоқ, сөйтіп адамдардың өмірі қайғыға дұшар болуымен түсінідіріледі.
2. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осы қағидат барлық құқыққа қарсы әрекеттерге қолданылады.
Егер адам қылмыс жасаса, сот тек бір жаза тағайындай алады. Сондай-ақ бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін тек бір әкімшілік   жаза қолданыла алады. Бұл қағидаттың "тарихи түбірі" бар. Нағыз және жорамал қылмыстары үшін адамдар өткен кезеңдерде   бірнеше мәрте жазаланып,   өмірінің соңына дейін қуғынға ұшырап отырды.
3. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Бұл қағидат қолданыстағы қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына өзгерістер енгізеді. Қазақ КСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде екінші сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот үкімді екі рет өзгерткен істі өзіне қарауға ала алмайтын ережелер болды. Конституция  осы ережеге сотталушының пайдасына елеулі түзету енгізеді. Соттылықты өзгерту сотқа тартылған адамның тілегіне байланысты.
4. Сотта әркім өз сөзінің тыңдалуына құқылы. Бұл демократиялық сот төрелігінің жалпы танылған қағидаты. Сот - жазалаушы орган емес, кінәсін анықтап, мәселені әділ шешуге арналған  орган. Ал бұл, егер сот процесіне әрбір қатысушының   толық көлемде айтуға мүкіндігі болса, мүмкін болады. Бұл сот процесіне
қатысушының конституциялық құқығы.
5. Конституция белгілі бір жағдайларда заңдардың кері күші болмайтынын белгілейді.
а) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін; б) азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін; в) азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарды кері күші болмайды. Бұл қағидат қиынды шегіне дейін жеткізіледі. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдестілсе, жаңа заң қолданылады.
6. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
Бүл қағидат кінәсіздік презумпциясынан туындайды. Егер адам заңдык жауапкершілікке тартылса, оның кінәсі болуын тиісті орган дәлелдеуге тиіс. Бірак бүл адамнын өз өміріне селсок карауын білдірмейді. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, бірақ барлык заңды тәсілдермен дәлелдеуге қүкығы бар.
7. Адамның өзіне өзі қарсы айғақ бермеуге байланысты қағидат өте ізгі болып табылады. Орта ғасырларда, тіпті кеңес уакытында сотталушының өзіне қарсы айғағы дәлелдемелердің төресі болады. Сондықтан   мұндай айғақтарды кез келген, тіпті қатал тәсілдермен алынды. Енді адам өз кінәсін ерікті түрдемойындай алады, бірақ өзіне қарсы айғақ беруге міндетті емес. Осы қағидаттың кепілі жазалау үшін бір рет мойындаудың   жеткіліксіздігі туралы конституциялық ереже болып табылады. Жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес туралы конституциялық ереізгі болып табылады. Ата-анасына, ерлі-зайыптыларға және басқа да туысқандарына қарсы айғақ беру көтермеленген уақыттар да есте бар, мұндай әрекеттер тіпті батырлық деп есептелді. Конституция дін  қызметшілерінің өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті еместігін де көздейді.
8. Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушңыңныц пайдасына қарастырылатын сот төрілігіні маңызды қағидаты болып табыл. Бұл қағидат айыпталушының кінәсін дәлелдеуге жеткілікті дәлелдері болмастан, оның үстіне күдіктіні сотқа беруге ұмтылатын және соттауға тырысатын тергеу акциясына қарсы бағытталған. Сот адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік оның пайдасына қарастырғанға дейін әлі де уақыт кажет етеді.
9. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмауы конституциялық қағидат болып табылады. Дәлелдерді алудың басты заңсыз тәсілдері Конституцияда көрсетілген. 17-бапта
"адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны жазылған. Адамның қадір-қасиетін қорлау арқылы алынған дәлелдемелер заңсыз болып табыл. Ешкім де азаптауға, зорлық-зомбылықка,басқа қатал азаптауларға ұшырауға тиіс емес.   Егер оларды жинау және бекіту кезінде Конституцияда кепілдік берілген адамның және азаматтың  құқықтары, сондай-ақ іс жүргізу заннамаларында белгіленген оларды жинау, бекіту тәртібі бұзылса,егер мұндай іс-әрекеттер тиісінше жасалмаса, дәлелдемелер заңды бұзылып алынған деп танылуға тиіс.
10. Конституция қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдануға жол бермейді. Бұл, егер заңда адам жасаған әрекет қылмыс деп саналмаса, онда осы әрекетке сыртқы жағынан ұқсас әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көздеуді қолдануға болмайтындығымен түсіндіріледі. Егер қыскаша айтсақ, егер ол заңда көзделмесе, кылмыс жоқ.
Сот  кызметінің   қағидаттар    жүйесі. Заңдылық - мемлекеттік және отандық тұрмыс-тіршіліктің, барлық салаларында қоланылатын барлық құқық салаларының жетекші қағидаты. Жалпы әмбебап құқық қағидаты бола отырып, заңдылық азаматтардың,лауазымды және заңды тұлғалардың ҚР Конституциясы мен оның тиісті заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қатаң және бұлжытпай орындауды әрі сақтауды білдіреді. Сот төрелігі саласында бұл қағидат мынаны білдіреді:
- сот төрелігін Конституцияда және заңда көзделген тәртіппен құрылған және өкілеттік берілген соттар ғана жүзеге асырады;
- сот төрелігін атқару кезінде судьялар тәуелсіз және тек конституция мен заңға бағынады;
- сот төрелігін атқару кезінде судьялар азаматтардын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға тиіс;
- соттар ҚР Конституциясық заңдарды, өзге де нормативтік   құқықтық актілерді, республиканың халықаралық шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар сот істері бойынша іс жургізу тәртібі туралы процессуалдық заңнаманың талаптарын қатаң орындауға тиіс.
ҚР Конституциясының 4-бабының 2-тармағында "конституцияның ең жоғары заңдыкқ күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады" деген ереже бекітілген. Осыған байланысты соттың басты міндеттірінін бірі тек Конституцияны сақтау ғана емес, сонымен бірге оның тікелей қолданылуынқамтамасыз ету болып табылады. Бұл заң немесе заңға тәуелді акт Конституцияға сәйкес келмеген немесе онда конституцияда қамтылған нормалар болмаған жағдайда, сот тікелей қолданылатын акт ретінде Конституциянықолданыуы тиіс екендігін білдіреді, өйткені конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік актілердің адына үстемдікке ие.
Сот төрелігі саласында заңдылық қағидаты заңда белгіленген кепілдік жүйесімен қамтамасыз етіледі, мысалы, соттың сот қаулыларына олардың заңсыздығы мен негіздігі себептері бойынша; сот қадағалауларына шағым беру; материалдық және іс жүргізу заңдарының нормалары бұзылған жағдайларда сот шешімдерін міндетті өзгерту құқығы.
- Сот істерін қарау кезінде заң немесе өзге нормативтік құқықтық акт ҚР Конституциясында бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасау фактілері анықталған жағдайда, сот Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану және осыған байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұсыныммен жүгінуге құқылы.
Соттың сот төрелігін атқаруы
Сот төрелігі - бұл сот отырыстарында заңда белгіленген тәртіппен азаматтық, қылмыстық және өзге істерді заңдылық пен құқық тәртібін жан-жақты нығайту мақсатында қарау және шешу арқылы жүзеге асырылатын соттардың қызметі. Бұл қағидат мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу, оның бірі сот билігі болып табылатыны туралы конституциялық ережеден бастау алады44.
ҚР Конституциясының 75-бабында және сот жүйесі туралы Конституциялык заңның 1-бабында Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратыны көзделеді. Оларда соттардың толық тізбеде көзделген: ҚР Жоғарғы соты және жергілікті соттар.
Сот төрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып, сот отырыстарында судьялардың (соттардың) қылмыстық, азаматтық және өзге заңда белгіленген тәртіппен кылмыстық, азаматтық және өзге істерді сот ісін жүргізу нысанында қарауын және шешуін білдіреді.
Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыру қағидатының саяси-құқыктық зор маңызы бар. Ешқандай басқа органдар мен лауазымды адамдардың соттын құзырына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарауға, шешуге немесе бақылауға алуға құқығы жоқ. Осыған сәйкес заңнамада қандай да бір атаулармен арнайы және төтенше соттар кұруға жол берілмейтіндігі көзделген.
Тек сот кана сот отырысында адамды қылмыс жасауға кінәлі немесе кінәлі емес деп тануға және осыған байланысты тиісті айыптау немесе ақтау үкімін шығаруға, қаралған талап бойынша шешім қабылдауға құқылы. Тек соттың сот істері бойынша жаза және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге шарасын тағайындауға айрыкша құқығы бар.
Соттың сот қаулыларын тек жоғары түрған сот аппеляциялық тәртіппен, сондай-ақ сот қадағалауы тәртібімен күшін жоя немесе өзгерте алады.
Заңды күшіне енген сот қаулылары Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке, лауазымды және заңды тұлғалардың міндетті орындауына жатады. Азаматтар, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары заңды күшіне енген сот қаулыларын орындамаған жағдайда бұл адамдар әкімшілікжауапкершілікке тартылады. Заңды күшіне енген сот қаулыларын қасақана орындамаған жағдайда, сондай-ақ оның орындалуына кедергі келтірген кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке жатады (ҚР ҚК-нін 392-бабы).
 Судьяларды сайлау және тағайындау Қазакстан Республикасы соттарының судьялық корпусы екітәсілмен - резервке қойылған үміткерлерді сайлау және тағайындау арқылы жасақталады.
Республика Жоғарғы Сотының төрағасын, Жоғарғы соттың сот алақаларының төарағалары мен судьяларын республика Президентінің ұсынуы бойынша Сенат 5 жыл мерзімге сайлайды. 0блыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьяларын республика Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті кызметке тағайындайды.
Республика аудандық соттарының төрағаларын Әділет біліктілік алқасының ұсынымы негізінде Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасыньщ Президенті 5 жыл мерзімге сайлайды.
Судья лауазымына тағайындалған және сайланған адамдарға заңмен сондай-ақ сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 28-бабында белгіленген белгілі бір талаптар қойылады.
Аудандық соттың судьясы болып жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған Қазақстан Республи-касының азаматы тағайындалуы мүмкін.
Көрсетілген талаптармен қатар, заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, соның ішінде, әдетте, кемінде екі жыл судья болған азамат жоғары тұрған соттың судьясы бола алады. Көрсетілген талаптарға сай келетін адам резервке тұрады, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі.
Осылайша, заңда азаматтықпен қатар, жас, білім, кәсіпқойлық және моральдық шек қойылады. Бұл қисынды да, өйткені заң шығарушы сот қызметі өзгешелігінің мазмұнына сүйене отырып, судьядан жеткілікті теориялық білім мен адамгершілік тазалықпен қатар, жылдар бойы жинақталатын практикалық тәжірибенің болуын да талап етеді. Мұның барлығы, сөзсіз, судьяға материалдық және процессуалдық заннаманың нормаларын дұрыс қолданумен бірге, істі қарау кезінде кездесетін күрделі жағдайларды тексере білуге, негізді әрі заңды болумен қатар, әділ болуға тиіс байыпты және жауапты шешім қабылдай білуге мүмкіндік береді.
Судья ҚР Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауға, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл судьяның конституцияда бекітілген адамнын, және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқтығын білдіреді. Заң немесе заңға тәуелді актілер конституцияға сәйкес келмеген немесе онда конституцияда қамтылған нормалар болмаған жағдайда, сот атап өткендей, ҚР Конституциясын тікелей қолданылатын акт ретінде қолдануға тиіс.
"Судья лауазымы қателесуге жол бермейді, өйткені біздің жұмысымыздағы әрбір қате - нақты адамның тағдыры, мемлекеттің мүддесі. Біз - Жоғарғы сот - жоғарғы саты, біздің қателеріміз түзелмейді, ешкім шағым бере алмайды".
Өз міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынастарда судья сот төрелігінің беделіне, судьяның абыройына нұқсан келтіретіндерден немесе оның объективті әділдігіне күмән келтіретіндерден аулақ болуға тиіс. Оған мемлекет берген билік өкілеттіктерінің кешенділігі оның құқықтық қана емес, жоғары моральдық жауапкершілікпен ұштасады. Судьяның қызметін реттейтін нормаларды құқықтық ережелер ретінде де, оның қызметінің этикалық негізін құрайтын жалпы адамгершілік жарғылардың нақты жеке көрінісі ретінде сипаттауға болады. Судьялардың өз міндеттерін кез келген орындамауы немесе тиісінше орындамауы соңында адамгершілік талаптардың бұзылуына әкеледі.
Сот істері мен материалдарды қарау кезінде білім деңгейіне ғана емес, судьяның құқықтық мәдениетінің, құқықтық танымының және адамдық деңгейінен дұрыс шешілуіне байланысты жағдайлар жиі туындайды. Бұл, өз кезегінде, әрбір шешімде оның жоғары, екі есе жауапкершілігін, іс-әрекетін күшейтеді және қабылданатын шешімдердін адамгершілік негіздерінің қажеттілігі олардың заңдармен жол берілу ұғымынан ғана емес, олардың моральдық-этикалық шарттарға сәйкестігінен туындайды. Сондықтан да судьяның құқықтық мәртебесін, сот төрелігі міндеттерін орындауда оның белсенді ролін ескере отырып, заңда оған кәсіптін басқа түрлеріне тән емес қосымша міндеттер жүктейді. Айталық, судья өз міндеттерін орындау кезінде де, қызметтен тыс қарым-қатынастарда: өз отбасына, қоғамдық және өзге байланыстарға судья ретінде оның қызметіне әсер етуге; осы қызметте болу кезінде өзі алған құпия акпараттарды өз мақсаттарында ашпауға және пайдалануға; кәсіптік және өзге қатынастарда құрмет, шыдамдылық және тәрбиелілік және т.б. көрсетуге міндетті (Судья этикасы кодексінің 1, 2, 4-баптары).Судья өкілетті немесе атқарушы органдардың басшыларына жағыну, осы соттың немесе жоғары тұрган сот төрағасының көзіне түсу үшін тырысу ретінде бағаланатын мінез-құлықтардан аулақболуға тиіс. Судьяның қоғамдық орындарда масаң күйде, салақ немесе көзге түсетін киімдермен көрінуіне, күмәнді беделі бар (сауықхана, сауық үйлері) орындарда болуына, өкілеттік, атқарушы және басқа да органдардың басшы қызметкерлерімен өзінің жеке байланыстарын жарнамалауға және т.б. жол берілмейді.
Судья оның қызметіне заңсыз араласуға кез келген әрекеттерге қарсы тұруға, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың соттың қарауындағы істі бакылауға алу әрекетінің жолын кесуге тиіс. "Соттарға - дейді ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы қаулысында - сол немесе өзге істі шешуге байланысты ұсыным жазылған мемлекеттік органдардың жазбаша немесе ауызша өтініштерін караусыз калдыру, кажетті жағдайларда, сонымен қатар, осы адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені коютиісті"47. Мәселен, ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-тармағында белғіленген: "Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақса-тында соттың қызметіне қандай да болмасын нысанда араласу -екі жүз айлық есептік көрсеткіштен үш жүз айлық есептік көрсет-кішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейінгі мер-зімге камауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады". Адам өзінің қызмет бабын пайдалана оты-рып жасаған әрекеттер "бес жүз айлык есептік көрсеткіштен жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе соттал-ған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысыныннемесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не үш жы-лға дейінгі мерзімге белгілІ бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан айыра отырып, немесе онсыз осындай мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалана-ды" (3-тармак). Сонымен катар, заң шығарушы ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша ("судьяға, сол сияқты олардың туыстарына істің немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты өмірінеқол сұғу"), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 341-бабы бойынша ("істің немесе материалдардың сотта каралуына байланысты судьяға, сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Саяси жүйе теориясының авторы
Ішкі істер органдарының міндеттері
Құқық норманың негізгі сипаты
Демократиялық саяси режим белгілері
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi туралы
Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері
Пәндер