Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеттері



1. Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.
2. Қазақстан Республикасы топырақтарының сипаттамасы.
3. Топырақтың ластануы.
4. Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
5. Жерді қайта құнарландыру
Литосфера – Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км, оның ішінде жер қыртысы – құрлықта 50-70 км дейін, мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында. Литосфера (немесе ,басқаша жер) – қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс әрекеті нәтижесінде уақытқа байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т. б) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасыуы т. б) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.
1. Биология: М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:
А. Қ. Құсайынов — Алматы: 2003.
3. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Т. Н. Жұмағалиев, Б. М. Куандықов. 2000.
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ А. Қ. Құсайынов. – Алматы: 2002.
5. Сәтімбеков Р. Биология:— Алматы: 2007.
6. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Ө. Бейсенова,
К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т. б. Алматы: 2010.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.
Қазақстан Республикасы топырақтарының сипаттамасы.
Топырақтың ластануы.
Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
Жерді қайта құнарландыру

Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.
Литосфера – Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км, оның ішінде жер қыртысы – құрлықта 50-70 км дейін, мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында. Литосфера (немесе ,басқаша жер) – қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс әрекеті нәтижесінде уақытқа байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т. б) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасыуы т. б) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.
Жер қабатының үстінгі қабатын топырақ дейді. Топырақ – ол аналық жыныстардың, ауар райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық – тарихи дене.
Топырақ – сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің біріккен организмдерден қалыптасқан жердің беткі қабаты. Топырақтың ең маңызды қасиетінің бірі оның құнарлығы. Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процессі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.
Топырақ – барлық элементтердің акумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап,сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу қасиеті бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ көптегн антропогендік факторлардың ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. ол азық түлік,малға жем,киім үшін талшық,құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К. Маркс еңбек – байлықтың әкесі болса, топырақ – анасы деген.
Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда,ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды.
Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғылымы В. В. Докучаев (1846-1903ж. ж) қалады. Ол бірінші рет топырақ және топырақ құрылымы ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты.
В. В Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт, өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жер асты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылады.
Топырақтағы заттектердің миграциясы мен трансформациясына байланысты топырақ құрлымы бірнеше қабаттарға немесе горизонттарға дараланады. Қабаттардың ара қатысы мен байлығы топырақ түріне байланысты. Ең жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімінен тұратын қабат ең негізгі құнарлығы жоғары горизонт болып саналады. Оны гумусты немесе қара шірінді деп атайды, құрылымы қиыршықты – түйірлі болады. Гумус немесе қара шірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен жануар текті қалдықтарды айтады. Топырақ құнарлығы негізінде осы өсімдік текті және жануар текті қалдықтардың биохимиялық ыдырауынан түзілген қара қоңыр гумусқа байланысты. Қарашірінді негізінде гумминнен,гумминқышқылынан және фульвоқышқылынан,сонымен қатар белоктардан, көмірсуларынан, майлардан, шайырлардан және т. б. тұрады.
Литосфера — жер қабығы (грек.  lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды.  Граниттік қабаттың астында аралық немесе базальттық аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізіненоливин мен пироксеннен тұр атын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.
Литосфера - жердің қатты қабығы. Литосфераның даму заңдылықтары
Жер шарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайдың литосфераға экологиялық әсері
Төменгі және жоғарғы мантиясының мәртебесі мен заттардың құрамы. «Тектоносфера» тұжырымдамасы. Минералдар тіркемелер жіктелуі
Литосфера — жер қабығы, топырақ – ерекше табиғи түзілім
Жердің ішкі құрылысы
Литосфераның экологиялық функциясы және оның систематикасы
Вернадский ілімі туралы ақпарат
Жер мен оның қабығының құрылысьі
Вернадский ілімі
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Гранит қабатының қалыңд
Пәндер