Ямайка – Орталық Америкадағы мемлекет



1 Тарихы
2 Экономика
3 Сілтемелер
4 Пайдаланған Әдебиет
Кариб тезіндегі өзі аттас арал мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Жер аумағы 11 мың км2. Халқы – 2,7 миллион (2004 жылы). Халқының 77%-ы зәңгілер, 15%-ы мулаттар, қалғандары үндістер, қытайлар, еуропалықтар. Ресми тілі – ағылшын тілінің жергілікті диалектісі (“креоль”). Тұрғындары негізінен протестанттар. Ямайка – конституциялық монархия. Британ Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған генерал – губернатор басқарады. Генерал – губернатор жанынан кеңесші орган ретінде құпия кеңес құрылған, оның 6 мүшесін генерал – губернатор (премьер – министрдің кеңесімен) тағайындайды. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (өкілдер палатасы және сенат). Атқару билігі премьер – министр басқаратын үкімет қолында. Астанасы – Кингстон қаласы. Әкімшілік – аумақтық жағынан 3 графтыққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні, тамыздың бірінші дүйсенбісі (1962 жылы). Ямайка БҰҰ-ның (1962 жылы), Америка мемлекеттері ұйымының (1969 жылы), Кариб қауымдастығының (1973 жылы) мүшесі. Ақша бірлігі – Ямайка доллар. Ямайканың солтүстік жағасы жартасты, түзу, оңтүстік бөлігі едәуір тілімделген. Жағалауларында маржанды рифтер түзіледі.
1. Қазақ энциклопедиясы, 10 том

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ямайка – Орталық Америкадағы мемлекет. Кариб тезіндегі өзі аттас арал мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Жер аумағы 11 мың км2. Халқы – 2,7 миллион (2004 жылы). Халқының 77%-ы зәңгілер, 15%-ы мулаттар, қалғандары үндістер, қытайлар, еуропалықтар. Ресми тілі – ағылшын тілінің жергілікті диалектісі (“креоль”). Тұрғындары негізінен протестанттар. Ямайка – конституциялық монархия. Британ Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған генерал – губернатор басқарады. Генерал – губернатор жанынан кеңесші орган ретінде құпия кеңес құрылған, оның 6 мүшесін генерал – губернатор (премьер – министрдің кеңесімен) тағайындайды. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (өкілдер палатасы және сенат). Атқару билігі премьер – министр басқаратын үкімет қолында. Астанасы – Кингстон қаласы. Әкімшілік – аумақтық жағынан 3 графтыққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні, тамыздың бірінші дүйсенбісі (1962 жылы). Ямайка БҰҰ-ның (1962 жылы), Америка мемлекеттері ұйымының (1969 жылы), Кариб қауымдастығының (1973 жылы) мүшесі. Ақша бірлігі – Ямайка доллар. Ямайканың солтүстік жағасы жартасты, түзу, оңтүстік бөлігі едәуір тілімделген. Жағалауларында маржанды рифтер түзіледі. Аралдың көпшілік бөлігін әктасты таулы қыраттар алып жатыр. Батысынан шығысына қарай жас шөгінділерден және кристалды жыныстардан түзілген қатпарлы таулар кесіп өтеді. (ең биік жері Блу – Маунти, 2256 метр) Оңтүстік және батыс жағалауы – аллювийлі ойпат. Ыссы, родондық бұлақтар көп. Пайдалы қазбалары – боксит, темір кентасы, қорғасын, марганец, гипс, әктас, мрамор. Климаты тропиктік, ылғалды. Қаңтардағы орташа температура 24 – 250С, шілдеде 280С-ға жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1800 – 2000 метр, оңтүстігінде 800 мм, солтүгіндегі таулы өңірлерде 5000 мм. Ара-тұра дауылдар, жер сілкінісі болып тұрады. Жауынды маусымы мамыр – маусым – қыркүйек – қазан айлары. Құрғақ маусымы қаңтардан сәуірге дейін. Ірі өзені – Блэк – Ривер, төменгі ағысында кеме жүзеді. Аралдың орталығында және таудың солтүстік – шығыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Жазықта саванна өсімдігі басым. Жері күлгінделген қызыл (тауда), қызыл қоңыр топырақты (жазықта). Жарқанаттар, жыландар, үй қояны, қолтырауындар мен ламантиндер, тасбақа, игуана кесірткесі, мангустар, майндар, құстардың 256 түрі (оның 46 түрі тек осы жерде ғана) мекендейді. Хелтшир-Хилс фауналық резерваты, ландшафты және орманды қорықшалар, 2 теңіз саябағы ұйымдастырылған.
Мазмұны

1 Тарихы

2 Экономика

3 Сілтемелер

4 Пайдаланған Әдебиет

Тарихы

Ямайканың ең көне тұрғындары алғашқы қауымдық құрылыстағы өмір сүрген үндістер болған. Олардың негізгі кәсібі – егіншілік, оған қосымша аңшылық пен балықшылық болды. 1494 жылы аралды Х.Колумб ашып, оны Сантьяго деп атаған. Кейін Ямайка (үндістің “Хаймека” – бұлақтар аралы деген сөзінен) атанып кеткен. 1509 жылдан Испанияның отарлауы нәтижесінде үндістер жаппай қырғынға ұшыратылды (1611 жылы 74 үндіс қалды). 1513 жылдан бастап қант құрағы, кофе плантацияларына Африкадан құлдар әкеліне бастады. 1670 жылы Мадрид шарты бойынша Испания Ямайканы Англияның билігіне берді. Осы кезден бастап қант құрағы, кофе, индиго бұрынғыданда артық өндіріліп, Африкадан құлдар көп әкелінді. 18 ғасырда Ямайка шикі қант өндіруден дүние жүзінде 1-орынға шықты. Аяусыз қанау құлдардың наразылығын туғызып, 17 ғасырдың 2-жартысында олар 5 рет, келесі 130 жылда 27 рет көтеріліс жасады. Аралдың қойнауында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын Америка елдері
Америка құрамы
Латын Америка елдері туралы
Оңтүстік Америка
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
Туристік елтану
Үшінші әлем мемлекеттерінің экономикалық жағдайлары
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттер
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Пәндер