Шаһкәрім Құдайбердіұлы



1 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
2 Жиырма мен қырык арасы
3 КЕРЕК
4 БИ ҺӘМ БИЛІК ТУРАЛЫ
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы.
Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді.
Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі шәкірті, рухани мұрагері болып саналады.
Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады ("Жастық шақ туралы", "Кәрілік", "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық"), адам ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты ("Өмір", "Сәнқойлар", "Құмарлық", "Қалжыңбас"), оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады. ("Жастарға", "Анық асық әулие", "Шын сырым").
1 Шаһкәрім "Казак," газеті, 1914 жыл, 8 маусым, № 65
2 Қазақ. Жоғары оқу орындары студентеріне арналған оқу құралы. Алматы. "Білім" – 1994

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
(1858-1931)
 
 
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.
Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы.
Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны
Абайдың қолында тәрбиеленді.
Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында Абай
салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі шәкірті,
рухани мұрагері болып саналады.
Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс
әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін
меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады
("Жастық шақ туралы", "Кәрілік", "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық"),
адам ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты ("Өмір", "Сәнқойлар",
"Құмарлық", "Қалжыңбас"), оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза
сүйіспеншілікті жырлады. ("Жастарға", "Анық асық әулие", "Шын сырым").
Шәкәрім өзі өскен ортадағы ру таласы, күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз
кұбылыстарға сын көзімен карады. Бұл мәселелерді "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-
Кебек", "Айсұлу-Нартайлақ" поэмаларында, "Әділ-Мария" романында ашып
көрсете білді.
1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде аялдама
жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың
кітапханаларынан алған материалдары бойынша "Түрік", қырғыз, қазақ және
хандар шежіресі" және "Мұсылмандық шарты" еңбектерін жазды.
"Ләйлә-Мәжнүн" (1907) поэмасында Шәкәрім көпшілікке белгілі шығыстық
сюжетті негіз етіп алып, махаббат пен кұштарлықты жырға қосты. 1917 жылғы
Қазан төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған өзінің өлеңдерін арнады.
Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары болғанына қармастан, "Кеңес
өкіметінің жауы" деген жалған айыппен түрмеге жабылды. Көп ұзамай абақтыдан
босап шыққанымен, 1931 жылы сатқындардың қолынан қаза табады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Үш анық" аталатын философиялық "Мұсылмандық шарты"
деген трактаттар авторы, көптеген орыс және Шығыс әдебиетінің озық үлгілі
аудармалары Шәкәрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің "Дубровский" және
"Боран" повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің
туындыларын қазақша тәржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін
жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең
тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленді.
Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін
тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды.
Қазақ әдебиетінің  бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті,
аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым
Шәкәрімнің әкесі Құдайберді мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан
адамдар.
Шәкәрім Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз өмір жолы мен шығармашылық
қызметі туралы мол деректер қалдырған қаламгер. Ақынның көптеген өлеңдері,
"Мұтылғанның өмірі" поэмасы, "Түрік: қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі", "Үш
анық" кітаптарындағы кездесетін өмірбаяндық деректер шоғыры мен танымдар
қайнары ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеушілерге біраз көмегін
тигізетіні анық.
Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал
дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан,
,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі
болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті.
Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы
ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер -
білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка
өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Ақын ағасы Абайдың
ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Бұл туралы ақын:
"Ондағы өлең жырларым,
Ұнадым жастар тындарын.
Ескермей елдің мұндарын,
Қаси алмадым қотырын"— деп жазды.
Бірақ Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады.
Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті.
Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге
түсірмекке жұмсамақ болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та
сайланды. Ел ішінде береке-бірлік бұзып, әрекет шығаратын дау дамаилар мен
арыз-жалаларды керіп-білу, оған үлкен өмір мектебі болды. Қазақ қауымының
тірлігін тереғдей білді. Сонымен бірге ол отаршыл патша өкіметінің түгелдей
қазақ халқын аздырып, тозды-руға негізделіп жасалған ел билеу жүйесі мен
жергілікті патша әкімдерінің сұрқия саясатының түпкілікті мақсат мүддесін
түсінді. Оның бұл жолда тауы шағылып, сағы сынды, қайраты мұқалды. Сол бір
алыс жұмыста өткен есіл уақытты есіне алған ақын кейінде:
Жиырма мен қырык арасы
Жас өмірдің сарасы
Бос өткенін қарашы
Жүрекке төгіп қанды ірің,
деп өкінйшін білдіре жазды.
Шәкәрім Қүдайбердіүлының шығармашылық жазу жұмысына біржола ден қойып
кірісуі кырық жасынан, яғни 1898 жылға тұспа-тұс келеді. Туған халқының
бітімі мол бай ауыз әдебиетінен сусындаған Шәкәрім ендігі жерде шығыс пен
батыс әдебиетіне жетік көз жіберіп, әйгілі шығыс жұлдыздары Қожа Хафиз,
Физу-ли, Науаи мұраларымен танысса, батыста Байрон, Пушұкин, Толстой сынды
керкем ой алыптарының шығармаларынан нәр алды. Олардың қырдағы білікті
насихатшысы болды. Бұрынғы езі емін-еркін меңгерген түркі тілдеріне қоса
араб, парсы, орыс тілдерін онан әрі тереңдей үйреніп, жоғарыдағы әйгілі
жазушылардан тамаша аудармалар жасады.
Ақын қырықтан кейінгі бүкіл саналы өмірін әдебиет, тарих, жаратылыс тану,
жағырафия, психология, музыка өнері сияқты пәндерді тереңдете жүйелі оқып-
зерттей отырып, ұстаз ұлы Абай дүние танымына құлаш ұрады. Ұстаз ой-арманын
әрі қарай жалғастырады.
Ақынның талассыз ізденістері мен қажырлы еңбектері нәтижесінде: "Түрік,
қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі" (Орынбор, 1911 жыл), "Мұсылмандық
шарттары" (Орын-бор, 1911 жыл), "Үш анық" (Алматы "Қазақстан" 1991 жыл),
"Иманым"— өлеңмен жазылған философиялық трактат сияқты ғылыми еңбектер,
"Еңілік-Кебек", "Қалқаман-Мамыр", "Нартайлақ пен Айсүлу", "Ләйлі-Мәжнүн",
"Дубровский" сынды эпикалық поэмалар, көптеген лирикалық өлеңдер, жиырма
шақты әндер дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына
қосылды, халқымыздың рухани қазынасьгаа айналды.
Ғылым-білім жолына біржола бет бүрған Шәкәрім Қүдайбердіүлы, дамылсыз
ізденісте болып, жер көріп, еларалады. Ол 1903 жылы қазақ даласындағы сол
кездегі бірден бір ғылыми-зерттеу орны болған Императорлық географиялық
орыс қоғамының батыс сібір бөлімінің Се-мей бөлімшесіне мүше болып
қабылданды.
Шәкәрімнің аталған мекемеде атқарған қызметін тереңдей зерттеп білу, оның
өмірбаянына қосар дерегі мол әрі қажет жұмыстардың бірі.
Ғалымның 1905—1906 жылдар аралығындағы Меккеге барған қажы сапары туралы
ақын шығармаларывда аз-ды-көпті айтылғанына карамастан ол арнайы зерттеуге
тұратын кәделі нәрсе.
Шәкәрім өзінің қажы сапары туралы: "... Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға
қарай қажыға барғанда тақияны кердім"— деп жазды, Семей облысының сол
кездегі уақытша генерал-губернаторы генерал-майор Гал-киннын 1906 жылы 8
наурыздагы дала генерал-губернаторына жазған № 637 қатынас қағазында:
"Предсгавляя при сем четыре заграничных паспорта за 88 6411, 64, 6443 и 64
4 отобранные от возвратившихся ог паломничества киргиз Бугулинской волости
Семипалатинского уезда, Курманкожи Кубеиова, Кутана Джулджасарова из
Чингизской волости, того же уезда Шакарима Худайбердина и Куранчи Чокина,
донопшу, что означенные паломники, по прибытии в пределы своего уезда,
были сквидетельствованы в состоянии здоровья и оказались здоровыми",— деп
жазған екен. Бүған қарағанда Шәкәрімнің қажы сапарының бары келіс жолы
жөнінде толық ақпарат беретін архивтік құжаттар табылып калар деген сенім
бар. Ал жоғарғы архив құжатын қарап, Шәкәрім Құдайбердіүлының Меккеге
барарда алған шетелдік паспорты 6443 нөмірлі екенін білуге болады.
Шәкәрімнің Мекке бару сапарының басты мақсаты әдеттегі қыр қазағының құдай
үйіне тәу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде жайлы ақпарат
Шәкәрім Құдайбердіүлы
Шәкәрім шығармалары
Алаштың бес арысы
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858—1931)
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны
Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы
Пәндер