Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы . . . 5

2. Құқықтың негізгі сипаттары . . . 8

Қорытынды . . . 10

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Кіріспе

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар, жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті. Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті. Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті. Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды, тоған салуды үйрене бастады. Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып, басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп, қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына еңбек-құрал жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.

Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану, балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу, су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру- қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған.

Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі.

Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар, сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға, байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан, олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың ролі дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар, әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.

Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы. Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты.

1. Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы

Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бұл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік бөлігінде аккадтар өмір сүрген.

Б. э. д. ІІІ мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі жəне мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нəтижесінде «қала-мемлекет» нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда болған, олардың əрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сүрген. Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер болып табылатын, олардың ішіндегі ең əйгілілері - Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши

жəне Умма. Бұл мемлекеттердің пайда болуының негізгі факторы болып көршілес қауымдастықтардың бірлескен күштерін қажет ететін ирригациялық жəне мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды.

Ежелгі шумерлік қоғамдағы билеуші топ мемлекеттердің билеушілерінен, олардың отбасыларының мүшелерінен, рулық-тайпалық жəне шіркеулік ақсүйектерден, сонымен қатар, патшалық жəне шіркеулік шаруашылықты басқарушы тұлғалардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тəуелді тұлғалар жатқан. Қоғамның жоғарғы тобы мен тəуелді тұлғалардың арасында халықтың негізгі бөлігі - аумақтық

қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған.

Басқару нысаны бойынша ежелгі шумерлік мемлекеттер рулық-тайпалық ұйымдастықтың қалдықтарын сақтап қалған аристократиялық мемлекеттер болған. Əрбір қала - мемлекеттің басында барлық еркін шаруалардың жиналысымен не ақсақалдар кеңесімен сайланған билеуші - энси болған.

Билеушінің билігі халық жиналысымен не ақсақалдар кеңесімен шектелген; бұл органдар билеушілердің қызметіне бақылау жүргізген, сонымен қатар сот функцияларын жүзеге асырып, қауымдық мүлікті басқарған. [1]

Алайда, көптеген мемлекеттер тұрақты түрде билік үшін өзара соғыстарды жүргізген. Б. э. д. ІІІ мыңжылдықтың басында соңында жаңа орталық - аккадтық қала Вавилонның үстемдігі басталады. Б. э. д. ІІ мыңжылдықтың басында Вавилон аморей тайпаларының басып кіруімен құрылған жаңа мемлекеттің астанасына айналады. Вавилон Аккад пен Шумерді жаулап

алады, нəтижесінде ірі қуатты Ежелгівавилондық мемлекет пайда болды.

Вавилонның мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:

1 кезең - бұл ежелгі вавилондық мемлекеттің ерекше гүлденген кезі, бұл кезде Халемурапи патша билік құрады (б. э. д. 1792-1750 ж. ж. ), бұл мемлекет таулық тайпа-касситтермен жауланған болатын.

2 кезең - б. э. д. ХҮІІ ғасырдың соңына келеді, бұл кезде Вавилонның жаңа, бірақ уақытша өрлеуі орын алады (Жаңа-вавилондық патшалық) . Б. э. д. 539 ж. бұл мемлекетті парсылар жаулап алады.

Қоғамдық құрылым. Елдің негізгі халқын еркін адамдар мен құлдар құраған. Еркін адамдар, өз кезегінде, екі сословиеге бөлінген: авииум (тура мағынасы «күйеу», «адам») жəне мушкенум (тура мағынасы «табынушы») . Бұлардың екеуі де бай да, кедей де болуы мүмкін еді, кейбіреулерінде құлдары да болатын, алайда қауымдағы жерді иеленуі оларды толыққұқылы қылатын.

Қоғамның қаналушы табына құлдар жататын, олар мемлекеттік (патшалық), ұжымдық (шіркеулік) жəне жеке меншікте де болатын. Олар өз иесінің мүлкінің құрамына енетін, яғни, оларды сатуға, мұрагерлікке беруге болатын.

Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша Ежелгівавилондық мемлекет қатысты түрде орталықтанған мемлекет, оны басқару нысаны бойынша - шығыстық диспотия болып табылатын.

Жоғарғы билік патшаға тиесілі болатын патшалық биліктің материалдық негізін шіркеулердің жерлері мен патша шаруашылығы құрайтын. Сонымен қатар, патша ирригациялық шаруашылық пен ирригациялық жұмыстарға жоғарғы басшылықты жүзеге асыратын.

Мемлекеттік істерді басқару патшалық билікпен тағайындалатын жəне оның алдында жауап беретін күрделі орталықтанған шенеуніктік-бюрократиялық аппарат арқылы жүзеге асатын. Əкімшілік биліктің орталығы - патша сарайы мен шенеуніктер, олар сарай шаруашылығына басшылық жасап, мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғалары болып табылады.

Су шаруашылығын өзендерді басқарушы басқарды. Оған қадағалаушылар, қараушылар, бақылаушылар, қоймашылар жəне есепшілер бағынды.

Жергілікті басқару. Бүкіл мемлекет облыстарға бөлінді, олардың басында патшаның сенімді адамдары тұрды. Олардың ішінде ең басты екеуі болды: солтүстікте Сиппар қаласында жəне оңтүстікте Ларс қаласында. Бұлардың қызметтеріне бақылау жүргізу үшін жергілікті жерлерге көптеген өкілеттіктерді иеленген патшаның шабармандары жіберіліп отырды.

Қауымдық басқарудың органы болып қауымдық кеңес табылды, алайда, оның басшысы - рабианумды патша тағайындайтын болған.

Сот жүйесі. Патша мен патша шенеуніктері əкімшілік жəне сот істеріне де басшылық жасайтын болған. Жоғарғы судья ретінде патша танылған, ол азаматтық жəне қылмыстық істерді қарауда жоғарғы инстанция болып табылатын. Жергілікті жерлерде сот функциялары патша өкілі мен рабианумның қолында болған. Ірі қалаларда сот функцияларын арнайы патша судьялары жүзеге асырған.

Əскер. Қарулы күштердің негізгі түрі болып еркін шаруалардың жиналған əскері табылған, олар соғысқа өз қару-жарақтарымен қатысқан. Соғыс біткен соң мұндай əскер таратылатын болған. [2]

2. Құқықтың негізгі сипаттары.

Ежелгівавилондық құқықтың маңызды ескерткіші болып Хаммурапи патшаның заңдары табылған. Заңдардың мəтіні базальт қабырғада ойып жазылған, оның жоғарғы жағында тізесі бүгілген Хаммурапиға бұл заңдардың мəтінін ұсынушы күн құдайы Шамаштың бейнесі бейнеленген, бұл патша заңдарының құдайлық бастамасын

білдірген. Хаммурапи заңдарын алғашқы аудармашы француз ғалымы В. Шейл барлық жинақты 282 бапқа бөлген: 1- 15 баптарда іс жүргізушілік сипаттағы ережелер көрініс тапқан; 6 - 126 баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған; 127 - 195 баптар атбасылық жəне мұрагерлік құқыққа арналған; 196 - 214 баптар тұлғаны қорғауды көздейді; 215 - 282 баптар

жалға алу шарттарын реттейді.

Хаммурапи заңдарының басым көпшілік баптары мүліктік қатынастарды реттеуге арналған. Меншік обьектісі ретінде жер, мал, еңбек құралдары, құлдар жəне басқа да мүлік танылған. Бөтен мүліккке зиян келтіру міндетті түрде зияндарды өтеуді көздеген.

Міндеттемелік құқыққа шарттардың келесі түрлері тəн болған:

- заем шарты, бұл шарт тек қарызды қайтаруды ғана емес, сонымен қатар, пайыздарды төлеуді білдірген;

- сату-сатып алу шарты, бұл шартты бекіту кезінде шарттың барлық жағдайлары көрініс тапқан балшық таблетка түріндегі жазбаша шарт жасалған;

- сақтау шарты, бұл шартқа сəйкес, сақтауға берілген мүлікті сақтаушы мүлік жоғалған жағдайда оны иесіне екі есе мөлшерде қайтарып беруге міндетті болған;

- жерді жалға алу шарты - жалға алушы жалға алған жері үшін алдын-ала белгіленген мөлшердегі ақыны немесе болашақта алынатын астықтың бір мөлшерін беруге міндеттенеді;

- жеке жалға алу шарты негізінен ерекше дағдылар мен қабілеттері бар жұмысшыларға қатысты болған. [3]

Неке жəне мұрагерлік құқыққа заңдар жинағының 70-тен астам бабы арналған. Отбасы өз отағасы арқылы қауыммен жəне мемлекетпен байланысқа түсетін аса маңызды əлеуметтік құрылым ретінде танылған. Отбасы иесінің билігі отбасы мүшелерінің жұмыс күшін басқарушының билігі ретінде көрініс тапқан.

Хаммурапи патшаның заңдарында қылмыс пен жаза сияқты түсініктердің нақты анықтамасы болмаған. Жинақта патша билігіне қарсы қылмыс жасаушы тұлғалар туралы айтылған баптар жоқ, керісінше, мұнда жеке меншікке қарсы қылмыстар мен адамның өміріне жəне денсаулығына нұқсан келтіруші əрекеттер туралы баптар көп. Жəне жаза мүліктік жағдайға

қарай тағайындалған. Өлім жазасы 30-дан астам жағдайда қолданылған. Сот процесі Хаммурапи заңдары бойынша жеке сипатта болған, яғни, барлық істер мемлекеттің емес, жеке тұлғалардың ынта білдіруі арқылы қозғалған.

Процесте тараптар өз істеріне өздері жүргізетін болған. Сот шешімі жазбаша түрде, арнайы балшықтан жасалған таблеткада, мөрмен бекітіле отырып шығарылған жəне ол өзгертуге жатпайтын. [4]

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вавилон мәденеиеті мен діні
Хаммурапи патша заңы
Ежелгі Вавилон патшалығының өрлеуі. Экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Ежелгі вавилон мемлекетінің қалыптасуы
Ежелгі Қосөзен қала мемлекеттерінің тарихы
Ежелгі вавилон патшалығының өрлеуі. Хаммурапи заңдары бойынша Ежелгі Вавилонның экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Ежелгі Вавилон мемлекеті
Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Хаммурапи заңдары
Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz