Балалардың дыбыс айту ерешеліктері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Дефектология[1] (лат. defectus - жетімсіздік және гр. λόγος - ілім) - педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.

Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика - мылқау балаларға, тифлопедагогика - зағип балаларға, олигофренопедагогика - ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай-ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т. б. ) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.

Дефектология невропатология, генетика, психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. АлГерманияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО-да Дефектология жөніндегі ғылым-зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының Дефектология институтында, Киев педагогикажәне психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыда құлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды

мемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады. [2]

Логопедия мақсаты мен міндеті

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тілге оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері пәні?

Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдары, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. Логопедия - логос (сөз және пейдес) тәрбиелеймін, үйренемін деген грек сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі Логопедияның зерттеу объектісі -сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.
Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен және сауықтандыру мен ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының себептерін симптоматикасын, себептерін және механизмін білу қажет. Бұл логопедия басқа ғылымдармен тығыз байланысты екенін анықтайды. Олардың ішінде педагогиканы (жалпы және арнайы педагогиканы) медицинаны, лингвистиканы атауға болады.
Медицина ғылымдарының ішіндегі логопедиямен тығыз байланыстылары: потофизиология, анатомия, физиология және есіту мен сөйлеу тілі мүщелерінің патологиясы, олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия.
Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге, баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуын да зерттейді.
Дислалия -дыбысты дыбыстаудың (звукопроизношение) бұзылуы Сауат ашу түсінігі

Дислалияның түрлері

Дислолаялияны түзетудегі әдістердің, тәсілдердің, сабақтардың түрлері

Дислалия кезінде есту және сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің иннервациясы сау қалпында болады. Дислалия кезіндегі дыбысты дыбыстаудың (айтудың) бұзылуы артикуляциялық аппараттың аномалиясымен немесе сөйлеулік тәрбиелеудің ерекшеліктерімен байланысты. Осыған орай механикалық және қызметтік (функционалдық) дислалияларды ажыратады. Механикалық (органикалық) дислалия артикуляциялық аппараттың құрылымының бұзылуымен байланысты: бұрыс (прикус), тістердің бұрыс құрылысы, аномальді үлкен және кішкентай тіл, тіл ершігінің қысқа болуы. Аталған дефектілер сөйлеу дыбыстарының дұрыс айтылуын қиындатады. Қызметтік (функционалдық) дислалия көп жағдайда төмендегілерге: баланың отбасында сөйлеудің бұрыс тәрбиеленуіне (баламен сөйлесу кезінде үлкендердің асыра еркелетіп «няня тілін» қолдану) ; баланы қоршаған жақын адамдарының дыбысты дұрыс дыбыстамауына; педагогикалық салғырттыққа, фонематикалық тәрбиелеудің жетілмеуіне байланысты. Сондай-ақ қызметтік дислалия кіші мектеп жасында екі тілді бірдей уақытта меңгеретін балаларда кездеседі, және де екі тілдік жүйе дыбыстарының сөйлеу кезінде араласуы байқалуы мүмкін.
Дислалиясы бар балада артикуляциясы бойынша қиын бір не бірнеше дыбыстардың айту бұзылыстары болуы мүмкін (ысқырықты, ызың, р, л) . дыбыстарды айтудың бұзылыстары белгілі бір дыбыстардың жоқ болуы, дыбыстарды қыңырайтуы немесе оларды алмастыру арқылы көрінуі мүмкін. Логопедиялық тәжірибеде дыбыстарды дыбыстау бұзылыстары келесі атаулармен аталады: сигматизм (ысқырықты (свистящие) немесе ызыңды (шипящие) дыбыстарды жеткіліксіз айту) ; ламбдацизм (л-л‘ дыбыстарын жеткіліксіз айту) ; таңдайлық дыбыстарды дыбыстаудағы дефекттер ( к-к‘, г-г‘, х-х‘, й дыбыстарын жеткілікті түрде айтпау) ; ұяңды дефект (ұяң дыбыстарының орнына жұмсақ жұптарын айтады) ; жұмсару дефектісі (қатты шығатын дыбыстардың орнына жұмсақ жұптарын айтады) . Дислалаиясы бар балаларда сөйлеу дамуының бұзылыстары байқалмайды, яғни сөйлеудің лексико-грамматикалық жағы қалыппен байланысты калыптасады.
Балалардың нормативті дыбысты айтуы төрт жасқа дейін біртіндеп қалыптасуы жүреді. Егер балада төрт жастан кейін дыбысты айту дефектісі байқалса, ол баланы логопедке міндетті трде қаралуы қажет. Дегенмен, сөйлеудегі дыбысты дыбыстаудың дамуы және оның бұзылыстарына арнайы жұмысты ерте бастауға болады.

Функционадлы дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында өшқандай кемістік болмасада, сойлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа сөзбен йтканда-ешкандай органикалық негіз жоқ.
Функционалды дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін ұйде дурыс тәррбиелемеу ден. Кейде ересектер, баланын былдырдаған сөзін қызық көріп, үзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып бодады. Қортідасында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дурыс айтылуының дамуы кешөуілдеп қалада,
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мумкін. Қагида бойынша балага сөйлеу тіліңдегі дабыстарда әлі дұрыс қалыптаспаған жас баламен әрдайым қалыптасып сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді. Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дабыстардың бұрмалануы жиі еліктейді, балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін быдық, кейде тіпті жергілікті тілдің ерекшеліктерімен сөйлейтін адамдардың арасында көп болып, сөздерін тыңдаудын да ерекше зиян тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сейлеуі де кедергі болады. Бала әр тілде сейлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отырады.
Балалардың дыбыс айту ерешеліктері өнегесіз тәрбиенің себебімен де жиі пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуында жанында журетін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың қателігін түзетпейді, өз сөзімен тусінікті етіп анық айтудың улгісін көрсетпейді. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс,
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мумкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мысалы: ұяң және қатаң дауыссыздарды, жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда. Қортылуында, дыбыстардың дүрыс айтылуының дамуындағы бұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді. Сонымен бірге дыбысгардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктері, әсіресе сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уағында фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін, ал егер олай болса, қалған жағдайда, оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына және жазуы мен оқуының бүзылуына себебін тигізетіні сөзсіз.
Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан да болуы мүмкін. Соның салдарынан бала тілін қалыптагы жағдайда дүрыс үстап түра алмайды немесе қажетті қимылдарды тез арада орын алмастыра алмайды.
Дислалия сонымен бірге есту кабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керек балалардың І0% не дейінгілерінің сөйлеу тілі індегі дыбыстардың айтылуы бүзылған. Бүндай жагдай ызың мен ыс-иырық, үЯң және қатаң дауыссыз дыбыстарды бөлшектеп мутөлегөнде байқалады.
Дислалияның ауыр және үзаққа созылуына балаңың акыя-ойының жәтқіліксіз дамуы да себеп болуымүмкін. Іштен туа біткен ойы кеміс балалардың 55 %-тен көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбысдапды дүрыс айта алмайтындығы белгілі.
Дислалияның түрлері
Сөйлеу тілі мүшелерінің күрделі қимылдарын және тілдің қатысуын онша көп керек етпейтін м, н, т, п дыбыстары сирек бұзылатыны ал басқа дауыссыз дыбыстардың кез-келгеніжиі бұзылып айтылатындығы байкалады
Әсіресе сөйлеу тілі мүшлерінің қиьш айтыдатын р, л тіл дыбыстары, ысқырық /с, э, ц/ және ызың /ш, ж, ч, щ/ дыбыстары жиі бүзылады.
Әдетте қатаң және ұяң дауыссыздар сынарларымен қоса бірдей бұзылады. Мысалы: бала, с, з, дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда жіңішке сыңарларының да ақауы болады. Р, л дабыстарыңың жана жіңішке сыңарлары көбінесе дүрыс айтылада өйткөні бұл дабыстардаң жіңішке сыңарлары сөйлеу тілі мұшелөрінің ыңғайына қарай көліп түрада.
Баланың сөйлеу тіліңдегі дабыстардаң бүзылуы түрліше болады, мысалы көз келген бір дабыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал дайсы бірі оларда бүрмалап немөсв басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін.
Бұзылудың осы түрлерін жеке-жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі дабыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі мүмкін. Мысалы: ракета-акета, тарақ-таақ, батыр-баты.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалаған кезде тіл дыбыстарының жүйесінде болмағантүсініксіз дабыстарды шығарады. Мысалы: «Р» дыбысын айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті дірілдеп, қырылдаған дыбысын немесе кішкентай тіл тәрбиеліп, көмейден

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар дауысының ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы
Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамыту
«Вокалдық-хор тәрбиелеу» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Логопедия өзіндік ғылым
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін жаңылтпаштар айтуда тілін дамыту
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Қорытынды сөйлеу тілі
Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz