Шәкәрім шығармалары



Кіріспе
1. Мен жетелеп өлемін, өрге қарай қазақты
Негізгі бөлім
2. Шәкәрім аудармалары
2.1 шәкәрім шығармаларының зерттелуі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз - Шәкәрім болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1931 жылдың сарыала күзінде алты мүшел – 73 жасқа қараған Шәкәрім қажы Бақанаста, елсіз «Саятқора» маңында ГПУ-дің жендеттері оғынан қайғылы қазаға ұшырап, отыз жыл бойы тәні көмусіз, ойпаңдағы құр құдық түбінде қалды. «... 1961 жылы 26 июльде Бақанасқа бардым. 27 июльде әкемді тастаған құдықты жалғыз қазып, 28 июльде және қазып, барлық сүйегін түгел алдым. Тек, оқ бүлдірген екі сүйегі болды. Бірі - оң жақтағы тоқпақ жіліктің басын үзген. Екінші атқан оқ төс сүйектің ортасынан өтіп, оң жақ омыртқаның қанатын сындырған. ... 7 августе қабірі қазылды, 8 августе Абай зиратының қасына жерленді», - деп есіне алады Ахат Шәкәрімұлы. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Шәкәрім Құдайбердиев қоғамдық, әлеуметтік, рухани-мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздады.
1. Бөкейханов Ә. « Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі » ,
« Қазақ » газеті, 1913ж, № 12

2. Мұхаметқанов Қ, « Шәкәрім » ( өмірі мен творчествосы жайында ) ,
« Қазақ әдебиеті » газеті, 1988ж, 15 сәуір

3. Мағауин М. Абайдың ақын інісі, « Жұлдыз » журналы, 1988ж, № 8

4. Әбдіғазиев Б, Ақынның асқақ үні, « Жалын » журналы, 1990 ж, № 5

5. Балғабаев М, Дос болып қас болғаннан сақта құдай немесе тағы Шәкәрім тағдыры туралы, « Жұлдыз » журналы, 1990ж, №12

6. « Жазықсыз жазаланған қаламгерлер », « Қазақ әдебиеті » газеті,
1990ж, 30 наурыз

7. Мырзахметов М, Төрт құбыламызды түгендейік, « Ана тілі » газеті, 1991ж, 22 тамыз

8. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, « Жазушы » , 1988 ж.

9. Дербісалин Ә. Әдебиеттер туралы толғаныстар. Алматы, 1990 ж.

10. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. Алматы, « Рауан » , 1991 ж.

11. Әбдіғазиұлы Б. Асыл арна, ( Абай дәстүрі мен Шәкәрім ) . Алматы: Қазақ университеті, 1992 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

1. Мен жетелеп өлемін, өрге қарай қазақты
Негізгі бөлім

2. Шәкәрім аудармалары

2.1 шәкәрім шығармаларының зерттелуі
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген,
қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз - Шәкәрім болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде қазіргі
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1931 жылдың сарыала
күзінде алты мүшел – 73 жасқа қараған Шәкәрім қажы Бақанаста, елсіз
Саятқора маңында ГПУ-дің жендеттері оғынан қайғылы қазаға ұшырап, отыз
жыл бойы тәні көмусіз, ойпаңдағы құр құдық түбінде қалды. ... 1961 жылы 26
июльде Бақанасқа бардым. 27 июльде әкемді тастаған құдықты жалғыз қазып, 28
июльде және қазып, барлық сүйегін түгел алдым. Тек, оқ бүлдірген екі сүйегі
болды. Бірі - оң жақтағы тоқпақ жіліктің басын үзген. Екінші атқан оқ төс
сүйектің ортасынан өтіп, оң жақ омыртқаның қанатын сындырған. ... 7 августе
қабірі қазылды, 8 августе Абай зиратының қасына жерленді, - деп есіне
алады Ахат Шәкәрімұлы. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық Шәкәрімді
екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Шәкәрім Құдайбердиев
қоғамдық, әлеуметтік, рухани-мәдени, әдеби өмірге белсене араласып,
гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздады. Ол
- әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, философ, тарихшы, ол композитор
және музыкант, Орыс және Шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған
шебер аудармашы, ол терең ойшыл әрі бармағынан бал тамған сегіз қырлы
өнерпаз - үлкен мәдениет қайраткері ретінде артына мол әрі көркем мұра
қалдырды.
Шәкәрімнің есімі 1917 жылғы төңкеріске дейін-ақ танымал болған еді.
Шежіре түрінде жазылған таза тарихи еңбегі - Түрік, қырғыз, қазақ һәм
хандар шежіресі Орынборда 1911 жылы басылып шығады.
Шәкәрімнің 1878 жылдан бастап 1904 жылға дейін жазған өлеңдері Қазақ
айнасы деген атпен 1912 жылы жеке кітап болып, Семей қаласында Жәрдем
баспасында басылып шыққан. Көлемі 50 бет. Барлығы - 30-ға тарта өлең.
Шәкәрімнің бұл жинағы жасы қырықтан асқан соң тапқан алғашқы жаңа қыры, тың
бағыты еді. Қазақ айнасы дегені - елдің қисығын түзейтін, оң-терісін
көрсететін айна екенін білдіреді. Әдебиетші ғалымдар Ә.Тәжібаев пен
Ш.Сәтбаеваның пікірінше, аталмыш кітап ақын өлеңдерін сұрыптап, өзі
жүйелегендігімен және өзі бастырғандығымен де қымбат . Өлеңдердің
жазылған жылдары белгіленбеген.
1888 жылы Қалқаман-Мамыр поэмасын, 1891 жылы Еңлік-Кебек
поэмасын жазады. Бұл поэмалары 1912 жылы жеке кітап болып, Семейде басылып
шығады.
Ләйлі-Мәжнүн ( Фзулидан ) поэмасын 1907 жылы жазған,
Дубровский әңгімесі ( Пушкиннен ) 1908 жылы жазылған, Хафиз ақынның
өлеңдерін аударған, 1904 жылы Дума деген поэма жазған. Мысал өлеңдер,
жұмбақ өлеңдер, нақыл сөздер, Жайлаудың басымен айтысы , Қодардың
өлімі атты поэма, Ұждан , Қолшатыр бұйрығы әңгімелерін, Үш анық
, Жан мен тіршілік туралы , Адам баласының шын бақытты өмірі туралы
әңгіме тағы басқа шығармаларын жазады. Абай өмірбаянын, Қазақ лұғаты
деген еңбегін жазумен шұғылданады.
Американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриеттің Амеикадағы құл иемдену
озбырлығы туралы жазған Хижина дяди Тома ( Том ағайдың балағаны )
романын, Лев Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың алғаш негізін салып, іргетасын
қалаған Ә.Бөкейханов , А.Байтұрсынов сияқты ойшыл қайраткерлер болды.
Шәкәрімнің Абайдан кейін қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-
жақты дәлелдеп, ақын поэзиясының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделігін
анықтады. Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам, дін мәселелеріне ерекше
назар аударғандығын алғаш тілге  тиек еткен. Қазақ қоғамының саяси-
әлеуметтік мәселелеріне қатысты Шәкәрім пікірлерін қуаттайтын Ә.Бөкейханов
Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі, Қалқаман-Мамыр поэмалары
жөнінде жазған сын мақалаларында  Шәкәрімнің творчестволық лабараториясына
жоғары баға беретін ой- тұжырымдарын шәкәрімтанудың бастауы ретінде
қарастыруға болады.
Кейбір абайтанушылардың айтуынша, сондай-ақ Абай ауылының
азаматтарының естелік әңгімелеріне қарағанда, ақынның әрі інісі, әрі
шәкірті Шәкәрімге қазақтың шығу тегі жөнінде арнайы зерттеп, оны халықтың
өзінің төл шежіресімен сабақтастыра отырып, бұрыннан қалыптасып қалған
жаңсақ ұғымдардың терістігін ұғынықты етіп дәлелдеп, жаңаша тарих жазуды
тапсырады. Мұны Шәкәрімнің өз сөзі де жоққа шығармайды. Абай Қазақ
шежіресін жаз деп, он тоғыз жасымнан қазақ шежіресін жинай бастадым , -
деп жазады.
Абайдың шежіре-тарихты жазуды басқа шәкірттерінің біреуіне тапсырмай,
Шәкәрімге беруі оның өз жолын қуған өзгелерден гөрі ғылым жолына ден қойып,
тарихи шығармаларды зерделей оқып жүретіндігі, бірнеше тілді жетік білетін
қабылеттілігі себепкер болғанға ұқсайды. Бірақ аға артқан ауыр міндеттің
жауапкершілігін сезінген зерделі іні терең зерттеп, ұзақ ізденудің
салдарынан бұл еңбекті Абайдың көзі тірісінде жазып бітіре алмайды. Абайдың
ажал сағаты тақап, соңғы демі таусылар алдында етбауыр жақындарымен
бақұлдасқан сындарлы сәтте де ұлы ақынның інісінен сұрағаны осы шежіре-
тарихтың жайы көрінеді. Сонда Шәкәрім Абай ағасына өзі талап еткендей
мағынада жазып шығуға қолда бар тапқан деректерінің әлі аздық ететіндігін,
жолай Стамбул шаһарына соғып, соның кітапханасынан нақты деректер алу үшін
қажылық сапарға шығуға әрекет жасап жүргенін айтып, тапсырмасын сөзсіз
орындайтынына уәде береді. Абай бұл тапсырманың енді аманатқа айналып,
қашан орындағанша мойынында болатынын айтады. Шәкәрім ағасының осы
азаматтық аманатын адал орындап, Абай бұл дүниеден көз жұмғаннан кейін жеті
жыл өткен соң, Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі деген атпен 1911
жылы Орынбор қаласында бастырып шығады.
1915 жылы Қыр баласы деген атпен Ә.Бөкейханов Қазақ газетінің
121-ші санында Шәкәрімнің эпикалық дастаны Қалқаман-Мамыр поэмасы
жайында : Бұл кітап 1912 жылы басылған. 1914 жылдан бері иғланы Қазақта
басылып, оқушыларға білінді. Мұны шығарған Қазақ пен хандар
шежіресін жазған Шәкәрім. Шәкәрім Абайдың ағасы Құдайберді баласы. Абай
барда таласып ақындық қылып, жарыққа шықпай, көлеңкеде жүре берген. 1900
жылы Шыңғыс елін жазған Иван Флипович Гусев Шәкәріммен сөйлескен. Маған
сонда айтты: Жұрттың бәрінің аузына алғаны Абай. Шәкәрімнің білімі де
қазақта жоқ екен деді. Гусев Шәкәрімнің тамырын тауып ұстаса керек.
деген тұжырым жасайды. Сондай-ақ Бөкейханов Жұрт көзін ашуға Қалқаман-
Мамыр сияқты өлең өте керек , - деп жазады.
Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі еңбегі туралы да
Шәкәрімнің ниеттес досы Әлихан Бөкейханов 1913 жылғы Қазақ газетінің
№12 санында ғұлама ақын еңбегіне жазған пікірінде: Мұнан бұрын қазақ
шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкәрімнің бұл кітабы –
қазақ шежіресінің тұңғышы, қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді
осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі,
Шәкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа. Кітап жиған жері жоқ, көшпелі
далада жүріп Шәкәрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай жұмыс емес ,- дейді.
Мұсылман сиезі мақаласында Абай, Шәкәрім, Міржақып, Мағжандай
ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған бес миллион қазақтың тілі қалай жоқ
болады деген құнды пікір жазады.
Шәкәрімнің Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі еңбегінің
басқалардан бір өзгешелігі, ол түркі дүниесі тарихының белгілі бір
кезеңдерін жүйелеп, ой елегінен өткізіп барып қазақ шежіресін, яғни тарихын
жазуға ұмтылған. Демек, бұдан оның қазаққа ауызша ғана емес, жазбаша
тарихтың да аса қажеттігін ерте түсінген білгір тарихшы екенін көреміз. Осы
орайда ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытов Желкек
деген бүркеншік есіммен жариялаған Шәкәрім ақсақалға атты мақаласында (
Қазақ , 1916, №168, 9 ақпан ) : Шәкәрім ақсақал шежіресіне жеңіл-
желпі жұмысша қарамай, терең ойлап, көп оқып, сан салыстырып барып жазғаны
көрініп тұр. Бұл турада ақсақалды қазақтың Карамзині десек, артық
мақтаған болмаспыз. Түрік тарихымен танысқысы келген адам бұл шежірені
оқымай кете алмайды деп жазады. Шынында, қазақтың Карамзині атанған
Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл ісі кейінде ұлт зиялыларына үлкен үлгі-өнеге
болды. Мәселен, Шәкәрім ақсақалдың осы шежіресінен соң, 1920 жылы
Мұхамеджан Тынышбаев, Санжар Асфендияров, Халел Досмұхамедов және т.б.
қазақ тарихы тақырыбына арналған көлемді еңбектер жазып, жарыққа шығарды.
Олай болса, Алаш қайраткерлерінің Шәкәрім қажыны көзі тірісінде-ақ орыс
халқының отандық тарихының негізін қалаушылардың бірі Карамзинге теңеуі
тегін еместігін көреміз.
ХХ ғасырдың он жылдығында ағартушылық-демократтық ізденістер
нәтижелерінің бірі – қазақ журнал, газеттері шыға бастауын қуана қарсы
алғандардың бірі – Шәкәрім. Ол Айқап журналы мен Қазақ газетіне
арнап өлең жазды. Таң журналына екі рет өлеңмен байғазы арнады.
А.Байтұрсынов Шәкәрім поэзиясында өтірік әсерлеу, утопизм жоқ
екендігін тілге тиек етеді. Шәкәрім кейіпкерлері қарапайым адамдар арасында
жүріп өздерінің ерлігін, білімділігін, мәдениетін көрсете білген дара
адамдар. Ахмет Байтұрсынов мұндай жырларды әуезе жыр дей келіп: әуезе
жырлар тікелей тарихи оқиға шеңберін қатаң ұстамайды, жыр шығарушының
қиялы еркін болады. Бірақ, жыр шығарушы адамды орынсыз көркейте, көтере
бермейді, – дей келіп:  Әуезе жыр мысалдары Шәкәрімнің  Жолсыз жазасы,
Қалқаман-Мамыры, Мағжанның Батыр Баяны сияқты сөздер –деп ой түйеді.
Абай мұрасының қадір-қасиетін терең түсіне бастаған халық Шәкәрімге
үлкен үмітпен қарағанын сол кездегі зиялылардың бірі, белгілі революционер-
большевик, азамат соғысының қаһарманы, журналист, жазушы әрі тарихшы
Сабыржан Ғаббасов 1915 жылы Айқап журналында жарияланған Тарих қазақ
жайынан деп аталатын еңбегінде: Ибраһим мырза яғни Абайды білмеген жұрт
жоқ. Абай мырза өте дана, өте шағыйр( ақын ), философ бір адам. Бірақ жұрт
қадірін тірі шағында білмесе де, осы күні оны әркім сағынады. Өлгеніне
бірнеше жыл болған Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына
қадірлі ақсақал Шаһкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. Бұл адамның жазған
кітаптарын қолға алып қарай бастағанда, бұл кітап жазушы ақсақалдың үлкен
әкесі марқұм қажы Құнанбай қандай болғанда, ағасы Абай қандай болған деп
ойға алынады... Бұл күнде милләтіне( ұлтына ) қаламымен қызмет қылып
жатқан құрметті, аса қадірлі Шаһкәрім, күміс ер-тоқым, күміс белдік, жуан
бос құрсаққа мас болып, қажы деген сөзге төбесі көкке жеткендей болып
жүрген қажыларымызға үлкен-ақ үлгі боларлық зат... Шаһкәрім сияқты
ақсақалдарымыздың ғұмырына берекет беріп, оқыған жастарымызға Шаһкәрімдей
болуға нәсіп етсін , - дейді. ( Айқап , №6, 1915 жыл )

Шәкәрім поэзиясының тақырыптық
ауқымдылығын, идеялық тереңдігін, мазмұнының кеңдігін, әлеуметтік
қажеттілігін атап көрсеткен М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетінің
даму процесіне арналған  Абайдан соңғы ақындар атты  мақаласында:
Шәкәрім, көбінесе, өлеңі халыққа ұғымды болуын көздейді. Және өлеңі арқылы
халықтың ақылын да тәрбие қылып жетілдіргісі келеді. Осы күнгі ақындардың
ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса да, ішкі мағынасымен еліктеген
кісі – Шәкәрім. Мінді, кемшілікті, айтқанда жерлеп, шенеп, оңдырмайтын
Шәкәрім өлеңінде шанышпа, ащылық бар , – деп, Шәкәрім поэзиясының
реалистік сипатына баға берілген. Осы мақалада Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек
Аймауытов Шәкәрімнің еңбектеріне оң баға бере отырып, Шәкәрімді Абайдың
жолын қуған бірден-бір шәкірті және ізбасары деп бағалайды.
1922 жылы Ләйлі-Мәжнүн поэмасының Шолпан журналының бірнеше
санына шығуына М.Әуезов көмектесіп, кейін 1935 жылы оның жеке кітап болып
шығуына С.Сейфуллиннің сіңірген еңбегі зор. Ол Әдебиет майданы журналының
редакторы қызметін атқарған кезеңде Шәкәрімнің Пушкиннен ( Метель )
Боран атты аудармасын бастырып шығарды. Пушкиннің көркем сөзбен жазған
шығармасын ақын поэзия тілімен аударған. Осы тұрғыдан келгенде, С.Сейфуллин
ақынның осы еңбегіне ерекше баға беріп, түсініктемеде прозалық шығарманы
өлеңмен аудару ерекшелігі аталып өтті және ақын аударған Ләйлі-Мәжнүн
дастанына да алғысөз жазып, өзіндік көзқарасын білдірді.
Бейімбет Майлин Айқап ойларында бар ма? мақаласында Шәкәрім
ақсақал қазақтың оқыған азаматтарынан Қазаққа да, Айқапқа да жазып
тұруларын өтініп, береке-бірлікте болуды тілегенін, алайда ол тілек жалғыз
Шәкәрімнің ғана тілегі емес, бүкіл қазақтың тілегі екенін айтады.
Ақын мұрасын халық қазынасына айналдырудың қажеттілігі туралы белгілі
жазушылар Ә.Нұрпейісов пен Ә.Әлімжановтың Литературная газетада
жарияланған мақалаларында жазды. Бұл мақалада Шәкәрімнің үлкен ақын
екендігі, Лев Толстоймен хат жазысып тұрғаны туралы аталып айтылған.
Қазақ зиялыларының жазықсыз жапа шеккен жайын аңғара білген
белгілі қаламгер Ғабит Мүсірепов Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы
ретінде жоғарғы жаққа хат жазады. Шәкәрім қажының таланты мен білімін
бағалаған Ғабит Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетіне жолдаған
хатында: Сіздердің Шәкәрім Құдайбердиев жөнінде сұрақтарыңызға берер
жауабымыз: Танымал әрі атақты ақын ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 30
жылдары аралығында өмір сүрген Шәкәрім Құдайбердиев – ауқатты отбасынан
шыққан ( Оның әкесі – Құнанбай аға-сұлтанның үлкен ұлы болған) . Жеті
жасынан әкеден жетім қалып, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың отбасында
тәрбиеленеді. Абай Шәкәрімнің шығармашылық жолға түсуіне көптен-көп әсер
етіп, бағыт-бағдар беріп отырған. Араб тілін ерте меңгеріп, Абайдың
көмегімен шығыс және орыс классик-ақындарының шығармаларымен танысады. Өз
заманының білімділерінің бірі болған Шәкәрім, артына көптеген шығармалар
қалдырады.
Өз өлеңдерінде Шәкәрім Құдайбердиев адалдықты, әділдікті, шындықты,
адамгершілікті жырлай отырып, жастарды білімге, өнерге шақырады. Сонымен
қатар, сараң билерді, әділетсіз басшыларды сынға алады. Бұл ,әсіресе, Ей,
көп халық , Адамшылық , Кәрілік туралы , Жастық туралы ,
Ашу мен ынсап , Мақтау мен сөгіс , Мінеу мен күндеу т.б.
өлеңдерінде көрініс тапқан.
Шәкәрім Құдайбердиев Әділ-Мәрия повесті мен Қалқаман-Мамыр ,
Еңлік-Кебек , Нартайлақ-Айсұлу сияқты танымал поэмалардың авторы.
Еңлік-Кебек поэмасында ең алғашқылардың бірі болып қазақ әдебиетінде әйел
теңсіздігі жөнінде қалам тартып, өз бас бостандығы үшін күрескен әйел
образын жасап шығарады.

Шәкәрім аудармалары
Абай сияқты Шәкәрім де феодалдық- рулық ортаның мінез-құлқын, моралін
жат көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жарықшақты көре білді.
Шәкәрім лирикасындағы және бір озық дәстүр Батыс әдебиетінен. Ақын
қаламы арқылы Батыстың бірқатар туындылары қазақ еліне танылды. Шәкәрім
орыс мәдениетін, әдебиетін игеру жолында ұлы ұстазы Абай үлгісіне берік
болды. Шәкәрім Гоголь, Пушкин, Лермонтов, Тургенеов, Толстой, Некрасов,
Солтыков-Шедрин т.б. орыс классиктерінің маңдай алды озықтарымен таныс
болды. Ақын орыс ғалымдарының еңбектерін өзінің тарихи-философиялық,
эстетикалық ой-тұжырымдарын қалыптастыруда сәтті қолдана білді. Шәкәрім
патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның
жетістіктеріне сүйенді, халықтар достығы мен туыстығын қуаттады (Мен
ұлтшыл емеспін, жақыным мынау демеспін). Орыс, батыс әдебиетінің тамаша
үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармашылығын аса
жоғары бағалап, (Ақиқат сырымды айтсам Толстойдың, мың сопыны алмаймын
тырнағына) өз халқын дүние жүзінің озық мәдениетін игеруге шақырды. Өзін
ғұмыр бойы Л.Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды.
Американ жазушысы Гарриет-Бичер Стоудың (1811-1896) Том ағайдың балағаны
романын, Л.Н. Толстойдың Үш сауал т.б. әңгімелерін, А.С.Пушкиннің
Боран, Дубровский повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің Ләйлі-
Мәжнүн дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907). Ләйлә-Мәжнүн (1907)
поэмасында Шәкәрім көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз етіп алып,
махаббат пен құштарлықты жырға қосты.
Шәкәрім халық ауыз әдебиетінен, орыс, шығыс, батыс әдебиетінен толымды нәр
алып, бірнеше тілді білген. Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің
таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастады.
Соның ең елеулілерінің бірі – А.С. Пушкиннің Дубровский романы. 
  Пушкинді қазақ даласында сөйлеткен Абай ұстазынан кейін Шәкәрім
Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды. Дубровский мен Боран
хикаясын өлеңмен өрнектеп, қазақ тыңдаушысына танымал, жақын уақиға етіп
береді, қазақ ортасында болғандай етіп сенімді суреттейді. Бұл хас
шеберліктен, ізденімпаздықтан туындап жататын кемел құбылыс екендігінде шәк
жоқ. Дубровский әңгімесі Қайым Мұхамедханов 1908 жылы жазылған дейді,
шығарма 1924 жылы Семейде жеке кітап болып басылып шығады. 1903-1910 жылдар
Шәкәрімнің айтулы дастандар жазған жемісті жылдары болған. Сол жылдары
Шәкәрім қазыла ізденіп, батыс, шығыс, орыс әдебиеттерін оқыған сияқты. 
Шәкәрімнің поэзиядағы пірі – Пушкин. Пушкинді сөйлетіп қойып өзі
тыңдайды, баяндау мәнеріне, стильіне , тереңдігіне , жинақылығына,
қолжетпес қарапайым прозасына тәнті болады. Пушкин прозасының тигізген
әсері соншалықты; ақын оны қарасөзбен айтып жеткізе алмасына көзі жетіп,
қазақтың он бір буынды қара өлеңімен алып шығады. Қара сөзбен берілген
ойды, сан қилы суретті поэзия тілімен жеткізу орасан зо еңбекті қажет
еткені талассыз. Қазақ ұғымына қонымды шығарма тыңдаушысын елең еткізіп,
тәржіме көшірме күйінде ел арасына тарап кетеді. Дастанның баспа жүзін
көрмей жатып , бұлай тарап кетуінің өзі Шәкәрім талантының
тегеурінділігін , адамсүйгіш мінезін танытады. 
1924 жылы ақын көзі тірісінде Семейде кітап болып басылып шықса,
1935 жылы А.С. Пушкин таңдамалысы қайтадан басылып шығады. Сөйтіп орыс
хикаяты қазақтың өлеңмен жазылған хикаясына айналады. 
Шәкәрім Дубровский әңгімесін бастамастан бұрын Сөз алдынан деп
124 жол кіріспе береді. Шәкәрім кіріспесінде не себепті қолға алғанын, осы
сөздің қазаққа керектігін, кімнен, қалай қабылдарын қысқаша баян ете
кетеді. Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін деп автордың өзі айтқандай, әрі
қарай орысша, қазақша текстерді салыстыру кезінде шетке де шығып кетпей,
шын жанасып отырғанын байқадық. 
    Дубровский Пушкинде 19 тоғызыншы тараумен, яғни Дубровскийдің шет
елге кетуімен тәмамдалады. Шәкәрімнің қолынан шыққан Дубровсикийдің
әңгімесі Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі, хикаяттың дастанға
айналуы. 
Автор түпнұсқасын түгел теріп жатпайды. Шәкәрімнің Дубровскийі
Пушкин тақырыбын негізге ала отырып, жазылып шыққан, қазақ топырағындағы
жаңа дастан. Қазақ оқырманының эстетикалық талғамын тәуір білетін Шәкірім
Дубровский хикаясын ана тілінде жүргізеді. 
Дубровский Пушкинде 19 тараудан тұрады. Шәкәрім сол тараулардың
ізімен жүре отырып, артық-ауыс кетпейді. Кісі аттарына көп өзгеріс
кіргізбейді. Пушкиннің кей тұста толығырақ айтып кететін суреттеріне Шәкірм
көп тоқталмайды. , бірер шумақпен бейнелейді. Пушкин фразасының өлеңмен
берілген түрі , хикаяттың дастанға айналуы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері
аттары сол күйінде қалғанымен, іс-әрекеттері сол түпнұсқа күйінде
қалғанымен, қазақ даласында өтіп жатқандай әсермен суреттеледі. Негізі 1908-
1909 жылы Дубровский әңгімесі, Боран жылдары қатар аударылса керек. 
  Боран бес-алты беттен асатын шағын әңгіме, оны Шәкәрім 248 жол
өлеңге түсіріпті. Кейбір кісі аттарына жасаған сәл-пәл өзгерісі болмаса,
мазмұны сақталған. 
    Пушкин тақырыбын қырда қайтадан жырлап, ұлттық әдебиетке жаңадан бір
тың өріс ашып беріп кетті.  Шәкәрім қажының Мекке-Мәдине сапарынан кейінгі
жасаған өзіндік бір шығармашылық белесі бар.Ол Иранның Шираз қаласынан
шыққан төрткүл дүниеге аты мәшһүр шайыры Хафиз поэзиясына ден қойды.
Аударам деп еліктеймін деп емес, өзгенің өзекті шыңынан өз өлеңіне өрісті
өрнек алып қосу үшін барды. Егер сүйікті сол бала деп басталатын
Шәкәрімнің Хафизден алған аудармасы құрылысы, сыртқы, ішкі пішіні жағынан
шалыс ұйқаспен жазылған қазақ өлеңінің санатына жатады. Небәрі отыз екі
жолдан тұрады. Хафизде бұл өлең он сегіз жолдан құралған. Хафизде арнайы
тақырып болмайды.Тақырыбы ғазалдың бірінші жолы боп саналады. 
    Әрине Шәкәрімнің көркем аудармасының тілі нұсқа тілінен алшақтау болса
да, негізгі желіден алшақтау болса да, негізгі желіден қашықтап кетпей
қосарланып тілдеседі. Автор түпнұсқадағы орамдарды қазақы қалыпқа түсіріп,
Хафиз ғазалының эстетикалық көркемдік сапасын сақтап, қазақша жатық
баламалар жасайды. Сөйтіп, ол өз ғасырындағы қазақ тыңдарманы , оқырманы
үшін түпнұсқаның өрнекті ерекшелігін қазақ ұғымымен үйлестіріп барып,
таңдай тұщытатын тәржіма жасайды. Сөйтіп, қазақ қауымының ортасына
лириканың жаңа түрін әкелді. Шығыстың, Еуропаның, орыстың поэзиясын жетік
меңгерген Шәкәрім Хафиз ғазалының қазақ тіліндегі тың үлгісін сомдап
кеткен. Кел, аяқшы, қымыз күй деп басталатын Шәкәрім тәржімасы Хафизде
Сақы, нұр шашқан шараптан құй делінген. Парсы шайырының төрт жолы қазақ
ақынында сегіз жолға айналып келеді. Аудармашы жолма-жол аударуды мақсат
етпеген. Түпнұсқаны терең түсіне отырып,онымен тепе-тең жарыса келе,
өзіндік өрнек жасаған. Егер атақты атамыз Хафиздың көлеңкесінде қалып
қойса, мұншалықты дербес , жатық жыр шықпаған болар еді. 
    Кешегі басшы піріміз аудармасы да Шәкәрімнің лирик, ойшыл екенін және
бір танытып, дәлелдеп өтеді. Асыл нұсқадан тікелей тартқан аудармасы оның
ірі талант иесі екендігін көрсетеді, ақыл парасатына жүгіндіреді.Хафизбен
тілдескенде соны дәлелдейді. 
Шәкәрім мен Гете шығармашылығындағы ой, сөз, іс бірлігі идеясының үндесу
ерекшеліктерін көрсететін негізгі типологиялық ұқсастыққа жататындар деп
мыналарды көрсетеді:
1) Шәкәрім де, Гете де өз шығармаларында идеолистік философияны жақтаушылар
ретінде әлемді ең бірінші ой жаратты деген идеяны алға тарта отырып, ойды
сөз істен ( қозғалыс ) бөлінбейтін бірліктегі субстанция ретінде жырлаған
ойшылдар.
2) Екі ақын шығармаларында кез келген қозғалыс ұғымы жан, мән, қуат, ой,
сөздің адамнан жоғарғы объективті болмысқа қатынасы тұрғысынан қамтылған
макорскомдық үйлесімді білдіреді.
3) Қозғалыс түсінігі сонымен қатар әлемді оймен, сөзбен, іспен өзгерту,
халық игілігі үшін еңбек ету мағынасындағы ағартушылық идеямен бірліктегі
ұғым. Шәкәрімнің идеялық әлемінде қозғалыс ұғымы мәңгі көш дүние және
жол философиясына сәйкес ұлттық идеяға сөздің тұрақты энергетикалық-
субстанциялық қатынасын көрсетсе, Гетеде сөз образы
Логостық бүкіл әлем идеясы мен інжілдік мотивтердің интуициялық
поэтикасының үндестігі болып табылады.

   

Шәкәрім шығармаларының зерттелуі
Ғұлама ақын есімі ақталып, әдебиетке қайта оралған жылдары және
тәуелсіздік жылдарындағы Шәкәрім шығармашылығының зерттелу деңгейі қандай
болды?
Әдеби және ғылыми жұртшылықтың қалауына орай Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитеті Бюросының шешімімен 1987 желтоқсан айында Шәкәрім
Құдайбердиевтің шығармашылық мұрасын зерттеу жөнінде комиссия құрылған
болатын. Бұл ақынға ұзақ уақыт бойында буржуазиялық-ұлтшыл Алаш
партиясының қызметіне, коллективтендіру жылдарында Шыңғыс таулары
қойнауларында қаскөйлік әрекеттер жасаған бай-кулак элементтерге қатысы бар
делінген кінә тағылып келген-ді. Архивтерде сақталған барлық материалдарды,
Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейінгі және одан кейінгі кезеңдерде
баспасөз жүзін көрген басылымдарды, газет-журналдарда жарияланған
материалдарды, ақынның Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақталған жарияланбаған
шығармалары мен қолжазба текстерін байыптылықпен жан-жақты зерттей келіп,
комиссия Шәкәрімнің әдеби творчествосы идеялық-тақырыптық мазмұнының
ауқымдылығымен, әсерлі де көркемдік қуатының молдығымен ерекшеленеді. Жалпы
алғанда, оның творчестволық мұрасы мол да, мағыналы да және ол ХІХ және ХХ
ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ
жылдардағы үнсіздік пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс деп
анықтайды.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы ұлы Абайдың талантты
шәкірті және оның реалистік дәстүрін жалғастырушы Шәкәрімнің шығармаларын
сыншылдық тұрғыдан қарай отырып игеру, сөйтіп оларды халыққа жеткізу
жөнінде, оның Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі және
Мұсылмандық шарты аталатын кітаптарынан басқа барлық шығармалары
еңбекшілер тәрбиесіне зардап тигізерлік зиянды идеялардан мүлдем ада екені
өз алдына, олардың қоғамымызды рухани байыту ісіне, оның гуманистік және
адамгершілік мұраттарын бекітуге қызмет ететіндігі туралы комиссия ұсынған
тұжырымдар мен ұсыныстарға келіседі. Ақынның уақытша жаңылысуы мен
қателесуі – бұл оның дүниетанымындағы белгілі бір шектеуліктің көрінісі
ретінде бағалануы керек деп шешеді. Бұл мақала Қазақ әдебиеті газетінде
1988 жылдың, 15 сәуірінде жарияланған болатын.
Кеңестік дәуірде коммунистік идеология ақынның әдеби мұрасын жарамсыз
етіп тапты. Халық жауларының қатарына енгізілген ақын есімін Кеңестік
билік қазақ әдебиетінің бетінен алып тастады. Алайда Кеңес Одағының ыдырауы
ақын мұрасының қайта қаралуына түрткі болды. 1988 жылы ойшыл ақын туған
халқымен қауышып, қазақ әдебиетінен өзінің заңды орнын тапты. Қаламгердің
әдебиетімізге қайта оралуы үлкен қуаныш болды. Қазақ әдебиеті көркемдігі
мен шеберлігі жағынан әлем әдебиетінің озық туындыларына есе бермес тамаша
туындыларын қатарға қойды. Осы жылы жазда Шәкәрімнің 130 жылдығы Абай
елінде тойланып өтті. Абай ауданындағы бір шаруашылыққа, Семей қаласындағы
бір мектеп пен бір үлкен даңғылға Шәкәрім есімі берілді.
80-жылдардың аяғы мен  90-жылдардың басында ақын шығармашылығын
зерттеу ісі тереңдей түсті. Шәкәрімтанушылар ойшыл ақынның рухани-
философиялық мұрасын әр қырынан жан-жақты сараптап талдауға ден қойды. Сол
1988 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Абай Құнанбаевтың шәкірттері
Шәкәрім Құдайбердиев (1858 – 1931)
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Шәкәрім шығармаларының дені
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
Пәндер