Корей Республикасы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КОРЕЯ , Корея Республикасы (кәрісше Хангук- таң самалының елі) - Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 98, 5 мың км 2 . Халқы - 46, 1 млн. адам (1999) . Ресми тілі - корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т. б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы - Сеул қаласы (11 млн. ) . Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан Ким Дэ Чжун) . Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады) . Ұлттық мерекелері: 15 тамыз - Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан - мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б. з. б. 108 ж. ) . Ұлттық ақшасы - уон.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Жұрты
  • 5 Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарымқатынасы
  • 6 Түсініктемелер
  • 7 Сыртқы сілтемелер

Табиғаты

Корея - таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т. б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Кен байлықтары - темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т. б. Климаты жағынан солт. - континенттік муссондық, оңт. - субтропиктік. Қаңтардағы орташа температура солтүстікінде -2°С (тауларда -30 - 40°С-қа дейін), оңтүстікінде 4°С, тамыз - шілде айларындағы темп-ра 22 - 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 - 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстікінде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т. б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі.

Buryeongsa.jpg

Тарихы

Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін полеолит заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б. з. б. 1-мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б. з. б. 2 - 1 ғ-ларда аса күшті мемлекетке айналды. Б. з. басында Кочуре (солт-те), Пэкче (оңт. -батыста), Силла (оңт. -шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 4 - 6 ғ-ларда елге будда діні тарай бастады. Силла, Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла мемлекеті 676 ж. қытайларға тойтарыс беріп, 8 ғ-да Кореяның көпшілік жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет құрды. 9 ғ-да Силла ыдырап, 935 ж. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мемлекет қидандардың шабуылына (993, 1010 - 11, 1018 - 19) төтеп беріп, елдің тұтастығын сақтап қалды. Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда болды. 1231 - 59 ж. Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына өтіп, 14 ғ-дың орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. 1352 - 62 ж. Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын (ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтып алды. Астана Кэчен қ-нан Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғ-дың аяғында елге жапондар, 17 ғ-да маньчжурлар басып кірді. Корей халқы 1592 - 98 ж. жапон басқыншыларынан елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж. К. билеушісі маньчжур әулетіне бағынды. Дегенмен 17 - 18 ғ-ларда ел әлеум. -экон. жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары құрылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бері экономикада нарықтық қатынастар пайда болды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап дамыған елдер Кореяға күш көрсете бастады. 1876 ж. Жапония Кореяны тиімсіз Канхва шартына қол қоюға мәжбүр етті. Осындай шарттар 1882 ж. АҚШ, 1893 ж. Ұлыбритания, Германия, 1894 ж. Ресей, Франция мемлекеттерімен де жасалды. 1893 - 94 ж. елде болған халық толқуларын басуды сылтауратып, Кореяда Қытай мен Жапония әскерлері өздері таласқа түсті де, соның салдарынан жапон-қытай соғысы (1894 - 95) болып өтті. Қытай Кореядан кетуге мәжбүр болды. 1904 - 05 жылдардағы болған орыс-жапон соғысынан кейін Жапония елге біржолата орнықты, 1910 жылдан бастап Корея отарға айналды. Чосон мемлекеті жойылды. 1919 - 45 ж. елде жұмысшы-шаруа және оқушы жастардың отаршыларға қарсы ұйымдары құрылды. 2-дүниежүз. соғыста Жапония жеңілгеннен кейін, 1945 жылғы Ялта (Қырым) конференциясы шешімдеріне сәйкес, Корея 38° ендікте екі бөлініп, солтүстік КСРО-ның, оңтүстік - АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО мен АҚШ арасындағы “қырғи-қабақ соғысқа” байланысты ел жасанды түрде екіге бөлінді. 15 тамызда (1948 ж. ) Сеулде ресми түрде Корея Республикасы, ал 9 қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық Демократиялық Республикасы құрылды (қ. Корей Халық Демократиялық Республикасы) . Екі ел арасында 1949 ж. қарулы қақтығыстар, 1950 - 53 ж. корей соғысы болып өтті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс еш нәтижесіз аяқталып, шекарада ені 4 км созылатын демилитаризацияланған аймақ пайда болды. 1987 жылға дейін К-да әскери төңкерістер (1961, 1979) болып, билік басында әскерилер отырды. Дегенмен 20 ғ-дың 60 - 80-жылдары елде экономика қарқынды дамып, Корея кеме жасау мен электронды бұйымдар жасаудан жетекші орынға шықты. 1987 ж. демокр. қозғалыстардың қысымымен елде либералдық реформалар жасалды, президент сайлауы өткізілді. 1988 ж. Сеулде 24-інші Олимпиада ойындары өтті. 1998 ж. тұңғыш рет оппозиция үкімет басына келді.

HMS Belfast in Korea.jpg

Экономикасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корея Республикасының тарихы
Оңтүстік кореяның Қазақстандағы мүдделері
Корея Республикасы, табибиғаты, тарихы
Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру
Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет
Корей саясатының ерекшеліктері
Корей халқының этнодемографиялық жағдайы
Қазіргі кезеңде Кореядағы әйелдің гендерлік мәртебесі
Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарды дамытудағы Оңтүстік Кореяның рөлі
Оған сәйкес, еркін экономикалық аймақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz