Халықаралық қаржылық статистика


Халықаралық қаржылық статистика
1 Халықаралық қаржылық статистика.
Мемлекеттік бюджет- экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы. Ол мемлекеттік қаржылық ресурстарды құрудың формалары мен тәсілдерін жә-не оларды қоғамның мүддесіне әсіресе халықтың әлеуметтік тұрмысы нашар бө-лігіне пайдалану бағытын анықтайды. Мемлекеттік бюджет статистиканың негізгі міндеті-фискальдық саясаттың мазмұны мен бағытын анықтайтын негізгі көрсеткіштерді сипаттау болып табылады. Дәлірек айтсақ, мемлекеттік бюджет статистиканың міндеттері мына сипаттамаларды анықтайды;
-мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығындарының жалпы шамасын, шығын- ның табыстан артық мөлшерін немесе табыстың шығыннан артық мөлшерін анықтау;
-мемлекеттік бюджет табысынцың құрамын анықтау;
-мемлекеттік бюджет шығындарының құрамын анықтау;
-бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерін анықтау;
-мемлекеттің ішкі қарыз мөлшерін анықтау;
-мемлекетің фискальдық саясаттың нәтижесін анықтау;
-фискальдық саясаттың экономикалық дамуға тигізетін ықпалын және халықтың өмір сүру дәрежесіне әсерін анықтау.
Мемлекеттік бюджет статистикасында қолданылатын маңызды категориялардың бірі-мемлекеттік басқару секторы. Бұл сектордың анықтамасы бойынша, табысы шығындары меелекеттік бюджетте есепкем алынатын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің шеңбері анықталады. Мемлекеттік басқару секторына қызметі м елекеттік басқару функциясын атқарумен байланысты бірліктер кіреді. Бұл функ циялар нарықтық емес қызмет көрсету арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу жә-не табыстар мен байлықты қайта бөлу, тарату болып табылады. Әдетте мұндай қайта бөліп тарату экономиканың бірліктеріне салық салу және зейнетақы, жәр-демақы және басқа әлеуметтік төлемдер жасау арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік басқару секторына аса ірі көлемде тауарлар өткізумен және қызмет көрсетумен айналысатын бірліктер немесе мемлекеттік корпарациялар кірмейді. Мемлекеттік басқару секторының функциясына ақша-неиені реттеуші органдар-дың кейбір функциялары жатпайды.
Мемлекеттік бюджеттің статистикалық көрсеткіштер жүйесін анықтайтын басчқа да маңызды категориялар мемлекеттің басқару мекемелерінің экономика-ның басқа секторларына жататын бірліктерімен жасайтын әр түрлі шаруашылық әрекеттерінің табиғи негізін көрсетеді.
Олар:
-түсімдер немесе төлемдер;
-қайтымды немесе қайтымсыз түсімдер.
-орны толымды немесе толымсыз түсімдер.
-ағымдағы немесе негізгі тусімдер.
-қаржылық активтерді алу немесе міндеттеме қабылдау.
-мемлекеттік саясатты жүргізу немесе қайтарымдылықты басқару үшін қаржы- лық активтер алу.
Таза несиелеуге мемлекеттік басқару мекемелерінің мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында басқа секторларға қаржылық талаптар бойынша операциялары жатады. Бұл категорияға қарыз беру немесе берілген несиелердің сомасын шегеріп акциялар алу, акцияларды сатудан немесе өзіндік капиталды қайтарудан түскен түсім жатады.
Мемлекеттік қаржы статистикасында таза несиелеу шығындарға қосылып, бюджет тапшылығына әсер ететін фактор есебінде қарастырылады. Егер несиелеу мемлекеттік басқарудың әр түрлі сатысында құрылымдарының арасында жүргізілсе, онда бір операцияның екі жағы қарама-қарсы жазылады: несие беретін орган несиелеуді көрсетеді көлемін анықтайды, ал алушы орган - тапшылықты қаржыландыру мақсатында қаржы алуды көрсетеді. Мемлекеттік бюджет статистикасында несиелеу, әр жылы қаржы тапшылығын есептеуде тікелей әсер ететін, шығынның бабы ретінде қарастырылады. Ал, қаржы алу бюджеттің табыстар бөлігіне жазылмайды, ол қаржы тапшылығын қаржыландыру көзі ретінде қарастырылады.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы табыстар мен алынған трансферттердің қосындысынан шығындар мен таза несиелеуді шегеру арқылы есептеледі.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы көлемі тапшылық шамасын кері таңбамен алғанға тең болады.
Бюджеттік тапшылықтың жиналуының нәтижесінде мемлекеттік қарыз пайда болады. Мемлекеттік қарыз- мемлекеттік басқару мекемелерінің экономиканың басқа секторлары мен басқа әлем алдындағы тікелей міндеттемелерінің ресми төленбеген сомасы. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік басқару мекемелерінің өткен уақыттағы жасалған операцияларының нәтижесінде құралады және осы мекемелердің операциялары арқылы болашақта өтелу керек немесе мерзімсіз қарызға қайта жазылуы керек.
Талдау мақсатында негізгі көрсеткіштермен қатар экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізудегі бюджеттің тағы сипаттайтын басқа да көрсеткіштер қолданылады. Мемлекеттің қаржылық әрекеттерінің нәтижесі табыстан шығындарының артуымен көрсетіледі. Егер бюджеттік тапшылық шамасының ЖІӨ-ге қатынасы 3 -тен болса, онда елдің қаржылық жағдайы дұрыс деп есептелінеді. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қалай жабу жолдары- инфляциялық немесе инфляциялық емес болады; бюджеттік тапшылықты қаржыландыруда ішкі және сыртқы көздердің арасындағы қатынас та маңызды болады. Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігінің ЖІӨ-ге қатынасын көрсететін көрсеткіш мемлекеттің араласуымен болатын қайта кірістіру процестерінің ауқымын сипаттайды.
Бюджеттің орындалуын талдау үшін жоспарды орындауға қатысты шамаларын есептеуге болады: табыстар мен шығындар бойынша, сонымен бірге олардың түрлері мен мақсаттық пайдаланылуы бойынша жоспардың орындалу көрсеткіштері. Статистикалық мәліметтер негізінде жоспардың ауытқуына себеп тудыратын факторлардың әсерін анықтауға болады. Мысалы, салық табыстары үшін екі фактор әсер етуі мүмкін: салық базасының және салық мөлшерлемесінің өзгеруі.
Басқа функциялар.
Бұл топқа мемлекеттік қарыздар кепілдігімен байланысты проценттер мен шығындарды төлеу, сондай-ақ басқа мемлекеттік мекемелерге берілетін жал-пы сипаттағы трансферттер жатады.
Мемлекеттік шығындар мен өтелген борышсыз несиелер операциялардың экономикалық сипатына сәйкес, осы операция қайтымды немесе қайтымсыз болуына, алынған тауарлар мен қызметтің түрлерін, трансферт алған сектор-ларды көрсете отырып шығындар қандай мақсатқа арналғанына байланысты жіктеледі. Әдетте экономикалық жіктеулер мемлекеттік басқару мекемелері-нің әрекетінің сипатын және олардың елдің экономикасына әсерін анықтау үшін қолданылады. Төменде экономикалық жіктеудің принциптік схемасы келтірілген.
- Жалпы шығындар(2+4)
- Жалпы шығындар(3+4)
- Ағымдағы шығындар.
1. Тауарлар мен қызметтік шығынд
2 Проценттік төлемдер.
3 Субсидиялар мен басқа ағымдағы трансферттік төлемдер.
- Капиталды шығындар.
1 Негізгі капиталды алуға кеткен шығындар.
2 Қор жинау үшін алынған тауарларға кеткен шығындар.
3 Жер және материалдық емес активтерді алуға кеткен шығындар.
4 Капиталдық трансферттер
- Өтелген борышсыз несиелер.
1 Ішкі несиелеу.
2 Сыртқы несиелеу.
Халықаралық ваюта бюджет тапшылығын қаржыландыру операцияларының екі жіктеуін ұсынады; несие берушілердің типі бойынша және борыш міндет-темелері типі бойынша.
Несие берушілер немесе борыш міндеттемесінің иелері экономикалық мінез- дерінің біртектілік принципі бойынша жіктеледі. Ол экономикаға әсерінің ықпалы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Бюджет тапшылығын қар-жыландыру операцияларын несие берушілердің типі бойынша жіктеудің схемасы төмендегідей:
- Жалпы қаржыландыру (I+III)
- Ішкі қаржыландыру.
1. Мемлекеттік басқару секторының басқа бөліктерінен.
2. Ақша-несиені реттеу органдарынан.
3. Депозиттік банктерден.
4. Басқа ішкі қаржыландырулар.
5. Түзетулер.
Ш. Сыртқы қаржыландыру.
1. Экономикалық дамудың халықаралық ұйымдарынан.
2. Шетелдік басқару мекемелерінен.
3. Басқа сырттан қаржыландырулар.
4. Өтімділікті басқаруға арналған қолда бар ақша, депозиттер мен ба-ғалы қағаздар көлемінің өзгерістері.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру операцияларын борыш мін- деттемелерінің типі бойынша жіктеу мемлекеттік мекемелерде өзі-нің тапшылығын қаржыландыру немесе қаржылық ресурстарын бө-ліп тарату үшін қолданылатын тәсілдер туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Мұндай жіктеудің жалпы схемасы мына руб-рикаларды қамтиды:
- Жалпы қаржыландыру(II+III)
- Ішкі қаржыландыру.
1. Ұзақ мерзімді облигациялар.
2. Қысқа мерзімді облигациялар мен вексельдер.
3. Басқа категорияларға жатпайтын ұзақ мерзімді қарыздар.
4. Басқа категорияларға жатпайтын қысқа мерзімді қарыздар мен аванстар.
5. Басқа міндеттемелер.
6. Өтімділікті басқаруға арналған қолда бар ақша, депозиттер мен бағалы қағаздар көлемінің өзгерістері.
3. Сыртқы қаржыландыру.
1. Ұзақ мерзімді облигациялар.
2. Қысқа мерзімді облигациялар мен вексельдер.
3. Басқа категорияларға жатпайтын ұзақ мерзімді қарыздар мен авансылар.
4. Басқа категорияларға жатпайтын қысқа мерзімді қарыздар мен авансылар.
5. Басқа міндеттемелер.
6. Өтімділікті басқаруға арналған қолда бар ақша, депозиттер мен бағалы қағаздар көлемінің өзгерістері.
Мемлекеттік қарыздарды жіктеу.
Мемлекеттік қарыз статистикасы мемлекеттік басқару секторын толығымен, орталық өкіметті, аймақтық басқару органдарын, жергілікті басқару органдарын қамтуы керек. Статистикада мемлекеттік қарыз экономиканың басқа секторлары немесе әлемдегі басқа елдердің алдындағы мойындалған тікелей міндеттемелерінің қосындысы арқылы анықталады. Сонымен бірге қарыздың негізгі сомасын өтеуге есептелген төлемдері төленбейтін, тек қана проценті төленетін мерзімсіз міндеттемелер, сондай-ақ негізгі сомасын қайтару туралы талап күшінде қалған процентсіз міндеттемелерді де көрсету керек.
Мемлекеттік қарызды жіктеудің ең маңыздысы - қарыздық міндеттемелерді ұстаушылардың типтері бойынша жіктеу болып табылады:
1. Қарыздың жалпы сомасы.
2. Ішкі қарыз.
1. Мемлекеттік басқару секторының басқа бөліктеріне.
2. Ақша-несиені реттеу органдарына.
3. Депозиттік банктерге.
4. Басқа ішкі қарыздар.
5. Құндық бағалаудың әркелкілігіне байланысты түзетулер.
3. Сыртқы қағаз.
1. Халықаралық ұйымдарға.
2. Шетелдік басқаруға мекемелеріне.
3. Басқа сыртқы қарыздар.
4. Құндық бағалаудың әркелкілігіне байланысты түзетулер.
Мемлекеттік қарыздың қасымша жіктеулеріне өтелмеген қарыздарды экономика секторлары бойынша жіктеу, қарыздық міндеттемелерді типтері бойынша жіктеу (сыртқы немесе ішкі; бағалы қағаздар немесе сауда формасындағы айналымға арналмаған; қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді) .
Ақша жүйесі. Инфляцияны статистикалық зерттеу .
Ақша айналымы- бұл елдегі тауарды өткізуге және тауарлық емес төлемдерге қызмет көрсетудегі ақшаның ішкі айналымдағы қолма-қол және қолма- қолсыз түрдегі қозғалысы. Ақша айналымы тек тауар қозғалысына ғана емес, ол ссудалық капиталдың айналымына қызмет етеді. АҚШ-тағы төлем айналымының 3/5 бөлігі бағалы қағаздар мен қаржылық операцияларға, ссудалық операцияларға, салық төлемдеріне және т. с. с. келеді.
XIX ғасырдың аяғына дейін капиталистік елдерде қолма-қол ақша төлемдері басым болды. Қазіргі уақытта қолма-қолсыз есептеушілер бөлшек сауда айналымының 75-90%-ін қамтиды. Қолма-қол ақшаның ақша айналымындағы үлесі дамыған елдерде көп емес. Ол АҚШ-та 1960 жылы 9. 2% болса, ал 1986 жылы 5. 3% болды. Американдықтардың тек 6% ғана айлықтарын қолма-қол ақша түрінде алады. Қолма-қолсыз ақша айналымы басым. Несие ақшаларының негізгі түрлері: вексель, банкнота және шек.
Вексель- бұл жазбаша қарыз міндеттемесі, құжат иесіне қарызданушыдан иерзімі келген уақытта белгілі бір соманы талап ету құқығы беріледі. Банкнота- бұл банкирге вексель, ол бойынша басқа тұлғаға белгілі ақша сомасын қолма-қол ақша түрінде төлеуді немесе оның ағымдағы шотына аударуда банкке тапсыруға болады.
Ақша массасы- бұл жеке тұлғаларға, мекемелерге, өкіметке қарасты және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтық көлемі. Ақша массасында қолма-қол және қолма-қолсыз айналымға қызмет ететін активті ақшалар және есептеу үшін қолданылуы мүмкін пассивті ақшалар болып бөлінеді. Мерзімдік және жинақ салымдарындағы ақшалар, депозиткуәліктер және т. с. с. квазиақшалар деп аталады. Қазіргі кезде дамыған елдерде квазиақшалар ақша агрегаттарының негізгі және неғұрлым динамикалық компоненті болып табылады. Халықаралық статистикада ақша мен квазиақшаларды біріктіруге негізделген ақша массасының көлемі мен құрамының бірнеше көрсеткіштері бар.
Ақша массасының көлемінің өзгеруі ақша санының айналымда көбеюінің және сонымен қатар олардың айналымының үдеуі нәтижесінде болуы мүмкін. Ақша айналымы жылдамдығының көрсеткіші белгілі мерзім аралығында айналым құралдары мен төлем құралдары функциясының ақша бірліктерінің қайталану санымен сипатталады. Шетелдік статистикада ақша айналымының жылдамдығының екі көрсеткіші есептеледі: табыстардың айналымындағы ақша айналымы бойынша; төлемдік айналымдағы ақша айналымы бойынша. Екінші көрсеткіш ЖҰО кірмеген спекулятивтік келісім-шарттардың көлемін көрсетеді. Айналым жылдамдығы көптеген факторға байланысты: экономикканың даму қарқынына; сатып алу және сату ағымының шамасына; несиелік жүйе мен қолма-қол есептеудің дамуына, т. б. Басқа бірдей жағдайларда ақша айналымы жылдамдығының өсуі ақша массасының өсуімен пара-пар болады және ол инфляция факторларының бірі болуы мүмкін.
Ақша массасының өсуі баға деңгейінің өсу шартымен және ақша массасының өсу қарқыны инфляция қарқынымен байланысты болатындықтан, халықаралық тәжірибеде ақша массасын мөлшерлеуге маңызды мән береді. Кембридж экономикалық мектебінің өкілдері мұндай өзара байланыстарға талдау жасады, нәтижесінде тәжірибеге келесі ақша агрегаттары енгізілді:
М0 - Ұлыбритандық ақша агрегаты-айналымдағы ақша массасының ең тар көрсеткіші, ол айналымдағы банкноттар мен монеталарды, банктердің кассалық ақшаларын және коммерциялық банктер шотындағы қалдықтарды қамтиды;
М1 - Ұлыбритандық ақша агрегаты-айналымдағы ақшаны, жекеше сектордың банктегі салым шоттарын қамтитын ақша массасының көрсеткіші; АҚШ-та айналымдағы ақшаны, коммерциялық және өзара жинақ банктердегі салым шттарын, банктік емес жол шектері және т. с. с. қамтиды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz