Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары мен оның құрылымы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары мен оның құрылымы

Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі топырақ географиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Өйткені, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.

Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

XIX ғасырдың аяғында топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ қасиеттерімен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен байланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын - топырақтардың ендіктерге сәйкес орналасуын ашты. Ол өзінің «Табиғаттың аймақтары туралы ілімі» кітабында: «топырақ түзуші негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда . . . - қара топырақтар, күлгін топырақтар т. б. - жер бетінде, климатқа, өсімдік дүниесіне сәйкес тәртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс», - деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде әлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада бес әлемдік аймақтар көрсетілді: 1) бореалды немесе арктикалық; 2) орманды; 3) далалық қара топырақты; 4) аэралды (олар тасты, құмды сорланған және лессті шөлдерге бөлінеді) 5) латеритті. Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар материктерінде ендіктерге сәйкес орналасқан болып келеді. Топырақтану ғылымының әрі қарай дамуына, және Жер шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналуына байланысты В. В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бойынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада «топырақтардың таралуының көлденең аймақтық заңдылығы» - деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарында топырақтардың белдік болып созылып орналасуы кейде меридиан бағытына да сәйкес келуі байқалды. Осындай құбылыстардың басты себебі, әрбір алқаптың мұхиттарға немесе орталық құрлық аймақтарға, таулы өлкелерге жақын немесе алыс орналасуына байланысты болып келетіні, яғни аймақтың климатының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне байланысты.

Кейінгі жылдары дайындалған әлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сәйкес орналасуы және басқада топырақ таралу құбылыстары көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, Е. В. Лобова, 1976) .

В. В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын оның табиғатының және топырақ жамылғасының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып таралу заңдылығын ашты. В. В. Докучаев айтуынша, жер үстінің биіктігі өскен сайын әрқашанда топырақ түзуші факторлар - климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап оның үстіне көтерілген сайын заңды түрде өзгеріп отыруы тиіс. Яғни топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп орналасады, бірақ ол көлденең бағытта емес тік бағытта байқалады.

Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық және тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулерде оларға тән, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді.

Топырақ-климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді. Олардың атмосфералық ылғалдануының және өсімдік дүниесінің ерекшеліктері болады. Топырақ-биоклиматтық облыстары келесідей:

- орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс;

- далалық, ксерофитты-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық облыс;

- шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ облыс.

Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда биоклиматтық-топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар және оларға сәйкес интрааймақтық топырақ типтері кездеседі. Сондықтан әр биоклиматтық-топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ аймағы кездеседі. Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің және осыларға сәйкес интрааймақтық және аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.

Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ фацияларына және провинцияларына бөлінеді.

Топырақ аймақшасы топырақ аймағына сәйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы.

Топырақ фациясы - жылу режімінің және жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.

Топырақ өлкесі (провинциясы) - жылу режимі және жыл мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ фациясының бір бөлігі.

Топырақ округы және топырақ ауданы - жер бедерінің және топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.

Топырақ жамылғысы құрылымы

Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп факторлардың әсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы жер бетінің кеңістігінде әр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады.

Белгілі бір аумақта кездесетін топырақтардың түрлерінің құрамын, олардың таралу пішінін және біріне-бірі сәйкестесе орналасуы ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттайды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ алабы (ЖТА) саналады. Ол топырақ жамылғасының әрі қарай бөлінбейтін бөлігі. Топырақ классификациясының ең кіші қатарына жататын топырақ түрінің алып жатқан ауданын жеке топырақ алабы дейміз. Жеке топырақ алабы ұғымын және оның басты сипаттарын В. М. Фридланд (1965) ұсынды.

Жеке топырақ алабын сипаттау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады: 1) топырақтың толық атауы; 2) топырақ алабының морфологиялық сипаты - оның ауданы, шекарасының пішіні мен сипаты; 3) топырақ алабының топырақ түзуші факторлармен биоклиматтық жағдайымен, жер бедерімен, ылғалдылықпен, аналық тау жыныстарымен, топырақтың жасымен, топырақтың түзілу тарихымен және адамдардың әрекетінің ықпалымен байланысын сипаттау.

ЖТА ауданы бірнеше шаршы метрден жүздеген гектарға дейін болуы мүмкін. Ауданына байланысты жеке топырақ алабы ұсақ контурлы (1 га-дан кіші) орташа контурлы (1-20 га-ға дейін) және ірі контурлы (20 га-дан үлкен) болып бөлінеді.

ЖТА пішіні дөнгелекше (ұзындығының еніне қатынасы 2-ден кіші), созыңқы (қатынасы - 2-ден 5-ке дейін), ұзынша (қатынасы 5-тен үлкен), тарамданған және қалақша тәрізді болады.

ЖТА шекарасының пішінін сипаттау үшін иректік коэффициенті қолданылады:

К и = ЖТА шекарасының ұзындығы/3, 54 *(түбір астында ЖТА ауданы)

мұнда L - ЖТА шекарасының ұзындығы, S - ЖТА ауданы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ жамылғысы. Топырақтың ауданы экономикалық қызметке байланысты деградацияға ұшырауын қарастыру
Топырақ — табиғат көркінің айнасы
Топырақтың минералдық құрамы
Топырақтарды классификациялау
Төлеби ауданының топырағының экологиялық жағдайы
ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТИПТЕРІНДЕГІ МЫРЫШ ПЕН ҚОРҒАСЫН ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ФРАКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Топырақта органикалық заттардың жиналуы
Топырақтарды жіктеудің принциптері
Топырақ түзілудің жалпы үрдісі
Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz