Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 . бөлім. Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихы және экономикалық алғышарттары ... ... ... ...

1.1 Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихи ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Қазақстан Республикасында кеден саясаты қалыптасуының экономикалық және заңдық негіздері ... ... ... ... ... ..

2 . бөлім. Сыртқы экономикалық іс.әрекетте кедендік қызметті ұйымдастырудың қажеттілігі және ерекшеліктері

2.1 Казақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және оның құралдары, аспектілері
2.2 Сыртқы эконмикалық іс.әрекетте кедендік органдардың ролі және маңызы

3 . бөлім. Қазақстан Республикасында кеден ісінің дамуы және кеден ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастық

3.1 Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын іске асыру және кеден саласының мүмкіндіктері мен болашағы
3.2 Қазақстан Республикасының кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастығы және ұлттық рынокты қорғаудағы рөлі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда нарықтық экономикаға көшкен елге айналды. Бұл мәртебе әлемдік деңгейде танылып отыр. Қазақстан Республикасының шет елдермен қарым-қатынасы күрт кеңейіп, нығайып келеді.
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында тауарлар мен қызметтердің сыртқы саудасы өте маңызды орын иеленеді. Әлемдік саяси және экономикалық процестердің жаһандану үрдістерінде әлем елдерінің бір-біріне тәуелділігі арта түсуде, халықаралық еңбек бөлінісі үрдістері тереңдеп, тауарларды қайта өңдеудің жолдары күрделілене түсуде. Осындай ғаламдық экономика жағдайында мемлекеттердің жасап қалуы негізгі екі факторларға байланысты:
1) бәсекеге төтеп бере алатын тауарлар мен қызметтер өндіру;
2) мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын тиімді пайдалану.
Тек қана ұлттық мүддені қорғауға бағытталған сыртқы экономикалық байланыстар ғана ұлттық экономиканың, ғылыми-техникалық прогрестің, тауарлар мен қызметтердің сапалы және бәсекеге төтеп бере алатын өндірісіне жағдай жасай алады.
Елдің сыртқы экономикалық байланыстары ұлттық экономиканың құрылымының өзгеруіне маңызды фактор болып, олар Қазақстанның әлемдік нарыққа экономикалық қауіпсіздігі қорғалған жағдайда еніуне жағдай жасауы қажет.
Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастар жүйесінде кеден ісі ең бір маңызды саланың бірі болып табылады.
Кеден органдары Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда ұйымына кірер қарсаңында елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, отандық өндірістің дамуына үлесін қосуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты сырттқы экономикалық әрекетте кедендік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың экономикалық негіздерін толығырақ ашып көрсету. Бұл диплом жұмысын жазу барысында мен келесідей міндеттерді атқардым:
1) Сырьқы экономикалық іс-әрекетте кедендік қызметті ұйымдастырудың қажеттілігі мен ерекшеліктері жайлы баяндап кеттім.
2) Қазақстан Республикасында кедендік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың қазіргі жағдайы жайлы айтып кеттім.
3) Қазақстан Республикасында кедендік қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары жайлы ұсыныстар жасадым.
Бұл диплом жұмысын жазу барысында кеден саласындағы іс-әрекеттерді реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінен, нормативті-құқықтық актілерден, Қазақстан және Ресей авторларының кеден ісі және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы еңбектерінен, мерзімді баспасөзде жарияланатын Қазақстан Республикасының Кеден ісі жөніндеге уәкілетті мемлекеттік органының нұсқаулары мен бұйрықтарынан пайдаландым.
Жұмыстың зеттеу объектісі мен пәні. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық іс-әрекетінде кеден ісін ұйымдастыру жұмыстың объектісі болып табылады. Ал зерттеу сыртқы жұмысының пәні сыртқы экономикалық іс-әрекетте кеден саясатын тиімді қолданып жетілдіру болып табылады.
Құрылымы бойынша диплом жұмысы 3 тараудан тұрады.
Бірінші тарауда - Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихы және экономикалық және заңдық алғышарттары, негіздері қарастырылған.
Екінші тарауда - Казақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және оның құралдары, аспектілері, сыртқы эконмикалық іс-әрекетте кедендік органдардың ролі және маңызы, Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын іске асыру және ұлттық рынокты қорғаудағы рөлі қатысты сұрақтар қарастырылған.
Үшінші тарауда - Қазақстан Республикасындағы кеден саласының мүмкіндіктері мен болашағы, кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастық сұрақтары қарастырылған.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Маркетинг және коммерция кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық
қызметті мемлекеттік реттеу шаралары

Орындаушы:
4 курс студенті _______________
Берікбаев А.
(қолы, күні)
(Ф.А.Ә)

Ғылыми жетекшісі,
э.ғ.д., доцент _______________
Тулембаева А.Н.
(ғылыми дәрежесі, атағы) (қолы, күні)
(Ф.А.Ә)

Норма бақылаушы,
Оқытушы _______________
Акежанов Д.Қ.
(ғылыми дәрежесі, атағы) (қолы, күні)
(Ф.А.Ә)

Қорғауға жіберілді
кафедра мењгерушісі,
э.ғ.д., доцент _______________
Тулембаева А.Н.
(қолы, күні)

Алматы, 2010

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы 56 беттен тұрады. Жұмыс 6 суреттен, 6 кестеден, 23
қолданылған әдебиет көздерінен тұрады.
Бітіру жұмысыныњ мазмұнын сипаттайтын негізгі тіректік сөздер: кеден
ісі, кеден ж‰йесі, кедендік режимдері, кеден баќылау, кеден баждары, кеден
төлемдері, контрабанда, кедендік рєсімдеу, алдын-ала шешім ќабылдау.
Жұмыстыњ мақсаты ЌР-ѓы кеден іс-әрекетін дамуыныњ проблемалары мен
болашаќты оқып зерттеу мен талдау және оны жетілдіруге бағытталған
ұсыныстарды дайындау.
Жоғарыда айтылған мақсатқа байланысты жұмыста мынадай міндеттер
қойылған және шешілген – экономикадаѓы кеден ісініњ орны жєне ролі
аныќталѓан, кеден ісін ұйымдастырудыњ нысандары жєне ќұралдары зерттелген,
республикадаѓы кеден ісіњ ұйымдастырудыњ ерекшеліктері талдап алѓан, бар
болѓан кемшіліктері жєне проблемалары айќындалѓан, кеден ісін жетілдірудіњ
негізгі жолдары аныќталѓан.
Жұмысты жазу барысында зерттелетін мәселе бойынша теориялық
материалдар қарастырылып жєне нақты деректері зерттеліп қолданылған.
Зерттеу нәтижесінде кеден іс-әрекетіндегі кемшіліктер анықталып оны
болдырмаудыњ ұсыныстары дайындалған.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 – бөлім. Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихы
және экономикалық алғышарттары ... ... ... ...

1. Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының
тарихи ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
2. Қазақстан Республикасында кеден саясаты қалыптасуының экономикалық
және заңдық негіздері ... ... ... ... ... ..

2 - бөлім. Сыртқы экономикалық іс-әрекетте кедендік қызметті ұйымдастырудың
қажеттілігі және ерекшеліктері

1. Казақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және оның құралдары,
аспектілері
2. Сыртқы эконмикалық іс-әрекетте кедендік органдардың ролі және маңызы

2. – бөлім. Қазақстан Республикасында кеден ісінің дамуы және кеден ісі
саласындағы халықаралық ынтымақтастық

1. Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын іске асыру және кеден
саласының мүмкіндіктері мен болашағы
2. Қазақстан Республикасының кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
және ұлттық рынокты қорғаудағы рөлі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда нарықтық
экономикаға көшкен елге айналды. Бұл мәртебе әлемдік деңгейде танылып отыр.
Қазақстан Республикасының шет елдермен қарым-қатынасы күрт кеңейіп, нығайып
келеді.
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында тауарлар мен
қызметтердің сыртқы саудасы өте маңызды орын иеленеді. Әлемдік саяси және
экономикалық процестердің жаһандану үрдістерінде әлем елдерінің бір-біріне
тәуелділігі арта түсуде, халықаралық еңбек бөлінісі үрдістері тереңдеп,
тауарларды қайта өңдеудің жолдары күрделілене түсуде. Осындай ғаламдық
экономика жағдайында мемлекеттердің жасап қалуы негізгі екі факторларға
байланысты:
1) бәсекеге төтеп бере алатын тауарлар мен қызметтер өндіру;
2) мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын тиімді пайдалану.
Тек қана ұлттық мүддені қорғауға бағытталған сыртқы экономикалық
байланыстар ғана ұлттық экономиканың, ғылыми-техникалық прогрестің,
тауарлар мен қызметтердің сапалы және бәсекеге төтеп бере алатын өндірісіне
жағдай жасай алады.
Елдің сыртқы экономикалық байланыстары ұлттық экономиканың құрылымының
өзгеруіне маңызды фактор болып, олар Қазақстанның әлемдік нарыққа
экономикалық қауіпсіздігі қорғалған жағдайда еніуне жағдай жасауы қажет.
Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
қатынастар жүйесінде кеден ісі ең бір маңызды саланың бірі болып табылады.
Кеден органдары Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда ұйымына кірер
қарсаңында елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, отандық
өндірістің дамуына үлесін қосуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты сырттқы экономикалық әрекетте кедендік
қызмет көрсетуді ұйымдастырудың экономикалық негіздерін толығырақ ашып
көрсету. Бұл диплом жұмысын жазу барысында мен келесідей міндеттерді
атқардым:
Сырьқы экономикалық іс-әрекетте кедендік қызметті ұйымдастырудың
қажеттілігі мен ерекшеліктері жайлы баяндап кеттім.
Қазақстан Республикасында кедендік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың қазіргі
жағдайы жайлы айтып кеттім.
Қазақстан Республикасында кедендік қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары жайлы
ұсыныстар жасадым.
Бұл диплом жұмысын жазу барысында кеден саласындағы іс-әрекеттерді
реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінен,
нормативті-құқықтық актілерден, Қазақстан және Ресей авторларының кеден
ісі және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы еңбектерінен, мерзімді
баспасөзде жарияланатын Қазақстан Республикасының Кеден ісі жөніндеге
уәкілетті мемлекеттік органының нұсқаулары мен бұйрықтарынан пайдаландым.
Жұмыстың зеттеу объектісі мен пәні. Қазақстан Республикасының сыртқы
экономикалық іс-әрекетінде кеден ісін ұйымдастыру жұмыстың объектісі болып
табылады. Ал зерттеу сыртқы жұмысының пәні сыртқы экономикалық іс-әрекетте
кеден саясатын тиімді қолданып жетілдіру болып табылады.
Құрылымы бойынша диплом жұмысы 3 тараудан тұрады.
Бірінші тарауда - Қазақстан Республикасында кеден саясатының
қалыптасуының тарихы және экономикалық және заңдық алғышарттары, негіздері
қарастырылған.
Екінші тарауда - Казақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және
оның құралдары, аспектілері, сыртқы эконмикалық іс-әрекетте кедендік
органдардың ролі және маңызы, Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын
іске асыру және ұлттық рынокты қорғаудағы рөлі қатысты сұрақтар
қарастырылған.
Үшінші тарауда - Қазақстан Республикасындағы кеден саласының
мүмкіндіктері мен болашағы, кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастық
сұрақтары қарастырылған.

1 – бөлім. Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихы
және экономикалық алғышарттары

1. Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихи
Бұрын Қазақстанда кеден саласын реттейтін нормативтік акт болмаған,
бірақ кеден қызметіне байланысты кейбір белгілі бір түсініктер қалыптасқан.
Мысалы, қазіргі өзіміз білетін және қолданып жүрген таможня (кеден) сөзі
татар тілінен аударғанда таңба, мөр (тамга) дегенді білдіреді. Қазақ,
түркі тілдерінде де осы мағынаны білдіреді. Кеден баж салықтары келесідей
түрлерге бөлінеді: өндіріп алу тәсіліне байланысты олар тауардың бағасынан
және арнайы түрінен алынатын баж салығы. Тауардың бағасынан төленетін баж
салығы деп көпестің қандай да бір тауардың бағасының (құнының) белгі бір
пайызын төлеуін айтамыз. Арнайы баж салығы тауардың салмағына, санына,
көлеміне байланысты өндіріп алынады. Мұнда тауардың бағасы еспеке
алынбайды. Өндіріп алынатын баж салығы импорттық, экспорттық, транзиттік
болып жіктеледі.
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап сауда-саттық қала өмірі
дамуының негізгі себебі болды. Сол кездегі басты сауда орталығы Семей
қаласы болған. Ол басқа губерниялармен және елдермен сауда қатынасын
жасады. Біртіндеп Ертіс бойындағы қамал көптеген сауда жолдары мен түрлі
тауарлары бар керуен келетін ірі орталыққа айналды.
Семей қамалының алғашқы құрылған жылдарынан бастап-ақ Кеден
шекарасынан, Құлжадан, Жаркенттен керуен келе бастады. Тауарларымен
қытайлар, жоңғарлар, монғолдар келді. Азия көпестері мен Орта жүз малшы
қазақтарының сауда-экономикалық қатынасының қалыптасып, дамуына Семейдегі
кеден мекемесі мен айырбас ауласының (монетный двор) салынуы біршама ықпал
етті.
Басында сауда операцияларын қамалдағы кеден мекемесі қызметкерлері
бақылап отырды. Біртіндеп Семей арқылы сауданың дамуына орай әкімшілік
алдында қамалға әкелінетін заттарға бақылауды қамтамасыз ету және орыс
көпестерінен баж салығын жинауды реттеу үшін шара қолдану қажеттілігі туды.
Сондықтан сауданы дамыту туралы укіметтің нұсқауын юасшылық кеден ала
отырып, 1754 жылы Сібір шекарашылар әкімшілік Семейде кеденді ұйымдастырды
және одан өтетін керуендерді тексеру үшін кеден комиссиясын тағайындады.
Семей кедені Қазақтармен, ортаазиялық және орыс көпестерімен сауда
қарым-қатынасын реттеуге үлкен рөл атқарды, ал әкелінген заттардан тусетін
баж салығы қомақты кіріс кіргізді. Мысалы,1765-1770 жылдар аралығында баж
салығынан 15770 сом ақша жиналды, сол кезде Ямышевск қамалында 13385 сом
жиналған еді. Семей қамалының ыңғайлы орналасуы оны айрықша қызу сауда
орталығына айналдырды. Сауданы дамытуға орыста,қазақта, ортаазиялық
көпестерде қызушылық білдірді. Орыс рыногына жылқы, шикізат, қазақтарға
өндіріс бұйымдары қажет болды. Осыны ескере отырып, Ресей үкіметі сауданы
жандандыру мен кеңейтуге жағдай туғызытын жарлық шығарды.
XVIII ғасырдың 60-жылдарында Сібір шекаралық линиясының басшыларына
қатысы бар үкіметтің бір жарлығы жазылған, біздің көзқарасымыз үшін қызықты
құжатта былай делінген: ...Азия халықтарымен сауда қатынасы барынша
кеңейтілсін, халықты сауда байланысын жалғастыру үшін қабылдап, келешекте
берік негіз қалауға кіріссін, олар жаңа көнестерге мүмкіндігінше жылы және
түсіністікпен қарап, олардың қонақ жайлылығы барынша пайдаланылсын.
Кеденшенеуніктері мен қызметкерлерінің андаусыз және қорлайтын қызықтарынан
кейін ол халық бізбен байланыстан бас тартады. Мұндай жағдайда барлық
кеден қызметкерлері жауапқа тартылып, заң талаптарына сай ісі сотқа
беріледі 1.
Семейде Орта Азия көпестерін саудаға тартып және оның дамуына
қызушылық тудыра отырып, патшалық әкімшілік Ресей өндіргіш куштерінің
позисиясын бекітуге бағытталған қолдан (протекционистік) саясатын ұстанды.
Осы мақсатпен, мысалы, XVIII ғасырдың 60-жылдарында Ресейде жеткілікті
шығарылатын шетелдік тауарларды қамалға кіргізуге тыйым салынды.
Шет жерлік көпестердің сауда бостандығын шектеу Семей және Ертіс
өңіріндегі басқа да қамалдардың тауар алмасуына кері әсерір тигізді. Бұл
әкімшілікті Орынбор, Троицк, Семей кедендерінде азиялық тауарлардың баж
салығын төмендетіп, жібек, жүн, ірі қара малды баж салығынсыз кіргізуге
арналған жаңа тарифті енгізуге мәжбүр етті.
Семейдің сауда орталығы ретіндегі маңызы, Батыс Қытаймен ара-
қатынастың дамуына байланысты өсті. Сібір генерал-губернаторы Пестель 1804
жылы Семей кеденінен қытай тауарларының Семей арқылы өтуі туралы мәлімет
талап еткен. Бұл іспен танысқан үкімет Семей шекаралық кеденіне бұл саудаға
кедергі жасамауын бұйырды.
Қазақ даласында сауда жасау үшін Орта Азаия мен Қытай көпестеріне
Семей кедені белгілі бір бағамен арнайы төлқұжаттар мен куәліктер тапсырды.

Сауда айналымының кеңеюі және соған сәйкес баж салығының алынуы Семей
кеденінің мәнін өсіре түсті. Осыған байланысты Семейге Сібір кеден
аймағының бас кедені ауыстырылды. 1845 жылғы 9 ақпандағы Семей қаласы
Петербург, Кронштадт, Архангельск, Рига қалалары сияқты ұқыпты кеден
қатарында аталды. Семей кеденінен тасылатын атуарлардың орташа жылдық
бағасы 891,5 мың сомды құрады.
Патшалық Ресейде мемлекеттік құрылым басшылығы тарапынан құқықтық
реттеу мен кеден ісін ұйымдастыру мәселелеріне үздіксіз назар аударылды. I
Петр тұсында бұл процесс өзіндік өрлеу шегіне жетті, сол кезде
протекционистік кеден тарифі қабылданды және бекітілген кедендік төлемдерді
жинайтын ұйымды басқаратын коммерц-коллегиялар қызмет істеді, көпестерден
сайланатын кеден бурмистрлер (кеден басқарушы) институты құрылды.Кейінгі
кезеңде кедендік реттеу кеден тарифі мен кеден жарғысынан құралды.
1893 жылы Ресейде белгілеген протекционистік екі еселенген кеден
тарифіне ауысуына байланысты орыс тауарларын атсуға жеңілдігі жоқ елдер,
орыс тауарына баж салығын кәдімгі ставкадан 15-30 пайызға артық
төлейтіндігі туралы заң қабылданды. 1904-1910 жж. Кеден жарғысының кеден
құқығын бұзушылармен күрес мәселесі тұрғысынан қарағанда өзіндік ерекшелігі
бар.
1922 жылы КСРО Сыртқы сауда халық комиссариаты бас кеден басқармасында
283 жергілікті, 8 аймақтық, оның ішінде Түркістен мен Семей де кіретін
кеден мекемелері болды. 1925 жылы КСРО территориясында жергілікті жерлерден
кеден апараттарын қайта құру нәтижесінде 11 аудандық кедендік инспекторлық
басқарма болды.
КСРО-ның 70 жылдан аса өмір сүру жағдайында сыртқы саудаға мемлекеттік
монополия үстемдік етті. Мұндай жүйеде кеден тарифі таза демократтық
сипатта болды және ішкі баға құрылымының жағдайына әсер еткен жоқ.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында кеден саясаты мемлекеттік
қызметтің маңызды, дербес бағытына айналды. Импорт тарифі отандық тауар
шығарушыларды шетелдік бәсекелестіктен қорғайды, ал тауарды сыртқа шығару
мен кіргізуге әкімшілік шек қою Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
1991 жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президендінің
Қазақстан Республикасының Кеден комитетін құру туралы жарлығы шықты. Осы
күннен бастап егемен елімізде кеден қызметі әрі бюджетке кіріс кігізетін
әрі кеден саласындағы құқық бұзушылықтармен қарсы күресетін құқық қорғаушы
орган ретінде өз жұмысын бастады.
Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасу келесі
мәселелерді қамтиды:
- біріншіден, кеден ұйымын жаңа мақсат пен міндеттерге қайта бағыттау,
қызметін кеңейту және қайта құру;
- екіншіден, басқару шешімін қабылдау процесін орталық ұйымнан маңызды
өкілеттіліктің бірлігін қамтамасыз ететін (кадр мәселесі, оперативті
әсер ету шаралары) аймақтық деңгейге дейінгі кеден ұйымы жүйесін
құру;
- үшіншіден, өнімдерді кіргізу және шығаруға әкімшілік шек қою,
тауарға кедендік салық салумен, қаржы құралдары іс-әрекетін
пайдалану.
Қазіргі нарық экономикасы заманында еліміздің экономикалық
тұрақтылығын сақ тау мен бюджеттің кіріс жағын толтыруда кеден органдарының
үлес салмағы орасан зор.
Кеден саясаты кедендiк шекара арқылы тауарлар тасымалдау iciн реттеу
және әкiмшiлiк пен қаржы-салық құралдарының көмeгiмeн iскe асыруға
бағыталған шаралар жиынтығы болып саналады.
Кеден саясатының субъектiлерi - кeдeндiк мәселелерге және оларды
өмiрде пайдалануға байланысты шешiмдерден тұратын нормативтiк aктi шығару
құқығына ие, Президенттiк, Парламенттiк, Үкiметтiк; басқа да атқарушы
билiгi бар орталық ұйымдap (мемлекеттiк кipic министрлiгiнiң кеден
комитетi) болып табылады.
Кедендiк реттеу әp түрлi бағыттағы eкi мақсатты мүддейдi:
- бipiншi жaғынан, халықаралық зат алмасудың дамуын қамтамасыз ету және
ұлттық тауарды сыртқы саудада таратуды жеңілдету;
- екiншi жағынан, iшкi рынокта қолданылып отыратын ұлттық тауарларды
ұтымды қолдау арқылы отандық өндірушілерді қорғау.
Кеден саясатының мақсаты кеден ұйымының үpдici мен қызмeтін анықтайды.
Оны iскe асыратын құралдар жүйесi қалыптасқан. Кеден саясатының негiзгi
құралдары мыналар:
1. Кедендiк-қаржылық реттеу немесе кедендiк салық салу;
2. Әкiмшiлiк реттеу.
Кеден органдарының экономикамызды дамытудағы ролін оның атқаратын
қызметтері мен мақсаттарынан-ақ көруге болады. Кеден органдарының
міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға
қатысу;
2) Өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3) Қазақстан Республикасының кеден шекарксы арқылы өтетін тауарларға
тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану.
4) Кеден саласындағы құқық бұзушылықтармен қарсы күресу.
5) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар айналымының
артуына жағдай жасап олардың бақылануы мен рәсімделу жолдарын жетілдіру.
6) Валюталық бақылауды жүзеге асыру.
7) Қазақстан Республикасының кеден шарасында радиациялық бақылауды жүзеге
асыру.
8) Өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адам өмірі мен
денсаулығын қорғау.
9) Бірыңғай бюджет саясатын жүзеге асыруға, кеден органдарының материалдық-
техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу.
Сонымен қатар кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы өтетін барлық түрдегі тауарла мен көлік құралдарына бақылау
орнатып, олардағы еліміздің аумағы арқылы заңсыз алып өтілетін
контрабандалық және контрафакттық тауарлардың заңсыз өтіп кетпеуін
қадағалайды.
Қазақстан Республикасының заңымен қабылданған кеден төлемiнiң түрлерi:
кeдeндiк баж салығы, iшкi салық (қосымша кұн салығы және акциздер),
кедендiк төлем. Тауарды сыртқа шығару мен кiргiзу, транспорт құралдарын
әкiмшiлiк реттеу билiктiк нұсқаумен iскe асады және тауарды cыpтқa шығару
мен кiргiзудің нормативтiк тәртiбiн мемлекет қабылдайды. Ол экономикалық
саясатқа (тарифсiз реттеу) шара қолдану және жанама салық салу жүйесiне
бөлiнедi. Кеден құқығы мен кеден саясаты рөлiнiң өcyi Қазақстанның
егемендiк пен тәуелсiздiк алуына, оның әлемдiк бiрлестiктің толық мүшесi
болып қабылдануына байланысты eкeнi белгiлi.
Құқық қорғау органы ретінде де кеден органдарының маңызы артып
келеді, олар кеден саласындағы заң бұзушылықтарды анықтап, оны сотқа
дейінгі анықтау және сотқа істі тапсыру жұмыстарын атқарады. Ал
экономикалық қызметіне келетін болсақ, кеден органдары салықтар мен баждар
алу арқылы мемлекет қазынасын толықтырады. Соның ішінде акциздер мен
қосылған құнға салық алу тікелей кеден органдарына
жүктетілген.Кеденоргандары импортталатын тауарлардың елімізде аналогтары
өндірілетін бөлігіне кеденбаждарын, әр түрлі кедендік процедураларды
өткізгені үшін алымдар алу арқылы олар импортталатын тауарлардың бағасын
көтереді. Бұл әрекеті арқылы олар еліміздің өндірушілерін арзан шетел
өнімдерімен бәсекеден қорғайды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының біртұтас кеден жүйесін
мыналар құрайды:
1) Кеден ісі жөніндегі уікілетті мемлекеттік орган;
2) Уәкілетті мемлекеттік органның облыстар мен мемлекеттік маңызы
бар қалалар бойынша аумақтық бөлімдері;
3) Кедендер;
4) Кеден бекеттері;
5 )Бақылау өткізу пунктері;
6) Мамандырылған кедендік құрылымдар.
Қазақстанның әлемдiк pынокқa шығyы кедендiк қатынастарды реттеуде
халықаралық стандарттарды қабылдауға байланысты. Бұл жолда aлға қойылатын
талаптар:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және жеке меншiгiн мойындау,
оларды тең дәрежеде lқорғау;
- cыpтқы экономикалық қызметте мемлекeттiк монополияны жою, cыpтқы
экономикалық қызмeттi аластырy (cыpтқы pынокқа шығуға құқығы бар жеке
меншiк заңды тұлғалар саны ұлғайған);
- Қазақстан Республикасының экономикалық eгeмeндігін
және экономикалық қауiпсiздiгiн, Қазақстан нарығының дамуын қорғау.
Кеден саясаты - кeдeндiк шекара арқылы, мақсаты мен кеден төлем жолдары
арқылы өтeтiн тауарлаpға, мемлекеттің сыртқы экономикалық қарым-қатынас
саласына бағыттaлған сыртқы және iшкi саясатының құрaмдac бөлiгi.
Қазақстанда 1991 жылғы 24 желтоқсанда "Кеден тарифi мен баж салығы
туралы" Заң қабылданып, cоғaн сәйкес бiркелкi кеден салығы қалыптасып,
қолданылды.
Дербес мемлекеттiк кеден саясаты, кеден ici заңды түрде бөлiнбедi және
бекiтiлмедi, бiрақ кеден ұйымдарында кедендiк реттеу жүрiп жатты. Бiртiндеп
кеден жүйесi нығaйып, кеден құқығы қалыптасып, дами бердi. Қазақстан
Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi №2386 заң күшi бар "Қазақстан
Республикасының кеден ici туралы" жарлығымен кеден ici кеден құқығы және
кеден саласы болып тұңғышш рет бөлiндi 2.
Кеден тарифi қазiргi сыртқы сауданы реттеудiң маңызды элементi болып
табылады. Олар отандық өнiм өндiрушiлердi шетелдiк бәсекелестерден қорғау
құралы болып қала бередi. Ұлттық кеден саясатын iскe асыру құралы болып
табылатын кеден тарифтерi елiмiздiң кеден шекарасынан өтeтін мүшелiктер мен
кұнды заттарға кеден мекемелер жүйесi арқылы салынатын баж салығы тiзiмiн
құрайды. Бұл заңның қызет ету аясында Қазақстан республикасының әкiмшiлiк
территориясы оның бiртұтас кедендiк территориясына айналды.
Қазіргі кезде кеден ісі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Кеден комитеті болып
табылады. Оның аумақтық бөліктері Кедендік Бақылау Департаменттері деп
аталады. Қазір Қазақстан Республикасында он төрт облыстық Кедендік Бақылку
Департаменттері, Астана және Алматы қаласы бойынша екі Кедендік Бақылау
Департаменті бар.(2.3.)
Маңғыстау облысында Бейнеу кедені, Шығыс Қазақстан облысында
Өскемен, Семей, Майқапшағай, Бахты кедендері, Жамбыл облысында
Қордай кедені, Қарағанды облысында Ұлытау кедені, Қызыл Орда облысында
Байқоңыр кедені,Алматы облысында Достық, Қорғас, Қолжат кедендері
бар. Жалпы Қазақстанда он екі кеден, жүз алпыс екі кеден бекеттері жұмыс
істейді.
Қазақстан Республикасында кеден ісі саласындағы іс-әрекеттерді
реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі болып
табылады. Сонымен қатар кеден ісі Кеден істері жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның шығарған нұсқаулары, бұйрықтары және нормативті
құқықтық актілер негізінде реттеледі. Кеден саласындағы Қазақстан
Республикасы ратификацияланған халықаралық келісімдер де кеден саласын
реттеуші заң актілері болып табылады.

1.2. Қазақстан Республикасының кеден саясаты қалыптасуының экономикалық
және заңдық негіздері.
Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық
қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық
мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық,
экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі.
Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының
құрамдас бөлігі болып табылады (Қазақстан Республикасының кеден ісі
туралы Қазақстан Республикасының Заңы).
Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан
келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да булдіргіш әсерлерден қорғауға
міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған
кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады,
экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.
Қазақстан Республикасы кеден ісінің 2-бабында еліміздің кеден
саясатының мынандай мақсаттары айқындалған: Қазақстан рыногын қорғау;
Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономикада құрылымдық
өзгертуді жүзеге асыруға ат салысу; дұрыс бәсекелестікті және монополизмге
қарсы тұруды қостау; экспортқа жағдай туғызу және шетелдік тауарларды
алмастырушы өндіріс орындарын қолдау; шетелден инвестиция тарту; сауда
саясатын сонымен бірге Қазақстан Республикасы орталық билік органдары
белгілеген басқа да мақсаттарды іске асыру.
Мемлекеттің кеден саясатының басты мақсаты – мемлекеттік бюджетті
толықтыру. Зейнетақыға тұрмысы төмендерге, бюджет қызметкерлерінің
жалақысына төленетін тірі ақшаны қазынаға түсіретін негізінен кеден
ұйымдары. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арқылы кедендік-банктік
бақылауды іске асыруда келісім-шарт бойынша қозғалыстағы тауарлар мен
валютаны тексеруді күшейту бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік
береді.
Республиканың кеден ұйымдарының алдында республиканың ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесідей міндеттер тұр:
- қару-жарақ пен есірткіні контрабандалық жолмен өткізумен күресу;
- тұтынушыларды денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп тұғызатын азық-
түліктер мен тауарлардан қорғау;
- терроризмнің алдын алу;
- стартегиялық және ядролық материалды заңсыз әкетуді болдырмау;
- ұлттық рыноктың өзін-өзі қамтамасыз ету қағидаларына қайшы
келмейтіндей дәрежеде импорттың көлемі мен құрылымының ұлғаюына жағдай
жасау;
- ойшылдық және көркемөнер құндылықтарын алып өтуді болдырмау;
- мемлекеттің құрылымын бұзуға, ұлттар арасында алауыздық туғызуға
бағытталған ақпараттық материалды өткізбеу және т.б.
Қазіргі таңда Қазақстанның кеден саясаты қалыптасып болды. Ұлттық
кеден саясатының қағидалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының
құрамдас бөлігі болса, кедендік заңдылық – ұлттық заңдылықтың құрамдас
бөлігі. Кеден саясатының қызметі келесідей:
- сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеу;
- кедендік реттеуде әкімшілік шара қолдану;
- отандық экспортты қорғау мен қолдау;
- импорттың үйлесімділігіне жағдай жасау;
- сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылардың құқықтық теңдігі мен
мүддесінің қорғалуын қадағалау;
- сыртқы қызмет істеріндегі тарифтік артықшылықтар мен кедендік
жеңілдіктер берудің неғұрлым басым бағыттарын мойындау.
ТМД-ның құрылуына байланысты оғaн кipeтiн теуелсiз жаңа мемлекеттердiң
кедендiк ынтымақтастығында проблемалар бой көтердi. Бұл ынтымақтастықтьң
құқықтық негiзi, соньщ iшiнде кеден қызметінiң кейбір қырлары Минск пен
Алматы келiсiмдерiнде қаланып, 1992 жылғы 13 наурыздағы ТМД мүшелерiнiң
келiсiмiнде одан әpi дамыды. Одан кеден одағының құрылғаны,тауарлардың
ерікн қозғалысы қағидасы, кедендік заңдылықтың үйлесімділігі, жалпы кеден
тарифі келісімі, кеден кеңесінің құрылғаны (оның құқығы мен атқарушы
органдары) жарияланды.
Қазақстан Республикасының Кеден ici туралы Заңының 8-бабына сәйкес,
кеден ұйымдары орталық кеден ұйымы, кеден басқармасы, кеден бекеттерi мен
кедендер, кеден мекемелерi мен ұйымдары кipeтін бiртұтас жүйе болып
табылады.
Қазақстанның саяси жүйесiнiң әрбiр элементтерiн анықтау және мiнездеме
беру ұйымның мәнін түciну, бүкiл жүйеге талдау жасау үшін маңызды.
Қазақстанда кеден саясатын iскe асыруда мемлекеттiк ұйымдар қызметiнiң
әсерлiлiгi де арнайы талдауды қажет етедi.
Қазақстан Республикасы Кеден комитетi кеден iciн тiкелей басқаруды
iскe асырады. Ол мемлекеттiк бiртұтастықтың дамуы мен нығаюына есер ете
отырып, кеден қызметi жүйесiнiң барлық салаларын бағыттап, басқарады,
бiрiктiредi.
Кеден комитетi тiкелей басқаруды iскe асырады, ұлттық кеден саясатын
жузеге асыруға, кеден ici туралы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге,
өздерi басқаратын кеден ұйымдары жүйесiнiң қызметi әсерлi болуына жауап
бередi.
Кеден ұйымдары жүйесiнiң маңызды құрамдас бөлiгi аймақтық кеден
басқармалары болып табылады. Кеден басқармаларының негiзгi мiндеттерi
қатарына мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасы кеден саясатын зерттеу шаралары мен оны
іlске асыруға қатысу;
- өзiнiң құзыреттiлiгi жүретiн жерде елдiң экономикалық кауiпсiздігін
камтамасыз ету, контрабандамен, кеден құқығы мен кеден заңдылықтарын
бұзушылармен күресу.
Кедендер Қазақстан Республикасы барлық кеден ұйымдары жүйесiнiң
iргетасын құрайды. Олар кеден ici саласындағы мiндеттердiң негiзгi бөлiгiн
тiкелей атқарады. Кеденнiң шұғыл басқаруында оның территориясында
орналасқан кеден бекеттерi бар. Соңғылары кеден саясаты мiндеттерiн
атқарып, зандылықтың сақталуын қамтамасыз етудi, кедендiк бақылау барысында
ақша жинауды іске асырады.
Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1992 жылғы 12 карашада Қаржы
министрлiгi жанындағы Бас кеден басқармасы болып қайта құрылған кезден
бастап, 1995 жылғы сәуiрде Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi,
Үкімет құрамына кiрмейтiн, бiрақ оған бағынышты орталық ұйым мәртебесi бар
ҚР Кеден комитетi болып әртүрлi құрылымдық өзгерiстерге ұшырады. Кеден
iciнe басшылық жасау тiкелей Кеден комитетiнiң өзiнде қалды. 1998 жылдың
күзiнде Кеден комитетi Қазақстан Республикасы Kipic министрлiгiне қарайтын
болды.
Қазақстан кеден қызметi халықаралық қатынастардың жалпы формаларын
қалыптастыра алды. 1992 жылғы маусымда Қазақстанның Кеден ынтымақ,тастығы
одағына - Бүкiл әлемдiк кеден ұйымына (БКҰ) кipyi халықаралық стандартқа
сай импорттық-экспорттық тipкey тәртiбiн қабылдауына мүмкiндiк бердi.
Әлемдiк экономикада басымдыққа ие кедендiк қатынастар жүйесiн
қабылдайтын кез келдi. БКҰ-ғa мүше болу әлемдiк экономикаға араласуға
ұмтылатын мемлекеттер үшiн мiндеттi. 28-30 cәyip аралығында Брюссельде БКҰ-
ның ұйымдастыруымен кеден қызметiн қайта құру мен жетiлдiруге байланысты
халықаралық форум болып өттi. Форумның жұмысына БКҰ-ға муше 130 ел, оның
iшiнде Қазақстан Республикасы да қатысты.
Букiл әлемдiк кеден ұйымы сауда ережесiне сәйкес, қоғам мен салық
жинауды қорғау, экономиканың дамуы мен ұлттардың жағдайын жақсартуға кеден
қызметi әсерлiлiгiн күшейту арқылы ықпал етудi алдына мақсат етiп қойған,
әлемнiң 140-тан аса елдерiн бiрiктiрген тәуелсiз өкiметаралық ұйым болып
табылады.
БКҰ халықаралық сауданың өсуі мен жылдамдауына, технологияның дамуына,
ұлттық және әлемдік экономиканың өзгермелі сипатына байланысты пайдалануға
шектеу қойылған және тыйым салынған тауарларды заңсыз өткізу сияқты
проблемаларға кезікті. БКҰ кеден қызметін қайта құру мен жетілдіруге көп
көңіл бөледі.
Яғни, кеден қызметi институтынан басқа ешбiр мемлекеттiк ұйым салықты
жинау мен қорғауда, қаржы саласында көмек жасауда, контрабандамен күресу
арқылы саудада, сыртқы саясатта жене қоғам мүддесiн қорғауда осынша маңызды
роль атқармайды.
Әрбiр ел қойған талапқа жауап беретiн жене тапсырылған қызмет пен
мiндетrердi орындай алатын кеден қызметi қандай болуы керек eкeнін өздерi
шешеді.
БКҰ-ның стратегиялық мақсаты - тауар өндiру мен мамандану арқылы
халықаралық саудаға қатынасушы елдердiң барынша пайда табуына жәрдемдесу.
Бұл мақсатқа жетудiң негiзгi құралы сыртқы экономикалық, қызметтi
либерализациялау (ымыралау), тарифтердi төмендету және сыртқ,ы экономикалық
қызметте әкiмшiлiк кедергiлердi жою болып табылады.
БКҰ -ғa кiрушi елдердiң мемлекеттiк сыртқы сауда жүйесiнiң ұлттық,
ерекшелiгiне мыналарды жатқызуға болады:
- Жоғары құқықтың қамтамасыз етiлуi. Бұл қажетri болжау жасауға
мүмкiндiк бередi, сыртқы экономикалық қызметте (СЭҚ), ұлттық құқықтық
peттeyдe жариялылық пен тұрақтылық болады.
- СЭҚ экономикалық нормалар мен ережелердi peттey мен іскe асырудың
бiрегейлiлiгiн, оны басқа елдердiң осындай ережесiмен ұштастырудың дамуына
жағдай жасайды.
БКҰ-ға кipгeн Қазақстан мынандай артықшылықтарға ие болды:
- басқа елдердiң төменгі және үнемi азайып жатқан
тарифтерi негiзiнде СЭҚ-i іске асыруға мүмкіндік алу;
- бiздiң мүддемiздi басқа елдердiң заңсыз шараларынан БКҰ
ережелерiне сәйкес және осы ұйым құрылымының көмегі
арқылы қорғау.
БКҰ-ның ережесi - eкi бағыттағы қозғалыс: бiздiң тауарлардың шетел
рыногына шығуын қамтамасыз ету және басқа елдiң тауарлары үшiн бiздiң
рынокты алу.
Кеден ісінің халықаралық құқықтық негізін халықаралық аренада
халықарлақ кеден конфренциясы мен келісімінің 3 тобы құрайды:
1) Көп жақты кедендік конвенциялар;
2) Аймақтық кедендік келісім;
3) Екі жақты кедендік келісім.
Кеден ісінің халықаралық құқықтық негізін халықаралық аренада келесі
конвенциялар құрайды:
- 1950 жылғы 17 маусымдағы білім беру, ғылым және мәдени
сипаттағы материалдарды кіргізу туралы келісім;
- кедендік ынтымақтастық одақ құру туралы конвенция (1952
жылдың 19 қарашасында күшіне енді);
- 1952 жылғы коммерциялық және жарнамалық материалдарды
енгізу туралы конвенция;
- кеден мақсаты үшін тауардың құнын анықтау конвенциясы
(1953 жылдың 28 шілдесіне күшіне енді);
- туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы конвенция;
- 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена
конвенциясы (дипломаттар мен дипломатиялық өкілдіктер
үшін кедендік жеңілдіктер) және т.б.
1992 жылғы 13 наурызда ТМД елдерi кеден саясаты принциптерi туралы
келiсiмге қол қойды. Бұл келiсiмнiң мақсаты -келiсушi жақтардың арасындағы
бiртұтас экономикалық кеңiстiктi камтамасыз ету, осы кеңiстiктiң аясында
тауарлардың epкін айналымын қамтамасыз ету, экономиканың дамуына мүмкіндік
жасау және ішкі рынокты қорғау.
ТМД елдерiнiң 1992 жылғы 8 ақпандағы транзит тәртiбi туралы
келiсiмiнiң мақсаты - ТМД-ның сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы
қызметiнiң әсерлiлiгiн қамтамасыз ету, ТМД-ның әрбiр мемлекеттiң
экономикалық егемендiгiн қорғау және қамтамасыз ету, транзит еркіндігі
қағидаларын қамтамасыз ету.
Транзиттiк жүктердi кедендiк тipкey тәртiбi туралы 1992 жылғы 2
сәуiрдегi келiсiм 1992 жылғы 8 ақпандағы транзит тәртiбi туралы келiсiмнiң
дамуы мен iскe асуы нәтижесiнде қабылданды.
Қазақстан басқа Орта Азия мемлекеттерi және Ресеймен өзара саудада
кеден процедураларының қолданылу тәртiбi туралы, заңсыз шығарылған мәдени
құндылықтарды ұстау мен кepi қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы,
ecipткi мен психотропты заттарды заңсыз айналымға түcipyгe қарсы күресте
ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмдерге қол қойды.
Ресей Федерациясы, Беларусь, Қазақстан Республикалары арасындағы Кеден
одағы туралы келiсiмге 1995 жылғы 20 қаңтарда қол қойылды. Кейiн бұл одаққа
Қырғызстан қосылды.
Бұл шартта азаматтардың жүктерi мен қол жүктерiн тексерудi жою,
жүктердiң бұл елдердiң шекарасы арқылы epкін және баж салығынсыз қозғалуы,
бiртiндеп салықты төлемдi және басқа да шектеулердi азайту, кеден
процедураларын карапайымдандыру, құжат формаларын бiрегейлендiру көзделген.

Бұл төрт мемлекет кедендiк статистика жургiзуде бiртұтас кеден құруға
жағдай туғызуды қамтамасыз ету өте қажет, яғни басқарудың рыноктық
шаруашылық механизмi принциптерiне негiзделген бiр типтес экономика құру
мен экономикалық қайта құруды жургiзуде жедел қарапайымдылыққа қол жеткiзу,
кедендiк одаққка қатысушы елдердiң барлық субъектiлерi үшiн мүмкiндiктер
мен кепiлдiк беру, сыртқы сауда, кеден, баға, салық және басқа да
шаруашылық заңдарын бiрегейлеу, кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттер валюта
рыногын ұйымдастырудың ортақ ережелерiн дайындау керек деп санайды.
Кеден мәселесi бойынша eкi жақты келiсiмде мемлекеттер ынтымақтастық
саласы бекiтедi, кеден саласында тәртiп бұзушылықты болдырмау, тексеру,
алдын алу iстерiнде бiр-бiрiне ынтымақтасуға уағдаласады. Осыған байланысты
eкi жақ мемлекеттiң де кеден қызметтерi кедендiк баж салығы мен салық
бағасы мәселелерiнде өзара ақпарат алмасу, кеден қызметкерлерiн арнайы
мамандыққа машықтану iciнe оқытуды iскe асыру, кеден мәселелерi саласында
тәжiрибесi бар эксперттер алмасу туралы да келіседі.
Кеден мәселелерi Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы
Үкіметі арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы "Сыртқы экономикалық қызметтi
реттеудiң бiртұтас тәртiбi туралы " eкi жақты келiсiмде бiршама орын алды.
Халықаралық кеден нормалары негiзiнде Қазақстан кеден құқығының дамуы
және Қазақстанның жаңа халықаралық құқықтық кеден нормаларын дайындауға,
халықаралық ынтымақтастыққа белсене араласуы - өзара байланысты және өзара
толықтырылымды процесс болып саналады.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнен республика кеден
заңдылықтарының тұтас күйiнде халықаралық кеден құқығы принциптерiне сәйкес
келетiнi байқалады: ұлттық тәртiп ұстанымы; қылмыссыздандыру принципi; БКҰ-
ғa қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгi; сыртқы сауда мен
кеден саясатының жариялылық принципi; кеден тарифiн мемлекеттiң сыртқы
саудасын реттеушi ретiнде қолдану принципi.
Қазақстан Республикасының сауда-кедендiк: ұйымдардың жұмысына қатысуы
- Қазақстанның халықаралық кедендiк ынтымақтастықтағы мәндi каналдарының
бiрi болып саналады. Қазақстан Бүкiләлемдiк кеден ұйымдарының қызметiне
1993 жылдың 3 қазанынан бастап оның мүшесi ретінде қатысып келеді.
Елiмiз – халықаралық өкiметаралық экономикалық ұйым, әpi әртүрлi
мемлекеттердiң сыртқы сауда және кеден ici саласындағы халықаралық құқықтық
келiсiм болып саналатын ТСБКБКҰ-да бақылаушы. 1947 жылдың қазанында пайда
болған (көп жақты келiсiм 1948 жылдың 1 қаңтарында күшiне ендi) ТСБК
мемлекеттердiң кеден ici жөнiндегi әртүрлi бағыттары мен аспектiлерi, кеден
саясаты мен зандылықтары бойынша мемлекеттер ынтымақтастығында үлкен әpi
құнды тәжiрибе жинақтады.
Қазiргi кезеңде Қазақстан өзiн тариф пен сауда туралы Бас келісім
және Бүкiләлемдiк сауда ұйымына (БСҰ) мүше ретiнде қабылдауын өтiнiп тiлек
бiлдiруде. Қазақстанның ТСБК мен БСҰ -ға мүше болуы оның халықаралық
саудада позициясын күшейтiп, ерекше сауда ережелерiн орындай отырып
еліміздің көздеген мақсатына жетуге көмектеседі.
Бiрiншiден, Қазақстан неғұрлым қолайлы жағдай туғызу тәртiбiне
негiзделген, сауда әрiптестерi оған ешқандай кедергiлер қоя алмайтын
кепiлдiкке ие болады, әpi отандық өндiрiс тауарларын ұсынуда теңдiк алады.
Екiнiшден, ТСБК мен БСҰ даулы мәселелердi шешу процестерiне мол
мүмкiндiк берегенi соншалық, Қазақстан тәртiп бузушылықты анықтауда қолдау
көредi. ТСБК мұндай тәртiп бұзушылыққа жол берген елдерге қарсы.
Үшiншiден, ТСБК мен БСҰ Қазақстанға оның экономикалық мүддесi болатын
ымырашылдық саясатын iскe асыруға көмектеседi және қолдаушылық саясатқа
"құлдырап" кету мүмкiндiгi бар eкeнін де ескертедi.
Төртіншіден, ТСБК ережесi нарықтық қатынас үшiн қолайлы жағдай
туғызады және сандық шектеудi қолдануды кiдiртедi, әлемдiк балансқа қол
жеткiзу үшiн өткiзiлетiн сауда шараларын қолдануды шектейдi.
Қазақстанның кеден шекарасының жалпы ұзындығы 13000 километрден асады,
оның 7000 километрi Ресеймен, 2300 километрi Өзбекстанмен, 400 километрi
Typiкмeнcтaнмeн, 100 километрi Қырғызстанмен, 1700 километрi Қытаймен, 1700
километрi теңiзбен шектеседi. Қазақстанның кеден шекарасы арқылы жыл сайын
1 миллионнан аса жеке тұлғалар өтедi.
Кеден саласындағы iстелген жұмыс пен параметрлер кеден қызметiне
қойылатын талапты күшейту қажеттiлiгiн көрсетедi, оған қoca бюджеттiң кipic
бөлiгiне түceтiн түciм үнeмi ұлғаюда.
Кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттердiң арқайсысының кеден
саясатындағы мaқсaттapы ұқсас, олар: отандық рынокты, өндірушілер мен
тұтынушыларды қopғay, экспортқа жағдай жасау, шетел тауарларының орнын
ауыстыратын өндірісті қолдау, шетел инвестициясын тарту, сауда саясаты
мiндетrерiн шешу және басқа да мaқcaттap.
Бұл күндерi бiздiң экономикалық қауiпсiздiгiмiзге төнiп тұрған
қауiпқатер туралы фактiлер жеткiлiктi. Олардың iшiндегi нғұрлым
маңыздыларына мыналар жатады: экспортқа шикізаттың көптеп шығарылуы және
республиканың халық тұтынатын тауарлар, машиналар мен жабдықтар импортына
тәуелділігінің артуы, сыртқы экономикалық қысымнан экономиканың тұйыққа
тiрелiп қалу мүмкiндiгiнiң артуы. ТМД арасындағы шекараның ашық болуы
сыртқы экономикалық байланысқа қатысы бар қылмыстық бизнестiң өcyiн,
контрабандалық тауарларды кiргiзу мен шығаруды оңайлатады.
Кеден ұйымдары мемлекетте жүрiп жатқан барлық демографиялық
процестерге белсене қатысуда. Олар бiртiндеп стратегиялық, ұзаұ мерзiмдi
мiндеттердi белгiлеу мен шешуге бағыт алуда.
Мемлекеттің экономикалық мүддесiн сақтау жұмысының маңызды бағыты 1997
жылдан бастап өткiзiле бастаған, сыртқы экономикалық қатынастарға
қатысушыларды, кедендiк-банктiк валютаны бақылауды iскe асыру болды. 1997
жылдың қыркүйегiнен бастап Алматы қаласында валюталық бақылауды кiргiзу
бойынша экономикалық эксперимент басталып, 1997 жылдың қаңтарынан бастап
Қазақстанның бүкiл территориясына тарады. Кедендiк-банктiк валюталық
бақылау - елдiң бюджетiнiң кipic бөлiгiн толықтыратын маңызды кездердiң
бiрi.
Кеден ұйымдары өздерiнiң қызметi арқылы мемлекет қазынасына, кейiн
зейнетақы, жердемақы, бюджет саласы қызметкерлерiнiң еңбекақысына төленетiн
"тipi ақша" әкеледi.
Республика кеден ұйымдарының алдында тұpғaн басты мiндет кедендiк баж
салығы, салым және түciм жинау арқылы мемлекет бюджетiнiң кipic бөлiгiн
толтыру болып табылады. Кеден ұйымдары бюджетке кipic кiргiзетiн қосымша
көздердi табуға тырысады.
Валюталық бақылаудың мәнi келiсiмнiң құжатын жасау арқылы тауардың
қозғалысын бақылау, валюталық түсiмдi толық бiлiп отыру болып табылады.
Қолданылған шаралар кеден төлемдерi мен салықтың жиналуы бойынша жұмыстар
динамикасын толық өзгерттi.

1-кесте.
2001 жылғы 12 айдaғы мәлiмет (мың теңге)

Телемдер мен салық12 айдың Орындалғаны Пайыз есебiмен
жоспары
атаулары
Кеден процедурасы 78842 97385 123,5
Импортrық баж 1086811 761892 70,1
салығы
ҚC (НДС) 2089440 2822289 135,1
Акциз 4616 33442 724
Барлығы: 3259709 3715008 114,0

Сыртқы экономикалық қызметгi ретгеуде кедендiк одақ пен бiрыңғай
тәртiп туралы қолданылып жүрген келiсiмде Кеден одағын құрудың негiзгi
шарты болып табылатынбірыңғай кеден тарифiн құру карастырылған.
Кедендiк одақ туралы келiсiмге қатысушы елдердiң тариф саясаты бойынша
жүргiзген жұмыстары кеден тарифiн бiрегейлендiрудiң негiзiн қалады, кеден
салығының мөлшерi, қатысушы елдердiң барлығында да сәйкес келетiн тауарлар
тiзiмiн дайындап, бекiттi.
1997 жылдың наурызынан бастап ҚР Кеден комитeті әуе және темір жол
көлiктерiне кезең-кезеңiмен кедендiк бақылау енгiздi. Бақылаудың
сенiмдiлiгiн күшейту мақсатында әуежайға "Rapis kan" типтес рентген
аппараты сатып алынып, орнатылды. Кеден салығын төлеуде жеңiлдiктер беру
мәселелерiн ретгеу мақсатында Қазақстан Республикасының "Тiкелей
инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылдың 28 ақпанындағы №275-1
Заңы кабылданды. Онда инвестициялық жобаны iскe асыруға арналған шетелдiк
жабдықтар, материалдар толығымен немесе жартылай кеден салығынан босатылуы
мүмкін екендiгi айтылған.
1997 жылғы 22 қазанда Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден
территориясында тауарларды импорттау мен экспорттаудыңбірыңғай тәртiбiн
бекiту ушiн "Кеден одағын құрудағы тарифтiк емес реттеудiң бірыңғай
шаралары туралы" келiсiмге қол қойды.
Өзiнiң тәуелсiз өмip сүру жылдарында кеден ұйымдарының бiрнеше рет
өзгерiске ұшырауы кеденшiлер қызметтерiнiң ұйымдаспаушылығына,
тұрақсыздығына әкеп соқтырды. Кеден ici мемлекегтің жеке иелiгiнде, яғни
ұлттық кеден саясатын дайындауда және оны iскe асыруда мемлекеттiң ғана
ерекше құқығы бар.
Сонымен, кеден ici eкi негiзгi мiндеттi атқарады:
- бұл - елдiң экономикасының өcyi және дамуы ушiн сыртқы
экономикалық байланысты пайдалану;
- оны басқа елдердiң сыртқы экономикалық (байланысты)
саясатының жағымсыз әсерінен қopfay.
Сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң тарихи формасы - кеден саясаты
Қазақстанның экономикалық мүддесiн және қазақстандық өндiрушiлердi
қорғаудың жолдарының бiрi - кеден заңдылықтары қызметi саласына қатысы бар
әртүрлi категориядағы субъектiлердiң бабын таба бiлудi, экспорт-импорт
операцияларын анық әpi толық бақылау элементтерiн бойына сiңiрген әсерлi
әpi икемдi кеден саясаты болып табылады.
Қазақстанның экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнде кеден
саясаты маңызды рөл атқарады.
1997 жылдың 22 шiлдесiнде Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң
бүкiл бесжылдық тарихында бiрiншi рет Қазaқстан Республикасы қауiпсiздiгi
одағының мәжiлiсiнде оның жұмысы қаралды. Қазақстан кеденшiлерi үшiн жаңа
есеп беру уақыты, жаңа даму кезеңi басталды.
Бiрiншiден, елiмiздiң Президентi мемлекеттiк Кеден комитетiнен
бюджеттiң кipic бөлiгiн қамтамасыз ету жұмысын нығайтуды және республиканың
кеден ұйымының штат санын көбейтудi талап еттi.
Екiншiден, ол Республика Yкіметінен кеден күзет орнын нығайтуға
байланысты кеден қызметiнiң ic-әрекетiн толық жүз
пайыз қаржыландыруды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды талап еттi.
Үшіншіден, кеден қызметi жұмысшыларын әлеуметтiк дамыту және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоры қалпына келтірілді.
Төртiншiден, мемлекеттiк Кеден комитетiне, Қазақстан Республикасы
сыртқы iстep министрлiгiне Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Өзбекстан, Қазақстан-
Typiкмeнcтaн шекарасынан және Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiнен
контрабанданы өткiзбеу мақсатында кеден шекарасын нығайту үшін қатал
шаралар қолдану тапсырылды.
1997 жылы Қазақстанның экономикалық дамуында шұғыл бетбұрыс
белгiлендi. Мемлекеттiң инвестициялық саясаты анық ерекшелiктерге ие болды,
бiртiндеп ұлттық шаруашылықты қайта құру структурасы ретке келтiрiле
бастады. Кеден ұйымдары мемлекеттiк билiктi iскe асырудың бiрден-бiр құралы
болды. Кеден комитетiнiң жанынан "Кедентранс-сервиз" шаруашылық төлемді
кәсіпорын құрылды. Жолаушылардың жүктері мен қолжүктерін шекарадан кеден
арқылы алып өту процестерін іске асыру мақсатында 1998 жылы кден ұйымдарыц
монтажы аяқталған бртұтас автоматтандырылған информациялық жүйені енгізді
(БАИЖ) енгізді.
Кеден шекарасын қорғаудағы басты элементтердің бiрi, кеден ұйымы үшiн
жаңа ic-әрекет аясы - күзет және жүктердi тасымалдау бюджетке 700 млн теңге
шамасында кіріс кіргізді.
1997 жылы шекара периметрi бойынша 123 кеден посты, 14 халықаралық,
73 республикалық мөндегi автожолдар, 22 әуежай, 25 темiржол өткелдерi
болды.
1997 жылдың 19-21 қыркүйегi аралығында Алматыда елдердiң Кеден
ұйымдары басқармасы - ОЭС мүшелерiнiң IV мәжiлiсi болып өттi, оның жұмысына
Әзiрбайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкiстан, Тәжiкстан, Туркия, Typiкменстан,
Өзбекстан елдерi катысты. Кездесуде халықаралық сауда қатынасының дамуына
әсер еткен және түрлі халықаралық кеден конвенциясына қосылy мүмкiндiгi бар
Қазақстан кеденiнiң жүргiзген iстepi туралы айтылды.
IV мәжiлiсте жүктердi тасымалдау туралы ОЭС-тiң бiртұтас кұжаты, ДПГ-нi
қолдану және толтыру ережесi, ДПГ-нi реттейтiн ереже мен қаулы
қарастырылып, қабылданды. Сонымен бiрге контрабандамен және кедендiк
алаяқтыққа қарсы күрес мәселесінде өзара түсініктік меморандумының жобасы
келiсiлдi.
Кедендер мен кеден басқармасының көп еңбек етуінің арқасында республика
кеден қызметiнiң деңгейi көтерiлдi. Кедендiк бақылау технологиясы деңгейiн
арттыру барлық кеден қьiзметiнiң жүйелi жасалған фак-торы, негiзi,
баспалдағы болып табылады.
1996 жылдың 9 қазанында Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң
басшылығы Қазақстандағы АҚШ -тың төттенше және Өкiлеттi Елшiсiмен кездесiп,
онда АҚШ елшiлiгiмен бiрге Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң өзара
бiрiгiп әрекет жасау тобын кұру туралы шешiм қабылдады.
Жумыс тобыньң қызметi барысында жумысты Tpainthe Traine's (оқытушылар
даярлау) бағдарламасыньң шеңберiнде бастау туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi.
Кеден қызметiн жолға қоюдьң ең куштi жене тиiмдi жолы - бұл салада маман
қызметкерлердiң жумыс iстeyi.
Шетелдiк бизнес өкiлдерi, АҚШ, Канада, Жапония елшiлiктерi, ҚP Кеден
комитетi мамандарынан құрылған жумыс тобы "Кеден жаршысын" шығару мен
"Байланыс тобын" орнатудан басқа да жетiстiктерге қол жеткiздi. Кеден
комитетi кеден мекемелерiне алдын ала және кунбе-кунгi ресми
мәлiмдемеқолдануға, кеден қоймасын пайдаланушыларға ыңғайлы жағдай жасауға,
құжаттар қабылдау мен бақылауды тексеру процедурасын жеңiлдетуге буйрық,
бердi. Бул шаралар ыңғайлы инвестициялық жағдай мен езара пайдалы
ынтымақтастық сипатында республика экономикасының мумкiндiгiне сай келедi.
Кеден қызметiнiң практикалық қадамдары арқылы Қазақстандағы шетел бизнесi
мәселелерi бiртiндеп шешiлуде.
Кедендiк бақылауды толық іске асырушы кеденде қолданылатын, 1996 жылы 1
желтоқсанда қабылданған жүк кеден декларациясы (ЖКД) болып табылады.
Кiргiзiлген тауарлардың кедендiк баж салығы мөлшерiн жуйелендiру жене
оның Букiләлемдiк сауда мекемесінің принциптерi мен ережелерiне сай келуiн
қамтамасыз ету мақсатыда, 1996 жылдың 14 қарашасында №1389 "Кiргiзiлген
тауарлардың кедендiк баж салығы мөлшерi" деген қаулы кабылданды. Бұған
дейiн де Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15
тамызында №1125 "Кiргiзiлген тауарлардың кедендiк баж салығы мелшерi"
қаулысы қабылданған болатын.
Отандық ендiрушiлердiң муддесiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің нысандары және түсінігі
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері
ҚР сыртқы экономикалық қызметінің дамуы
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Пәндер