Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің теориялық негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1
МАЗМҰНЫ: Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің теориялық негіздері
: 5
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің экономикалық мәні мен маңызы
: 5
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің құрылымы
: 7
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Шетел тәжірбиесіндегі өнеркәсіп ұйымдарын несиелендіру
: 11
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2
МАЗМҰНЫ: 2005 - 2007 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп ұйымдарын несиелендіруді талдау және бағалау
: 14
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасындағы банктердің өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің ұйымдастыру тәртібі
: 14
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: АҚ «Халық Банк» негізінде өнеркәсіп ұйымдарын несиелендіруіне қаржылық экономикалық талдау
: 16
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасындағы банктердің өнеркәсіп ұйымдарын несиелендіруіне талдау
: 20
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3
МАЗМҰНЫ: Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің мәселелері және жетілдіру жолдары
: 22
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендіруде туындайтын мәселелер
: 22
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендіруін мәселелерін шешу жолдары
: 24
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМША
:

КІРІСПЕ

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық, дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барльқ шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ, жеке азаматтар да пайдаланады.

Біздің елімізде несие жүйесі дамудың қазіргі сатысында өтпелі сипатқа ие болып тұр, өйткені экономика саласында басталған және жүргізіліп жатқан реформалардың өз қызметін толық аяқтамауынан саяси тенденциялар мен қоғамдағы өзгерістердің ықпалына ұшырауда. Сондықтан несиелік-құқықтық қатынастарға толыққанды талдама жасау қажеттілігі пісіп жетіліп тұр деуге болады.

Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі.

Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы.

Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Банктер едәуір дәрежедегі қаржы ресурстарын оларды қажетсінетін заемшыларға алға қарай ұсыну мақсатында шоғырландырады. Ондай операциялар экономикалық тұрғыдан алғаңда несие операциялары деп аталады, ал зандық тұрғыдан заемдық делінеді. Несие (латынның сгeditum - қарыз, борыш, заем) - құндылықты (заттай немесе ақшалай түрде) бір тұлға-мен, ұйымдармен және мемлекеттермен басқаға қайтару шартымен әрі процент төлеумен уақытша пайдалануға беру кезінде қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсететін экономикалық ұғым. Несие адамзаттың алғашқы даму сатыларында-ақ тауар-ақша қатынасының дамуы, еңбекті бөлісу және тауар айырбастау негізінде, ал ақшаның пайда болуына орай ақша-тауар негізінде пайда болды. Қоғамның белгілі бір даму сатысында несие беруді жүзеге асыратын банктер пайда бола бастайды, яғни банктік несие жолға қойылады. Қазіргі заманда қарыз (ссуда) капиталының қозғалысын білдіреді және несие берушілер мен заемшылар арасындағы тікелей қатынастарды көрсетеді. Ондай қатынастарға банктер де кіреді. Қазіргі кезде банктік несие несиенің негізгі түріне айналды, ол ақшаны банк арқылы заемшыларға уақытша пайдалануға береді. Несие қарыз (заем) капиталының қозғалыс нысаны ретінде ақша каражатын төленетінін процентпен уақытша пайдаланып кері қайтаруды білдіреді.

Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз төлеу және к, айтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді.

Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануга берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

  • қайта болу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Сондықтан жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, несиенің қоғамдағы, экономиканы дамытудағы маңызы жоғары екеніндігін, курстық жұмысытың тақырыбының бүгінгі қаржы жүйесінің актуальды, ағымдағы, күнделікті сараптамаға түсетін тақырыптарының бірі екенін көре аламыз.

Курстық жұмысытың тақырыбының мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:

  • Өнеркәсіп ұйымдарын ненсиелендірудің экономикалық мәні мен маңызы;
  • Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің құрылымы;
  • Қазақстан Республикасындағы банктердің өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің ұйымдастыру тәртібі;
  • АҚ «Халық Банк» негізінде өнеркәсіп ұйымдарын несиелендіруіне қаржылық экономикалық талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы банктердің өнеркәсіп ұйымдарын несиелендіруіне талдау.

1 Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің теориялық
негіздері

1. 1 Өнеркәсіп ұйымдарын ненсиелендірудің экономикалық мәні мен
маңызы

Кредит мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуды да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет кредиттік қатынасқа бүтіндей қатысты. Кредит қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын сипаттайды.

Кредиттің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В. М. Тарасов кредитті ұлттық табысты (кредиттен қарыз алушыға және керісінше) қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, кредиттің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мұмкіндіктері бар.

Айырбас фазасында бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, кредиттік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан кредит бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі кредиттің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

Кредит туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныкқан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі (қайта бөлумен айналымның кредиттік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қарсады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар кредиттің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т. б. деп түсіндіреді.

Кредиттің бақылау қызметі дегенде: ол - ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды кредит емес, банк жүзеге асырады.

Кредит өндірістік қорлар айналымның құралы деп қарасақ, онда оның бұл қызметі ақшаларға да, бюджетке, пайдаға қаржыға да тән - бұл біріншіден, екіншіден - кредит қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.

Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, ол кредиттің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да жүзеге асырылады.

Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады.

Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың кредит дербес қызмет атқара алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет - қарап отырған экономикалық категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады. [9, 49 б]

Айналымның құралы түрдегі қызметі, бақылаумен ынталандыру, экономиканы ретке келтіру тек кредитке ғана емес, баға, қаржы, еңбекақы, бюджет, табыс т. б. құндылық категорияларына да тән.

Көптеген пікірлердің орын алып отырғанына қарамастан, кредиттің барлық формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсететін оның үш түрлі қызметін бөліп көрсеткіміз келеді. Олар - қайта бөлу, нақты ақшаны айналымдағы кредит құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету.

Капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету кредиттің маңызды қызметі болып табылады. Кредит механизмі қосымша қорды капиталдандыру барысына ықпал етеді.

Кредит капиталды шоғырландырудың аса қуатты факторы ретінде оның жекелеп жинақталуының шекараларын кеңейте түседі. Өндірістің ауқымын кеңейту үшін жекелеген шаруашылық кәсіпорындарының, кәсіпкерлердің қаржылары көбінесе жеткіліксіз болып саналатындықтан, әрбір кәсіпорындардың, халықтың шағын мөлшердегі уақытша бос тұрған шашыраңқы қаржылары жұмылдырылып банкілерде жинақталады да, үлкен көлемге жеткеннен кейін ол кредит ретінде кең ауқымды ұдайы өндірісте белсенді түрде пайдаланады.

Кредит жекелеген кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдырудың, монополиялар мен халықаралық компаниялардың жаңа түрлерін құрудың факторларының бірі болып саналады. К. Маркстің айтуы бойынша кредит «бәсекелестік күресте әрі жаңа, әрі сұрапыл қаруға айнала отырып, соңғы нәтижеде капиталдарды орталықтандырудың аса зор әлеуметтік механизмі бола бастайды». Монополизмге берілетін жеңілдік кредиттеріне байланысты және шағын тауар өндіруішілердің кредит алу жағдайларының нашарлауы бір полюсте (шекте) капиталдың шоғырлануы мен орталықтандырылуының күшейіп, екінші жақтың ойсырауына, тақыр кедейленіп, банкротқа айналуына әкеп соғады.

Кредиттің ролін кредиттік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Кредит өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткеңдей, кредиттің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы көзінде қайта білінуі мүмкін белігімен ғана байланысты. Кредиттің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.

Экономика дамуының сатысана қарамастан, кредиттің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы камтамасыз етіледі. Кредит ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта білуді қамтамасыз етуші кредит кез келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін кредит арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналасының біркелкілік жүрмеуіне байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін кредит оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеуді қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т. б. мүмкіндіктер тудырады. [9, 56 б]

Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де кредиттің атқаратын ролі зор. Кредиттің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР-ның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің кредиттік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын кредит жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Кредитті капиталдық салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік қайта айнымалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі кредит шараларының өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді. [8, 58 б]

Кредиттің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді. (ҚОСЫМША А, сызба - 1)

Сонымен, жекелеген шаруашылықмен айналысушы экономикалық субъектілердің өмір сүруі мен жалпы халықшаруашылығының дамуына да, микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде кредиттің атқаратын ролі өте зор екен.

1. 2 Өнеркәсіп ұйымдарын несиелендірудің құрылымы

Кредит қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай-ақ, бір жағынан кредит жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Кредит алушыға халық, ал, кредит берушіге банк жататын қатынасты тұтыну кредитінің мазмұнын құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, оған тауарларды кредитке сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды кредитке беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.

Тұтыну кредиті халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Халықты кредиттеу халыктың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік кредит саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10-12%-ын тұтыну кредитін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда кредиттің бұл формасы мүлдем дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну кредиттің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 18-20%-ды құрайды. [5, 28 б]

Кредит халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық кредит болып табылады. Ақшалай форма банк кредиті секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.

Тұтыну кредитінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, кредит мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы кредит сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым кредиттеленетін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.

Кредиттеу объектісі бойынша Қазақстанда тұтыну кредиті мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік (шұғыл мұқтаж) кредитіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алу кредитіне, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған кредитке және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған кредитке бөлінеді.

Коммерциялық банктің несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтиын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.

Басқаша айтанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі езінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

- несиеге деген өтінішті қарау;

- несиелік қабілетін талдау;

- несиелік келісімшарт жасасу;

- несие беру;

- несиелік мәміленінң орындалуына бақылау жасау. [3, 45 б]

1 кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.

Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мұмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мұмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

  • құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
  • соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
  • несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық - экономикалық есебі;
  • несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері (материалдың құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т. с. с),
  • басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме) ;
  • қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
  • несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мұмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мұмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса мақызы бар. Бағалау техникалық-экономикалың есеп негізінде жасалады.

2 кезең. Қарыз алушынъң несиелік қабілетін талдау кезеңі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

  • Несиеге қатысты кқабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, құқықтық қуатын анықтайтын жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
  • Қарыз алушынын іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
  • Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.

3 кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.

Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

- несиелеу мақсаты және объектісі;

- несиенің мөлшері;

- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;

- несиені қамтамасыз ету формасы;

- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;

- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;

- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.

4 кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдың шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу механизмінің тұжырымын жасау
Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі
Банктік несиенің экономикалық мәні
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Несие. Несиенің мәнін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz