Жапониядағы жер сілкінісі. Цунами


Жапониядағы жер сілкінісі. Цунами

Цунами (жапонша - тсунами) - мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 - 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат - 2005 ж. Оңт. -Шығыс Азияда болды.

Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8, 9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 м-ден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Ц-дің жойқын күшінен 3 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.

Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңт. - Шығыс Азияда, Оңт. Америкада) жиі қайталанады. 20 ғ-дың 40 - 50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын Ц. қызметі құрылды. Болжам Ц. толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, арты цунамиге ұласты. Соңғы 20 жылда болмаған табиғат апатынан бірнеше елдімекендер жермен-жексен болған. Әзірге опат болғандар жөнінде нақты мәлімет жоқ. Бірақ жарақат алған тұрғындар ауруханаларға көптеп түсіп жатыр. Елдің геологиялық қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, жойқын зілзала екі мәрте тіркеліпті. Біреунің күші 7, 9 балл, екіншісі 8, 9 - ға дейін жеткен. Жер сілкінген кезде халық жұмыс орнында болған. Бұл уақытта үкімет басшысы Наото Кан да де Парламентте кеңес өткізіп жатқан.

Жойқын жер асты дүмпуінен кейін елдің геологиялық қызметі бірнеше аралға цунами қаупі төнгенін хабарлаған. Бірақ тұрғындарды дер кезінде көшіру мүмкін болмады. Айналдырған бірер сағат ішінде биіктігі он метрлік толқын Хонсю мен Хоккайдо аралдарына жеткен. Жойқын цунами жолындағы елдімекендер мен өндіріс орындарын түгел шайып кетті. Қауіпсіздік мақсатында апат аймағындағы атом электр станциялары мен әуежайлардың жұмысы уақытша тоқтатылған. Соның салдарынан 4 млн-ға жуық үй электр жарығынан үзілді. Ұялы байланыс та істемейді. Ал жергілікті ауруханаларға жарақат алған тұрғындар көптеп түсіп жатыр. Қаза тапқандар жөнінде әзірге нақты ақпарат жоқ. Бірақ 19 адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар тарауда.

Жапондар тағы шулады, жер қайта тулады. Қуатты зілзала бүгін Хонсю аралын теңселткен. 9 балдық дүмпудің салдарымен күрес мардымсыз. Ал, жер сілкінісі кезінде апатқа ұшыраған атом электр станциясынан радиация әлі үздіксіз бөлініп жатыр. Улы заттар енді ауыз су мен бақша дақылдарынан да табылған.

Онсыз да қара жамылған Жапония жерін бүгін бір күннің өзінде-ақ 3 бірдей қуатты дүмпу теңселтті. Ең қуаттысы 6 балды құрайды. Жер сілкінісі Хонсю аралындағы бірнеше префектура мен ел астанасы Токиода да білінді. Абырой болғанда, бұл дүмпулерден ешкім зардап шеккен жоқ. Ал, апатты «Фукусима» атом электр станциясындағы жарылыстан бөлінген радиация ауыз су, сүт пен бақша өнімдерінен де табылып отыр. Сол себепті орамжапырақ және басқа да көкөністердің 11 түрін пайдалануға тыйым салынды. Юкио Эдано, Жапон үкіметінің бас хатшысы: Өкінішке орай, бұл жағдай ұзаққа созылуы мүмкін. Қандай да бір зардаптарды болдырмас үшін құрамында радиация уыты бар көкөністер саудасына тыйым салып отырмыз. Шамадан тыс радиация ел астанасы Токиодағы ауыз судан да анықталды. Бірақ жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл су тек сәбилер үшін қауіпті. Ал, ондағы радиация мөлшері ересек адамдардың ағзасына әсер етпейді. Дегенмен, құрамына улы заттар сіңген суды шектеулі мөлшерде пайдаланған абзал. Эй Йошида, Токио су тазарту басқармасының басшысы: Орын алған жағдайды ескере отырып, Токиодағы 23 балабақша мен Тама қаласының кей бөліктерінде ауыз суды қолданбауға кеңес береміз. Елдің есін шығарған зілзала залалынан жапон жұртының қашан құтылары белгісіз. Жарылыс болған атом электр станциясындағы жағдай да оңайлықпен түзелер емес. Табиғи апат кезінде із-түссіз кеткен 13 мың адамның тағдыры да беймәлім. Десе де, ел үкіметі орасан шығынға ұшыраған жапон экономикасы мен әлеуметтік ахуалды оңалту үшін қыруар қаржы бөлуге дайын екендігін айтып отыр

Жапониядағы жұма күнгі зілзала - соңғы 140 жыл ішіндегі ең жойқын жер сілкінісі болып есептеледі. Токионың солтүстік-шығысында, астанадан 373 шақырым қашықтықта, мұхитта, 24 шақырым тереңдікте, күші 8, 9 магнитудалық зілзаладан кейін, биіктігі 10 метрлік таудай толқындар жүздеген автокөліктерді, кемелерді, шағын үйлерді, тіпті зауыт ауласындағы танкті, әуежайды шайып әкетті. Соңғы есеп бойынша бір мыңнан астам адам қаза тауып, 10 мың тұрғын жоғалып кеткен. Өлгендер саны сағат сайын көбейе түсуде. 5 млн тұрғын үй жарықсыз, 1 млн адам ауыз сусыз қалды.
Әуелгіден кейін күштері әртүрлі 20-дан астам сілкініс, қирағалы тұрған нысандарды үйіндіге айналдырды Хонсю аралы әлі дірілдеп тұр. Фукусима ауданындағы бір Атом электр стансасында жарылыс болып, АЭС-тен радиоактивті заттар тарау қаупі төніп тұр. Жапония премьер-министрі Наомо Кан «Фукусима-1» стансасына ұшып барып, 20 шақырымдық төңіректегі 140 мың тұрғындарды басқа аймаққа көшіруге нұсқау берді.
Тайвань және Индонезиядағы күшті жер сілкінісінен кейін Жапонияда цунами қаупі туралы ескертілген еді. Сәл кейін шегінсек, 9 наурыз күні 7, 2 магнитудалық жер дүмпуі болып, жерасты тербелісі Хонсю аралы жағалауында, тереңдігі 10 шақырым теңіз түбінде байқалды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ел көңілі орнына түсе бастаған болатын. 11 наурыз, жұма күнгі жер сілкінісі сұрапыл күшпен соғып, Жапонияның бір бөлігін қиратып, жапырып кетті. Цунамидің таудай толқындарының екпіні бірте-бірте бәсеңдегенімен 53 елді алаңдатып өтті. Ал, тұңғиық иірімнің шағын катерді шыр айналдырып, жүз адамымен қоса жұтып жібергені интернет арқылы миллиондаған адамдардың көз алдында өтті.

Жапонияның солтүстік-шығысында 11 наурызда болған орасан күшті жер сілкінісі мен оның салдарынан туындаған цунами кезінде қаза тапқандар саны 13 мың 538 адамды құрады.

Сонымен қатар 14 мың 589 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында қалып отыр.

11 наурыз күні Жапонияда 9, 0 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі салдарынан биіктігі он метрден асатын цунами пайда болды.

Жапон елі жер сілкіністеріне үйренген. Зілзала саны жөнінен де әлем бойынша бірінші орында. Ел географиялық жағынан төрт тектоникалық плитаның түйісіне орналасқан. Жер шарында күн сайын ондаған «жаймашуақ» жер дірілі тіркелсе, күші 6 балдан асатын барлық жер сілкінісінің 20 пайызы Жапонияда белгіленеді.

Жапон жерінде өткен ғасырдың 1923 жылы және 1995 жылы аса күшті жер сілкінісі болды. Соңғысының экономикалық зардабы 123 млрд. долларға жетсе, жұма күнгі зілзала салдары алдынала есеп бойынша ең кемі 100 млрд доллар құрай құрайды деп болжанып отыр.

Жер астында не бар, не болып жатыр. ? Зілзаланың болатынын алдын-ала жорамалдауға бола ма? Ғалымдар мұны әлемнің шешілмеген 25 жұмбағының біріне санайды.

Жапонияда 1970 жылдан бері ғана 9 ірі жер сілкінісі болса, сейсмикалар ірі стансалардың бірде-бірі оның уақытын болжай алған жоқ.
2010 жылғы 12 қаңтарда әлемнің ең кедей мемлекеті Гаитиде жер сілкінісінен 232 мың адам қаза тауып, жүздеген мың жандар әлі шатырларда тұрып жатыр. 2004 жылы Индонезияда 8-9 балл жер сілкінісі болып, 300 мыңдай адам құрбан болды.

Жоғарыда айтқанымыздай жапондар жер сілкінісіне бойы үйренген, сәл діріл байқалса, құжаттарын, басқа керек - жарағын алып, ашық алаңқайға жүгіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цунами әкелетін зардаптары
Жер сілкіністері
Цунами туралы жалпы мәліметтер
Жер сілкінісінің жіктелуі
Цунами
Экологиялық апаттар
Цунамидын пайда болу себептері
Еуразияның жер сілкіну аймақтары және оның зардаптары
Цунами – су апаты
Тілсіз қияпат немесе табиғи апаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz