Халықаралық Валюта Қоры туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

- Халықаралық валюта қоры

Негізгі бөлім

  • ХВҚ-ның құрылуы
  • ХВҚ-ның мақсаты мен міндеттері
  • Халықаралық валюталық қатынастар

Кіріспе

ХВҚ халықаралық валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық, аймақтық және ғаламдық экономикалық дамуға шолу жасайды.

ХВҚ өзінің 184 мүше елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі. Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді.

ХВҚ сондай-ақ, мүше мемлекеттерге олардың төлем балансын түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды ұсынады.

ХВҚ мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығы мен өсіміне жауапты қызметшілер институтының біліктілігін арттыру ісінде техникалық көмек көрсетіп, оқытады.

ХВҚ-ның қызметі макроэкономикалық сипатта боғанымен, ХҚДБ ұлттық экономиканы дамытудағы жеке жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) - Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Халықаралық Валюта Қоры

Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) - Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вуде (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ қызметкерлері 110 елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді. Есеп айырысу бірлігі - Арнайы қарыз алу құқығы (АҚҚ) . Қаржылық қолдауға ХВҚ реттеу саясатын және реформаларды қолдау үшін төлем баласының проблемалары бар мүше елдерге берген кредиттер мен заемдар кіреді.

Қазақстан Республикасы және Халықаралық Валюта Қоры арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:

1. Макроэкономикалық тұрақтандыру және жүйелік қайта құрулар үшін Қазақстан Республикасына ресурстар беру бағдарламасы (STF) .

2. Резервтік кредит туралы келісім (Stand-by 1) .

3. EFF келісімі, Қазақстан оған сәйкес EFF келісімінің бүкіл қолданылу кезеңі бойы Үкімет және ҚҰБ қандай да болмасын валюталық шектеулерді енгізу немесе күшейту, көптеген валюта бағамдарын қолданудың қандай да болмасын практикасын енгізу немесе түрлендіру, Келісім баптарының VIII бабына қайшы келетін кез келген екіжақты төлем келісімін жасау немесе төлем балансына байланысты себептер бойынша импортқа шектеулер енгізу және күшейту ниеті жоқ екені жөнінде міндеттеме алады.

4. Мақсаты мемлекеттік бюджет дефицитін қысқарту және халықаралық резервтерді жинақтау болып табылатын EFF-2 келісімі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2000 жылғы 24 мамырда ХВҚ кредиттік желілері бойынша 295, 8 млн. СДР мөлшеріндегі міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеді.

Ұлттық Банк ХВҚ-ға апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ның АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуір) миссиясы үшін, сондай-ақ қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша (сұрақтар бойынша) ұсынылады.

ХВҚ Статистика Департаментінің сарапшылары ақша-кредит статистикасын жасау жөнінде әдіснамалық сұрақтар туындаған кезде консультативтік көмек көрсетеді.

Халықаралық Валюта Қоры Қазақстан 2003 жылы қосылған ДТАС («Деректер таратудың арнайы стандарттары») сәйкес үш жылда 1 рет макроэкономикалық статистиканы, оның ішінде ақша-кредит статистиканы бағалауды жүргізеді. Бағалау негізінде «Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.

ХВҚ-ның стандарттар мен кодекстердің сақталуын тексеру жөніндегі миссиясы соңғы ретте Алматы қаласында 2006 жылғы қараша-желтоқсанда жұмыс істеді.

2004 жылы ХВҚ миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да ХВҚ институтында, РФ оқу орталығының базасында ақша-кредит статистикасын жасаудың әдіснамалық негіздерін оқытады.

ХВҚ миссиясы ХВҚ Келісім баптарының IV бабына сәйкес жыл сайынғы консультациялар жүргізу үшін Қазақстанға жыл сайын келеді.

Ұлттық Банктің басшылығы жыл сайынғы негізде көктемде және күзде Дүниежүзілік Банктің және Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің Жыл сайынғы Қарама-қарсы Кездесулеріне қатысады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық Валюта Қоры Басқарушыларының Кеңесінде Басқарушы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің шағын топтарына қатысуы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасын Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Бельгия шағын тобынан Швейцария шағын тобына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының Швейцария шағын тобына кіруінің алғашқы қадамдарының бірі 2010 жылғы қыркүйекте Астана қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясы Үкіметі арасындағы Бреттон - Вуд мекемелеріндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болып табылады. Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Швейцария шағын тобына кіруінің аяқталу кезеңі Швейцария Конфедерациясының өкілін Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Швейцария, Польша, Сербия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысатын шағын тобындағы Атқарушы Директор ретінде таңдау үшін дауыс беру болып табылды.

Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.

ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.

ХВҚ-ның негізгі міндеттері:

  • халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;
  • халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету;
  • Ммүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;
  • көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу
  • мүше мемлекеттерге төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну;
  • халықаралық төлем баланстар теңсіздігін бұзушылықты қалпына келтіру.

ХВҚ халықаралық валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық, аймақтық және ғаламдық экономикалық дамуға шолу жасайды. ХВҚ өзінің 184 мүше елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі. Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді. ХВҚ сондай-ақ, мүше мемлекеттерге олардың төлем балансын түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды ұсынады.

ХВҚ мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығы мен өсіміне жауапты қызметшілер институтының біліктілігін арттыру ісінде техникалық көмек көрсетіп, оқытады.

ХВҚ-ның қызметі макроэкономикалық сипатта боғанымен, ХҚДБ ұлттық экономиканы дамытудағы жеке жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Олардың жалпы мақсаты халықаралық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ХВҚ мен ББ көрсетілген мақсатқа жету үшін стратегияның құрама бөлігінде қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды қарастырады. ХВҚ қаржыны жылыстату макроэкономиканың салдарымен байланысты екендігін, алдын ала болжанбаған қаржыға деген сұраныс, қаржы мекемелері мен қаржы жүйесіндегі тұрақтылық үшін тәуекелділік, сондай-ақ, халықаралық капитал ағынының тербелмелі масштабы және валюта курсы трансшегаралы аудармаларда келтірілмеген нәтижелерді қосқанда байланысты екендігін атап өтті.

ХВҚ өз қызметінің шеңберінде мүше мемлекеттердің қылмыстық жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар жүйесін құруға ерекше назар аударады. Бұл мақсатта ХВҚ мүше мемлекеттердің қаржыны жылыстатумен күрес саласында жұмыс атқаратын мемлекттік орган қызметкерлеріне өкілетті қызметін жүзеге асыруда түрлі оқытулар ұйымдастырып, анықтамалық материалдар әзірлейді. Тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес қылмысты жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес іс-қимылының ұлттық жүйесін бағалайды.

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі - Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталық , несиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады.

Халықаралық валюталық қатынастар

Халықаралық валюталық қатынастар - халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.

Ұлттық валюта

Ұлттық валюта - әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні - қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы - еуро енгізілді.

Әлемдік валюталық жүйе ұлттық және аймақтық валюталар жүйесінің қарқынды дамуы нәтижесінде қалыптасты. Қазіргі кезде жасалатын операциялар төлемі бойынша үш орталық - Лондон, Нью-Йорк, Токио ерекше айқындалады. Сонымен қатар Еуропадағы аса ірі әлемдік нарық орталықтары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы 1968 жылы ортақ есеп бірлігі бар Халықаралық валюта қорының құрылуына негіз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесі шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға, Батыс Еуропалық түрлі валюталар жиынтығы 43%-ға жетеді

Резервтік валюта

Валютаның негізгі түрлері

Резервтік валюта - ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын ұлттық, аймақтық және әлемдік валюта жиынтығы. Көпшілік жағдайда әлемдік нарықта айрықша тұрақты орны бар валюталар қолданылады.

Дүниежүзіндегі резервтік валюта құрылымы, % есебімен

Валюта түрлері
Әлемдік нарықтағы үлесі (2008 ж. )
Валюта түрлері: АҚШ доллары
Әлемдік нарықтағы үлесі (2008 ж. ): 55
Валюта түрлері: Еуро
Әлемдік нарықтағы үлесі (2008 ж. ): 40
Валюта түрлері: Басқа валюталар
Әлемдік нарықтағы үлесі (2008 ж. ): 5

Резервтік валюта қоры көп елдер қатарына экономикалық даму дәрежесі жоғары елдер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
Экономикалық бақылау
Евро валюта және евро несие нарығы пайда болуы мен ерекшеліктері
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Халықаралық валюта жүйесі
ҚР валюта жүйесі
Валюта бағамы туралы
Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының даму жағдайы
Дүниежүзілік валюта жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz