Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі туралы


Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі
Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі. Рейтинг әдісі эксперттің белгілі жағына баға беруі.
Эксперттерді тандауға жоғары талаптар қойылады: құзырлығы жоғары шығармашылықпен міндеттерді шеше алатын, экспертизаға жағымды қатынаста болуы, шыншыл, объективті қатынаста қарау, өз-өзіне сынмен қарайтын болуы керек. Рейтингке полярлық сауална қолдануға болады.
Өзін-өзі бағалау әдісі арнаулы бағдарлама арқылы жүргізіледі. Талдау барысында рангвалық әдіс қолданылады. Ceбeбi анықталған кезде, өсу немесе төмендeyi бойынша орналастырады. Оның пайда болу дәрежесі немесе белгілеpi позициясының мәнділігіне қарай орналастырылады.
Рейтинг өлшеу әдісі, оның көмегімен нақты сапалы психологиялық құбылыстар мөлшерлік баға түріндегі өзінің сандық көpiнiciн алады. Рейтингтің үш түpi болады. Бағалау рейтингі оның айырмашылығы қолданылу қарапайымдылығы, математикалық өңдеу әдістерінің және зерттеу нәтижелерін талдаудың мүмкіндігі. Бұл әдістің мәнi мынада: қандай да бip нақты психикалық, педагогикалық құбылыстар /сапалар/ сандық жүйе көмегімен алдын ала белгіленген баға бойынша моделденеді. Мысалы, тәрбиеші мен баланың өзара қатынас сипатын бағалау үшін мынадай бағалау шәкілін (шкалалау) қолдануға болады:
1. Аса тepic, қас/-2/
2. Шала тepic/-Х/
3. Бәpiбip/0/
4. Шала оң /+1/
5. Анық оң/+2/
Осыған орай бұл шәкілдердің әpбip бөлімдерін толық анықтап жазу керек. Кеңінен таралған бағалау шәкілі түрлерінің бipi рейтинг. Ол құзырлы судьялар мен сарапшылардың пікірлepi мен жан-жақты бағаларын жинау жолымен - психикалық құбылыстарды диагностикалық өлшеу әдісін көрсетеді. Рейтинг сарапшыларды тиянақты таңдауды, нақты, қолайлы бағалау жүйесін талап етеді. Оны мысалы, оқу әдістерінің pөлін 48-49
Педагогикалық эксперимент және оның түрлері, әдістемесі.
Мақсаты: Студенттерге педагогикалық эксперименттің зерттеу жұмысында тиімділігін және қолдану әдістемесін меңгерту.
Жоспары:
1. Педагогикалық эксперимент туралы жалпы түсінік.
2. Зертханалық эксперимент және оны жүргізу әдістемі
3. Табиғи эксперимент және оны жүргізу әдістемесі.
Педагогикалық эксперимент - алдын ала зерттеу мақсатын белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерінің формалары мен мазмұнын тексереді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеушінің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, ол енжарлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе, онда констанция, ал егер болжамдап тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция теориялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстары ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.
Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін психикалық педагогикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғалардың зандылықтарын ашу, аса қолайлы жағдайдың кешенін бөлу мақсатында жоспарлы түрде ықпал етеді. Бұл негізінен педагогика саласындағы ғылыми жұмыстарда қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады.
Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Оларды әртүрлі приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнайы жабдықталған орынжайларда /жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда/ жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын ойлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол тәрбие үдерісінің педагогикалық проблемаларын шешуде қолданылады. Алынған нәтижелерді салыстыру экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу эксперименттік және бақылау тобы.
Дегенмен басқа әдістен өзгешелігі, жағдайларды дәлме-дәл эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі педагогикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана түсіндіруге де мүмкіндік береді.
Табиғи эксперимент балалардың ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекеттің табиғи жағдайда өтілуінде психикалық-педагогикалық зерттеу жүргізілуін сезінбеуі мен білмеуімен ерекшеленеді.
Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да өзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бөлігін қосады, оның нәтижелерін сандық өңдеуге салу құрделі болады. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда, зерттелушілер оған енгенін білмеуі керек, зерттеуші өзі тәрбиеші ролін атқарып, бақылау жасырын жүргізіледі.
Модельдеуші эксперимент психикалық құбылыстарды зерттеу арқылы жүргізіледі. Эксперименттік жағдайда бала өзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан өндіреді /модельдейді/: эмоционалдық немесе эстетикалық әсерленушілік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында
зерттеушілер аталған үдерісте аса қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады.
Эксперимент ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық үдерістің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. 46-47
Тестілеу - бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады. Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тестерді бұл мәселемен арна айналысатын кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндеті жарияланған тестерді тауып, олар пайдалануға тіреледі. Тестің мазмұнында мәнсіз белгісі, мәселен, "орта", "орташа", "жоғары", "жиі", секілді ұғымда болмағаны жөн. Себебі балалардың бұл сөздерді түсінуі әрқалай.
Педагогикалық тестілеу- мақсатқа бағытталған зерттеу, қатаң бакыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті өлшеуге көмектеседі. Көптеген педагогикалық тестер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьютердің көмегімен нәтижесі шығады. Үлгерім тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады.
Соңғы кездері психологиялық тестер педагогикалық зерттеулерде және практикасында көп қолданылып келеді. Оны қолдану барысында такті сақтап, алынған нәтижені талқыға салмай жүргізіледі. Бірақ арнаулы психологиялық тестер ММР Вакслер, түстік дақтар Роршаха атты түрлерін алдын ала психологтармен кеңеспейінше қолдануға болмайды. Себебі еңбекті, көп уақытты, алынған нәтижені өңдеу үшін білім мен біліктілікті талап етеді. Тестер төмендегі түрлерге бөлінеді:
1. Жетістікке жету тестері
1. 1. Даму тестері.
1. 2. Парасат тестері.
1. 3. Жалпы нәтижелілік тестер.
1. 4. Мектепке дейінгі балалардың үлгірім тестері.
1. 5. Кәсіби жарамдылық пен функциональдық мүмкінді анықтайтын арнайы тестер.
2. Психометриялық жеке тұлғалық тестер.
2. 1. Жеке тұлғалық құрылымдық тестер.
2. 2. Қызығушылыққа және мақсатқа арналған тестер
2. 3. Клиникалық тестер.
ІІсихологикада ең бастысы мектепке дайындыкты анықтайтын парасат, кәсіби оқуға жарамдылықты тексеретін, ынталылыққа және ойын жинақтай білуге арналған, сондай-ақ әлеуметтік істер қолданылады. Форма тұрғысынан еркін жауаптарды алдын ала болжайтын /тестке қатысушы жауапты өзі жасап немесе шешімін ұсыну керек/ тестер мен таңдауды алдын ала болжайтын істep деп ажыратуға болады /тестке қатысушы ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек/. Төрт немесе бес ұсынылған нұсқадан шешімді тағдау ең икемді және жиі қолданылатын тест түрі болып табылады.
Қазіргі уақытта психометриялық тестердің ішінен жобалау әдістері едәуір кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға негізделген. Бұл тестер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін беруді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.
Тақырыптық апперцепиондық тест аса күрделі жобалау. Тестілey белгісіз жағдайлар бейнеленген фотосуреттерді түсіндіруге негізделеді. Сынақ тапсырушыға фотосурет негізінде кеше не болды, бүгін не болып жатыр, ертең не болатыны жайында және кейіпкерлері не ойлап, нені сезінетіні жайлы әңгіме құрау тапсырылады. Белгілі бір ережелермен жүргізілген әңгімелерді түсіндіру зерттеушіге адамның психологиялық ерекшеліктері туралы мол ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Жобалау тестері біршама жақсы жетістіктерді иемденеді:
- осындай тестерді ойын ретінде қабылдайтын балаларға
арналған жағдайлардың табиғилылығы;
Нақты сандық талдауды қолдануға болмайтын және ереже бойынша адам оны жариялай алмайтын немесе жариялағысы келмейтін ауқымды жеке тұлғалық ерекшеліктерді зерттеу мүмкіндігі.
Жобалау тестерін мектепке дейінгі ұйым тәжірибесінде қолдануда бірқатар қиындығы бар: 40-41
мен ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге көзқарасын, пікірін белгілеу үшін материал алады. Сауалнама сұрақтары ашық қалауымен еркін сұрақтар беріледі /және жабық/өзінің келісе не келіспейтінін білдіретін дайын жауаптар, тағы жауаптарының тізімі немесе олардың орнын жіктемеде белгілеу жауаптары беріледі/ түрде болады. Бұл үшін төмендегі талаптарды орындау қажет:
- зерттелетін құбылысты ашатын және нақты ақпараттар беру мүмкіндік жасайтын сұрақтар құру;
- тура және көмекші сұрақтарды қолдану арқылы жауап нақтылау және оның шындығына көз жеткізу;
- бір мәндегі сұрақтар және оның жанында есіне түсіретіндей мәліметтердің болмауы;
- ашық, жабық, аралас сауалнамаларды қолдану;
- дайындалған сауалнаманы шағын санда тексеру және жөндеу
- өздерінің жеке тұлғалық сапасын бағалауды талап ете сұрақтар ұсынылмау керек /Сіз өзіңізге-өзіңіз сенімдімін деп есептейсіз бе?/ Одан да бұл сұрақты басқаша құраған жөн. Қиын жағдайда шешім қабылдау сәтінен кейін сіз бір нәрсе дұрыс жасадым ба деп ойлауға бейімсіз бе ?
- сұрақтар мағынасы анық, түсінуге оңай, нақты қысқа түйін болу керек;
- балалардың жауаптарының ақиқат екенін бакылайтын бірне сұрақ берілу керек;
- сауалнаманың басында /үштен бірі/ жеңіл сұрақтар ұсынылу керек. /нақты іс - әрекет оқиғаға қатысты/, сосын күрделі /пікір бағаны білу үшін/, одан әрі өте күрделі /шешім қабылдауды талап ететін/ және соңында /соңғы бөлігі/ қайтадан оңай сұрақтар қою қажет.
Сауалнама әдісінің тиімділігі:
тексерудің ауқымдылығы;
ақпарат жинаудың үлкен жылдамдығы;
статистикалық әдістерді қолдану мүмкіндігі. Сауалнаманың кемшілік тұстары:
сауалнама жүргізу ата-аналардың, тәрбиешілерді
сұрақтарды әр түрлі түсінуін ескермейді;
сұрақтардың объектавтілігі әр уақытта жоғары болмайды, сондықтан зерттелуші жауап беруге селқостык танытады;
сұрақтардың қатаң тізімі сұралатын адамдардың ойлау шеңберін шектеп, олардың шын мәнінде ойлағанынынан өзгеше жауап беруге мәжбүр етеді;
Полярлық сауалнама балдық бағамен өзін-өзі бағалауға және басқларды бағалауға қолданылады. Педагог ұжымның бір-біріне қатынасын зерттеуде социометриялық сауалнама (социометрия) қолданылады. «Жол саларына кіммен бірге бір қайықта болған болар едің?
Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:
1 Бақылау, әңгімелесу, сауалнама, сұхбаттасу әдістері туралы жазылған әдебиеттерді пайдаланып таңдаған әдісі бойынша реферат жазу және оның қорғау.
2 Әңгімелесуге сұрақтар құру.
Студенттің оқытушымен бірлескен жұмысы:
1 Балабақшадағы балалардың ойын әрекстіндегі қарым-қатынасын, бірлескен әрекетін бақылау және бірге талдап қорытынды шығару.
Аталған зерттеу әдістерінің балабақша балаларын зерттеуде қолайлысын таңда және дәлелде.
2. 4 Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері
Мақсаты: Эмпирикалық зерттеу әдістерінің жекеленген түрлерінің теориясын және оны практикада қолдану әдістемесін меңгерту.
Жоспары:
1. Тест зерттеу әдісі және оның түрлері
2. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі
3. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау әдісі 38-39
ерекше арнайы теориялық және практикалық даярлықты оларды қолдану тәжірибесін талап етеді;
тестің басқа түрлерімен салыстырғанда жобалау тестісіне едәуір көп уақыт қажет;
нәтижелерін түсіндіру өте қиын, дұрыс болуының ықтималдығы жоғары емес;
зерттеудің объективтілігі төмен болады. Осыған орай жобалау тестерін тек мамандар пайдаланады. Психикалық зерттеулерде жобалау тестерімен қатар жеке тұлғалық сұраулар жиі қолданылады. Олар жауап беруші екі топтың біреуінде болу керектігі сұрақтар сериясынан құралады:
«иә», «дұрыс», «маған қатысты».
«жоқ», «дұрыс емес», «маған қатысты емес». Әрбір осындай сұрауға тұлғаның барлық белгілерін, оның аталған белгілердің қарама-қайшы қасиеттерін көрсететін полярлық нүктелер арасындағы жағдайын өлшейтін шәкілдер /шкала/ тобы енгізілген.
Іс-құжаттарды талдау және зерттеу - зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы: баланың жұмыстары оның тек білімінің қызығушылығын білдіріп қана қоймай, тәрбиеші туралы мәліметтер жинауға көмектеседі. Мектепке дейінгі балалардың жұмысын талдау олардың неге қызығатынын, ойлау ерекшелігін, түсінігін, пікірін, баға беруін, оқу біліктілігін анықтауға ықпалын тигізеді. Бұл әдіс балалардың іс-әрекетінің қанық талдамасына негізделеді. Олар жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсіндеу, қол еңбегі, тіл дамыту бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдау баланың психикалық үдерінің даму ерекшелігін, білімі, біліктілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Балалармен танысу барысында көбіне, сауалнамаларға қарағанда, олардың ойынға, еңбекке, сабақ түрлеріне және бос уақытындағы әуесіне, өмірдің басқа да аспектілеріне қатынасын көрсетуге қабілетті шығармалар өте жиі қолданылады. Мысалы, мектепке дейінгі балалардың салған суретін талдау жолымен тек танымдық қызығушылықтардың болуын ғана емес, сонымен қатар эмоциясын, сенсорлық және эстетикалық қабілеттерін, үздік қорын, бейнелі, логикалық ойлауы туралы ұсыныс жасауға болады.
Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді. Тәрбиешінің шығармашылық ізденісі күрделі проблемаларды шешуде көмегін тигізеді. Зерттеу объектісіне жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуде ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе тәрбиешілердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.
Алдыңғы қатарлы тәжірибенің екі түрі бар: педагогикалық шеберлік, жаңашылдық. Шеберлік - педагогтың ғылыми нұсқауларды кешенді, жүйелі, білікті қолдану. Жаңашылдығы: педагогикалық әрекетті ұйымдастыруда жаңашылдығының мазмұны. Тәжирибені зерттеу және тұжырымдау үшін төмендегідей жүйелілік сақталады:
бақылау, әңгімелесу, сұрау, іс-құжаттарды зерттеу негізінде тәжірибені сипаттау;
бақыланған құбылысты жіктеу, белгілі анықтамалар мен ережелердің негізінде қорытындылау;
себеп-салдар байланыстарын, оқу-тәрбие үдерісінің түрлі байланыс тетігін белгілеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz