Ең үздік жұмыс берушілер


Кеше Астанада басталған «Адам ресурстарын басқару: HR инновациялары» VІ халықаралық конференциясында елдегі ең үздік жұмыс берушілерді айқындайтын «Сенім - 2010» байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Сөйтіп, өткен жылдың «Үздік ұлттық компаниясы» аталымында «ҚазМұнайГаз» АҚ топ жарды. Одан кейінгі орынға «Қазақстан темір жолы» АҚ жайғасты. Есесіне «Қазақстан Темір жолы» АҚ «Үздік HR-жоба» аталымында І дәрежелі дипломды жеңіп алды. Ал «ҚазМұнайГаз» АҚ екінші орынды қанағат тұтты. Қысқасы, өткен жылы адам ресурстарын басқару саласында осы екі компания бәрін шаң қаптырды.
Жеңімпаз компанияның бірі - «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2008 жылдан бері жастар саясаты туралы бағдарлама жұмыс істеп келеді. «Бағдарлама шеңберінде бірнеше рет жас теміржолшылар форумы өтті. Біз жас кадрларды қазіргі заман талабына сай даярлауға басымдық берудеміз. Мәселен, қазіргі таңда Компанияда қызмет істейтін жастардың арасынан 100 маманды іріктеп, шетелде ағылшын тілінде іс жүргізуді үйренуіне жағдай жасамақшымыз. Бар шығынын компанияның өзі көтереді. Сол кадрлар еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға септігін тигізеді деп сенеміз» - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Асхат Акчурин.
«Сенім 2010» байқауы жеңімпаздарды 7 аталым бойынша анықтады. Соның ішінде «Қос астанадағы үздік жұмыс беруші компания» аталымында (ұжым мүшесі 250-ден көп) «Қазақстан Халық Банкі», «Аймақтардағы үздік жұмыс беруші компания» аталымында (ұжым мүшесі 250 адамнан көп) «Тау-кен компаниясы» ЖШС үздік шықты. Ал ұжымдағы адам саны 250 адамнан аспайтын компаниялар арасында «Твой Шанс» ЖШС «Аймақтардағы үздік жұмыс беруші компания» атағын жеңіп алды. Ал «Қос астанадағы үздік жұмыс беруші» аталымында ұжым саны 250 адамға толмайтын мекемелердің ішінде «НАТ Қазақстан» АҚ жеңімпаз деп танылды. «Персоналдың ілтипаттылығы» аталымында «Автомобиль жолдары» ЖШС арнайы сыйлыққа ие болды. Айта кету керек, «Сенім 2010» байқауы мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан компанияларды да назардан тыс қалдырмапты. Мәселен, «Үздік HR-жоба» аталымында «Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану» жобасы үшін «Қамқор Менеджмент» ЖШС-на арнайы сыйлық табыс етілді. Біздіңше, «Сенім 2010» жобасын ұйымдастырушылар болашақта «Үздік HR-жоба» аталымында мемлекеттік тілді дамытқаны үшін деген мазмұнда жеке аталым тағайындаса, бұл байқаудың мемлекеттік тілдің дамуына көп септігі тиер еді. Байқауды ұйымдастырушылардың мәліметінше, жеңімпаздарды анықтау үшін Қазақстанның 14 аймағы, Алматы мен Астана қалаларында әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Байқауға қатысқан компаниялардың HR-саясатын сарапшылардан жасақталған қазылар бағалаған. Биылғы жеңімпаздар қазақстандық шебер Серік Рысбеков жасаған күміс мүсіндермен марапатталды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «ҚазМұнайГаз» АҚ қолдауымен өткізілген конференция атауы заманауи стильде болғанымен, басқосуда әдеттегі кадрлық саясат, ұжымды ұтымды басқару, білікті мамандарды даярлау мәселелері сөз болды. Яғни адам ресурстарын басқару ісіндегі инновациялар, персоналды оқыту және дамыту, жұмыс беруші бренді, корпоративтік қарым-қатынас, қызметкердің қызығушылығы, еңбек нарығындағы беталыстар, демографияның еңбекақы стратегиясына әсері, кәсіптік стандарттар, топ-менеджмент сынды мәселелер ортаға салынды. €йткені кадрдің қадірін көтермей, ешқандай кәсіпорын яки компания жеңіске де, жетістікке де жете алмайды. Бұған бір мысалды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов өзі басқаратын Қордан келтірді. Оның айтуынша, соңғы екі жылда Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын орындау барысындағы жетістіктерге жетуге Қор тобындағы компаниялардың адам ресурстарын басқару саласындағы жұмысы оң әсер етіпті. €йткені Қорда қабылданған бірегей кадрлық стратегия Қор тобындағы еншілес компанияларда ортақ идеологияның қалыптасуына мүмкіндік берген. Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры кадрларды ашық конкурс бойынша қабылдайды. Ал қажетті мамандар мен оларға қойылатын талаптар компаниялар сайтында орналастырылған. Қор компанияларындағы топ-менеджерлерге деген талап жоғары. Мәселен, жыл сайын компаниялардың басқарушысы бар, басқасы бар, қызметкер атаулы түгелдей аттестациядан өтіп отырады. Ал өткен жылы Қорда Бірегей кадр резерві жүйесі енгізіліпті. Бұл карьералық өсу мен дамуға әлеуеті жоғары қызметкерлердің «алтын пулын» қалыптастыруға мүмкіндік беретін көрінеді. Ал жұмыстың сапалы және халықаралық талаптарға сай болуы үшін мамандар «Самұрық-Қазына» корпоративті университетінен дайындықтан өтеді. Қазіргі таңда Қордың Басқармасы бекіткен Ережелерге сәйкес, қызметке қояр кезде ең алдымен, Қордың Бірегей Кадрлық резервінде тұрған адамдар қарастырылады.
Қайрат Келімбетовтің айтуынша, өкінішке қарай, еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің деңгейі және Қорға қажетті қызметтік дайындықтың арасында алшақтық бар. Енді осы мәселені шешу үшін жоғары оқу орындарындағы ғалымдардың қатысуымен зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылып отыр. «Кеңес заманында жасалынып, қазірге дейін жұмыс істейтін Бірегей тарифтік біліктілік анықтама мен Қызметтердің біліктілік анықтамасы бүгінде ескірді, жаңа мамандықтар пайда болды, технологиялар өзгеріп, жұмыс берушілер қызметкерлер алдына біліктіліктің жаңа талаптарын қоюда. Сондықтан кәсіби стандарттар негізінде білім беру стандарттары да дайындалады» деді Қ. Келімбетов.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz