Халық санағын жүргізудің басты ерекшеліктері


Халық санағын жүргізудің басты ерекшеліктері
Халық санағы - елдің немесе, аумақтың әрбір тұрғынын сипаттайтын демографиялық, әлеуметтік-экономикалық деректерді жинау үдерісі ғана емес, сонымен қатар мәдени рухани, саяси-әлеуметтік маңызды іс. БҰҰ анықтамасы бойынша, халық санағы елдегі немесе оның айқын шектелген бөлігіндегі белгілі бір кезеңдегі жағдай бойынша барлық адамдарға қатысты бірқатар нақты демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинақтау, қорыту, бағалау, талдау және жариялаумен айналысады.
Халық санағының нағыз тарихы, бастапқы түрі Азия мен Африка мемлекеттерінде біздің заманымызға дейінгі 3 мың жылдықтарда жүргізілгендігі туралы деректер бар. Ары қарай тарихқа көз жүгіртсек, Египетте біздің заманымызға дейінгі 2800-2250 жылдар шамасында, 2238 жылдары Месопатамияда, Үндістанда, Қытайда, кейінірек Жапонияда әскери және салық жинау мақсатында жүргізілген халық санақтары мәлім. Ол кездегі санақтар есеп жазбалар түрінде немесе символдық таңбалар арқылы жүргізілген. Мәселен, скифтерде жауынгерлер саны жебе ұштарының санымен, Әмір Темір әскерлерінде үйілген тастар санымен есептелген. Халық санын есепке алулар Ежелгі Грекия мен Римде де болғаны белгілі. Мәселен, б. з. д. ІV ғасыр соңында Аттикада тізімге алынған барлық итаптардан шыққан ер адамдардың есепке алынуы жүргізілген. Ежелгі Римде б. з. д. 435 жылдары тұрақты түрде ценздер өтілген. Әр Рим азаматы ант беру түрінде сайланған цензорларға өзінің атын, жасын, өз отбасының мүшелерінің есімдері мен жастарын, сондай-ақ өзінің мүлкі туралы мәліметтерді хабарлаулары тиіс болған. Бұл мәліметтер халықты әскери бөлімдерге бөлу, халық жиналысындағы дауыстарды санау мен салық салу үшін қажет еді. Ерте орта ғасырдағы халықты есепке алу элементтері жазба кітаптарында, кадастрларда шаруашылықты сипаттап жазумен байланысты. Оларда алдыңғы қатарға адамдар немесе олардың отбасы емес, үй, ошақ секілді салық салу бірліктері қойылған.
ҮШ КЕЗЕҢ
Халық санағының басталуы қазіргі заманғы ұғымға 1790 жылы АҚШ-та, 1800 жылы Швеция, Финляндияда, 1801 жылы Англияда, Данияда, Норвегияда, Францияда жүргізілген халық санақтарымен бірге енді. Халық санағының пайда болуы мен дамуы сол кезде үрдіс дамып келе жатқан Батыс елдерінің халықтың саны, орналасуы мен құрамы туралы, сондай-ақ оның сол заманға тән сипаттамасы жайындағы нақты да тұрақты ақпаратты қажет етуінен туындады. Жалпы, халық санағының тарихын қарастырғанда, оның 3 кезеңін бөліп көрсете аламыз. 1- кезеңде (ХVІІІ ғасырдың аяғы - ХІХ ғасырдың бірінші жартысы) санақты ұйымдастырудың, олардың бағдарламаларын анықтаудың негіздері қаланды. Бұл кезеңде халық санағын АҚШ пен Англия әрбір 10 жылда, Франция мен Швеция әрбір 5 жылда, Австрия әрбір 3-4 жылда тұрақты жүргізе бастады. Тұрақты түрде болмаса да халық санағы Данияда, Норвегияда, Исландияда, сондай-ақ Америка территориясына орналасқан кейбір колонияларда жүргізілді. Бұл халық санақтары белгілердің шектелген мөлшерін ескеріп, барлық халықты бірдей қамти алмады, олардың материалдарын өңдеу көптеген жылдарға созылды. Мәселен 1790 жылы АҚШ-та болған алғашқы халық санағында тек үй шаруашылығы басшысының аты, еркін адамдардың саны, ақ әйелдердің саны, құлдардың саны ғана есепке алынды. 1801 жылы Франциядағы халық санағы тек жынысы мен некеге қатыстылығын, Англиядағы 1801 жылы санақ жынысы мен отағасының кәсібін (егінші ме, саудагер ме, өндіріс еңбеккері ме) ғана ескерді. 2-кезеңде (ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың бірінші жартысы) халық санағы Еуропа мен Американың барлық елдерінде, Азия мен Африканың кейбір елдерінде жүргізіле бастады. Халық санағының теориясы мен практикасы дамып, оның жаңа белгілері пайда болып, бағдарламалары жетілдірілді.
Шартты түрде 3-ші, қазіргі кезең ХХ ғасырдың ортасында халық туралы артып келе жатқан мәліметтердің қажеттілігінен туындады. Азияның, сондай-ақ Африканың бірқатар елдерінде жаңа дербес мемлекеттердің пайда болуымен халық санақтары жүргізілді. 70-жылдары алғаш рет Иемен Араб Республикасында, Катарда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Сауд Арабиясында, Ауғанстанда халық санақтары жүргізілді.
Дүние жүзі елдерінде халық санағын өткізудің бағдарламалары мен жүргізілу тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ әлемдік халық санағын жүргізу үшін принциптер мен кепілдемелер жасау бойынша үлкен жұмысты БҰҰ атқаруда. Азия мен Африканың дамушы елдері халық санағын өткізуде өзге елдердің тәжірибесі мен БҰҰ көмегіне сүйенуде.
1982 жылдың 1 қаңтарына қарай Жер шарындағы өткізілген халық санақтарының саны (қазіргі заманғы мемлекеттер мен территориялардың бөлінісі бойынша) 2 мыңнан асты. Санақтың бағдарламасын жасау мен жариялаудан басқа оларды өткізуді ұйымдастыру мен осы бағдарламаны жариялау жүйесі жетілдірілді. Бұларды апробациялау үшін 70-жылдарда байқау санақтарын жүргізу практикасы кеңейтілді. Үлкен көлемді ақпарат алу қажеттілігі мәлімет жинау (АҚШ) мен оларды жасақтауда (бірқатар социалистік елдер және Жапония, Франция, Италия) іріктеу әдісін қолдануға әкелді. Халық санағын жүргізу алдында есепке алынатын халықтың категориялары анықталды және нақтыланды. Кейбір елдерде тек қана тұрақты халық (АҚШ, Жапония, ГФР, Үндістан, Филиппин), келесі біреулерінде шынайы бар халық (Ұлыбритания, Бруней, Танзания, Түркия), ал енді біреулерінде екеуі де (Болгария, Венгрия, Италия) есепке алынады.
КСРО кезіндегі халық санағы
Бұрынғы КСРО территориясындағы халық санағының басталуын ІХ ғасырға жатқызуға болады (Киев Русі, Новгород) ; ол фискалды мақсаттарда жүргізілді (алым-салық салу үшін) . ХІІІ ғасырдың екінші жартысында монғол-татар үстемдігі кезінде алынатын алым мөлшерін анықтау үшін жекеленген орыс князьдіктерінде халық саны есепке алынды. Кавказ жеріндегі ХІІІ ғасырдың 70 жылдарындағы санақтар да осы мақсатта болды. ХІV ғасырдан бастап салық салу объектісі болып шаруашылықтағы пайдаланылатын жер учаскелері (соха деп аталады) табыла бастайды. Мұнда «соқалық жазба» деп аталатын жазба кітаптарына (писцовые книги) енгізілетін сипаттамалар нәтижелері баяндалды. ХVІ ғасырдағы жазба кітаптарында шаруалардың жағдайын, олар орындайтын міндеткерліктердің ахуалын баяндайтын мәліметтер сақталған.
Ресейдегі шын мәніндегі жергілікті жердегі халық санақтары ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап жүргізіле бастады. Негізінен, бұл санақтар астаналық, ірі губерниялар мен кейбір уездік қалаларда жүргізілді. Көптеген санақтардың материалдары жарияланбағандықтан, олардың кейбіреуі туралы өткізілген жылынан басқа ештеңе белгілі емес. Жергілікті халық санақтары тек дәлдік, ұйымдастырылу, жасақталу бағдарламасы, жариялануы мен нәтижелерді санау дәрежелері бойынша әр алуан. Олардың көпшілігі ғылыми негізде, өзгелері «әкімшілік-полицейлік халық есептеулері» түрінде; көбінесе «халық санағы» деген атау шеңберінде халықтың тек аты-жөнінсіз, үй иелерінің саны бойынша санағы ғана жүргізілді. 1904 жылы санаққа рұқсат құқығы губернаторларға беріліп, бұл халық санағын жергілікті жерлерде жүргізуді жеңілдетті. Көптеген қалаларда халық санағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында жүргізілді.
Бесжылдық жоспардың берекесі
Кеңес елінің бүкіл халқын қамтыған алғашқы санақ 1926 жылы желтоқсанда жүргізілді. Ол сұрау салу әдісімен (бірақ өздік санауға да жол берілді) өткізілді. Халық санағы 17 желтоқсанда басталып, қалаларда 7 күнге, селолық жерлерде 14 күнге созылды. Нақты бар халық (жеке парақтар бойынша) есепке алынды, ал қалаларда отбасылық картасы тұрақты халық бойынша мәліметтерді алуға мүмкіндік берді.
Негізгі формалар жеке парақ, отбасылық карта (тек қалаларда) және иелік ведомость болды. Бағдарламада 14 белгі (қосымша пункттермен бірге) : жынысы, жасы, ұлысы (народность), ана тілі, туған жері, санаққа алынған жерде тұру ұзақтығы, некеге қатысы, сауаттылығы, дене кемшілігі, психикалық жағдайы, кәсібі (негізгі және қосымша) ; кәсіптегі орны мен еңбегінің саласы; жұмыссыздарға - жұмыссыздығының ұзақтығы мен бұрынғы кәсібі; күнкөріс көзі (кәсібі жоқтар үшін) қамтылды. Отбасылық картада некелік жұптарды және олардың балаларын, некенің ұзақтығы мен тұрғын-жай жағдайларын бөліп көрсеткен отбасы құрамы есепке алынды.
Халық санағының материалдарын даярлау қысқа мерзімде 1928 жылдың 1 қыркүйегіне қарай аяқталды. Жасақталу бағдарламалары мен жариялануы жан-жақтылығымен және түрлі белгілердің болуымен ерекшеленеді, алғаш рет отбасы жан-жақты зерттелді. 1926 жылғы халық санағының мәліметтері КСРО-ның халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдық жоспарын құруда пайдаланылды.
КСРО-дағы бұдан кейінгі санақ 1959 жылы қаңтарда жүргізіліп, халық санағының бұл бағдарламасы 15 белгіні, 36 кестені қамтыды. Бұл соғыстан кейінгі ел экономикасын қалпына келтіру, тың игеру, т. б. сияқты ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралардың жүзеге асырылуы, ел ішінде миграциялық процестің өркен жаю тұсы еді. Сол шаралардың нәтижесінде қазақ ұлтының өз жерлеріндегі үлес салмағы күрт төмендеп, 32, 2 %-ға дейін құлдырады. Бірақ сол кездегі билік басындағылар бұдан туындайтын әлеуметтік мәселелер туралы жақ ашпады, көрсе де көрмегенсіді, білсе де білмегенсіді. Бұдан кейінгі санақтар 1970, 1979 және 1989 жылдарда өтті. Оның соңғысы халыққа сұрау салу әдісімен, 16 белгіден тұратын бағдарламамен жүзеге асырылды, іріктеу әдісі қолданылды. Санақ парақтары жаппай санақ (2 С формасы) және таңдау санағы (3 В формасы) түрінде болды. Жаппай санақ бойынша жауап барлық халықтан алынды, ал таңдау санағы бойынша сұрақтарға халықтың 25%-ы тартылды. Санақ жалпы ғылыми-әдістемелік жолмен өтілгенімен, оның нәтижесіне сол тұстағы идеология мен саясаттың және онан туындайтын мақсат пен мүдделердің де әсері болды.
Жалпы тұрғыдан алғанда, БҰҰ-ның ұсынысы бойынша әлемнің көптеген елдерінде халық санағы он жылда бір рет өткізіледі. Қазақстан аумағында ресми халық санағы 1897 жылдан бастап әуелі Ресей империясының құрамында, кейін КСРО құрамында жоғарыда аталған уақыттар кезінде өтіп тұрды.
Егемен еліміздің екінші санағы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz