Аквинат жобасы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Аквинат жобасы

Аквиналық Фома бес жасынан бастап Монте-Кассинодағы Бенедикт монастырінде тәрбиеленеді; он төрт жасында Неапольдегі зайырлы университетте оқуын жалғастырады. Осында ол Аристотельдің философиясымен танысады. Нәтижеде Аквинат антика ойшылының пікірлерін өздерінің діни философиясын талдап жасауға саналы құрал ретінде пайдалана алды. Аквинат Тәңірдің барын көрсететін «бес жолды» қалыптастырады.

«Табиғи болмысының заңдылықтарына орай адам сезінуден түйсінуге келеді, өйткені таным кезі сезімдік қабылдаулардан бастау алады (Сумма теологии. Анталогия мировой философии. М., 1969. Т. 4, 2 С. 827-831), - деген Ф. Аквинскийдің ойынша дәлелдеу жолы екі түрлі болуы мүмкін. Не ол себептен келіп шығып «propter quid» деп аталады да, өздігінен алғашқы болу тезисіне сүйенеді; не салдардан келіп шығып «quiа» деп аталады да, біздің таным процесіне қатысты алғашқы болу тезисіне негізделеді. Егер де себепке қарағанда салдар біз үшін анық болса, себепті салдар арқылы тануға мәжбүр боламыз. Кез-келген салдардан оның себебіне қатысты ой қорытындысын жасауға болады (егер оның салдарлары бізге айқын болса), яғни салдар себепке тәуелді болғандықтан, салдардың болуы себептің болуын қажет етеді. Бұдан келіп шығатыны, Құдай болмысы өздігінен білінбейтіндіктен, біздің танымымыз қабылдай алатын салдарлары арқылы дәлелденуі керек.

Құдай болмысы бес жолмен дәлелдене алады:

Біріншісі және ең айқын жолы қозғалыс ұғымынан келіп шығады. Шындығында, бұл дүниеде бірдеңенің қозғалысы барына күмән жоқ және ол сезіміміз арқылы бекітіліп отырады. Бірақ барлық козғалыстағы нәрселерді қозғалысқа келтіретін басқа нәрсе: өйткені ол қозғалып бара жатқан нәрсесіне қатысты алғанда ғана қозғалыста бола алады. Бір белсенді заттың ықпалынсыз потенциалды нәрсе қозғалысқа келе алмайды: оттың белсенді жылуы ағаштың потенциалды жылуын белсенділегендіктен, ағаш өзгеріс пен қозғалысқа келеді. Алайда бір уақытта потенциалды және белсенді болу мүмкін емес. Белсенді жылу сонымен бірге бір уақытт потенциалды емес жылу бола алады, бірақ тек потенциалды суықбола алады. Бұдан келіп шығатыны, бір нәрсе бір уақытта қозғалушы және қозғалысқа келтіруші бола алмайды, басқаша айтқанда, ол өз қозғалысының қайнар көзі болар еді. Яғни, барлық қозғалыстағы нәрселерді қозғалысқа келтіретін басқа нәрсе бар. Бір затты қозғалысқа келтірген нәрсені қозғалысқа келтірген бір нәрсе бар, осылай кете береді. Бірақ бұл былай шексіз жалғаса бермейді, өйткені бұл жағдайда алғашқы қозғалысқа келтіруші болмас еді, яғни екінші реттегі қозғалыстың болу себебі оның бірінші қозғалысқа келтірушісі бар, мәселен, таяқтың қозғалыста болу себебі оны қол қозғалысқа келтіріп түр. Бұцан шығатыны, өзі еш қозғалыссыз-ақ қозғалысқа келе беретін алғашқы қозғалтушы күшті табу керек, ал оның аты - Құдай.

Екінші жол өндіруші себеп ұғымынан келіп шығады. Сезімдерімізде өндіруші себептердің реттелген тізімін байқаймыз, бірақ заттың өзі өзіне өндіруші себеп болғанын байқай алмаймыз, керісінше болғанда оның өзі өзі алдында болуы керек. Өндіруші себептердің шексіз екендігін ойға да ала алмаймыз, бұл жағдайда алғашқы мүше ортаңғының себебі, ал ортаңғы соңғының себебі болар еді (ортаңғы мүшелер бір не көп болуы мүмкін) . Себепті жойсақ салдарын да жоямыз. Осында өндіруші себептердің тізбегінде алғашқы мүше болмай шықса, соңғы да, ортаңғы да болмай шығады. Бірақ егер өндіруші себептердің бірқатары шексіздікке ұласса, алғашқы өндіруші себеп терістелер еді; бұл жағдайда соңғы себептер де, аралық өндіруші себептер де болмай шығады; бұл жалған болып шығар еді. Яғни, әлдеқандай алғашқы өндіруші себеп болуы керек, және оны бәрі де Құдай деп атайды.

Үшінші жол мүмкіндік пен қажеттілік ұғымдарынан келіп шығады. Заттар арасында болуы да болмауы да мүмкін болатындары кездеседі; олар пайда болады және жойылады. Мұндай заттар үшін мәңгілік болу тән емес. Бұл ақиқат болса, қазірдің өзінде ештеңе жоқ, себебі болмыс емес болып табылатын нәрсе тек болмыс арқылы бола алады. Яғни мәнді ештеңе болмаған болса, болмысқа өтетін де ештеңе жоқ, сондықтан жалған нәрсе де бола алмайды. Сонымен дүниеде ештеңе кездейсоқ емес, бірақ та дүниеде қажет бір нәрсе болуы керек. Алайда барлық қажетті нәрсе не болмаса қажеттілігінің сыртқы себебіне ие болады, не болмаса ештеңеге ие емес. Сондықтан өз қажеттілігінің сыртқы себебі жоқ қажетті Мәннің болуы керек, оның аты - Құдай.

Төртінші жол заттардағы түрлі дәрежелермен түсіндіріледі. Заттар арасында азды-көпті жетілгендері немесе шынайылары кездеседі. Қандай болса да осы деңгейлерге алып келетін деңгей бар, мәселен, асқан жылылық деп жылылық шегіне аса жақындағанды айтамыз. Шегіне жеткендегі қасиет срл қасиеттің көрінуінің себебі болады, мәселен, жылылық шегі ретінде от барлық жылылық атаулының себебі болады. Бұдан келіп шығатыны, барлық мәндер үшін кемелділіктің себебі болып табынатын әлдебір болмыс бар, біз оны Құдай дейміз.

Бесінші жол табиғаттағы тәртіптен келіп шығады. Біздің сеніміміз бойынша, санаға ие емес табиғи заттар белгілі бір мақсаттылыққа бағынады. Мұны олардың жақсы нәтижеге ұмтылған әрекеттерінен байқаймыз. Яғни, олар мақсатына кездейсоқ жетпейді, саналы ерік басшысында қол жеткізеді. Олардың өздері санаға ие болмағандықтан, олар ақыл мен түсінікке ие сана иесіне бағынады, садақ атушының жебені бағыттап ататыны сияқты. Яғни,

табиғаттағы барлық нәрсені мақсатқа жұмылдыратын ақыл иесі бар, оны біз құдай дейміз». («Теология жиынтығы», Антология мировой философии. М., 1969. Т. 4. 2. С. 827-831) .

Аквиналық Фома мұндай дәлелдердің қарапайым түсіндірулерге негіз болатынын алдын ала білген. Сондықтан ол бұл дәлелдермен Тәңір болмысын қарапайым тусіндіруге мейлінше қарсылық білдірген. «Теология жиынтығында» «бес жолды» түсіндіруге кіріспес бұрыш ол былай дейді: « . . . себептен келіп шығатын кез-келген салдар бізге оның себебі барын ашық көрсетеді, өйткені себеп алдын ала болмаса салдар да болмаған болар еді. Мұндай дәлелдердің орталық нүктесі - себепті анықтау емес, осы себепті білдіретін сөздің мазмұнын анықтау; көргеніміздей «Тәңір» деген сөздің оның өзі салдарынан келіп шығады. Яғни Тәңірден келіп шығатын салдарлардың өзі Оның барын дәледдеуге жеткілікті». Яғни, Фома Аквинский өз дәлелдері негізінде Тәңірді анықтауға болады деп есептемеген; оның дәлелдерінің мақсаты - «Тәңір» деп атауға болатын болмысты түсіндіріп өту ғана.

Телеологиялық дәлел

Телеологиялық дәлел біздің әлемді «телостың» (грек т. «телос» -«мақсат») болуымен түсіндіреді. Бұл дәлелге орай, табиғатта біз көретін мақсаттылық ниет ғарыштың «құрушысы» - Тәңір бар екенін дәлелдейді. «Теология жиынтығында» Аквиналық Фома себептілік идеясын мақсаттылық идеясымен байланыстырады. Ең алдымен, ол себептілік заттарға кемелділік дарытатынын дәлелдейді: «Бұдан шығатыны, басқа заттарды бар ететін, олардың ізгі сипаттары мен бүкіл кемелділіктерін бар ететін бір нәрсе бар». Мұны Аквинат мақсат идеясымен байланыстырады: «Табиғат заңдарына бағынатын, тіпті саналы болмаса да, барлық дерлік денелерде мақсатбағыныштылық әрекет байқалады . . . Бірақ сана мен ақылға ие біреу бағыттамаса, санаға ие емес нәрсе мақсатқа ұмтыла алмайды; мәселен, жебеге садақшы керек. Бұдан шығатыны, барлық заттарды мақсатқа бағыттайтын саналы біреу бар, оны біз Тәңір деп атаймыз».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фома Аквинский мен Марсилий Падуанскийдiң мемлекет және құқық туралы iлiмi
Фома Аквинский
Теологияның негізгі қағидалары
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Орта ғасыр философиясы
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Фома Аквинский іліміндегі құдай идеясын негіздеу
Аристотель – антикалық философияны жүйеге келтіруші
Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz