Еңбек заңдылығының сақталмауы және әлеуметтік әріптестік: облыстық үшжақты комиссия отырысының нәтижелері


Еңбек заңдылығы әлі де сақталмай келеді

Кеше облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары А. Әжіғалиеваның төрағалық етуімен әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Онда аталған бағытта бірнеше мәселе қаралды.

Бірінші мәселе - 2010 жылы балалар мен жасөспірімдер демалысын, сауықтырылуын, еңбекке баулуын қамтылуын ұйымдастыру туралы облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары З. Дүйсекенова баяндады. Оның айтуынша, биылғы оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 1-10 сыныптарының 90 266 оқушысы жазғы демалысқа шыққан. Осы балалардың 88 224-і тынығу, сауықтыру және еңбекке баулу лагерьлерінің жұмысымен қамтылып отыр. Облыс бойынша 115 тынығу, сауықтыру лагерьлері жұмыс жасаған, оның 110-ы жалпы білім беретін мектептердің базасында ұйымдастырылып, 23753 бала мектептер жанындағы лагерьлер жұмысымен қамтылған.

Халықтың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында туризм мен спортты, спорттық-бұқаралық іс-шараларды дамыту жұмыстары туралы облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Г. Каленова баяндады. Басқарма бойынша спорттың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту мақсатында Индер мен Құрманғазы аудан орталықтарынан, Атырау қаласының Геолог, Балықшы кенттерінен салынатын спорттық кешендер құрылыстарының, Нұрсая ықшам ауданында жоспарланған теннис кортының және дарынды спортшы балаларға арналған мектеп-интернат құрылысы, есу базасы құрылысының жобалау сметалық құжаттамасы дайындалуды, келешекте осы құрылыстар іске қосылғанда, облыс спортының дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.

Облыс бойынша бірінші жартыжылдықта 8 ҚР еңбегі сіңген спорт шеберлері, 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 21 «ҚР спорт шебері», 18 спорт шеберлігіне үміткерлер, 10 әлем және азия чемпионаттарының жеңімпаздары, 28 ҚР чемпиондары мен жүлдегерлері дайындалған. Бүгінгі таңда облыс туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2010-2011 жылдары жеке инвестиция есебінен жаңа туристік объектілер салу жоспарлануда. Атап айтқанда, Атырау қаласы, Ақжар селосы жанында «Релаксация» ЖШС ашық су қоймаларында қара балық тұқымдарының түрлерін әуесқойлықпен аулауға арналған демалыс туристік базасын және Каспий теңізі жағалауында қонақ үй салу жұмыстары.

Үшінші мәселе - облыста кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары жөнінде Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Р. Байсалихова айтып өтті. 2010 жылдың 1 қарашасына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны 17 729 бірлікті құраған. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 6203 адамды құрап отыр, ал сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 322 346, 0 млн. теңгені құрайды. 2010 жылдың қаңтар-қазан айларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие қаражатының көлемі 9 734, 5 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 120, 4 млн. теңге.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарының сақталуы туралы Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас инспекторы Салауат Ишай мәлімдеді. Оның айтуынша, тексерілген ұйымдарда Еңбек кодексінің талаптарын сақтауда көптеген кемшіліктер анықталған. Көптеген компанияларда жалақыны кешіктіру фактісі көп. Содан кейін, жұмысқа кім болса соны ала береді, яғни маман-қызметкерлердің біліктілігі талапқа сәйкес емес, Еңбек қорғау және басқа да еңбек заңдылықтары ескерілмейді, вакансия, яғни бос жұмыс орны туралы мәліметтер бермейді жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға, бақытсыз жағдайларды тіркеу кітапшасы да жоқ, жұмысшы-қызметкерлерді сақтандыру жүйесі көбінде енгізілмеген. Міне, осындай кемшіліктер еңбек заңдылығының бұзылуына әкеп соғуда. Комиссия мүшелері аталған мәселелер бойынша тиісті шаралар алу, кемшіліктерді жою жөнінде шешім қабылдады.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. www. google. com
  2. http://e. gov. kz/wps/portal/
  3. http://www. zhetysu-gov. kz/
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік әріптестік және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен шаралар: Орал қаласының 2018-2020 жылдарға арналған үшжақты комиссиясының тәжірибесі
Еңбек құқығының негіздері: пәні, әдістері, әлеуметтік әріптестік және жеке еңбек шарты
Еңбек құқығының әдісі, қағидаттары, жүйесі және әлеуметтік әріптестік
Қазақстандағы ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу: құқықтық негіздер, ұжымдық шарттар және әлеуметтік әріптестік
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары: әлеуметтік әріптестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің тиімді моделін қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы ұжымдық шарт, жеке еңбек шарты және әлеуметтік әріптестік: еңбек қатынастарын құқықтық реттеу
Еңбек құқығы: әдісі, қағидаттары мен жүйесі; әлеуметтік әріптестік, жеке еңбек шарты және жұмыс берушінің бастамасымен бұзу негіздері
Шет ел тәжірибесіндегі әлеуметтік әріптестік модельдері және олардың Ресейдегі қолданылуы
Нұр Отан ХДП Алматы облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары мен нәтижелері (2008-2009)
Еуразиялық экономикалық комиссия: құрылымы, қызметі және өкілеттіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz