Медициналық профилактикалық жұмыстар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Медициналық профилактикалық жұмыстар

Халық денсаулығы - мемлекет тірегі

Қазақстанда соңғы 20 жылда денсаулық сақтау саласы жоспарлы түрде дамып келеді. Республикада тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі ҚР Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі арқылы қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылдан бастап әлеуметтік аз қорғалған тұрғындар үшін қосымша қымбат зерттеулер түрлері енгізілді.

Туа біткен бет-жақ патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек, экстракорпоральды ұрықтандыру, қан ауруына, гемодиализдегі қатерлі ісік ауруларына шалдыққан, қан және компоненттері құйылған балаларға В және С вирусты гепатитін диагностикалауға скринингтік тексерулер жүргізілуде.

2011 жылдан бастап тұрғындардың әлсіз топтарын әлеуметтік қолдау үшін бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында учаскелік терапевттер үшін екінші, ал жалпы практика дәрігерлері үшін үшінші медбикелер лауазымдары енгізілді.

Алыс және жету қиын өңірлерде тұратын тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік медицинасын дамыту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Екінші жыл қатарынан барлық қажетті медициналық құралғылармен және дәрігерлер тобымен жабдықталған пойыздармен медициналық көмек көрсетілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында «Денсаулық» және «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойыздары 180 425 емдеу-диагностикалық қызметтер көрсеткен. Биылғы 26 қыркүйектен бастап «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты үшінші медициналық пойыз өз жұмысын бастады.

Бүгінгі таңда еліміздің өңірлеріне 17 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жеткізілді. Жалпы ағымдағы мерзімде ЖМК арқылы 100 мыңға жуық адам медициналық тексеруден өтті. Санитарлық авиация республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істей бастағалы (2011 жылғы шілде айы) 200-ге тарта ұшырылым жасалды.

Профилактикалық медициналық тексерулер (скринингтер) шеңберінде 2011 жылдың 9 айы ішінде бүкіл республика бойынша 2 млн. -ға жуық адам қаралды.

Стационарлық және стационарды алмастырушы көмектің жиынтық көлемі 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% артып, медициналық көмектің толықтай қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр.

Өңірлерде жоғары технологиялар және диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері қарқынды дамуда. Есептік кезең қорытындысында 12 мыңдай азаматқа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілсе, олардың 30% ауыл тұрғындары құрады.

Соңғы уақытта республикада отандық трансплантология саласын дамыту бағытында көптеген шаралар атқарылып, органдар мен тканьдер трансплантациясы операциялары санын арттыруға мүмкіндік берді. 2009 жылы мұндай 4 операция жасалса, 2010 жылы туыс донорлардың бүйрегін ауыстырып салу бойынша 8 ота жасалынды. Сонымен қатар, алғаш рет кемік майын аутологиялық трансплантация жүзеге асырылды. 2011 жылдың 7 айы ішінде кемік майының 5 аутологиялық және 1 аллогендік трансплантациясы, 9 бүйрек трансплантациясы жасалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Органдар және тканьдер трансплантациясы республикалық орталығын құру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Аталған жобаны жүзеге асыру транплантация жасау үшін шетелдерге баратындар санының азаюына байланысты жыл сайын елеулі қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.

Стационарларда жоспарлы емделген 487 мың адам еркін таңдау құқығын пайдаланса, олардың 43% ауыл тұрғындары құрады. Азаматтардың 90% өз өңірлерінде емделсе, 2% өзге өңірлерді таңдап, тұрғындардың 8% республикалық клиникаларда мамандандырылған көмек алды.

Азаматтардың 95% жиырма күнге дейінгі мерзімде емдеуге жатқызылып, тек 5% жиырма күннен астам уақыт күткен.

Жалпы Қазақстанда тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігі толықтай қамтамасыз етілген.

Дәрігер - аса мәртебелі де жауапты мамандық. Медициналық компьютерлік технологияны іске асырып, медициналық қызметтің сапасын денсаулық сақтау саласында арттыру мақсатында аянбай тер төгіп жүрген ақ желеңді абзал жандардың еңбектері ерекше. Денсаулық сақтауды реформалаудың негізгі бағыттарын, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік және мақсаттық бағдарламалардың барысын бақылау және орындау жөніндегі шараларды іске асыру барысында аудандық денсаулық сақтау саласында ауыз толтырып айтарлықтай істер атқарылуда.

Тегін медициналық көмек көрсету бойынша емдеу-профилактикалық жұмыстардың мақсатты бағдарламалары іске асты. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындардың санитарлық -эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, азаматтарға дәрі-дәрмек көмегін көрсетуді ұйымдастыру ісі де айтарлықтай жүзеге асуда.

Жамбыл ауданының халқына 61 емдеу профилактикалық мекемелері қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1257 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің №4 өзгертілген №644 бұйрығы «18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруден өткізу», сондай-ақ №16 «Тууға қабілетті жастағы әйелдерді профилактикалық тексеруден өткізу», №579, №607 бұйрықтарын басшылыққа ала отырып жүрек-қан тамырлары ауруларының, әйелдерде кездесетін онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында белгіленген жас мөлшері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, нақты нәтижелерін берді.

Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ұлттық жүйесін іске асыру барысында атқарылған қомақты жұмыстар ауқымы айтарлықтай. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді бекіту арқылы орындалар жұмыстардың нәтижесі көрінбек. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы денсаулық сақтау саласының жұмыстарын тек қана алға жетелейді. Әр адам ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеп салауатты өмір сүрулері қажет.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнайы бекітілген ережеге сай жұмыс істеуде. Өңірлік деңгейде халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурулардың бастапқы және қайталанған алдын алудың, халық аурушаңдығы көрсеткіштері, демографиялық деректері талдауының, экологиялық және эпидемиологиялық жай-жапсары жағдайларының жалпы бағыттарын анықтау мақсатында өз функцияларын орындайды. Халықтың денсаулығы, оның өмір салты арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындау және бағалау. Аурушаңдықтың қауіп-қатер факторларының таралушылығын зерделеу, нысаналы өңірлік алдын алу бағдарламаларын, салауатты өмір салтын насихаттау және негізгі әлеуметтік елеулі аурулардың мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу хаттамаларын әзірлеу мен енгізуді үйлестіру және де мониторингтер ұйымдастыруды салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы өз деңгейінде жүргізуде. Санитарлық ағарту жұмыс-тары бүгінгі күнде ең маңызды мәселе. Аурудың алдын алу үшін ауданымыздың әрбір азаматы қандай аурудан қалай сақтанудың жолдарын тиянақты білулері қерек. Оны үйрететін дәрігерлер қауымы. Аурудың алғашқы белгілері қалай басталады, қалай сақтану қажет, аурудың алғашқы белгісі біліне бастағанда тек қана дәрігерге қаралу керектігін біз үйретуіміз керек. Осы мақсатта жұқпалы аурулар, туберкулез, ЖҚТБ, жүрек-қан тамырлары аурулары туралы жадынамалар әрбір келгендерге, олардың туыстарына емхана дәрігерлері арқылы таратылды. Салауатты өмір салты тақырыптарына 2011 жылдың 6 айында 290 лекциялар мектептерде оқылды. Сондай-ақ, ЖҚТБ-мен күрес, «Нашақорлық пен шылым шегуге қарсы күрес» акциясы, туберкулезбен, қатерлі ісік ауруларымен күрес айлықтары өз деңгейінде өтті.

Мемлекетіміздің тұтқасын ұстар ұрпақ қамы үшін дәрігерлер қауымы аянбай тер төгуде. Әсіресе, ана мен бала өмірін сақтап қалу жолында атқарылар жұмыстар орасан. Ана мен бала өліміне жол бермеу мақсатында аудандық денсаулық сақтау мекемелерін-де материалдық-техникалық база жылдан-жылға нығайтылып келеді. 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға, диспансерлік есепте тұратын балаларға, жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге тегін дәрі-дәрмектер уақтылы берілуде. Тууға қабілетті, жүкті әйелдердің, сондай-ақ, қатерлі топқа жататындарға емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Телемедицина арқылы әйелдерге облыстық орталықпен хабарласып, кеңестер жасалады. Дәрігерлердің мамандығын жетілдіру мақсатында жоспар бойынша әр 5 жыл сайын акушер-гинекологтар, балалар дәрігерлері Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында облыстық денсаулық сақтау мекемелері арқылы берілген жолдамалармен оқуға жіберіледі.

DOTS бағдарламасы аясында ауданда 11 рет семинар сабақтар өткізілді. Туберкулездің алдын алу және туберкулезбен күресу мәселелерін қарастыру арнасында бірнеше рет ауданның үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ аудандық дәрігерлер кеңесінің туберкулез қызметіне арналған 3 отырысы өтті.

Ауылдық әкімшіліктерде туберкулез ауруына қарсы күрес комиссиялары құрылды. Комиссияның басты мақсат-мүддесі: мүгедектер мен туберкулезбен ауыратын, әлеуметтік жағдайлары нашар отбасыларына әлеуметтік көмек сапасын жақсарту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖҮІТКЛІКТІҢ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ АСҚЫНУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ХАЛЫҚПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ - ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
Сантарлық нормалар мен ережелер
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету
Тұрғындарды медициналық тексеру
Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
Халықтық клиникалық жетекшілік: даму тарихы, құрастыру принциптері мен енгізу проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz