Ойлау туралы жалпы ұғымдар



1. Ойлау. Ойлау туралы жалпы ұғым.
2. Ой тәсілдері.
3. Ойлау формалары. Ұғым.ойлаудың бастапқы формасы.
Ақыл . ой әрекетін басқару
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты.Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелеріарқылы алынған мәліметтерді өңдейді.Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашандасөз арқылы білдіріледі.Біреу екінші біреуге пікірін білдіргендеөзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Ойлау. Ойлау туралы жалпы ұғым.
Ой тәсілдері.
Ойлау формалары. Ұғым-ойлаудың бастапқы формасы.
Ақыл – ой әрекетін басқару

Ойлау. Ойлау туралы жалпы ұғым.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты.Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелеріарқылы алынған мәліметтерді өңдейді.Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашандасөз арқылы білдіріледі.Біреу екінші біреуге пікірін білдіргендеөзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудік кең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, Ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниенібірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңберікеңейетін болады.
Сөз бен ойлаудың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл ойын молайта түскен . Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған . Мәселен, халқымыздың Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде деген мақал адамның басындағыойы тілінен көрінетіндігін , ал тілдің өзіадам психалогиясын байқататын тамаша құрал екендігінжақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс- әрекетімен шарттас болуменқатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың ( Л. Леви-Брюль т.б.) айтатындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынандәйексізболып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуы мен бірге өзгеріп отырады.Қоғам ілгері дамып, оның ғалымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардын шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса,қазіргі ғалым атомядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид (1901-1975) Тынық мұхит аралының бірінде,өзгедүние мен ешқандайқарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тпайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендерде қуыршақ не екендігін білиейді екен . Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағысабақтастық (1964)сутегінде айтылған.
Ойлау адамныңсыртқы дүние мен қарым-қатынас жасау процесіндетанып отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін-объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын- оның қажеттері.
Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процес.Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушыкүштері болып табылады.Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, Сырдария Арал теңізіне құяды деген сөйлемде ой туғызуға негіз болғандықтай түткі жоқ. Мұнда біреуден естіген, не көп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал затты не құбылыстытұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнеріненой процесінің небір көріністерін байқауға болады.
Ойлау аса күрделі психалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғалым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойы зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашцлықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болуы, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінен, заңдылықтарын қарастыра, логика-бүкіл адам затқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуібірін-бірітолықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүиесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік- синтездік қызыметінің нәтижесі,мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүике байланыстары жетекші роль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызыметінің өз алдына дебес заңдары бар дуге болмайды. Сигнал жүйесінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйеіндегі реакциялар нақты құылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.

Ой тәсілдері.
Ойлау әрқашан анализ және синтезпроцестерінен басталады. Ойлау – түйсік пен қабылдаудағы аналйз бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Сйнтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез – бірімен – бірі тығыз байланысты, бірінсіз – бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі бірінен – бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл – анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктердібелгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдаларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т.б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейіннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жермен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсету мен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құбылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының, күрделітүрі – абстракция мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы олның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөздерді төрт бұрыш деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады.
Абстракцияға қарама – қарсы процестінақтылау деп атайды. Нақтылау – абстракциялық ұғымдысоған сәйкес келетін жеке ұғымдар ментүсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекті етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.Жеке мысал, көрнекті құрал – нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттеріноймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен алма, өрік, мейіз т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп , жеміс деген жалпы ұғымды береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцп бойынша орналастырудыжүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеуді жоғарғы түрі- классификация. Мәселен, жануарлар – типке, типтен – класқа, кластан – отрядқа, отрядтан – отбасыға, отбасыдан – текке, тектен – түрге т.б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады.

Ойлау формалары. Ұғым-ойлаудың бастапқы формасы.
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойлаудың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз-нәрселер тобының бәріне ортақ жалпы мәнді белгілерін бейнелендіретін ой.1 Мысалы, сан есім деген ұғымда оның мынадай белгілері бейнеленген:
1) есім сөз; 2) заттың санын, саналу ретін білдіреді; 3) қанша? неше?деген сұрақтарға жауап береді.Осы айтылған үш белгі сан есімдерге ортақ және мәнді белгі болып табылады.
Тағы бір мысал келтірейік. Еркін сөз тіркестері деген ұғымда мынадай жалпы ортақ мәнді белгілер бейнеленген: 1) сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады; 2) ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады; 3) тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық және пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Ұғым тілдік материалдар мен сөздердің негізінде туып,өмір сүреді. Сөз ұғымның тілдік қабағы. Мысалы,жалпы ауыл туралы ұғым ауыл деген сөзбен беріледі. Ал біздің ойлағанымыз жалпы ауыл болмай, біздің тұратын аулымыз туралы болғанда, онда ой біздің ауыл немесе біз тұратын ауылдеген сөз тіркесімен айтылады. Бір ұғымды білдіретін сөз немесе сөздер тобы есім деп аталады.
Жоғарыда келтірген мысалда ойлау арқауы болып тұратын ауыл. Ой нәрсесін көрсетіп тұрған ауыл деген сөзден басқа, онда біздің, біз тұрған деген сөздер де бар. Бұл сөздер заттың белгілерін көрсетеді. Бірақ біздің келтірген мысалымызда ауыл деген сөзге предикат болатындай сөз жоқ.Сондықтан бұл сөйлем емес, олар бір ұғымды білдіретін сөздер тіркесі болып табылады.
Айтылуы бірдей сөздердің түрлі ұғымдарды білдіретін кездері де болады. Мысалы: ара–бал жинайтын жәндік мағынасында қолданылады,ара– ағаш кесуге арналған құрал.Осындай омоним сөздер контексте дұрыс қолданылмаса ұғымдардың беретін мағынасы ауысып,пікір қателігіне жол береді.
Әрбір ұғымның мазмұны мен көлемі болады.Ұғымның мазмұны дегеніміз-нәрселер класының,тобының мәнді белгілерінің жиынтығы туралы білім.
Мысалы, Сөйлемнің бірыңғай мүшелері деген ұғымға мынандай мәнді белгілер кіреді. Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей,салаласа байланысып,барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұру.Олай болса,ұғымның мазмұны дегеніміз – сол ұғым қамтитын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі ғылым мен техниканың, өндіріс технологиясын қарқынды дамуы
Математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың ойлауын дамыту ерекшеліктері
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Ой сыртқы дүниенің ең жоғарғы формасы
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (Түйсік пен қабылдау, ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
Сана мен таным
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын эксперименттік зерттеу
Философия анықтамасы
Пәндер