Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
2. 2 Діни қызметтегі шешендік сөздер
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шешендік сөздер - қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т. б. нұсқалардан тұрады.
Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары - пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді.
Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. , тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер - тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы.
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Шешендік сөздер-ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге түтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған данышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткір ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер.
Тарихта Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтек би, Сырым батыр тағы басқа белгілі адамдармен қатар, Жиренше шешен аңыздары және Досбол, Жидебай, Сауытбек, Қылышбай, т. б. шешендердің аты белгілі. Халық шешендік сөздерді заман өткен сайын әрлеп, әсерлетіп ұрпақтан -ұрпаққа жеткізуде. Қазақ халқы шешен халық.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздерді мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады. Өлеңмен айтылған шешендік сөздер “термелі”, қара сөзбен айтылғандары “пернелі ” деп аталады
Арнау шешендік сөздер:әзіл, сықақ, бата, алғыс, естірту, көңіл айту.
Шешендік толғау:өсиет, “насихат.
Шешендік дау: жер дауы, жесір дау, мал дауы, ар дауы.
Шешендік сөздер халықтың түсінік сөздермен баяндалады. Ол түсінік (кіріспе) сөздерінің құрылымының көркемдік дәрежесі шешендік сөздерден төмен болуы мүмкін, дегенмен түсіндірме сөздер шешендік сөздерді жеткізе айтудың құралы болып табылады.
Жиын-тойда, мәжілістерде, бас қосу рәсімдерінде сөз жүйесіне шешендік сөздерді арқау етіп сөйлеу-қазақ қарияларының дәстүріне айналған құбылыс. Өнерпаз, ақын, философ халық шешендігімен де даралық қасиетін көрсетеді.
Отбасында ата-ана бала тәрбиесіне үлгі етіп шешендік сөздерден мысал келтіреді, баланы әңгімеге тартып, ойын оятып отыруға міндетті, шешендік сөздерді таңдап, отбасында оқуды әдетке айналдырып, әдеттен дағды, дағдыдан дәстүрді қалыптастыру қажет.
Өсиет- ата-бабаның соңғы ұрпаққа айтып қалдырған даналық мұралары. Өсиеттің әулеттілік, рулық, ұлттық мәнде айтылған мәндері, түрлері бар. Ата ұрпағына “Ақыл-сана, ой-еңбек бақытқа жеткізеді”, “Бірлік болмай, тірлік болмайды”, “Ата салты- имандықты, татулықты сақтай біліңдер, әулеттік кәсіп пен дәстүрге кір келтірмеңдер”, - дейді. Халық даналары “У ішсең, руыңмен”, “ата дәстүрін ардақтаңдар, ел үшін еңбек етіңдер”, -дейді. Ұлт туын көтерген ерлер: “Алаштың ақ туын биік ұстаңдар, алты алаштың абыройын сақтаңдар, ел бірлігін сақтаңдар, ел бірлігін нығайтыңдар, халық үшін жан қия біліңдер ”, - деп өсиет айтады.
Қазақ- сөз қадірін өз қадірім деп білген халық, кеңдігін де, елдігін де, кеменгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр.
Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бітусіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сырқа жаяр, лүп еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр -бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Оның рухы, жан құпиясы, төзім-сезімі сөз құдіретімен тұтас, туыс. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ, тоқтам жоқ.
Қазақ- “ат сүрінгенше”ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеге, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болғанхалық.
Ата-бабамыз ауыз әдебиеті дейтін ғажайып мұра қалдырды. Онда қазақ дейтін қалың елдің қанында, жанында болған қасиеттің бәрі бар. Онда халықтың рухани өресі, мәртебесі, тұрмыс -салты, мінез-құлқы бар.
Қазақтың тілі сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырды; асыл мұра, қазынасы сарқылмас алтын сандық-ауыз әдебиетін жасады.
Ауыз әдебиетінің інжу маржаны деуге барарлық-шешендік сөздер. Бұл сөздердің де қаны мен жаны -төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек, қайырымдылық сияқты әдебиетін жасады.
Шешендік сөз -суырып салма ақындықпен туыстас.
Аумалы- төкпелі, алмағайып замандарда бастан кешкен халықтың өзіндік басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері болды.
Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы.
Биді байлықта, барлықта жасай алмаған. Би тұғырын топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділін, қара қылды қақ жарып айтқан кісі көтерілген. Би - табиғи дарын, асыл текті ақыл, арғыны көре білген көсем, ақпа төкпе шешен.
Халық қамын ойлаған хандар болған. Елдікті сақтаған, ерлікті тудырған замандар болған. Әз Жәнібек, Әз Тәукеден, Абылайдан жеткен билік жұйесі болған.
Халықта: “Түгел сөздің түбі- бір, Түп атасы- Майқы би”, -деген сөз қалған.
Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекедден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың заманында, Ахымет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрілері.
Қайсыбір ұқсас желі сөздер мен орамдар, қайталаулар ел аузында таралып жүрген негізде берілді. Айта кетер бір жай:ер құны, жер дауы, жесір дауына байланысты әңгімелер көп сақталған. Ал саяси астары бар деп қабылданған Төле бидің мына толғаундай сан ойлар мен орамдар аз болмасқа тиіс:
- О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз ?
Жар астында түрғанда,
Жасырып жауымыз?
Билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбатпен арзанды, қиын мен жеңілді алға тартады. Мал дауы мен жан дауы, ар дауы мен намыс дауына кесім айтады. “Тілмен түйгенді, тіспен шеше алмас”-деген тұжырым жасайды. Сараңдықты әжуалайды, бата беріп, тілек қосады. Азалы қазаны естіртіп, көңіл айтады, жұбатады, тоқтам айтады.
Жалпы, шешен, би болмаса да, кез келген қазақ мың жылдықты, далбаса даңғазалықты мін көріп, қорлық санаған. “Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды”-деп, шындықтың туын көтерген“от ауызды, орақ тілді” шешендерін қастерлеген. Бейнелі, дәлелді, қисынды уәж айтқан. Билер ауытқып, бұра тартқан тұстары болса, олар бірін - бірі тоқтатып, әділетке шақырған. Табиғатынан қуақы ақжарқын, қалжыңын қанжығасына байлап жұретін қазақ билері қағытпа сөзге, көңіл көтерер әзіл - әңгімеге кет әрі болмаған . . .
Діни қызметтегі шешендік сөздер
Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 220-аятта: «(Ей Мұхаммед!) Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Оларды түзелткен жақсы. (әкесіз қалған бейшара жетімдердің мүддесіне бола) олармен араласып (өмір сүріңдер) жасаңдар. Олар сендердің діндес туыстарың. Алла бұзушыны түзеушіден айырып біледі . . . », - делінген.
Пайғамбарымыздан (с. ғ. с. ) жетімдер туралы сұралғанда бұл аят Алла тарапынан уаһи болып түсті. «Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Оларды түзелткен жақсы», - деді. Яғни, жетім қалғандарды тәрбиелеп өсірген жақсы, жетім есейгенше әкесінен қалған мал-мүлкін қорғап, бағып берген абзал.
Жетім дегеніміз кім? Шариғат бойынша, әкесі қайтыс болған анасы тірі болса да бала жетім саналады. Ал, анасы жоқ, әкесі тірі бала жетім емес. Себебі, Исламда перзент үшін отбасында әкені бас қамқоршы, перзенттің болашағы үшін ең үлкен жауапты адам деп біледі. Ал, жануарлар әлемінде, керісінше, анасынан айырылған төл жетім. Өйткені, еркек жан-жануарлар баласына мән бермейді, есесіне ана бас қамқоршы.
«Ниса» сүресінің 6-аятында: «Жетімдерді үйлену (жасына) жеткенше сынап тұрыңдар. Егер олардан (мал-мүлкіне ие боларлық) естиярлық (қабілетін) байқасаңдар, оларға мал-мүлкін тапсырып беріңдер. Олар есейгенше мал-мүлкін шашып (ысырап қылып) тездетіп жеп алмаңдар. Бай болғандар (жетімді бағып, қарағанына бола) жетімнің малын жемесін. Ал кедейлер (оны бағып-қаққан еңбегі үшін) лайығымен жесін. Жетімдердің мал-мүлкін тапсырып берген кезде айғақшы қойыңдар. Есеп алуға Алла жеткілікті», - делінген.
Бұл аятта жетімнің балиғат жасына жетіп, ес-түсін танығанда, мүмкіндігінше тезірек оған ата-анасынан мұра болып қалған байлығын тапсыру қажет екені айтылған. Демек, жетім баланы бағу үшін қолына алған екінші ата-ана жетімнің малын шашпай, қайта ол балиғат жасына жеткенде, мал-мүлкін өзіне қайтарып беруі керек.
Жетімді қарамағына бағу үшін алған адам сол жетімнің мал-дүнисінде уақытша алады. Кейбіреулер мен жетімді қарамағыма бағу үшін алғаннан кейін оның малын не істесем өзім білем, деп немесе ол балиғат жасына жетсе, малын қайтарып беруім керек екен, оданда жетім балиғат жасына жеткенше малын тезірек таусытайын, жеп бітейін, деуі мүмкін. Алла тағала осы аятта сондай пиғылдан қайтарды. Аятта: «Олар есейгенше мал-мүлкін шашып (ысырап қылып), тездетіп жеп алмаңдар», - деді. Демек, жетім баланы бағу үшін алған адам оның малын жемеуі керек. Бірақ, бағу үшін алған адамның жағыдайы әр түрлі. Кейбіреулері бай, өзіне тоқ, кейбіреулері кедей, мұқтаж болады. Осыны есепке алып, Алла тағала аятта бай мен жарлыға бөлек-бөлек үкімді баяндады: «Бай болғандар (жетімді бағып, қарағанына бола) жетімнің малын жемесін. Ал, кедейлер (оны бағып-қаққан еңбегі үшін) лайығымен жесін», - деп рұқсат берді.
Имам Әбу Дауд пен Имам Насай (р. а. ) риуаят етуінше, бір кісі пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) құзырына келді: «Қарамағымда бір жетім бар. Оның байлығы бар. Меніңке жоқ. Оның байлығын өзіме жаратсам бола ма?»- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Ысырап етпей, ынсаппен дұрыс пайдалан», - деді.
Имам Мәлік риуаят етуінше бір сахара арабы Абдулла ибн Аббастың (р. а. ) алдына келіп: «Қолымда жетімдер бар. Олардың түйелері көп. Менің жалғыз түйем ғана бар. Мен түйемнің сүтін кедейлерге беріп отырсам. Жетімдердің түйесінің сүтін ішу маған адал ма?»- деп сұрады. Абдулла ибн Аббас (р. а. ) : «Егер жоғалса, тауып келсең, қотырына, жарақатына қарасаң (жем-шөбін берсең), су ішетін орнын тазалап отырсаң, түйенің баласына зиян келмесе сүтін іш. Зиян келетін болса, сауып алудан қайтарам», - деді», - делінген. Осы тәлім бойынша, мұқтаж адам қажетінше жетімнің малын пайдаланып тұруына болады.
Аяттың соңында: «Жетімдердің мал-мүлкін тапсырып берген кезде айғақшы қойыңдар», деп тағы бір қажетті шарт баяндалды. Алдым-бердім мәселесі өте нәзік дүние. Мұнда біреудің ақысына қиянат жасалуы жасырын емес. Сондықтан, ислам дінінде мұндай іс құжат-дәлелмен, әділ куәлардың қатысуымен амалға асуы ескертіледі. Осылай жасалса, біреудің ақысына қиянат жасалу мүмкіндігі жойылады, бір келіспеушілік шыға қалса, куәлар әділдікті орнатуға жәрдем береді.
Аяттың ең соңғы сөзі «Есеп алуға Алла жеткілікті», сөйлемінің келуі, бұл істе әрқашан Алладан қорықып тұру қажеттігін ұқтырады.
«Ниса» сүресінің 9-аятында: «Кімде-кім артында қалатын ұсақ (жас) балаларына қандай қамықса, басқалардың жетім қалған ұсақ (жас) балалары үшін де сондай қамықсын. (Жетімдер тұралы) Алладан қорқып, тұрасын айтсын», - делінген.
Бұл аяттың тәпсірі: әкесі өліп, жетім қалған балалардың әкесінің орнына екінші әке болған адам сол жетім балалардың орнына өз балаларын қойып ойлап көрсін, деген мағынаны білдіреді. Ол екінші әке өзі өліп қалса, артында балиғат жасына жетпеген жеткеншектері қалып қоюын ойлағанда қалай қорқады?! Осында отырған әрбіріңіз олаңыздаршы, артымызда өзбетінше күнін көріп кете алмайтын перзенттеріміз жылап, қайғырып қалуы қандай қорқынышты? Олай болса, жетім балаларға да барынша көңіл аударып, қамқорлық жасайық. Адам баласы басқаға не істесе, соны оған басқалар қайтып істейді. Адам баласы басқаға жақсылық істесе, сол жақсылығы оның өзіне, не оның бала-шағасына жақсылық боп қайтады. Адам баласы жамандық жасаса, сол жасаған жамандығы оның өзіне немесе бала-шағасына жамандық боп қайтады. Егер бір жетім баланың басынан сипап қайырымдылық көмек көрсетсе, жақсы сөз сөйлеп мейірімділік жасаса, сол жасаған ісінің жақсылығы ол дүниеден өткеннен кейін бала-шағасына міндетті түрде қайтады. Жамандық та солай. Алла тағала Дәуітке (ғ. с. ) айтқан екен: «Ей, Дәуіт! Сен, жетімдерге әкесіндей қамқор бол, жесірлерге жақсы күйеуіндей бол. Сен мынаны біл: «не сепсең, соны орасың, сен адамдарға не істесең, сеніменде солай істеледі. Ақыр, күндердің күнінде сен өлесің ғой. Сонда балаларың жетім, әйелің жесір болып қалмай ма?!»- деді.
Ибн Мұрдауайһ Әбу Барзодан (р. а. ) риуаят етілген хадис шәріпте: «Қиямет күні бір қауым ауыздарынан от лаулап тұрған бойда тіріледі», - деді. Адамдар: «О, Алланың Елшісі, олар кімдер?»- деп сұрады. Расулулла (с. ғ. с. ) : «Алла тағала: «Жетімдердің малын зұлымдық істеп жеп алғандар ішіне от жұтып алған болады», - деген аятын білмейсіңдер ме?»- деген.
Тафсир ғұламасы Ас-Судий (р. а. ) : «Қиямет күні жетімнің малын жеген адам аузы-мұрынан, құлақтары мен көздерінен от лаулап шығып тұрған бойда тіріледі. Әр бір көрген адам оны жетімнің малын жегенін біліп тұрады», деген. Имам Мүслимнің сахихындағы «Миғраж» туралы хадистен үзінді: «Бір кезде бір топ адамдармен бетпе бет келіп қалдым. Олардың бастарына басқа кісілер отырып алған еді. Бастарында отырған кісілер олардың сақалын жұлып жатты, сол араға қолдарымен шоқ боп тұрған тастарды көтеріп келген тағы бір топ кісілер келіп қосылды да, сол шоқ боп тұрған тастарды сақалдары жұлынған адамдардың ауыздарына бірінен кейін бірін салды. Ауыздарынан кірген шоқ тас арттарынан шығып жатты. «О, Жебірейіл періште! Бұлар кімдер?» деп сұрадым. Ол (ғ. с. ) : «Жетімдердің мал-мүлкін зұлымдықпен жегендер. Олар қарындарына тек от толтырып алғандар», - деді. Алла сақтасын!
Имам Бұхари Әбу Хурайрадан (р. а. ) риуаят еткен хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Құрдымға кетіретін жеті түрлі пәлекеттен сақтаныңдар», - деді. Сахабалар: «О, Алланың Елшісі, Олар не нәрселер?»- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Аллаға серік қосу, сыйқыршылық, адам өлтіру, сүтқорлық, жетімнің малын жеу, соғыстан қашу, мұсылман ар-намысты әйелді зина жасауда айыптап, жала жабу», - деп жауап берді», -делінген.
Әл-Хакимнен риуаят етілген хадисте: «Төрт адамның жәннатқа кіруге ақысы жоқ. Олар: маскүнем, сүтқор, жетімнің ақысын жеген адам және ата-анасының қарғысына қалған адам», - деген.
Әрине, бұл тәлім-тәрбие өз орнында мұсылман үмбетіне күшті әсерін тигізеді, деп ойлаймын. Мұсылмандар жесір мен жетімнің малын жемек түгілі жақындаудан қорқатын үмбет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz