Лимфа безінің туберкулезі (ЛБТ)


Туберкулезге адамның барлық ағзалары шалдығады. Туберкулезге шалдыққан мүше көбірек қабынады, осыған байланысты туберкулезді бірнеше түрге: өкпе, без, плевра, тамақ, сүйек-буын, ми қабығы, ішек, көз және т. б. ағзалар туберкулезі деп бөледі. Балалар арасында ең көп тарағаны - без туберкулезі, одан кейін жиі кездесетіні - өкпе туберкулезі.
Лимфа безінің туберкулезі (ЛБТ) .
Бала организміндегі ішкі және сыртқы бездер қорғаныштық рөл атқарады. ЛБТ балаларда өте жиі ұшырасады, сондықтан оны балалар туберкулезі деп атайды. Мұндай жағдайда қолқаның, кеңірдек маңайындағы, өкпенің түбіріндегі лимфа бездері қабынып, ісінеді. Бұл бездер кейде бір-біріне қосыла ісініп, үлкейіп кетеді. Егер дер кезінде емделмесе, ісік жақын жатқан тыныс жолдарына шауып, баланың дем алуын қиындатады, одан әрі ауруына айналады. Ауру басталған кезде ешқандай белгі бермеуі мүмкін, ал ұлғайған кезде баланың денесі ауырлап, организмі ауырғандай белгі береді. Туберкулез таяқшасына өте сезімтал ағза - нерв жүйесі болғандықтан, ауру басталған кезде баланың мінез-құлқы өзгеріп, мазасызданады.
Баланың ұйқысы қашады, жылай береді, өкпелегіш болып алады, ал кейбір балалар керісінше ойыннан қалады, көп ұйықтайды, үшінші біреулері күндіз қалыптан тыс көңілді болып көп ойнайды, ал кешке қарай көңілсізденіп, тез жатуға тырысады. Мектеп жасындағы балалардың сабақтарда бастары ауырып, сабаққа, еңбекке қабілеті төмендейді, зейінсіз болып, сабақ үлгірімдері нашарлайды. Ауру күшейе келе сырқат баланың тәбеті нашарлап, бозарып жүдей бастайды, кешке қарай денесінің қызуы 37-37, 5оС-ге дейін көтерілуі мүмкін. Осы кезде баланың сыртқы бездері (тамақ, мойын, қолтық және т. б. ) шошынып, ісініп кетеді /тарының немесе бұршақтың үлкендігіндей/.
Өкпе туберкулезі.
Бұл балаларда тұмаудан, және т. б. аурулардан кейін басталуы мүмкін. Ауру басталған кезде баланың тамаққа тәбеті нашарлап, мінез-құлқы өзгереді, ұйқысы бұзылады, өзі әлсірейді, тершең болады, сыртқы бездері шошиды. Сирек те болса құрғақ әрі қатты жөтеледі, дене қызуы көтеріледі 37-37, 5оС, әсіресе кешке қарай. Балаларда өкпенің туберкулезге шалдығуы көкеттің қабынуымен байланысты болғандықтан ауру баланың кеудесінің ауыруы мүмкін. Мұндай жағдайда тынысы тарылып, ентігу пайда болуы ықтимал. Өкпе туберкулезінің балалар өміріне ең қауіпті түрі қан арқылы тарап, қос өкпені бірдей қабындыратын түрі. Ол жедел басталып, баланы тез жүдетеді, денесінің қызуы 38-39 о С-ге дейін көтеріледі, жөтелуі мүмкін.
Кеуде көкетінің қабынуы.
Бұл түрі де балаларда жиі кездеседі. Ол бала туберкулезінің асқынған түрі болғанымен, аурудың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Көкет туберкулезінің құрғақ және сулы түрі болады, балаларда тек сулы түрі ғана кездеседі. Бұл ауру жедел басталады, қызуы көтеріледі 38-39oС, тынысы тарылады, ентігеді, жөтел пайда болады, дем алғанда кеудесі шаншып ауырады. Кеудеге жиналған сұйық жүректі қысқандықтан сырқат баланың жүрек қағуы жиілеп, әлсірейді.
Көздің туберкулезбен ауруы /кератит, кератоконьктивит/.
Туберкулездің бұл түрі де балалар арасында соңғы кезде жиі кездеседі. Алғашқы кезде көзі жасаурап, оқтын-оқтын қызарып жүреді де, кейінірек іріңдей бастайды, бала жарыққа қарай алмайды, көзі шаншып ауырады. Сонымен бірге мінез-құлқы да өзгереді, ашулана береді, жылауық болады, балаларға қосылмай жеке жүруді әдет қылады. Сабақ үлгірімі нашарлайды. Мезгілінде тексеріліп, анықталмаған көз туберкулезі қатерге ұрындырады - баланың көзіне ақ түседі.
Ми қабығының туберкулезі /туберкулезді менингит/.
Бұл балалар туберкулезінің ең ауыр асқынған, өмірге қауіпті түрі. Туберкулезді менингитке көп ауыратын, салқын тиюге бейім, әлсіз, жүдеу балалар жиі шалдығады. Бұл аурудың басталуына балалардың көкжөтелге, қызылшаға, қызамыққа және басқа жұқпалы сырқаттарға шалдығуы, құлап бастарын жарақаттанып алуы себеп болуы мүмкін. Әлсіреген балалар менингитпен барлық жаста да аурыуы мүмкін, 1 жасқа дейінгі сәбилер мен 4-6 жастағы балалар үшін ол аса қауіпті, өйткені бұл жастардағы балалардың туберкулезді қабылдамау қабілеті әлсіз болады. Сырқат көбіне байқаусыз ұзаққа созылып басталады. Бұл кезде бала тымауратады, тамаққа тәбеті шаппайды, көңілсізденіп, бет-әлпеті солғын тартады, оның әлсірей бастағаны байқалады, ауық-ауық дене қызуының көтерілуі мүмкін. /37-37, 5оС/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz