Дзюдо тарихы


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандық Дзюдошылар

Жансая Смағұлова

Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев пен Болатбек Жаманбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде дзюдо бойынша «Үлкен дулыға» турнирінің кезеңі басталды, деп хабарлады sports. kz.

«GRAND SLAM» сериясындағы халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошылар жарыстың бірінші күнінде үш медальға ие болды.

60 келіге дейінгі салмақта Айбек Имашев пен Асхат Тельманов үшінші орынды еншіледі. Ал 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Есімбетов күміске қол жеткізді. Бірінші орын жапониялық спортшы Томофуми Такаджоға бұйырды.

Дзюдодан «Grand Prix» турниріне қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі белгілі

http://kazsport.kaztrk.kz/sites/default/files/styles/large/public/field/image/9d66356c10ab7216f795296294e9cd54.jpg?itok=AdvoSnk8

25-27 наурызда Тбилисиде (Грузия) дзюдодан халықарылқ «Grand Prix» турнирі өтеді. Турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:

Ерлер:

60 кг: Рустам Ибраев, Бауыржан Жауынтаев.

66 кг: Жансай Смағұлов, Елдос Жұмақанов.

73 кг: Дастан Ықыбаев, Дидар Хамза.

81 кг: Азиз Қалқаманұлы, Дәулетхан Жақыпов.

90 кг: Самат Есен.

100 кг: Айбек Серікбаев, Виктор Демьяненко.

+100 кг: Ержан Шынкеев, Руслан Әбдіразақов.

Қыздар:
48 кг: Галбадрах Отгонцецег.

52 кг: Ленария Мингазова, Гауһар Тұрмаханова.

57 кг: Аня Казюлина

63 кг: Мариян Урдабаева.

70 кг: Ділбар Өміралиева.

78 кг: Альбина Амангелдиева.

+78 кг: Гүлжан Исанова.

Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар тізімі анықталды

9 қыркүйек 2014 16:13 Автор: Айбар РЫСДӘУЛЕТ

http://prosport.business.kz/cms/img.php?url=/cms/uploads/file_1410257588_684904850.jpg&w=600

Фото: fdk. kz

Тэги: Дзюдо Қазақстан ұлттық құрамасы Инчхон Азия ойындары

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары Инчхон қаласында өткізілетін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін бекітті, деп хабарлайды дзюдо федерациясының ресми сайты.

Ерлер:

Елдос Сметов (60 кг, Тараз)

Азамат Мұқанов (66 кг, БҚО)

Дастан Ықыбаев (73 кг, ШҚО)

Азиз Қалқаманұлы (81кг, Тараз)

Тимур Болат (90 кг, Астана)

Максим Раков (100 кг, Қарағанды)

Ержан Шынкеев (+100 кг, Қарағанды)

Қыздар:

Байқұлова Айгүл(-48 кг)

Мингазова Ленария (-52 кг)

Құбашева Назгүл (-57 кг)

Урдабаева Мариан(-63 кг)

Құдарова Динара(-70 кг)

Амангельдиева Альбина(-78 кг)

Райфова Зарина (+78 кг)

Дзюдодан Париждегі «Grand Slam» жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі белгілі болды

http://kazsport.kaztrk.kz/sites/default/files/styles/large/public/field/image/a2fa1fa6da70c8324c2c34b12d970f0c.jpg?itok=jZnX6FhD

6-7 ақпан аралығында Францияда (Париж) «Grand Slam» жарысы өтеді. Оған еліміздің командасы келесідей құрамда қатысады:

Айбек Имашев (60 келі)

Асхат Тельманов (60 келі)

Азамат Мұқанов (66 келі)

Ғабит Есімбетов (66 келі)

Әділет Мисин (81 келі)

Ерназар Хамзин (81 келі)

Галбадрах Отгонцецег (48 келі)

Айта кетейік, жарысқа қатысатын спортшыларға қатысты өзгерістер болуы мүмкін.

Қытайдың Циндао қаласында қарашаның 20-ы мен 22-і аралығында дзюдодан халықаралық ­«Grand­Prix­» жарысы өтеді.

Қазақстан атынан аталмыш додаға баратын дзюдошылардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Ерлер:
Асхат ТЕЛЬМАНОВ (60 кг)

Айбек ИМАШЕВ (60 кг)
Ғабит ЕСІМБЕТОВ (66 кг)

Сергей ЛИМ (66 кг)
Дастан ЫҚЫБАЕВ (73 кг)

Дидар ХАМЗА (73 кг)
Ерназар ХАМЗИН (81 кг)
Азиз ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (81 кг)

Тимур БОЛАТ (90 кг)
Самат ЕСЕН (90 кг)
Максим РАКОВ (100 кг)
Айтуар АБДУЛЛОВ (100 кг)
Ержан ШЫНКЕЕВ (+100 кг)

Әйелдер:
Александра ПОДРЯДОВА (48 кг)
Отгонцецег ГАЛДБАРАХ (48 кг)
Ленария МИНГАЗОВА (52 кг)
Мариан УРДАБАЕВА (63 кг)
Дильбара ӨМІРӘЛИЕВА (70 кг)
Гүльжан ИСАНОВА (+78 кг)

Кореядағы «Grand Prix»:

(26 - 28 қараша )

Азамат Мұқанов (66 кг)

Наурызбек Майлашев (66 кг)

Руслан Әбдірәзақов (+100 кг)

Отгонцецег Галбадрах (48 кг)

Жапониядағы «Grand Slam»:

(4-6 желтоқсан)

Рустам Ибраев (60 кг)

Айбек Имашев (60 кг)

Азамат Мұқанов (66 кг)

Жансай Смағұлов (66 кг)

Дәулетхан Жақыпов (81 кг)

Әділет Мисин (81 кг)

Максим Раков (100 кг)

Отгонцецег Галбадрах (48 кг)

confederation. kz сайтынан*

Қазақстандық қос дзюдошы Венгриядағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

Фотография - Қазақстандық қос дзюдошы Венгриядағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Жансая Смағұлов Будапешт-2015 Гран-при халықаралық турнирінің жеңіпаздары атанды.

14 мау. 2015 6:51 57 0

Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Жансая Смағұлов Будапешт-2015 Гран-при халықаралық турнирінің жеңіпаздары атанды.

60 келі салмақ дәрежесіне дейінгі санатта Гран-придің басты медалін екі қазақстандық спортшы Елдос Сметов пен Айбек Имашев сарапқа салды. Ақтық сында Азия ойындарының жеңімпазы бірінші орынды иеленді, ал оның қарсыласы күміс медаль алды.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жеңіске жету үшін Жансая Смағұловқа да біраз тер төгуге тура келді. Жартылай финалда өзекбстандық Ришод Собировтан басым түскен ол ақтық сында неміс дзюдошысы Себастьян Сейдлді жеңді.

Осылайша, біздің спортшыларымыз екі басты медальді және бір күміс медаль иеленді, деп хабарлайды confederation. kz.

Будапешттегі жарыс жалғасуда.

Дзюдо тарихы

Қазақстан дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылған. Екі адам бір-біріне қарама-қарсы тұрып, күш қолданатын спорт түрлері Қазақстанда әлдеқашан танымал болып, өзінің ізбасарларын тез тапты. Қазақстанда дзюдо мектебін қалыптастыру жолында Анатолий Малкин, Тлеухан Әміржанов, Владимира Пака, Анатолий Сун, Әбілхаиыр Байбұсынов, Батырбек Сейсенбаев, басқа да азаматтар үлкен жұмыс атқарды.

Қазақстан дзюдошыларының бүкілодақтық жарыстарға қатысуы оларға өз жемісін бере бастады. Алғашқы халықаралық турнирлер біз үшін сәтті аяқталып, Марат Әзімбаев Еуропа чемпионы атанды.

70-ші жылдардың соңы, 80-ші жылдардың басы отандық дзюдоның жаңа даму кезеңі, бұл уақыт КСРО жазғы спартакиадаларының, Одақ және Еуропа біріншіліктерінің жеңімпаздары және жүлдегерлері - Али Хамхоев, Қайрат Мысықбаев, Сергей Аширов, Ахат Аширов, Серік Шакимов, Асланбек Омаров, Ирина Семенюк сияқты басқа да отандық спортшылармен байланысты.

1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап біздің еліміз халықаралық, құрлықаралық біріншіліктерге, әлем чемпионаттарына, Олимпиада және Азия ойындарына өзіміздің жеке құрамаларды шығаруға мүмкіндік алды. Отандық татами шеберлерінің алғашқы кездесулері көңілге қуаныш ұялататындай болды. 1993 жыл Макаода өткен Азия чнмпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте осы спорт түрінің негізін қалаушы жапондықтарға ғана есе жіберіп, екінші орынды иеленді.

1994 жылы Хиросимада (Жапония) өткен алғашқы Азия ойындарында Қазақстан командасы 5 медальға ие болды, оның ішінде 2 күміс (Иван Карезелиди және Серік Әлімжанов) және 3 қола бар (Серік Шакимов, Серік Адыгенов, Ибрагим Вешогуров) . Келесі 1998 жылы Бангкокта (Таиланд) өткен Азия ойындарында ел спортшылары 6 медальді қанжығаларына байлады. Иван Баглаев пен Варвара Масягина күмістен алқа тақса, Нұрбол Сүлейменов, Вячеслав Бердута, Руслан Сейілханов және Серик Шакимов қолаға ие болды. 2002 жылы Бусанда (Оңтүстік Корея) өткен Азия ойындарында 4 марапатқа ие болды, Базарбек Донбай күміс алса, Асхат Жіткеев, Вячеслава Бердут және Шолпан Қалиева өз жанкүйерлерін қола алып қуантты. 2006 жылы Дохада (Катар) өткен Азия ойындары ел дзюдошылары үшін жемісті болды, біздің саңлақтар 6 медальді иеленді, оның 2 күміс (Максим Раков, Алмаз Атаев) және 4 қола (Асхат Жіткеев екі мараптақа ие болды, 100 келіден жоғары және абсолютті салмақта, Елдос Ихсанғалиев, Саламат Утарбаев) . 2010 жылы Гуанчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында Қазақстан 4 медальді қоржынға салды, Ислама Бозбаев күміс, ал Максима Ракова, Гүлжан Исанова және Ғалия Өлментаева қоладан алқа тақты.

2001 жылы еліміздің татами шеберлері Қазақстан дзюдо тарихында алғаш рет жаңа деңгейге көтеріледі. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында Асхат Шахаров пен Асхат Жіткеев қола жүлдегерлер атанады.

2004 жылы Алматы алғаш рет Азия біріншілігін өткізеді, бұл жарыста біздің спортшылар 3 алтынды жеңіп алады (Асхат Жіткеев, Мұратбек Қыпшақбаев, Базарбек Донбай) . Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионаттарында да сәтті өнер көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн (ерлер, жастар және жасөспірімдер) .

1998 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік жасөспірімдер арасындағы ойындарда Ерлан Слямбаев алтын алып қуантты.

Әр түрлі жылдары жастар арасындағы әлем біріншіліктерде Марат Мықтыбеков, Әсет Түсіпов, Коныспай Шпанов, Максим Раков, Ілияс Измагилов, Наурызбек Майлашев, Виктор Демьяненко, Серіктай Закетаев, Азиз Қалқаманұлы, Хаванбай Ховдал және Елдос Сметов сияқты саңлақтарымыз жүлдегер атанып жүрді.

Қазақстан дзюдошыларына Олимпиададағы алғашқы ірі жеңіс 2008 жылы келді, Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Асхат Жіткеев ақтық мәреде Монғолиядан келген қарсыласына есе жіберіп, Олимпиаданың күміс жүлдесін қанжығасына байлады. Осы күміс жүлде алғаннан соң үш мәрте Азия чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері спорттық карьерасын мақтанышпен аяқтады.

2009 жыл отандық дзюдо тарихында есте қалатындай болды. Осы жылы Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Бекет Махмұтов келді. Ол әлемдегі ұлттық спорт федерацияларына жетекшілік еткен беделді және құрметті азаматтардың бірі. Бекет Махмұтов ұзақ жылдар бойы еліміздің бокс федерациясын басқарды, халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының бірінші вице-президенті болып қызмет жасады. Ол азаматтың кезінде Қазақстан 4 олимпиада алтынын, екі Вэл Баркер кубогін алып елімізді бокс державасы ретінде таныта білді. Бекет Махмұтовқа дейін федерацияны Санжар Жандосов, Юрий Кислицын, Дюсенбай Дюсенов, Асанәлі Әшімов, Мәжит Есенбаев, Темірхан Досмұхамбетов басқарып, Қазақстанда дзюдоның қалыптасып дамуына зор үлестерін қосқанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда Қазақстан дзюдо федерациясын Кеңес Рақышев басқарады. Ол федерацияның кезектен тыс конференциясында (2012 жылдың 12 қарашасында) бірауыздан осы лауазымға сайланды, ал Бекет Махмұтов ұлттық дзюдо федерациясының құрметті президенті болды.

Кенес Рақышев әкімшілік жұмыста үлкен тәжірибесі бар: 2009-2012 жылдары Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, 2009-2011 жылдары Алматы бокс федерациясын басқарды, 2011 -2012 жылдары Азия бокс конфедерациясының вице-президенті болған. Дзюдоның дамуы жолында Жексенбай Саламатов, Талғат және Канат Байшолаковы, Манарбек Таутанов, Самат Жылқыбаев, Асылбек Құлмағамбетов, Бостан Жаңбырбаев, Ербол Қырғызбаев, Николай Потапеня, Владимир Кичатов, Пернебек Күлтаев, Ермек Иманбеков, Сергей Раков, Ғалымжан Жылгелдиев, Михаил Шепетюк, Александр Патокин, Александр Баранов және басқа жаттықтырушылар жұмыс жасауда.

2009 жылы қазахстандық Максим Раков, осыған дейін ешкім жетпеген жетістікке қол жеткізеді, ол 23 жасында ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Сол әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте Корея мен Ресейден кейін 3-ші орынға ие болды, осы кезде Жапония құрамасын артқа тастағанын айта кеткен жөн.

Бекет Махмұтовтың арқасында ұлттық құрамалдың материалдық жағдайлары жақсарып, бұл халықаралық дәрежедегі додаларда біздің палуандардың жоғары жетістікке жетулеріне септігін тигізді. 2010 жылы Мароккод аөткен әлем чемпионатында біздің команда 1 алтын, 2 күміс және 1 қола марапатты жеңіп, командалық есепте жапондықтардан кейінгі екінші орынды иеленді. Отандық дзюдо тарихында жастар арасында бірінші әлем чемпионы атанған Елдос Сметов(бір жылдан кейін жастар арасындағы әлем чемпионатында Сметов күміс алады) .

2011 жылы біздің жастар құрамасы әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсетіп, 4 марапатқа ие болды, оның 2 күміс және 2 қола медаль.

2009 және 2012 жылдар аралығында Қазақстан дзюдошылары ересектер, жастар, жасөспірімдер, арасындағы әлем және Азия чемпионаттарына, «Әлем шеберлері», Гран-При, «Үлкен Дулыға», әлем кубогі турнирлеріне қатысып, барлық халықаралық додаларда жақсы нәтижелер көрсетті. Жоғарыда аталған барлық жарыстарда еліміздің саңлақтары жеңімпазадар мен жүлдегерлер атанды. 2012 жылы «Әлем шеберлері» турнирінде осы беделді жарыстан Максим Раков Қазақстанға алғаш рет алтын алып берді, аталмыш додаға әр салмақ дәрежесінен әлемнің ең мықты 16 дзюдошысы қатысады

Жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында біздің дзюдошылар халықаралық додалардан жалпы алғанда 88 медаль ұтып алды, оның 18 алтын, 19 күміс және 51 қола марапат. Қазақстан дзюдо федерациясының демеушілері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының арқасында біздің ел 2010 және 2011 жылдары әлем кубогін өткізді, ал 2012 жылы Алматыда халықаралық дәрежедегі айтулы жарыстардың бірі - «Әлем шеберлері» турнирі өткізілді. Алматы қаласына әлемнің ең мықты дзюдошылары жиналды, оның ішінде 9 олимпиада чемпионы және 20 шақты әлем чемпионаттарының жеңімпаздары жиналды. Біздің елімізді алғаш рет халықаралық дзюдо федерациясының басшысы Мариус Визер келді, ол Алматыда өткен турнирге жоғары бағасын беріп, еліміздегі дзюдоның дамуына жақсы сипаттама берді, біз Азиядағы көшбасшыларын қатарынан екенін атап өтті.

2013 жылдан бастап біздің елде Гран при өткізілмек. Қазіргі таңда федерацияның бас демеушісі «SAT & Company» екенін атап өту керек.

2012 жылдың айтулы оқиғаларының бірі спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы құрылып, оның президенті болып Тимур Құлыбаев тағайындалды.

Халықаралық жарыстарға қатысып жүрген отандық спортшыларымыздың мақсаты бір, елімізді әлемге таныту, өз жетістіктерімен қазақ спортының деңгейін әлем сахнасында көрсету. Конфедерацияның тұжырымдамалық идеясы федерациялардың ресурстары мен мүмкіндіктерін біріктіру (бокс, дзюдо, спорттық күрес, ауыр атлетики и таэквондо), даму жолында жоғары жетістіктерге жету үшін.

Қазақстан дзюдосының ілгері жылжуын бүкіл әлем мойындады. Қазақстан дзюдо федерациясы көптеген бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бұл жұмыс спорттық нәтижелер көрсетуде ғана емес, халықаралық беделімізді де нығайту жолында жүргізілуде. 2011 жылдың сәуірінде Азиадалық дзюдо одағының конгрессінде Бекет Махмұтов құрлықтық ұйымның вице-президенті болып қайта сайланды, бұл Қазақстан дзюдосының деңгейін айқындап берді.

Мухсин Нұртазиннің отандық судьялар құрамын халықаралық сахнада көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн, атап айтқанда 2008 жылы Бейжің және 2012 жылы Лондон олимпиадаларында төрешіліқ қызмет атқарды.

Дзюдоның басқа да жекпе - жек түрлерінен ерекшелігі, ұлттық федерация құрамаларының әр қайсысы халықаралық дзюдо федерациясының бастауымен жыл бойы өткізілетін Халықаралық дзюдо федерациясының турнирлеріне қатысуға мүмкіндік алады (Халықаралық дзюдо федерациясының мүшелері тек ФИФА-ға жол береді) . Дәстүрлі әлем және құрлықтық біріншілік чемпионаттарымен қатар, «Әлем шеберлері», «Үлкен Дулыға», Гран-при мен Әлем кубогі додалары өтіп тұрады.

2012 жылғы Олимпиада ойындарына 135 елдің дзюдошысы қатысты. Олимпиадаға жолдама алу тәртібі дзюдо спортында ең қиын жүйелердің бірі. Алайда осыған қарамастан 2012 жылы Лондон олимпиадасы қарсаңында ерлер құрамасы ойнатылған жеті лицензияның барлығын жеңіп алса, әйелдер құрамасы екі жолдамаға ие болды.

Қазақсанда жыл сайын дзюдоға деген қызығушылық артуда. Ересектер жастар және жасөспірімдер арасында ел біріншіліктері өтіп тұрады, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам спортшы қатысып, дзюдоға қызығушылық танытқандардың саны мен сапасының көтерілгенін көрсетеді.

Дзюдо ережесі

Дзюдо (ауырту тәсiлдері, тұншықтыратын басып алулар, ұстап қалу) жата күресi техникасы арқылы жеңiске жетуге ұмтылатын немесе күрес әдi дзюдошылардың екi спортшыларының алыспағына апарған спорт күрестерiнiң түрi жағдайға байланысты, күрделi басқарушы, циклсiз, шапшаң-күш беретiнетiн болады. 13 Дзюдо арнайы кілемде - татамилармен деп аталған оның ұзындығы 1м х 1м х 4см немесе 2м х 1м х 4см. Татами екі аймақтан құралады. Ортасында төртбұрыш ұзындығы минималды 8мх8м максималды 10м х 10м, ол жұмыс орны деп аталады. Татами ішкі жағдайы қауiпсiздiк бөлiгi деп аталады. Басқа түстерден, периметрі 3м. Орталығындағы жұмыс орындарында 4м қашықтықта ақ және көк сызық жүргішілген көлемі 10см ұзындығы 50см, қатысушылардың ойын басталмай тұрып және аяқталғаннан кейін орналасуының қызметін атқарады. Әрбір айқас қатысушылардың бас изеуімен басталады. Дзюдо жарыстары өзіндік және командалыққа жiктеледi. Жекелей жарыстарда тек қана жеке нәтижелері және орны анықталса, командалық жарыстарында командалық орындармен анықталады. Жарыста қатардан шығуы жартылай финалдан олимпиадалық ойын ретінде өткізіледі немесе керісінше шатастырылған жүйедегідей болады. Дзюдоға жарыстары нақтылы жас шамасына байланысты топтарда жүргiзiледi: Кiшi жас шамасы - 12 жылдарға дейiн балалар және қыз балалар. Орташа жас шамасы - 14 жылдарға дейiн жас балалар және қыз балалар. Бас жас шамасы - 16 жылдарға дейiн жас бала және қызбалалар (20 жылдар және 23 жылдарға дейiн дейiн) жеткіншектер, ер-әйелдер, (30 жылдардан кейiн) ардагерлер. Сайыскерлер салмақ дәрежелерге жiктеледi. Балалар және қыз балалар үшiн, жас баламен және қыздар үшiн 9 салмақ дәрежелер бар болады, салмақ дәрежелердiң 20 жасқа дейін, 23 жылдарға дейiн жеткіншектер үшін, сонымен бiрге ер-әйелдер үшiн - 7 салмақ дәрежелер. Жеткіншектерден басқа, еркектер үшiн және әйелдердiң жарыстары үшiн алады қатысушылардың салмағын есепке алынбайтын абсолюттi дәрежеде жүргiзiледi. Алыспақтың ұзақтығы қатысушылардың жас шамасына байланысты анықталады: Кiшi жас шамасы - 2 минут. Орташа жас шамасы - 3 минут. Бас жас шамасы - 4 минут. 20 жастағыларға - 4 минут. Ересектерге - 5 минуттар. Ардагерлерге 60 жасқа дейін 3мин, 60жастан кейін 2, 5мин. Дзюдоисттың костюмы дзюдога деп аталады және 3 бөліктен тұрады: кеудеше, дамбалдар және түсi дзюдоисттың техникалық14 дайындығының деңгейiн анықтаған белдiк. Дзюдога көк түс бiрiншi шақырылған қатысушы және ақ түсте екiншi қатысушыда болуы керек. Дзюдога мақта немесе ұқсас материалдан өндiрiледi. Костюмның бiр бөлiгiнiң спортшылары үшiн ақ түстiң футболкасы болуы керек. Дзюдоисттың костюмы нақтылы талаптарға сәйкес келуi керек. Кеудеше мұндай санды жабу және дене бойлай еңсесi түскен қолдарға дейiн алып беру үшiн ұзын болуы керек. Кеудеше кең әрі қаусырынады болуы керек сол жақтан оңға ығысуы үшін 20 см-ге жеткiлiктi. Кеудешенiң жеңдерi нүктеге дейiн алдыңғы тiзе және минимумына дейiн максимум алдыңғы тiзе 5 см-ге жоғары орналасқан ұзындығы болуы керек. Шалбарлар 10-15 см кеңiстiк жеңмен және кеудешенiң аралығында жеңдері барлық ұзындығы бойынша болуы керек ал балтыры буынына дейiн аяқты барынша жабуы немесе нүктеге дейiн минималды 5см жоғары орналасқан жеткілікті. Аяқпен және шалбарлардың арасындағы балақтың барлық ұзындығы бойынша 10- 15см кеңiстiк болуы керек. 4-5 см енмен белдiк кеудешенiң үстiненi екi рет орауы және жазық түйiндi бел деңгейде байлауы керек. Ұзындығы 20-30 см дей қалу керек. Егер киімі талаптарға сай келмесе төреші оны ауыстыруды сұрауға қақысы бар. Айқастағы төрешiлiк құрамын бригадалық төрешілер құрайды. Арбитр және 2 қапталдағы төрешілер. Төреші жұмыс аймағынан тыс жерде ойынды басқарады, және де бригадалық төрешілердің ойы сигналдармен және қолдарымен көрсетіледі. Қапталдағы төрешілер жұмыс аймағының шектерiне қарама-қарсы бұрыштарында орналасады. Егер ол төреші шешімімен келіспесе онда ол өз ойын жеткізеді. Айқас әрдайым төрешінің түрегеп тұру сөттерінде басталады «ХАДЖИМЭ». Төреші айқасты тоқтататын болса онда «МАТЭ» жариялайды. Төреші айқастың аяқталу туралы сигналдан кейiн командаға «СОРО-МАДЭ» береді. Дзюдоисттардың бағалары айқастың аяқталуынан кейiн бiрдей болса немесе бағалар жоқ болса, онда қосымша «ГОЛДЕН СКОР» беріледі, ол бірінші бағалауға дейін немесе жазалауға дейін созылады. Егер ойын «ГОЛДЕН СКОР» тең аяқталып жатса. Жеңімпаз төрешілердің «ХАНТЕЙ» арқылы анықталады. Егер командалық ойында тең аяқталып жатса онда «ХИКИ-ВАКЕ» жарияланады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дзюдоның спортының пайда болу тарихы
ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі
Финалда дзюдошылар Әзірбайжан балуаны Орхан Ильхамлы Сафаровты жеңді
Белбеу күрес
Дзюдо күресі Қазақстанда дамуы
Спорт түрлерінің тарихы
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі
Еркін күрестің техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz