Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Бөлім . Эмоциялар мен сезім туралы жалпы ұғым.
1. 1 Күрделі эмоция . . . 5
1. 2 Сезім және адамның жеке басы . . . 7
1. 3 Балада эмоциялардың дамуы . . . 8
1. 4 Эмоция мен сезім туралы түсінік . . . 9
2 бөлім . Сезімнің ерекшеліктері.
2. 1 Жоғарғы сезімдер . . . 11
2. 2. Эмоциялар мен сезімдердің дамуы және қалыптасуы . . . 12
2. 3 Сезімнің негіздері және түрлері . . . 15
2. 4 Жоғары денгейдегі сезімдер . . . 16
Қорытынды . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 24
Кіріспе
Адам қабылдағанына (көргеніне, естігеніне), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам өрекетінің, оқиғаларының біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді.
Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып, жеңіске жету не қиын-қыстау жағдайдан өту, қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында ер адам өмір сүре, еңбек ете, күресе отырып, осындай кептеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім (немесе эмоция) деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналадағы заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз (еңбек, оқу, ойын), оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім" дейміз, ол дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім" деп айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді.
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл күйіне қарай адам бір затты өр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта еш нәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлерімізді, яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нөтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі кеңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады.
Оқу-тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайдылық туғызатын сабақтан гөрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі. Сабаққа үлгірімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды: құптамау, ұрысу, жазалаудан, әдетте оқушыларда жағымсыз эмоциялың жағдай туады, осындай ренішті істі ңайталамауға итермелейді. Тәжірибелі мұғалім, тиісті әдетті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.
Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерді эмоциялардан айыра білу қажет. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мыс: сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым. Осы секілді сапалар өзара полюске ажырасып біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық - (грек сөзі, қазақша "күшті" деген мағынаны білдіреді), ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық - (грек сөзі қазақша "әлсіз" деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Біріншісіне - жолдастың, достың, айбаттылық жатса, екіншісіне - уайым, енжарлық, көңілсіздік сезімдер жатады.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да - сезімнің қарама-қарсы салаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қораш, солғьш, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе соны өлердей жек көріп отыруы тиіс. Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы - жағымды, не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мыс: қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б. Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бүұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нұсқан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену жатады.
1. Эмоциялар мен сезімдер туралы жалпы ұғым
1. 1. Күрделі эмоциялар
Эмоциялар адамның мінез-құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп, азды-көпті ұзаққа созылатын, өте берік есерлер туғызады. Кейде сезім кенеттен пайда болып, қарқынды өтеді, біраң біршама тез басылады. Осы ұзаққа созылатын қысңа әсерлерді психикалың не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың қатарына: көңіл-күй, аффект, құмарлың жағдайлар жатады.
Күрделі эмоциялар: күрделі эмоциялардың бірі - көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, жанұя жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мөселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, бір нәрсеге қолы жетсе шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да "Көңілсізден күлкі шықпас", "Адам көңілден азады", -деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған.
Көңіл-күй деп -біршама бәсең, бірақ, әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез-құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Кім болмасын көңіл-күйі нашар болса, ешбір негізсіз, көңілі жабырқап, не болса соған абыржып қалады. Кей кездерде адам ешбір себепсіз-ақ шаттық жағдайда болады. Осы кезеңдерде оған барлығы тамаша болып көрінеді. Басқа көңіл-күйде болса көңілін бөлмейтін нәрсеге ол қуанады. Былайша алғанда мұндай жағдайлардың себебін табу қиын секілді көрінеді. Шын мәнінде, адам психикасы, дағдыларының, барлығының себептері бар. Көңіл-күйдін, нашарлығы кездейсоқ кездесулерден не болмаса ағзаның физиологиялық жағдайынан тууы мүмкін. Егер осындай жағдайда адамның дені көңіл сау болса, өзен жағасына жазда келсе, суға шомылып салқындаса, ол көңілсіз жағдайдан, мүмкін, ада болар ма еді. Көңіл-күйді көтеріңкі ұстау үшін, күн тәртібінің дұрыстығы, дене шынықтыру, су процедуралары жақсы көмектеседі.
Адамның көңіл-күйіне өзінің өмір сүріп жатқан ортасы және жұмыс жасайтын ұжымы үлкен ыңпал жасайды. Уақытында жақсы ұйымдасңан, демалыспен ауысып келетін сапалы оқу мен ұната істейтін еңбек, әдетте, адамның көтеріңкі және шаттық кеңіл-күйін туғызады.
Эмоцияның бір түрі - аффектер. Аффектер дегеніміз -қысқа уақытқа созылса да бүрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі.
Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлың, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. "Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол ", - деп Абай адамға қажетті құмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсеткен.
Бұл - адамның белсенділігін, күшті оятатын сезім. Құмарлық ұнамды да, ұнамсыз да болады. Оқуға, ғылымға құмарлық - адамның қабілетін тәрбиелейтін, мәдениетін байытатын, оң өмірдің талай биік шыңдарына жеткізетін ұнамды қасиет. Адамның еркін нашарлатып, психикасын аздырып, берекесін кетіретін ұнамсыз да құмарлық болады. Мәселен, маскүнемдік, нашақорлық, карта ойнауға құмарлық. Бұл - адамның өзіне де, қоғамға да зиянды әрекеттің түрлері. Мұндайлармен күресіп, өмірінде ондай жексұрын қылықтарға жол бермеу керек. Ұнамды құмарлықты тәрбиелеу жанұя мен мектептің қадірлі борышының бірі болып саналады. И. П. Павлов адам әрекетіндегі құмарлыққа өте жоғары баға берді. Ол өзінің "Жастарға хат " деген құжатында " . . . Үшінші - құмарлық. Ғылым - адамның бүкіл өмірін осы жолға жұмсауды талап ететінін есте тұтыңыз. Егер сіздің екі өміріңіз болса, сізге бұл да жетпеген болар еді. Ғылым адамнан аянбай және асқан құмарлылыңпеун жұмыс істеуді талап етеді. Өзіңізді жұмысыңызда және өзіңіздің ізденулеріңізде мұндай іске құмар болыңыздар", - дейді.
Жоғары сезімдер. Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалың, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адамның мінез-құлңынан жиі көрінетін сезім-дердің бірі - моральдың немесе адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік сезімдерінің тобына: достың, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, т. б.
Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, кудіктену, сенімділік жаңашылдық, болжау.
Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.
Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны, құрылымы да күрделі келеді.
Ар-намысты қорғау - аса жарасымды қасиет. Сезімнің осы түрі кебінесе қайсар, өжет, табанды өрі көздеген мақсаттарына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Ар-ұятты ңастерлеу, намысқа тырысушылың - екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша - кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады. Ұятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген екен.
Ал Абай ұяттың 2 түрі бар дейді: оның бірі - надандықтан туатын, екіншісі - жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен ұялу бұл - надандың, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің пайыздығы. Шын ұят ақыл - парасаттың ісі.
Борыш сезімі. Бұл - қоғам, ұжым, жанұя алдындағы міндеттердің санадан туған әсерлері. Бұл сезім адамды өз борышын орындауға шақырады. Мұны орындауға ар-ұят атты ерекше әсер көмектеседі. Адамға борыш сезімі білдіріп тұрғанды орындамай тастап, арамдық жасап, лайықсыз іс істесе, қоғамның моральдың нормаларын бұзатын әрекет жасаса, оның ар-намысына тиеді және опық жегізеді. Сезімтал адамдар мұндай жағдайлардың қасіретін тартады және осылардың салдарынан өз мінез-құлқын жақсылық жағына өзгертеді.
Ұжымдық, достың және жолдастық сезім. Мұндай сезім қоғамда кеңінен дамыған. Шынайы достық сезім мен үстірт, дос-жарлық пен өтірік достықта болатын әсерлерді шатастыруға болмайды. Кейбіреулер, дос болу деген - адамның айтқанына жүру, оның ойлаған тілектерін, тіпті ол тілектері моральға жат бола тұрса да орындау деп есептейді. Істеген ағаттықтарына сай жаза тартқызбас үшін, досын қорғауға ұмтылғандар - оған жақсылық жасамай, жамандық жасағаны. Шынайы достық жақын адамдарға әділдікпен қарауды қажет етеді. Сол дос адам, жолдасының кемшіліктерін алдымен ашып көрсетіп, оған сол кемшіліктерді жоюға көмектесуі керек.
1. Сүйіспеншілік сезім. Бұл достың сезімге жақынырақ. Шынайы сүйіспеншілік - адамды шаттандыратын тамаша сезім, ол парасаттылықты арттыруға септігін тигізеді, адамды тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондай-ақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады. Сондықтан да бірін-бірі шын сүйген адамдар, бұдан да жақсы болуға талпынады.
2. Жоғары сезімдердің екінші бір түрі - эстетикалық сезімдер.
Эстетикалық сезім дегеніміз - адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.
2. 1. Сезім және адамның жеке басы
Адамның ойы және еркімен қатар сезім де адамды сипаттайтын маңызды психологиялық процесс болып табылады. Шынында да, жеке адам туралы сөз еткенде, көбіне онын, неден қалай әсерленетініне қарай айтуға болады. Адамның сезім сапаларының да бірталай маңызы бар. Өмір барысында және іс-өрекет процесінде сезімнің мұндай ерекшеліктері адамның жеке басының қасиетіне айналып отырады. Сезімнің бағытталғандығы, принциптілігі, сондай-ақ әсерлілігі адамды ісі мен сөзі бір жерден шығатын біртұтас адам тұлғасына айналдырады. Ал көп ойлап әсерленетін, бірақ өз сезіміне үйлесімді ешбір әрекет жасамай, керенау қала беретін адамдарды - сентиментальды адамдар деп атайды.
Дағдылы (немесе жиі қайталайтын) психикалың жағдайға қарай көбіне аффектілік әсерлерде болатын адамдарды сіркесі су көтермейтін, ашуланшақ адамдарға бөледі. Көңіл-күйі жағынан адамдарды көңілді, жарқын жүзді (оларды көбіне, көңіл күйі шат дейді), көңіл-күйі жабырқаңқы адамдар деп бөлуге болады. Соңғылары сирек қуанады, түрлері қайғылы, тіпті қасіретті көрінеді. Жеке адамды адамгершілік сезімдері жақсы сипаттайды. Егер адамгершілік сезімдері адамды жақсы іс-әрекет жасауға бағыттаса, ол жеке адамның моральдық дәрежесінің жоғары екендігінің айғағы болмаң. Еңбекшілерге, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілік сезім, жолдастың және достың сезім, ұжымдық, патриотизм, гуманизм, мейірімділік, қайырымдылық сияқты жоғары адамгершілік сапаларына ауысады.
Қарама-қарсы сезімдер: адамдарды жек көру, тіпті өшпенділік, эмоциялық, салқындық - адамды қайырымсыз, жаны ашымайтын, парықсыз, менменшіл етеді. Мұндай адамдарды тәрбиелеу қажет, олар ұжымдағы тату-тетті тіршілікке кесірін тигізеді.
Егер адам өшпенділік сезімді Отанымыздың жауларына, қанаушыларға, жатып ішерлерге, біздің қоғамымызға зиян тигізушілердің барлығына қарсы шақырса, онда мәселе басқаша. Олармен күресу халықтың бақыты үшін керек нәрсе. Осындай өшпенділік сезім еңбекшілерге қамқорлың жасаудан туған, жақсы сапа болып табылады. Адам өмірінде өз эмоциясын басқара білудің үлкен маңызы бар. Өз сезімін жақсы басқаратын жеке адамдар ұсақ, жаман, еңсесін түсіретін әсерлерден жоғары тұрады, сөйтіп нағыз бақытқа бөленеді.
1. 3. Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоцияларының басты ерекшелігі - тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі. Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе 1-2 сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, аң көңіл де сенгіш, аңқау да өділ болып келеді. Олар кез келген нерселердің бәрін қабылдап, қызықтап таңырқайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бір қалыпты отыра алмайды, өйткені, өзіне ие бола алмай сезімінің жетегінде еріп кетеді. Мәселен, бірінші класс оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар - жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Осы жастағылар да бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мектепте баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде бала біреуді жақсы көреді. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. 3-4 сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл-күйін бір қалыпты етіп үұстауға үйренеді.
Интеллектік сезімдердің дамуы баланың рухани қажеттерінің өсуі үшін аса қажет. Егер бала оқыған кітабынан, өз бетімен шығарған есебінен лөззат алып отырмаса, оның эмоциясы көрінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасуы мүмкін. Мұғалім осы жайды әр кез есіне қатты ұстауы қажет. Сабақ үстінде, сабақтан тыс жерлерде оқушылардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеп отырудың да қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқу кітаптарының бетіндегі түрлі суреттер мен иллюстрациялар, мұражайларға, саяхатқа апару, т. б.
6-сынып оқушыларының эстетикалық сезімдерін тәрбиелеуде таптырмайтын әдістер. Бала эмоциялары мен сезімдерін тек құрғақ сөзбен жалаң үгіт арқылы тәрбиелеуге болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіруі тиіс. Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі - балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзінің аффектерін тежей білуге дағдыландыру. Олардың өмірінде іс-әрекетінде шынайы жақсы сезімдер орын тепсе, балаға да үлгі-өнеге болатын табиғи нәрсе. Бала еліктеуге жарарльщ үлгі-өнеге көрмесе, оның сезімдері де дұрыс дамымайтын болады.
1. 4. Эмоция мен сезім туралы түсінік
Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т. б. ) жеке-жеке талданды. Осы процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің, қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мөнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтарады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz