КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫ


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫ

Конго-қырым қанды қызбасы (немесе көкала деп аталады) - табиғи ошақты вирустық аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру кененің шағуы арқылы немесе ауру адамнан сау адамға жұғады. Адамдарға кененің шағуы арқылы жұғады. Бұл ауру көктем, жаз мезгілдерінде көбірек кездеседі. Кене қансорғыш жәндіктердің қатарына жатады. Көктем, жаз мезгілдерінде өсіп-өнуі үшін аса белсенділік танытып, жануарларға, сонымен қатар төрт түлік малға және адамға қан сору үшін шабуыл жасайды.

Адам денесіне кене білдірмей және ауыртпай терінің жұмсақ жеріне жабысып қан сорады. Кене Конго-қырым қанды қызбасы ауруы қыздырғышының негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Кене ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштардың тұқымын сақтап, таратып отырады. Сондықтан адам жеке бастың тазалығын сақтамай, кенені қолымен алып, езген жағдайда және қой қырқымы кезінде кененің қаны шашырап жұғуы мүмкін. Созақ ауданында болған қайғылы оқиғаны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Биылғы жылдың 8-мамыр күні Шолаққорған орталық ауруханасына келіп түскен науқасқа дәрігерлер Конго-қырым қанды қызбасы деген диагноз қойды. Науқаспен қарым-қатынаста болған 40-адам Орталық ауруханада дәрігерлер бақылауында болып, емделіп шықты. 34 жастағы қоздырғышты жұқтырған науқастың мамырдың 10-ы күні қайтыс болды. Марқұмды қой қырқымы кезінде кене шаққан.

Аурудың белгілері кене шаққаннан кейін 2-7 күн ішінде білінеді. Науқас адамның дене ыстығы 39-400 С- градусқа дейін көтеріледі. Басы, буындары қатты сырқырап ауырады. Көзі мен тамағы қызарады, тамаққа тәбеті болмайды. Аурудың 2-5-ші күндері мұрыннан, асқазан ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді, науқастың денесі бөртеді. Қол мен теріні қатты басқанда немесе ине шаншығанда қанталап, көгеріп кетеді. Науқас адам дер кезінде дәрігерге көрінбесе, ауру асқынып, өліп кетуі де мүмкін, сонымен қатар қасындағы адамдарға да жұқтырады.

Сақтандыру шаралары:

- Кенені қолмен ұстауға болмайды, қолмен кенені езбеу керек;
- Кене шаққан жағдайда өсімдік майын тамызып, кенені қысқышпен ұстап, оны отқа жағу керек;

- Мал қорадан келген соң, киімдерді қағып, оны мұқият қарап шығу керек;
- Малға қарағанда арнайы сақтану киімдерді (қолғап, халат, шалбар) киген дұрыс;

- Кене шаққан жерін йод ерітіндісімен сүрту керек;

- Қой қырқымы кезінде қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім киген жөн.
- Мал қораны залалсыздандырып тұрған жөн.

Кенеге қарсы бүрку, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу керек, яғни Конго-Қырым қанды қызбасы ауруын алдын алу мақсатында ірі қара, жылқы түйелерге - бүрку, қой мен ешкілерге тоғыту, ал үй іргелік қора-жайларға дезинсекция, дезинфекциялау жұмыстарын міндетті түрде жыл сайын жасатып тұру қажет.

Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан сақтану үшін оның табиғаттағы сақтаушы көзі әрі тасымалдаушы болып табылатын иксод кенелерінің маусымдық өзгерістерін, ауру қоздырғышының жалпы сипаттамасын, клиникалық белгілерін, жұқпалылық негіздерін білу қажет.

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы алғашқы рет 1944 жылы Қырымда жаңа жерді иелену мақсатында келген қоныс­танушылар мен әскерлер арасында болған ауру адамдар арасында зерттеліп, анық­талды. Ғалымдар аурудың кенелер арқылы таралатынын және тасымалдаушы екенін дәлелдеді.

Аурудың табиғи ошақтары көптеген елдердің шөлейтті, жартылай шөлейтті аймақтарында шоғырланған, сондықтан көбіне Африка елдерінде (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т. б. ), Косовода, Бол­га­рияда, Қытайда, Ресейде (Ставрополь, Краснодар, Ростов, Астрахан, Қырым) және Орталық Азияда тіркелуде. Ауру 20-60 жас аралығында жиі кездесіп, олардың үлес салмағы 80 пайызға дейін жетеді. Аурудың өршуіне экологияның және климаттың өзгеруі де әсер етеді.

2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына конго-қырым геморра­гиялық қызбасының анықталған жағдайы туралы Үндістанның Гүджарат штатынан жедел ақпарат түсті. Бұл биыл да эпизо­отологиялық тұрғыдан аурудың шиеленісуі мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Қазақстан конго-қырым геморрагия­лық қызбасының табиғи ошақтары бар мемлекеттердің қатарына жатады. Белсенді табиғи ошақтар Оңтүстік Қазақстан, Жам­был және Қызылорда облыстарында орна­ласқан. Сонымен қатар табиғи ошақтар­дың жандану мүмкіндігі Қарағанды, Атырау, Алматы облыстарында сақталу­да.

Соңғы жылдары эпидемиялық жағдай республика көлемінде күрделі жағдайда қалуда. 2010 жылы 19 науқас анықталып, оның ішінде 17-сі Оңтүстік Қазақстан облы­­сынан, екеуі Қызылорда облысынан болды.

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы, вирусы бар иксодты кенелер арқылы жұ­ғады. Кененің белсенділік мезгілі еліміздің оңтүстік бөлігінде наурыз - сәуір айлары­ның басында басталады. Осы қауіпті аймақта жалпы саны екі миллионнан астам халқы бар 995 елді мекенде орналасқан тұрғындарға айтарым: міндетті түрде жеке бастың сақтандыру шарасын біліп, төніп тұрған жұқпадан қорғану керек.

Адам аурудың қоздырғышы бар кене шаққанда, кенелері бар жануармен қаты­нас­та болғанда, оларды жайлағанда, қой қырықтығы кезінде және ауырған адамның қанымен қарым-қатынаста болғанда жұқ­тырады.

Табиғи ошақтың тұрғындары бірінші кезекте кене шағудан қорғайтын арнайы киімді далалық жердегі жұмыста қолданып, жұмыстан соң киімнің сыртқы жағын тек­серіп және кенені үркітетін реппелент­терді пайдалануы қажет. Тұрғындар, әсіре­се ауылдық, қолайсыз аймақтағы тұра­тын­дар тазалық ережелерін сақтауы керек. Қан сорған кенені дереу абайлап, тұмсы­ғын денеде қалдырмауды қадағалаған жөн. Қан сорған кенеге кез келген майды, керосинді тамызып, пинцетпен немесе мық­ты жіппен ырғау арқылы теріден шы­ғару керек. Егер теріде кененің тұмсығы қалса, оны тікен алғандай денеден алып және шаққан жерді иод тұнбасымен залал­сыздандыру қажет.

Адам конго-қырым геморрагиялық қызбамен ауырғанда дене қызуы 40 гра­дусқа дейін көтеріліп, келесі күні лоқсып, құсқысы келеді, іші өтеді. Содан кейін, беті ісініп, қызарады, тілінің үсті ағарады. Сыр­қат басталғаннан екі-төрт күн аралығында нау­қастың мұрнынан қан кетіп, ол үш-жеті күнге созылады, кейде асқазанға да қан құйылуы мүмкін, асқазан мен ішекке қан кеткенде, адамның үлкен дәреті қараяды. Тістерінің түптері босап, қанайды, тіпті аузынан бірнеше күн қатарынан қан ағады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, әлсіреп, жүректің соғуы жиі­лейді. Бұл ауру адамды дер кезінде ем­демесе қазаға ұшыратуы мүмкін. Конго-қырым гемор­рагия­лық қызбасының жеңіл түрі де бо­лады. Мұндайда адамның дене қызуы ұзақ­қа созылмайды, тері астына қан кетіп, тіс түптері қанталайды. Бір-екі рет мұрны­нан қан кетеді, содан кейін адам жеті-он күннің ішінде жазылады. Ал кей жағдай­ларда геморрагиялық қызба ау­руынан жазылу бір жарым-екі айға дейін созылуы мүмкін.

Жеке қорғану шараларынан басқа елі­мізде Үкімет тарапынан жалпы кенеге қар­сы күрес жұмыстары жүргізілуде.

2011 жылы наурыз айында Тараз қала­сында конго-қырым геморрагиялық қыз­ба­сының біркелкі әдістемелік, алдын алу шаралар туралы семинар өткізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геморрагиялық Қырым-Конго қызбасы вирусы
Туберкулез ауруының сипаттамасы
Трансмиссивті инфекция қоздырғыштар
Қызба немесе лихорадка
Балаларда кездесетін жұқпалы аурулардың алдын алу
Дезинфекцияның химиялық заттары
Геморрагиялық қызбалар
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Жұқпалы аурулардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz