Қызамық


Қызамық
Қызамық (лат. rubeola ) - вирус арқылы тарайтын тез (жедел) жұғатын жұқпалы ауру. Қызамықпен ересек адамдардан гөрі балалар (әсіресе 2 - 10 жас аралығында) жиі ауырады. Ауру науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіру кезінде қақырық, түкірік шашырағанда жұғады. Сондай-ақ, науқас баланың ойыншығы, ыдыс-аяғы, т. б. арқылы да таралады. Қызамықпен бір рет ауырған адам екінші рет ауырмайды. Қызамықпен бұрын ауырмаған жүкті әйелдер сақтануы керек (әсіресе, алғашқы 3 айда), жұқтырған жағдайда құрсақтағы нәрестенің өміріне зиян келуі, не әйел түсік тастауы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 11 - 21 (орта есеппен 16 - 21) күнге дейін созылады. Алғашқы кезде жөтеліп, тұмауратқан сияқты болады. Сонан кейін желке тұсында, құлақ айналасы, лимфа түйіндері ісіне бастайды. Басы, тамағы ауырып (баспа), асқа тәбеті болмай, құсады. 1 - 2 күннен кейін алдымен бетке, сонан соң қолтық, шапқа бозғылт-қызғылт майда дақты бөртпелер шығады. Бұл кезде дене қызуы 38 - 39С-қа дейін көтеріледі. Науқас баланың екі беті, көмекейі қызарып, бадамша безі ісінеді, қан қысымы көтеріліп, қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) көбейеді, зәрінде белок пайда болады. Ауру асқынғанда дене қызуы 40С-тан асып, науқас сандырақтап, іші өте бастайды. Қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы нашарлайды, тамақ асты және жақ асты безі ісініп, құлағынан іріңді бұлық ағады. Сондай-ақ, ол асқынып науқас менингит, мастоидит, гайморит, лимфаденит, нефрит, т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін. Қызамықтың жоғарыда айтылған белгілері 4 - 5 күннен кейін басылады. Дене қызуы қайтып, бөртпелер азайып, қабыршақтанып терісі түсе бастайды. Баланың көңіл күйі жақсарып, асқа тәбеті ашылады. Емі - ауру білінісімен балаға витамині мол тағамдар беру, антибиотиктер ішіп, қан құю керек. Аурумен бірге болған жүкті әйелдерге иммунды-глобулин егеді. Науқас жатқан бөлме таза ұсталып, гигиеналық талап қатаң сақталуы керек.
Қызылшалы қызамық - әдеттегі қызылшаға қарағанда жеңіл өтеді. Ол 3 күннен 4 күнге дейін созылады. Бөртпелер жеңіл шығады. Бастың желке түсындағы және мойындағы лимфа түйіндері ісінеді, ауырады. Бала тесекте жатуы керек, қажет болған жағдайда парацетомол немесе аспирин қабылдағаны дұрыс Жүктіліктің алғашқы 3 айлығы кезінде қызылшалы қызамықпен ауырған екіқабат әйелдер жарымжан бала тууы мүмкін. Сондықтан, қызылшалы қызамықпен ауырмаған немесе ол женінде ештеңе білмейтін екіқабат әйелдер осы аурумен ауырып жүрген балалардан өзін аулақ устауы керек. Әсілі, қызылшалы қызамықпен қыздар мен әйелдердің жүкті болмастан бұрын ауырғаны жөн. Қызылшалы қызамыққа қарсы вакцина бар, бірақ оны қолға түсіру оңай емес.
Қызамық дертін жеңудің кепілі
Оңтүстік Қазақстан облысының бір ауданында биылғы жылдың 4 айында қызамық ауруымен 52 науқас тіркелген. Теміртау қаласында қызамыққа қарсы жаппай иммунизация апталығын жүргізу көп нәтиже берген. 2005 жылы балалар мен 15 жастағы жасөпірімдер егілсе онан кейінгі жылдары жыл сайын егудің иммунизация апталығы өткізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысының бір ауданынада быилығы жылдың 4 айында қызамық ауруымен 52 науқас тіркелген. Олардың арасында 37 і14 жасқа дейінгі жасөспірімдер. ауа арқылы жұғатын жұқрпалы ауралуар жаз айында көбейеді дейді эпидемиолог мамандар. біздің қаламызда қызамыққа қарсы жаппай иммунизацияапталығын жүргізу көп нәтиже берген. 2005 жылы балалар мен 15 жастағы жасөпірімдер егілсе онан кейінгі жылдары жыл сайын егудің иммунизация апталығы өткізілуде. Бұл егу балалар мен жасөспірмдер және ересектер арасында да жүргізілді. қызымық ауруы айрықша жүкті әйелдерп үшін қауіпті. Уақытында геу абылдау үй іүіш жиі таза ауамен жаңалап льотыру иммунитеттің жоғары болуы міне бұлар қызамық ауруымен ждеңудің кепілі. ал бжыл басынан Теміртау қаласында қызамық ауруы тіркелмеген. Бұл жайлы қаланың бас эпидемиолг дәрігері мәлімдеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz