«Елім-ай!» – ұрпақтың ұмытылмас өнегесі



1 Бір адамға деген сүйіспеншілік
2 Ата Мәдидің табиғи шеберлігі
Бір адамға деген сүйіспеншілік - бүкіл адамзатқа деген махаббат мұхитының мөлдір бұлағы болса керек. Жүрек лүпілінің қан тамырларын шіренте толтырар ыстық ағысы жан дүниенің кіршіксіз тазалығынан ғана нәр аларын өзім өз болғалы сезінумен келе жатқанымды, жасыра алмас күй кешкенімді айғақтағалы отырмын. Оған бүйірімді бүлк еткізе бұлқына соққан жүрегіме ырзалық тапқызған үлкен себеп - өнер әлеміне өз «іңгә» - құштарлығымен еркелей енген «Елім-ай!» атты фильмнің тұсаукесерін өзектестеріммен бірге әрі асыға, әрі күдіктене келіп, құмарлана көруім. Өйткені «Елім-ай!» дейтін ат-атау - менің ғұмырлық, іңкәрім, мәңгілік аңсарым, өмірлік мақсат-мұратым болғандықтан, осы аттас әдебиет, мәдениет шығарма-туындыларының өскелең тілекті, өміршең түлекті болып тууына мүдделестігіме жанашыр жанымның адалдығы мен елгезектігі куә.
Қуандым. Шын көңіліммен, адал ниетіммен кәдімгідей елжірей қуандым. Бүгінгі мынау адам адамға жатбауыр тартып, адам адамды іштен теуіп, кеудеден итеріп, адам адамнан пенде жасауға ұмтылып, сол пендені құлына айналдыруға құлшынып жүрген қытымыр заманда адам жанының аянышпен тазарып, ақиқат алдындағы ар-намысымен асқақтайтынына қауышқанымда жанарымнан жасымның еріксіз ытқып кеткенін өзім де байқамай қалдым.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Елім-ай! – ұрпақтың ұмытылмас өнегесі

Бір адамға деген сүйіспеншілік - бүкіл адамзатқа деген махаббат мұхитының мөлдір бұлағы болса керек. Жүрек лүпілінің қан тамырларын шіренте толтырар ыстық ағысы жан дүниенің кіршіксіз тазалығынан ғана нәр аларын өзім өз болғалы сезінумен келе жатқанымды, жасыра алмас күй кешкенімді айғақтағалы отырмын. Оған бүйірімді бүлк еткізе бұлқына соққан жүрегіме ырзалық тапқызған үлкен себеп - өнер әлеміне өз іңгә - құштарлығымен еркелей енген Елім-ай! атты фильмнің тұсаукесерін өзектестеріммен бірге әрі асыға, әрі күдіктене келіп, құмарлана көруім. Өйткені Елім-ай! дейтін ат-атау - менің ғұмырлық, іңкәрім, мәңгілік аңсарым, өмірлік мақсат-мұратым болғандықтан, осы аттас әдебиет, мәдениет шығарма-туындыларының өскелең тілекті, өміршең түлекті болып тууына мүдделестігіме жанашыр жанымның адалдығы мен елгезектігі куә.
Қуандым. Шын көңіліммен, адал ниетіммен кәдімгідей елжірей қуандым. Бүгінгі мынау адам адамға жатбауыр тартып, адам адамды іштен теуіп, кеудеден итеріп, адам адамнан пенде жасауға ұмтылып, сол пендені құлына айналдыруға құлшынып жүрген қытымыр заманда адам жанының аянышпен тазарып, ақиқат алдындағы ар-намысымен асқақтайтынына қауышқанымда жанарымнан жасымның еріксіз ытқып кеткенін өзім де байқамай қалдым.
Мені тебіренткен киноның шынайылығы, мөлдірлігі, табиғилығы. Қазіргі көптеген экран туындыларындағы жасанды тірліктен, жалаң пафостан, жадағай мақтау-мадақтаудан аулақтылығы. Өмір-тірліктің күнгейінде де көңілге қаяу салып көмкерер көлеңке боларын, көлеңкелі кезеңінде де шұғылалы тұстың жүрекке нұр құяр шапағатты сәті боларын нәзік нюанстармен, әсерлі көріністермен көрсете білген фильм авторларының (режиссері һәм операторының да) жемісті еңбегі көрермендерін бірден баурап алғанын сезбесем, несіне сезімтал қаламгер аталам... Сездім де, көрдім де - жаңа туындының ұзақ ғұмырлы өміршең боларына сендім.
Мен Жанай үшін марқайдым. Кешегі Сейітжан ағаның қаламгерлік құдіретінің тереңге кеткен тамырларының бірінен бүгін әуелеп бой көтерген жас дарақты тауып отырмын. Кешегі Сейітжан ағаның көл-дария талантының бұрқ етіп, тас тесіп атқылап көз ашқан бір бұлағын танып отырмын.
Әр шығарма авторының жанын мазалап, жүрегін жұлқындырып, ерік-ырқынан тыс тылсымдай орап, шырмап алатын құдіретті құрсауы арқылы дүниеге тырмысып, таласып енетіні маған құпия тірлік болмағандықтан, мынау кино боп туындаған тағдыр мен өмір хикаятының да Жанайдың ой-бойын шырмауықтай орап алып, ақыры әсерлі өнер өркені болып шығармашылық өмір табалдырығынан батыл аттағанына шүбәсіз сенеміз. Шығармашылық толғағы әманда қаншама ауыр болса, сол өнер немесе әдебиет перзентінің соншама қымбатты, қастерлі боп туатыны хақ.
Елім-ай! - әке мен балалардың, аға мен інінің, тірілер мен ірілердің арасындағы адами тәрбие, бауырмалдық қарым-қатынас, өткен мен бүгінгінің асыл қасиеттерін, үлгі-болмысын аталар арқылы ой-бойға сыздықтатып, сыналатып, бірақ ешқашанда өшпейтіндей, ұмтылмастай етіп сіңірген өнегесі.
Кекселіктің кеудеңе мұң орап, иығыңа жылжыған жылдардың жүгін артып еңкейтіп қойған, жанының ыңқылы көп жанның ендігі серігі де, сырласы да - естелігі. Ескірмес күндердің, мазасыз ұйқысыз күндердің әрқайсысы азалы көңіл мен қазалы көкіректің белбеулеткен хикаясындай көз алдыңнан көш-керуендей шұбыратын тізбегі естелік боп ақ қағазға құйылса, сол өмір-ғұмыр үзіктері бірде жылатып, бірде жұбатып экранда өміп жатады. Жылататын да, жұбататын да Мәди ата, Ата Мәди - Асылболат Смағұлов. Асқақ дарын, шынайы талант. Биік талаптың деңгейінен жарқырап табылған талғамды өнерпаз.

Еріксіз сенесің. Сендіретін Ата Мәдидің табиғи шеберлігі. Кәдімгі өзіңмен өзіндей сырласа да, мұңдаса да алатын қамкөңіл, бірақ ақжүрек адал тұстасың екендігі. Осындай замандасың барда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіске рух берген әндер
Қазақ халық музыкасы
Жеке тұлғаның бағыт-бағдарының тәрбиелік мәні. Оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбиенің дамуы
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
О. НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
Бастауыш сыныптарда шешендік өнерді оқыту маңызы
Туған жер - әр адамның баға жетпес, асыл атамекені
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ (1931-1976)
Қорқыт күйлері
Пәндер