«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»


Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары»
кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. д., доц. Ортаев Б. Т.
«» 2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
Орындаған Халметова Д.
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Даулетбекова Б.
Түркістан-2015
Мазмұны
Нормативтіксілтемелер
:
1. ҚазақстанРеспубликасы«Білімтуралы» заңы2007-жылғы 27-шілдедегі№319;
2. 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысыменбекітілген «Ортабілімберудің (бастауыш, негізгіорта, жалпыортабілімберу) (ҚРМЖМБС 1. 4. 002-2012) ».
3. «, негізгіорта, » 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 » 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығы.
4. « (бастауыш, негізгіортажәнежалпы
ортабілімберу) » 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы.
5. «,
оқу-, , » 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 400 бұйрығы.
6. Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық - коммуникациялық технология - электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық мәдениет - кез келген ақпарат көзін - анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, т. с. с. дұрыс пайдалана білу, ақпараттық мәдениет - әңгімелесе білу, теледидар, хабарды (интернетті) талғамды түрде қарау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы.
Белгілеулер мен қысқартулар
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы;
ҚР - Қазақстан Республикасы;
АКТ - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар;
ЖОО-Жоғары оқу орны;
ХҒПК-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция;
РҒПК-Республикалық ғылыми-практикалық конференция;
ХҒТИК-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет конференция;
ТМД-Тәуелсіз мемлекеттер одағы;
А-Алматы;
М-Москва;
АДД-Автореферат докторской диссертации.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр. Елбасы әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену үшін Қазақстанның 2050-жылға дейінгі даму стратегиясын терең түсіну керектігін, алға жүретін қадамымыздың барлық бағытын айқындап көрсетті [1] .
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.
«Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар мінез деген нәрселермен озады» - деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай қазіргі заман- тек білім мен ғылымның ғана заманы.
Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философия, психология-педагогика негіздері мен теориясы және тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Соңғы кездері білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне жаңа технологиялар енгізіліп, оқыту мазмұны тұлғаны дамытуға, оқушының дербес психологиялық ерекшеліктерін, өзіндік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт алып отыр.
Сөйтіп, бүгінгі философтары мен педагог-ғалымдары білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдары қайта қарау, философиялық материализмнен руханилық, гуманистік ұстанымдарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді ұғындырудың бір жолы- ақпараттық технологияларды негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.
Жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник арқылы, интернет арқылы күн сайын, сағат сайын мағлұмат алып отырған жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор
Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабыр ғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.
Жаңа заман ағымына сай білім саласында ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Сондықтан, орта, негізгі, бастауыш білім беру жүйесін дамытудағы білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өзбетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Еліміздің өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу қарсаңында заман талабына қарай тұлғаны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауда және шығармашылық, танымдық іс-әрекетін үйлесімді дамытуда, танымдық қажеттілігін, белсенділігін, қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық технология құралдарының орны ерекше. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Сондықтан өскелең ұрпақтың білуге құштарлығын ақпараттық ағым арқылы ақиқатты тануға бағыттау қажет.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, оларды ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі, әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі - математика.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері жоқ деп айтуға болады. Сол себепті, қазіргі кезде « . . . адамзат өмірі үшін «білімді математикаландыру кезеңі» деп аталатын ұзақ кезең [2] .
Бастауыш білім берудің базалық пәндерінің бірі болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге ол негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады.
Егер оқушының математикаға деген құлшынысы, талабы жоғары болса, онда басқа пәндерді игеруінде қиындық туындамайтыны бәрімізге мәлім.
Білімнің негізі - бастауышта. Сондықтан да қандай пән болмасын, пәнге деген қызығушылықтан оқушының оны білсем, үйренсем деген құлшыныстары пайда болады. Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымдары оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының қызығушылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Бүгінгі басты мәселе- білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру үдерісі, оның негізгі бағыттары мен болашағы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздерін және білім беру сапасын арттыруды қазақстандық ғалымдар Ж. А. Қараев[3], Е. Ы. Бидайбеков [4], Т. О. Балықбаев, С. М. Кеңесбаев [5], К. Нұрғалиева [6] және т. б. өз еңбектерінде қарастырған.
Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттануды енгізуде және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесінің теориялық жағы И. В. Апатова[7], В. С. Гершунский[8], В. А. Кальней, Г. К. Селевко[9], Д. Матрос, А. П. Ершов[10], А. А. Кузнецов[11], В. М. Монахов[12], , И. В. Роберт, Н. Ф. Талызина, және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырған[13] .
Ресей ғалымдары А. А. Кузнецов пен А. М. Пышкалоның басшылығымен төменгі сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануға байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде[14] .
Қазіргі заман - математика ғылымының жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Математика сабағында оқушылардың материалды дұрыс ұғынуы, пәнге деген қызығушығының артуы білімнің берік қолданылуы мұғалімнің сабақ өткізудегі әр түрлі әдіс-тәсілдерді орнымен қолдана білуі жолындағы ізденімпаздығына байланысты.
Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Бастауыш мектепте математика пәніне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мәселесінде дербес компьютерді оқыту және көрнекі құралы ретінде пайдаланудың теориялық және әдістемелік жақтары жан-жақты зерттеліп, қажетті дәрежеде толық шешімі табыла қойған жоқ және оның қажеттілігі арасында қарама-қайшылықтардың бар екені айқындалды.
Осы келтірілген қарама-қайшылықтардан ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттырудың теориялық және әдістемелік жақтарын талдап, дидактикалық жолдарын анықтау мәселесін туындады.
Сондықтан, біздер бастауыш сыныптарда математика пәніне қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың зор мүмкіндігінің бар екендігін және оның дидактикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру» - деп алуды жөн санадық.
Зерттеудің мақсаты : Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыруды теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: математиканы оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- Білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық-дидактикалық мәселелерін талдау;
- Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау;
-Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттырудағы компьютердің рөлін айқындау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, орта (бастауыш) білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Зерттеу әдістері:
қарастырылып отырған зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін айқындау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау; Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау; компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздеріне талдау жасау; зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық- педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау; математика пәнін оқытуда компьютерді қолдануға арналған әдістемесіне ұсыныстар жасау.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау екі тақырыпшадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 Білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық-дидактикалық мәселелері
1. 1 Білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық технологияларды таңдау.
Ақпараттық технологиялар -білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үдерісі. Бұл үдерісті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Мектепке жаңа келген бүлдіршін қабілеттерін арттыру, білімге қызығушылығын шығармашыл деңгейге көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бастауыш сынып мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Осы орайда оқыту әдістерін жетілдіруде тікелей білім беру жүйесінде тұтас ақпараттық технологияларды қолдану.
Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары, мұның бәрі компьютердің көмегімен іске асырылады.
компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәнін оқыту үдерісінде қолдануда ғана емес, басқа да пәндерді оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама еңбектер, зерттеулер бар.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру - ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
ҚР «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарттандыру, » - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген [15] .
Білім беру жүйесін ақпараттандыру - қоғамның маңызды бағыттарының бірі. Ал бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдары мен әдістерін, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану[16] .
Жалпы, «Ақпараттық технология» термині ғылымда XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болған, оны Америкада XX ғасырдың басында дидактиктер «оқуға арналған медиа» (instructional media), «оқыту машиналары» (teaching machines), «оқытуды автоматты түрде басқару» (programmed instruction) сияқты ұғымдармен атаған.
Ғылыми әдебиеттерде «Ақпараттық технология» ұғымына төмендегідей түсінік береді:
«Ақпараттық технологиялар -бұл ақпаратты қайте өңдеумен байланысты үдерістер». Оқыту үдерісінің өзінде оқушыға үнемі ақпаратты беру және соған байланысты кері әрекеттер жүзеге асырылады.
Әдіскер В. Апатова, «Ақпараттық технология» анықтамасын былай деп кеңейте түседі- «Ақпараттық технологиялар дегеніміз ақпаратты қайта өңдеу үдерісін жүзеге асыратын құралдар мен әдіс-тәсілдердің жиынтығы». Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Сондықтан да ақпараттық технология ұғымы бір жағынан техникалық құралдарға қатысты болса, екіншіден оны меңгерту әдістемесімен де байланысты.
Д. Матрос «Ақпараттық технология» түсінігін қарастыра келе, кез келген әдістемелер мен педагогикалық технологиялар ақпаратты оқушыларға қайта өңдеуді ұсынатынын атап көрсетеді, демек, оның анықтамасы бойынша кез келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология.
Ғалым Г. К. Селевко өз еңбегін оқыту үдерісіндегі компьютердің маңызына арнаған, ол « . . . оқыту үдерісінің технологиялық негізін ақпарат пен оның өңделуі құрайтындықтан, кез келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология» деп көрсетеді.
Г. Д. Жангисинаның анықтауы бойынша оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары «оқытудың қазіргі заманғы технологияларын бағдарламалық-әдістемелік жағынан интерактивті түрде қолдауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс, бағдарламалардың инструменталдық құралдарының жиынтығы[17] .
Белгілі ғалым Е. Ы. Бидайбеков «Ақпараттық технология дегеніміз - технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық-техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы» деген пікір білдіреді.
Ал, С. М. Кеңесбаев «Білім берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық - педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану үрдісі» деген тұжырым жасай келе, білім беруде жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы болашақ мұғалімнің даярлығын теориялық негіздеп, жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы «мұғалім даярлығы» ұғымын және педагогикалық қызметке даярлықтың бірнеше деңгейін ұсынады[18] .
Демек, оқыту үдерісіндегі қолданылатын ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы ақпараттық технологиялар деген анықтамаға ие болады.
Сонымен, шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін талдай келе, біз мынадай анықтаманы ұсынамыз: «Ақпараттық технология» дегеніміз - мәліметтерді әртүрлі деңгейде, әртүрлі нысанда ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және бағдарламалық-техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы[19] .
Ақпараттық технология- электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор.
Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизмнің бірі - интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыратын, уақытын үнемдейтін, эстетикалық талғамға сай безендіріліген көрнекілік құралы болып табылады.
Ақпараттық технологиялар мұғалімнің мүмкіндіктерін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютерлік мүмкіндіктер психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылу керек. Соның негізінде оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін мұғалімнің өзі анықтап алу қажет.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық технологияларды педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz