Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама



1 "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"
2 Састөбе құрылтайы
3 Төле би мен Абылай
XVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық, саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718—1729 жылдары) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады. Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтереді (1718—1748 жылдары). Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1 "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"

2 Састөбе құрылтайы

3 Төле би мен Абылай

1."Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"
XVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық, саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718—1729 жылдары) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады. Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтереді (1718—1748 жылдары). Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді.
XVIII ғасырда казақ-жоңғар қатынасының асқынып кетуіне байланысты да сол жер мәселесі тұрды. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржола ойраттарға қалдырып, сонымен бірге Түркістан арқылы өтетін сауда жолын да иемденуден үміттенді. Жоңғар хандығы бұл кезде біршама экономикалық және саяси өрлеу кезеңінде тұрды: егіншілік бұрын болмаған көлемге жетті, көрші елдермен сауда қатынасы өсті, қонтайшы Тибетті, Шығыс Түркістан мен қырғыздардың біраз бөлігін өзіне қаратты. Темір өндіру технологиясын игерген ойраттарға орыс шебері Зеленовский мен швед офицері Ренат мылтық және зеңбірек құю ісін, оқ-дәрі жасауды жолға қойып берді.
1723 жылы жоңғар қалмақтарының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі Қаратауға жетіп, Түркістан мен Ташкенттен бір-ақ шығады. "Жұт — жеті ағайынды" дейді халық. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап, Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхараға жетіп паналайды. Демограф М.Тәтімовтің болжамы бойынша, осы қасіретті кезеңде қазақ елі миллионнан астам адамынан айырылған. Осы оқиғаның ізін ала қазақ жұртына келген орыс елшісі А.И.Тевкелев елдің жағдайын білдіре келіп: "Қазақтар ойрандалды, тоз-тоз болды, жұрдай болып жұтады", — деп жазды. Оқиға қазақ елінің тарихына "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деген атпен енді.
1730 жылы Ұлы жүз Саңырақ, Орта жүз Бөгенбай, Кіші жүз Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолдары Бұланты өзенінің бойында ойрат әскерін талқан етіп жеңеді. Кейін бұл шайқас өткен жерді халық "Қалмаққырылған" атап кетеді. Келесі ірі жеңіске қазақ қолдары 1730 жылы Балқаш көлінің батыс жағындағы "Аңырақай" деген жерде жетеді. Шамамен осы мезгілде Қойгелді батыр, Тоқсанбай, Мәлік және Кеген билер бастаған халық көтеріліп, Түркістанға жақын маңда орналасқан қонтайшының өкілі Барша хан мен оның кеңесшісі Саңғалды өлтіріп, шағын әскерін тұтқынға алады. 1730 жылы Цин империясы әскерінің басқыншылығына ұшыраған ойраттар енді қайтып қазақ жеріне басып кіру мүмкіндігінен айырылады. Өз жерінен ауа көшкен қазақ елі енді атамекеніне орала бастайды.

2. Састөбе құрылтайы
Тәуелсіздік үшін күрес, терең күйзеліске ұшыраған шаруашылықты жандандыру қажеттілігі XVIII ғасырдың 30—50-жылдары қазақ елінің басқарушы тобы алдына мемлекет тұтастығын қалпына келтіру мәселесін үнемі қоюмен болды. Бұл мәселеге байланысты қоғамның саяси өмірінде өзара қарсы бірнеше ағымның қалыптасқаны анық байқалды. Олардың бірі — Сөмеке, Күшік сияқты ірі тайпалық одақтардың басында тұрған хан, сұлтандар саяси бытыраңқылық жағдайды қанағат тұтса, Әбілқайыр хан бастаған екінші топ Ресейдің қолдауына сүйеніп, бүтін хандық билікті қалпына келтіруден үміттенді, ал үшінші — Төле би мен Абылай сұлтан бастаған топ қазақ билеушілерінің арасындағы алауыздықты жеңіп, өзара ымыраға келу арқылы жалпыұлттық мемлекеттікті қайта жандандыру жолында тұрды.
1729 жылы әкесінен қалған хандық билікті әлсіретіп алған Болат хан өмірден өтті. Жоңғар қаупі біржола жойылмаған жағдайда қуатты хандық билікті қалпына келтіру мәселесі билеуші саяси топ арасында қайтадан талқыға түсе бастайды. 1730 жылы көктемнің жазға ұласар сәтінде, Сайрамға жақын маңдағы Састөбеде — үш жүздің билеушілері бас қосып, талқыға екі мәселе түседі. Бірі — қаһарлы жоңғар қаупі жағдайында Тәуке хан тұсындағы Түркістандағы ұлы хандық билікті қайта жаңғыртып, соған сай жалпы қазақ ханын сайлау, екіншісі — бұл кезде босқыннан оралған үш жүздің "енші мекенін" анықтау. Әйтеке би бастаған топ ұлы хандық таққа Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханды ұсынады. Бірақ бұл ұсынысқа Қазыбек би мен Тастемір би (Төле бидің орнына келген) бастаған қалған екі жүздің өкілдері қарсы шығып, бір жетіге созылған тартыс нәтижесіз аяқталады. Бұл кезде төре тұқымдары арасындағы аса белсенді де жігерлі, айлалы Әбілқайыр ханға тура соның деңгейінде баламаға түсе алатын басқа қайраткер де жоқ еді. Ұлы жүздің ханы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі
Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасына шығуы
Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы
Қазақ хандығының ішкі саясаты
Ақтабан шұбырынды - Ұлы қасірет жылдары
Жоңғар Шапқыншылығы
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР СОҒЫСЫ
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ
Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама жылдары
Пәндер