Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау



1 Заң тұрғысынан қателесу
2 Қатеге байланысты квалификация жүргізу
3 Қылмыс затынан қателесу
Қылмыскердің саналы түрдегі қоғамға қауіпті ой-ниеті қылмыстық құрамның объективтік белгілерімен ұштастырса іске асырылады, бірақ барлық жағдайларда субъективтік белгілермен объективтік белгілер бір-біріне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Яғни кінәлінің қасақана ойында болған қылмыстың объектісіне, затына, құралына, орнына, уақытына қатысты шешімдері іс жүргізгенде өзі ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайды қылмыстық құқықта «қате» деп атайды және қате ретінде адамның өз іс-әрекетінің құқықтық мағынасын немесе нақты жағдайын дұрыс түсінбеуі алынады.1 Соған орай адамның жасайтын қателері екі түрге бөлінеді: заң тұрғысынан және нақты жағдайлардан қателесу. Заң тұрғысынан қателесу- адамның қолданыстағы заңды дұрыс түсінбеу немесе білмеу салдарынан жасалған іс-әрекеттерін қате бағалауы болып табылады. Адамның заң тұрғысынан өз іс-әрекетін қате бағалауының себептері, заңды дұрыс түсінбеуі немесе заң-нан сауатсыз болуына байланысты болуы мүмкін.
Кайржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан. - Алматы, 1997. С. 103.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
§4. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау

Қылмыскердің саналы түрдегі қоғамға қауіпті ой-ниеті қылмыстық құрамның объективтік белгілерімен ұштастырса іске асырылады, бірақ барлық жағдайларда субъективтік белгілермен объективтік белгілер бір-біріне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Яғни кінәлінің қасақана ойында болған қылмыстың объектісіне, затына, құралына, орнына, уақытына қатысты шешімдері іс жүргізгенде өзі ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайды қылмыстық құқықта қате деп атайды және қате ретінде адамның өз іс-әрекетінің құқықтық мағынасын немесе нақты жағдайын дұрыс түсінбеуі алынады.1 Соған орай адамның жасайтын қателері екі түрге бөлінеді: заң тұрғысынан және нақты жағ-

Кайржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан. - Алматы, 1997. С. 103.

дайлардан қателесу. Заң тұрғысынан қателесу- адамның қолданыстағы заңды дұрыс түсінбеу немесе білмеу салдарынан жасалған іс-әрекеттерін қате бағалауы болып табылады. Адамның заң тұрғысынан өз іс-әрекетін қате бағалауының себептері, заңды дұрыс түсінбеуі немесе заң-нан сауатсыз болуына байланысты болуы мүмкін. Заң тұрғысынан қате-лесу бірнеше түрде кездесе алады. Біріншісінде, адам өзі жасаған іс-әрекетін қылмысты деп бағалайды, ал заң жүзінде бүл іс-әрекет қылмыс ретінде қарастырылмайды. Мүлдай жағдайлардағы іс-әрекеттер қылмыс болып саналмайды, өйткені адам өзі жасаған іс-әрекетін қылмысты деп санағанымен, жауаптылықтың болуы немесе болмауы заң бойынша шешіледі. Яғни қылмыстық заңда ол адамның әрекетін қылмыс ретінде қарастыратын норма жоқ. Мысалы адам кінәсіз зардап келтіре отырып, қылмыстық құқық ережелерінен хабарсыз болуына байланысты қылмыс жасадым есептеуі мүмкін. Сондай-ақ қылмыскерді ұстау, қажетті қорғану кездерінде қорқу, шошу, сасқалақтау нәтижесінде абайсыздықпен әрекеттер жасап өзге адамның өміріне, денсаулығына немесе меншігіне зардаптар келтіруі мүмкін. Заң тұрғысынан қателесудің бұл түрі көбінесе бөтен адамның өміріне, денсаулығына, меншігіне зардаптар келтіру жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда адамның жасаған іс-әрекеті қылмысты емес екендігін анықтау үшін, қылмыстық заңда осындай іс-әрекетті немесе зардапты білдіретін баптың бар- жоқтығын анықтау қажет емес, ең ал-дымен өзін қылмыс жасадым деген адамның әрекеттерінде кінә бар-жоқтығын анықтау керек.

Заң тү_рғысынан қателесуінің екінші түрі бойынша адам жаса-ған іс-әрекетін қылмыс емес деп бағалайды, ал бүл іс-әрекетті заң қылмыс ретінде қарастырады. Мүндай жағдайда қылмыстық жауаптылық болады.

Адамның заңды білмеуі салдарынан қылмыс жасауы қылмыстық жауаптылықтан босатылуға, сонымен қатар қылмысты квалификациялау мәселесінеде әсер ететін жағдай ретінде қарастырылмайды, яғни адамның іс-әрекеті қандай бапқа сәйкес келсе, сол баппен квалификация жасалады.

Адамның жасаған әрекеті қылмыс болғанда оны қылмыс емес деп түсіну себебі, ол заңнан шала сауатты болуы немесе өз мүддесін өзге мүдделермен салыстырғанда артық бағалауы тәрізді жағдайлар болады.

Практикада мұндай жағдайлар қылмыстың құрамы бар екендігі бірден анық білінбейтін әрекеттер бойынша кездеседі. Сондай-ақ қылмыстық құқықта кейбір қылмыстардың объективтік жағының белгісі ретінде қолданылатын бағалаушы ұғымдар бойынша да кездеседі. Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарында кездесетін "көріну," "үнемі", "кәнігі" деген тәрізді т.б бағаланушы ұғымдардың жасалған қылмыста орын алғандығын кінәлінің жеткіліксіз деп немесе мүлдем қылмысты емес деп бағалауы орын алуы мүмкін. Мұндай бағалаудың адамда болуының себептері бар. Өйткені "үнемі" деген тәрізді белгінің орын алғанын білу үшін қылмысқа жатпайтын үнемі емес, деген әрекеттің мөлшерін ашу керек болады.

Қылмыстың орнынан немесе уақытынан қателесу нақты жағдайлар-дан қателесудің түріне жатады, бірақ бұлар квалификациялау тәртібі бойынша заң тұрғысынан қателесуге белгіленген ереже бойынша ше-шіледі. Мысалы 288 баптағы заңсыз аңшылықты құрайтын белгілердің бірі, тиым салынған уақытта немесе тиым салынған жерлерден аң аулау болып табылады. Кінәлі тиым салынған уақыт немесе орын екенін білме-седе қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Ал кінәлі іс-әрекеттің жасалу орнын, уақытын қылмысты деп бағалап, бірақ заң жүзінде бұл уақыт немесе орын қылмыстылықты білдірмесе, онда іс-әрекет қылмыс деп бағаланбайды.

Кейбір қылмыс түрлерінде іс-әрекеттің жасалу орны мен уақыты жауаптылықтың ауырлататын немесе аса ауырлататын құрамы ретінде бағалауға заңды негіз береді. Сондықтан мұндай қылмыстардағы уақыт пен орыннан қателесу - кінәні немесе жауаптылықты ауырлататын белгілерден қателесудің бір түріне жатқызылады.

Кінәлінің жасаған әрекетінің заң бойынша жауаптылықты ауырлататын белгі екенін білмеуі немесе оны бағалаудан қателе-суі орын алғанда, заң тү_рғысынан қателесудің үшінші көрінісі орын алады. Мүндай қате квалификациялаудағы қате деп атала-ды. Квалификациядан қателесу қылмыстың орны мен уақытына байла-нысты ғана емес, қылмыс тәсіліне, жағдайына, құралына, сондай-ақ Қылмыстық қодекстің Ерекше бөлімі баптарындағы ауырлататын құрам ретінде қарастыруға негіз беретін қылмысты ұйымдасқан топпен, қызмет бабын пайдаланып жасаумен, пайдақорлық, бұзақылық ниетпен, өкімет өкілінің киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау тәрізді т. б белгілер бойынша бола алады. Қылмыскердің кейбір әрекеттердің заң бойынша ауырлататын құрам ретінде бағаланатынын білмеуі, қылмысты квалификациялауда ескерілмейді, яғни жасалған қылмыста ауыр-лататын белгілер болғанда жауаптылықты ауырлататын құрам бойынша квалификацияланады. Мысалы адам қылмсын ұйымдасқан топпен жа-саудың заң бойынша жауаптылықты ауырлататын қылмыс екенін білмеу мүмкін.

Заң тұрғысынан қателесудің төртінші түрі жаза түрімен көле-мінен қателесу болып табылады. Жазадан қателесудің негізгі мағы-насы, ол қылмыскердің қылмысты әрекет жасағанда оның жазасы ту-ралы белгілі бір мөлшерді есептеуін білдіреді. Ал заң бойынша бұл қылмыс бойынша жаза мөлшері ол ойлағаннан аз немесе көп болуы мүмкін.

Нақты жағдайлардан қателесу дегеніміз қылмыстық объективтік белгілерінен қателесу болып табылады. Нақты жағдайдан қателесу қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша бір-біріне қарама-қар-сы екі бағытта болады. Біріншісі, адам қылмыс жасауға жеңіл обьектіні, затты, құралды, уақытты, орынды қолданғысы келгенде абайсыздық-пен немесе сол жағдайды дұрыс түсінбеуіне, толық мағлұматы болма-уына байланысты ауыр әрекетті жасауы немесе зардапты тудыруы түрінде болады. Мұндай қателесу түрлерінде адамда қоғамға қауіпті ой- ни-еттің, қылмыс жасауға деген шешімнің болуына қарай квалификация жүргізіледі. Мұндай қателесуде қылмыс жиынтығымен, ал заңда ар-найы қарастыратын бап немесе оның бөлімі болғанда кінәнің аралас нысанымен квалификацияланады. Нақты жағдайлардан қателесудің екінші түрінде адам аса қауіпті әрекетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқулық - Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну
Қылмыс объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау
Қылмысқа оқталуды саралау
Қылмыстардың жиынтығы бойынша квалификациялау
Қылмыстық құқықтағы адам өлтірулер
Пәндер