Жылумен емдеу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ

Жылумен емдеу, термотерапия (грек. therme және терапия) - жылу әсерін әр түрлі физикалық әдістер арқылы емдік мақсатта пайдалану. Ж. е. үшін су (қ. Сумен емдеу), саз, құм, парафин, озокерит (қ. Балшықпен емдеу), электр шамдары, жоғары және ультражоғары жиілікті электр тогы (қ. Электрмен емдеу), Күн сәулесі (қ. Гелиотерапия), т. б. қолданылады. Емдейтін ауру түріне және қолдану тәсіліне қарай Ж. е. аумақтық және жалпы әсер ететін болып екіге бөлінеді. Адам организмінің жеке бір аумағына пайдаланылатын жылудың әсері, әуелі сол аумақтың жүйке талшықтарына білінеді. Жылудың әсері қызудың мөлшеріне, қыздыратын жердің аумағына, пайдалану уақытының ұзақтығына байланысты адам организмінде реакциялар туғызады. Ж. е-дің ішкі мүшелерге әсері теріде орналасқан жүйке ұштарын қоздыру арқылы байқалады. Ж. е. организмді жылытып, одан бөлінетін жылуды азайтады, зат алмасуын күшейтеді, жүрек соғысы жиілейді, қан қысымы төмендейді, тыныс алу тереңдейді, жиілігі азаяды, бұлшық ет тонусы әлсірейді, эндокриндік бездердің қызметі жақсарады. Қшкі органдардағы өзгерістердің қарқыны, негізінен, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмыс істеу жағдайына байланысты болады. Сондықтан Ж. е-ді организмнің жалпы реактивтік жағдайын тіркеумен қатар өткізу қажет. Ж. е. тек дәрігердің рұқсатымен тірек-қимыл қызметі бұзылғанда, орт. және шеткі жүйке жүйесі, тері, т. б. ауруларын емдегенде қолданады. Ал жүрек, қантамыры, қатерлі және қатерсіз ісік аурулары бар адамдарға Ж. е-ді қолдануға болмайды.

Сумен емдеу - суды емдеу ушін және аурудың алдын-алу мақсатында қолдану. Мысалы, температурасы әр түрлі сумен қызыл иек ауруларын емдеу. Шипалығын арттыру мақсатында календула, эвкалипт тұнбаларын қосады.

«Алатау» емдік-сауықтыру кешенінде пайдаланылатын минералды су кешен аумағында орналасқан жекеменшік бұрғыдан өндіріледі. . Ол орташа минералды хлоридті натрий-кальций суларына жатады. Минералды су ортақ және жергілікті ванналар, ингаляциялар, кішіклизмалар, суландыру, ішіп емделу және тюбаждар түрінде пайдаланылады. Сонымен қоса минералды су тірек-қимыл аппараты, асқазан-ішек жолы, перифериялық жүйке жүйесі, гинекологиялық, урологиялық және тері ауруларын емдеуге қолданылады.

Минералды су гастродуоденалды жүйенің, сондай-ақ өттің түзілуі мен өттің шығарылу жолдарын реттеу механизмдеріне әсер ете отырып, ас қорыту жолының секреция және моторлы-эвакуаторлы функциясын қалпына келтіреді, асқазан сөлінің белсенділігін төмендетеді, репаративті процестерді күшейтеді, бауырдың және ұйқы безінің қызметін қалпына келтіреді. Су ішетін бювет қысқы бақта орналасқан.

Минералды суды дәрігердің рұқсатынсыз ішуге болмайды!

Минералды ванналар

Минералды ванналар (соның ішінде оттекті минералды былаулар көмірқышқылды йодты-бромды, маржанды ванналар) тері рецепторларына температуралық, гидростатикалық және химиялық факторларымен әсер ететін ерекше қоздырғыш болып табылады. Ол ағзадағы күрделі биологиялық белсенді заттардың қалыптасуының бейімделу реакциясын тудырады, сол арқылы ағзаның физиологиялық мүмкіндігі жоғарылап, бұзылған функциялар қалыптасып, патологиялық құбылыстар төмендеп, емделушінің жалпы көңіл күйі жақсарады.
Процедура ұзақтығы 10-15 минут, цельсия бойынша температура 36-37°. Ваннаны күнара қабылдайды (немесе екі күн қатар, бір күн демалыс) . Емнің курсы 8-10 ванна. Емді тек 6 айдан кейін ғана қайталайды.

Сумен емделу ережесі туралы, сумен қандай ауруды емдеуге болатыны немесе болмайтыны жөнінде Сіз өзіңізді емдейтін дәрігерден анағұрлым толық ақпарат алуыңызға болады. Емхана емдік-диагностикалық бөлімнің екінші қабатында орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық биофизиканың өзекті мәселелері. Клеткалардың зақымдану теориясы
Сумен, бумен емдеу әдістері туралы мәлімет
Сумен, бумен емдеу әдістері жайлы
Емдік тағам белгілеудің негізгі принциптері
Дұрыс тамақтану ережелері
Емдік тағамдар
Рудный индустриялық институты
Қайта Жаңғырту құрылыс талаптары
Сумен, бумен емдеу
Жаныс ауылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz