Аяқталмаған қылмысқа қатысушылық және квалификация тәртібі


§3. Аяқталмаған қылмысқа қатысушылық және квалификация тәртібі
Қылмыстық құқық қылмыстың алдыңғы кезеңіне қылмысқа дайын-далу мен оқталуды жатқызады. Бұл мәселенің қылмысқа қатысушы-
ҚР Жоғарғы Сотының материалдарынан лықта қолдануының жалпы тәртібін анықтау қылмыстық құқықта ғана емес, сонымен бірге сот-тергеу жұмыстарында да маңызды болып есеп-теледі. Қылмысқа қатысушылық мәселесін арнайы зерттеуде бұл тура-лы әр түрлі ой-пікірлер кездеседі.
Бірнеше адам бірлесіп қылмыс жасауға күш біріктіріп, бірақ қылмыс аяғына дейін жасалмай, тек қылмыстың бастапқы кезеңдерінде тоқ-татылса, олардың әрекеттерін квалификациялау қиындайды. Себебі, біріншіден, мұндай дайындық кезеңінде қылмысқа қатысушылардың түрлері толық анықталмайды, өйткені олардың арасындағы бастапқы келісімде қылмыс уақиғасының толық мазмұны белгіленбеуі мүмкін. Яғни, келісім болғанымен кім қандай рольдер орындау керек екендігі әлі белгілі бола бермейді. Екіншіден, мұндай кезде қылмысқа қатысу-шылық және қылмысты жасау кезеңдері институттары таңдауға ілігеді. Бұл мәселеге жауап беру алдында тағы да мынандай сұрақ туындайды. Қылмыстың барлық кезеңдерінде қылмысқа қатысушылық орын ала ала ма? Әдебиеттерде бұл мәселенің шешімі туралы «Қылмысқа қаты-сушылық дайындық әрекеттерінен басталады», -деген бағыт кездеседі. 1
Әдетте қылмысқа қатысушылықта екі немесе одан көп адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы көрініс алуы керек. Ал, бірлесіп қылмыс жа-сау дегеніміз, қылмысқа қатысушылардың объективтік әрекеттерінің және субъективтік ой-ниетінің өзара түсіністікте, бірлестікте болып және бірінің жасаған әрекетінің екіншісінің келесі әрекетті орындауына тіке-лей себепші болуын, осы себепті, байланыстардың нәтижесінде ортақ қылмыстық зардаптың туындауы болып табылады. Мұндай жағдай қылмыстың бастапқы сатыларында көрініс бермейді. Іске аспаған азғыру-шылықта, көмектесушілікте бірлесіп қылмыс жасау фактісі болмайды, яғни ол ниет іске аспайды немесе қылмысқа дайындық, оқталу кезінде жолы қиылады. Сондықтан іске аспаған іс-әрекет қылмысқа қатысу-шылық болып табылмайды. Бұл жағдайлардың дәлелі жекелеген қылмысқа қатысушылардың іске аспаған әрекеттерін келтіргенде көрінеді. Мысалы, кемектесушінің көмегінсіз орындаушы қылмысты жасап үлгер-се, мұнда қылмысқа катысушылық жоқ, себебі көмектесушінің әрекеті орындаушының әрекетімен себепті байланыста болған жоқ. Мұндай жағдайда көмектесушінің әрекетін басқаша бағалау керек, яғни қылмысқа оқталу немесе дайындалу сатылырының қайсысына қатысушы-ның әрекеті сай келсе сол сатымен бағаланғаны дұрыс. Бұл біріншіден, екіншіден қылмысқа қатысушылардың арасында келісім болғанымен, бірақ олардың орындайтын рольдерін анықтап үлгермеген жағдайы қылмысты квалификациялауды тіпті қиындатады. Себебі тұрақтылық белгісі жоқ қылмысқа қатысушылық нысандары бойынша қажетті жағдайда ҚК 28-бабына сілтеме жасау керек болады. Ал оларда роль әлі анық-талмаған жағдайда олардың жауапкершілік көлемін анықтау қиындай-ды. Іске аспаған әрекеттерде қылмысқа қатысушылықтың болмауының тағы бір себебі мынандай. Мысалы, ү_йымдастырушы қылмыс жасау мақсатымен ү_йымдастыруға тырысқанымен басқа адамдар оның тілегін қайтарады немесе алдында келісіп, кейіннен қылмыс жасаудан бас тартса іске аспаған ү_йымдастырушылық болады. Яғни іске аспаған ү_йымдастырушылық әрекет ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабымен, 28 баптың 3 бөлімімен және 24 баптың 1 бөліміне сілтеме жасау арқылы квалификацияланады. Демек, бірлесіп қылмыс жасаудың бастапқы сатыларында немесе іске аспаған әрекеттерде қылмысқа қатысушылық болмайды, себебі мұнда қылмыс-ты әрекеттер арасындағы және әр қатысушының зардапқа деген себепті байланысы ғана емес, сондай-ақ қылмысты әрекеттердің бірлестігі олар-дың арасында субъективтік байланыстар да болмауы мүмкін. Сондық-тан бұл мәселені зерттеушілер іске аспаған (болмаған) қылмысқа қаты-сушылық деп атайды. Бірақ мұндай әрекеттерде аяқталмаған қылмыс-тың барлық белгілері болады.
Қылмысқа қатысушылықта ғана емес, жалпы қылмыстық құқықта қылмысты квалификациялау мәселесінде қылмыскердің жауапкершілік келемін анықтауда қылмысты әрекеттің бағыты, қылмысқа деген ой-ниет дәрежесі ескеріледі, сол сияқты қылмысқа қатысушылықта да қаты-сушылардың түпкі қылмысты ой-мақсаты орындаушының әрекеті ар-қылы ғана жүзеге асырылатындықтан, олардың кінәсі сол орындаушы-мен тізбекті байланыста болады. Егер осы орындаушы мен қалған қаты-сушылардың арасындағы субъективтік, объективтік байланыстар өзгерсе, немесе үзілсе, онда жауапкершілік әр қатысушыда жеке ерекшеліктер-ге ие болады. Бұл жерде мынандай мәселені анықтай кету керек.
Қылмыстың ұйымдастырушысы, айдап салушысы, көмектесушісі қылмыстың объективтік жағын тікелей орындамайды. Олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
Мұндай сұрақты барлық зерттеушілер қоя бермейді. Кей зерттеуші-лер «оларда қылмыс құрамы жоқ, бірақ орындаушының әрекетіне ен-гізіледі» десе, 1 кейінгі уақыттардағы қылмыстық құқық теориясында «оларда қылмыс құрамы бар» - деген тржырым кездеседі.
Қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде өзінше жеке қылмысты құрай алмайтын, бірақ барлық белгілері бойынша қылмысты әрекетті білдіретін жекелеген құқықтық институттар қарастырылған. Бұл құқықтық институттар Ерекше бөлімдегі кейбір қылмыстармен ұштас-тырыла жасалатындықтан Жалпы бөлімге бөлініп шығарылған. Олар қажетті қорғану, аса қажеттілік, қылмыскерді ұстау тәрізді ережелер шегінен шығу қылмысқа оқталу, даярлану, қылмысқа қатысу т. б. Мұндай құқықтық нормаларда қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекеттер немесе белгілер қарастырылған. Мысалы қылмыс жасаған адам-ды ұстау шаралары шегінен шыға отырып зардап келтіруді қылмыс-керді ұсту жағдайына, уақытына, оның қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына сәйкес келмейтін және ұстау жағдайы көрінеу қажет етпейтін зардап келтіру- қылмысты әрекеттерді білдіреді. Осы белгілер ҚК Ерек-ше бөлімдегі кісі өлтіру, денсаулыққа, меншікке зардап келтіру әрекеттерімен қосылып жасалады. Сондықтан, ұйымдастырушы т. б. қылмысқа қатысушыларды анықтайтын белгілердің қоғамға қауіпті болуы-на және бұл белгілердің Ерекше бөлімдегі қылмыстарсыз жасала алмайтындығына байланысты «оларда қылмыстың құрамы бар» деп ай-туға болады. Бірақ тек аяқталған қылмыстағы ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттерде толық қылмыстық құрам болады. Өйткені, қатысушылардың ортақ қылмыстық мақсатқа жетуі немесе қылмыстың құрамының барлық белгілерінің орындалуы қылмыстың орындаушысына ғана байланысты. Егер орындаушы қылмысты орындай алмаса, олардың жауапкершілігінде аяқталған қылмыстың қү_рамы болмайды, яғни қылмысқа дайындалу немесе оқталу ретінде бағаланады.
Қылмыстық құқық теориясында осындай әрекеттерді квалификациялау жөнінде екі түрлі бағыт кездеседі. Көпшілігі іске аспаған қылмысқа қатысушылықты қылмыстың жасалуына жағдай жасайтындайындық әрекеттері деп бағалайды. 1 Бұл әрекеттерді қылмысқа қаты-сушылыққа оқталу деп бағалайтын бағыт та бар. 2
Біздің ойымызша, бұл мәселені бір жақты қарауға болмайды. Қылмыстық құқықта қылмысқа даярлану мен оқталу әрекеттері уақыты және әрекетінің тәсілдері бойынша бір-бірінен ажыратылады. Қылмысқа қаты-сушылардың аяқталмаған немесе іске аспаған қатысушылығын квалификациялағанда осы ережеге сүйену керек. Егер Жалпы бөлімнің осы ережесіне сүйенсек, онда іске аспаған қылмысқа қатысушылықта қылмысқа оқталу бола алады.
Қылмысқа қатысушылардың қылмысты іс-әрекеттері олар-дың дайындық жүргізу немесе әлі қылмысты орындауға бағыт-тала қоймаған кезінде жолдары қиылса, онда қылмысқа даярлану деп бағалау керек. Ал қылмыстың орындаушылары қылмыс жасауға тікелей бағытталған кезден немесе орындаушы өзінің ер-кінен тыс себептермен қылмысты орындай алмағанда олардың барлығының әрекеттері оқталу ретінде квалификацияланады. Өйткені ҚР ҚК 24 бабы дайындық және оқталу кезеңдерін осылай ажыратады. Бұл айтылып отырғандар «тұрактылыщ» белгісін иеленбейтін қылмысқа қатысу нысандарына қатысты болып табылады. Ал «тұрақтылық» белгісімен сипатталатын қылмысқа қатысу нысандары бойын-ша аяқталмаған қылмысқа қатысушылыққа квалификация жасау ере-жесінде ерекшелік болады.
Егер көмектесушінің көмегінсіз орындаушы қылмысты жасап үлгірсе, көмектесушінің әрекетін қылмысқа оқталуға жатқызу-көңіл бөлуді қажет етеді. Көмектесуші жайында ҚК 28 бабының 5 бөлімінде интеллектуалдық кемектесушілік ретінде ауызша кеңес, мәлімет беру мен қатар қылмыскерді, қылмыстың құралдарын жасыруға алдын ала сөз беруді келтіріледі. Бұлар қылмыстың уақиғасында бастапқы кезеңінде ғана емес, кейінгі кезеңдерінде де орын алады. Демек, мұндай көмек-тесушілер орындаушының әрекетімен себепті байланысқа қылмыс жа-салғанынан кейін түседі. Сондықтан егер көмектесуші көмектесуге сөз беріп, бірақ оның көмегінсіз-ақ қылмыс жасалынса, ондай жағдайда
интеллектуалдық көмектесушіліктің бір көрінісі деп бағалау керек. Себебі мұндай жағдайда көмектесушімен орындаушы өзара субъек-тивтік байланыста болады. Көмектесуші көмектесуге сөз беріп, бірақ оның көмегінің кешігуі салдарынан немесе басқа себептермен қылмыс орындалмаса, онда мұндай жағдайда кемектесушіде көмектесушілікке оқталу орын алады.
Ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушінің әрекекеттері жа-рамды болғанмен немесе орындаушымен себепті байланыста болған-мен, бірақ олардың еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс жасалынбаса, онда оқталу түріндегі іске аспаған қатысушылық болу себебінің бірі, ол әрбір қатысушының көздеген қылмыстың жасалуына немесе зардап туындауына деген тікелей психикалық қатынасы болып табылады. Мысалы айдап салушының азғыруынсыз-ақ орындаушы қылмыс жасауға ой түйген болып шығады. Мұндай жағдайда азғырушылық жоқ, себебі қылмыстың жасалуына азғырушының әрекеті себепті байланыста болған жоқ. Мұны азғырушылыққа оқталу деп бағалау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz