Йемен



1 Йемен
2 Тарихы.
3 Экономикасы.
4 Сілтемелер
Йемен, Йемен Республикасы (өзд. аталуы әл-Жумхурия әл-Йамания) – Арабия түбегінің Оңтүстік және Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. 1990 жылы 22 мамырда Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасының ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылды. Жер аумағы 532 мың км2 шамасында. Халқы – 17 млн. (1999). Тұрғындары, негізінен, арабтар, одан басқа үнділер, пәкстандықтар, эфиоптар, сомалиліктер, еврейлер тұрады. Елдің шығысы мен Солтүстік-шығысында 100 мыңнан аса көшпелі тайпалар өмір сүреді. Ресми тілі – араб тілі. Мемлекеттік дін – ислам (шиит, суннит, исмаилит ағымдары қатар дамыған). Астанасы – Сана (1 млн.), Аден экономикалық астана болып есептеледі. 1991 жылы қабылданған конституциясы бойынша, мемлекет басшысы президент пен вице-президент 5 жыл сайын жалпыхалықтық сайлауда сайланады (1994 жылдан – А.А. Салех).
“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4– том

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Йемен

Мазмұны

1 Йемен

2 Тарихы.

3 Экономикасы.

4 Сілтемелер

Йемен
Йемен, Йемен Республикасы (өзд. аталуы әл-Жумхурия әл-Йамания) – Арабия түбегінің Оңтүстік және Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. 1990 жылы 22 мамырда Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасының ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылды. Жер аумағы 532 мың км2 шамасында. Халқы – 17 млн. (1999). Тұрғындары, негізінен, арабтар, одан басқа үнділер, пәкстандықтар, эфиоптар, сомалиліктер, еврейлер тұрады. Елдің шығысы мен Солтүстік-шығысында 100 мыңнан аса көшпелі тайпалар өмір сүреді. Ресми тілі – араб тілі. Мемлекеттік дін – ислам (шиит, суннит, исмаилит ағымдары қатар дамыған). Астанасы – Сана (1 млн.), Аден экономикалық астана болып есептеледі. 1991 жылы қабылданған конституциясы бойынша, мемлекет басшысы президент пен вице-президент 5 жыл сайын жалпыхалықтық сайлауда сайланады (1994 жылдан – А.А. Салех). Осы екі лауазымды басшы Президенттік кеңес құрады. Жоғары заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (801 депутаты бар). Ел әкімшілік жағынан 16 провинцияға бөлінеді. Ұлттық мерекесі 22 мамыр – Ұлт күні, яғни Йемен халқының бірлігі күні. Ақша бірлігі – йемендік риал. ==Табиғаты.== Жерінің 23-сі таулы үстірт. Ең биік жері – Эн-Наби-Шаиб тауы (3600 м). Шығыс бөлігін Руб әл-Хали шөлі, батысын Тихама ойпаты алып жатыр. Сөнген жанартаулар көп. Климаты тропиктік, көп жері қуаң. Қаңтардағы орташа темп-ра 23,1С, маусымда 31С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 100 мм-ден (батысында) 500 мм-ге (Сана маңы) дейін. Өзендері аз. Ішіндегі ірілері – Мур, Сихам, Рема, Забид, т.б. Жері қызыл қоңыр, сортаң топырақты; үстірт жағы – қуаң дала, тау аңғарлары бұталы, сирек орманды келеді. Шұрайлы жерлерінде пальма өседі. Жан-жануарлардан: бөкен, жабайы есек – онагр, қасқыр, түлкі, қабылан, маймыл, т.б. кездеседі.

Тарихы.

Йемен ежелгі өркениет ошақтарының бірі, дегенмен тарихы аз зерттелген. Ел территориясында ежелгі заманда Саба (Сабай хандығы) және Маин мемлекеті болған. 4 ғасырда осы 2 мемлекетті және басқа да ұсақ мемлекеттерді біріктірген Химьярит патшалығы құрылды. 6 ғасырда Химьярит мемлекетін эфиоптар, 570 жылы Сасани әулеті жаулап алды, 629 – 630 жылы Араб халифатының құрамына қосылды. Осы кезде араб-мұсылман мәдениеті гүлденді. 16 ғасырда Йемен ді Осман сұлтандығы жаулап алды, бірақ олардың билігі ұзаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауд Арабиясының саяси-экономикалық дамуы (XX ғ.40-60 жылдары)
Араб мемлекеті
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы
Шетелдік Азияның халқы
Шетелдік Азия халықтарының өсу динамикасы
Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары
Ахли сунна уа-л жама-адағы фықых ғылымы
Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу
Жүсіп - Зылиха дастанының қазақша нұсқасы хақында
Пәндер