Ағылшын тіліндегі есімдік және олардың атқаратын қызметтері


КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Есімдік тілдің ең бір маңызды құралы болып табылады. Есімдік барлық тілдерде бар, оларды бірдей разрядтар бойынша бөледі. Ағылшын тілінің есімдіктері семантикалық және морфологиялық түрлеріне байланысты зерттеушілердің қызығушылығын барлық кезеңде туғызған болатын. Көп ұзақ уақыт бойы есімдіктің жеке сөз тіркесі ретіндегі статусы шешілмеген болатын. Бұл кластың морфологиялық және функционалдық біртұтастықты еместігімен, өзіндік грамматикалық мәнінің жоқтығымен түсіндіріледі. Сондықтан оларды көбінесе зат есімге, сын есімге, үстеуге қатысты деп санайды және олардың ішінен зат есімді және сын есімді есімдіктер деп бөледі.
Есімдік әрбір тілдің құрама бөлігі болып келеді. «"Есімдік" термині зат есімді есімдіктерге қарағанда ауқымы кең сөздерге қолданылады: есімдік деп - көрсеткіш функциясы атқаратын зат есімді, сын есімді, сан есімді, үстеуді сөздердің қатарын құрады. Есімдік зат есім және сын есімді ығыстыратын сөз тіркесі. Ағылшын тілінде барлық есімдіктер белгілі және классификацияланған.
Е. М. Гордонның айтуы бойынша есімдікке нақты анықтама беру өте қиын, себебі есімдік затты атамайды, тек оған бағдар береді. Сонда да, күнделікті сөйлемде есімдіксіз сөйлеу мүмкін емес. Біз сөйлемдерде есімдікті өзіміз байқамай жиі қолданамыз. Мысалы, қалта кітапшасының бір бетінде 50-ге жуық есімдік қолданылуы мүмкін. Мысал ретінде мына сөйлемді алайық:
Not a hospital bed, he realized when he woke up, because it was Annie Wilkes who had found his broken body and she had brought him to her own home, way out in the mountains.
Бір осы кішкене сөйлемде автор 8 есімдікті пайдаланды. Бірақта бұл курстық жұмыста барлық есімдіктер қарастырылмайды.
Жұмыстың мақсаты. Есімдіктің анықтамасын беру, есімдіктердің түрлерін қарастыру. Есімдіктердің сөйлемдегі атқаратын қызметін қарастыру, жақтарға жіктелуін қарастыру болып табылады.
Жұмыста әртүрлі мәліметтер көздері пайдаланылды: ғылыми және көркем әдебиеттер. Көркем әдебиеттен, мысалы Стивен Кингті пайдаландық, ол әдеби тілмен жазсада, диалогтарда кейде сөйлеу сөздерін пайдаланады. Журналист Джофри Арчидің материалдар пайдаландық, ол газеттік, журналдық стильде жазады, сонымен қатар өзінің кітаптарын кейіпкердің атынан жазатын.
1 Ағылшын тіліндегі есімдік және олардың атқаратын қызметтері
1. 1 Ағылшын тілі есімдіктерінің грамматикалық категориялары
Зат есім және сын есімнің орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды. «Есімдікте сөйлемде зат есім немесе сын есімнің орнына ауыстырылып қолданылатын әртүрлі сөз топтары бар». [1, 268 б]
Есімдікке нақты анықтама беру өте қиын, себебі зат есім және сын есімге қарағанда есімдік затты атамайды, тек қана оны көрсетеді. Есімдік нақты бір контексте немесе жағдайда ғана түсіндірілетін жалпылама мәнге ие бола алады.
Әртүрлі есімдіктер әртүрлі грамматикалық категорияларға ие.
Сан: Бірлік және көптік сандар үшін кейбір есімдіктердің жеке түрлері бар (мысалы: this мынау - these бұлар; that анау - those аналар ) . Ал басқа есімдіктер бірлік және көптік сандар үшін бір ғана түрі бар ( all барлығы, барлық ; which қайсысы, қайсылар ) . Үшінші есімдіктер тек бір санның мәніне ие болады - each әрбір ; somebody - біреу , немесе көптік санның - both екеуіде ; many көпшілік .
Септік: Кейбір есімдіктерде зат есімдер сияқты «жалпы септік» және «жіктеу септік» формалары бар ( somebody - somebody’s ; each other - each other’s ) . Ал басқа есімдіктер атау септігінің формасында болады ( I - me; who - whom ) . Бірақта көптеген есімдіктерде септік формалар жоқ ( each, every әрбір , both екеуі , all барлығы, барлық және т. б. ) .
Жақ: Жеке және тәуелділікті есімдіктер үшінші жақтағы ерлік, әйелдік және орта жақтар үшін жеке формалары бар. Мысалы, he және his есімдіктері ерлік жақтағы зат есімдерді ауыстырады; she және her -әйел жақтағы зат есімдерді ауыстырады. it ол, олар сияқты жеке есімдік және its оны сияқты тәулділікті есімдіктер жаны жоқ зат есімдерді ауыстырады. Ағылшын тілінде зат есімдерде жақтық жалғаулар жоқ болғандықтан he, she, it, his, her, its есімдіктері зат есімдердің бірыңғай сыртқы көрсеткіштері болып табылады. Диалогта әңгімелесушілер адамның немесе жануардың жағын анықтау үшін мынадай сұрақты жиі қояды “Is it a he or a she?”.
Басқа да ағылшын тіліндегі есімдіктерде жақты көрсететін жеке формалар жоқ, кейбір есімдіктер ерлер және әйелдер жағының зат есімдерін ауыстыра алады. Мысалы: both екеуіде; this бұл, бұлар.
1. 2 Ағылшын тіліндегі сөйлемдердегі есімдіктің қызметі
Ағылшын тілінде есімдіктер келесі функцияларда қолданылуы мүмкін:
- Бастауыш:He is a doctor - Ол дәрігер.
- Атауыш баяндауышта:The red pencil ismine- Қызыл карандаш менікі.
- Толықтауыш(тура, жатыс септікті және жатыс септікті емес жанама) :
I have not seen him - Мен оны көрген жоқпын.
Show me the letter - Маған хаты көрсет.
I didn’t speak to them - Мен онымен сөйлескен жоқпын.
- Анықтауыш:I can’t findmypencil - Мен өз карандашымды таба алмай жүрмін.
Бастауыш, атауыш баяндауыш және толықтауыш қызметінде қолданылатын есімдіктер - зат есімді есімдіктер болып табылады , себебі зат есімнің синтаксистік қызметін атқарады. Ал анықтауыш қызметінде қолданылатын есімдіктер - сын есімді есімдіктер болып табылады, себебі сын есімнің синтаксистік функцияларын атқарады.
Көптеген есімдіктер бір жағдайда зат есімді есімдіктер рөлінде, ал басқа жағдайда сын есімді есімдіктер рөлінде қызмет атқарады:
This is the wrong person - Бұл ол адам емес.
I haven’t seen this person before - Мен бұрын бұл адамды көрген жоқпын.
Есімдік сөйлемде зат есім және сын есім ретінде қызмет атқарсада, олардың барлық функцияларын қамти алмайды, тек кейбір олардың кейбіреулерін қамтиды.
Ағылшын тілінде есімдіктер құрамына қарай дара (бір ғана негізден тұратын) және күрделі (бірнеше негізден тұратын) есімдіктер болып бөлінеді. Дара есімдіктер: my - менің, who - кім, it - ол, оны.
Күрделі есімдіктер: myself - өзім, yourself - өзіңіз, somebody - біреу, anybody - әлдекім, something - бір нәрсе.
Қазақ тілінде есімдіктер жеті топқа бөлінсе, ағылшын тілінде мағынасына қарай он топқа бөлінеді:
- Жіктеу есімдіктері - Personal pronouns
- Тәуелдеу есімдіктері - Possessive pronouns
- Сілтеу есімдіктері - Demonstrative pronouns
- Сұрау есімдіктері - Interrogative pronouns
- Қатыстық есімдіктер немесе байланыстырушы есімдіктер - Relative or connective pronouns
- Белгісіздік есімдіктері - Indefinite pronouns
- Болымсыздық есімдіктер - Negative pronouns
- Өздік есімдіктер - Reflexive pronouns and Emphatis pronouns
- Ортақ есімдіктер - Reciprocal pronouns
- Жалпылау есімдіктері - Universal pronouns
1. 3 Жіктеу есімдіктері және олардың сөйлемдегі қызметі
Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылады. Олар қазақ тіліндегі атау және табыс септіктерінде тұратын сөздермен мәндес.
Қазақ тіліндегідей, ағылшын тілінде де жіктеу есімдіктері жақтарға жіктеледі, септеледі, жекеше, көпше түрлерге бөлінеді:
He - ол (ер адам)
She - ол (әйел адам)
It - ол (жануарлар, жәндіктер, жансыз заттар үшін)
Him - оны
Her - оны
Its - оны
Жіктеу есімдіктерінің І, ІІ жақтары who?, кім? деген сұрақтарға жауап берсе, ІІІ жағы who? кім?, what? не? деген сұрақтарға жауап береді.
Атау септігіндегі жеке есімдіктер бастауыш және күрделі баяндауыш функциясын атқарады. Бірінші түрдегі есімдік айтушы өзі туралы айтып тұрғанда пайдаланылады. Екінші түрдегі есімдік біреуге көңіл аударғанда пайдаланылады. Үшінші түрдегі есімдіктер айтушы адамдарды, жануарларды, затты көрсетіп айтқанда пайдаланылады.
Атау және объектілі септіктерде жіктеу есімдіктердің санау және түр категориялары бар. Бірлік санаудың үшінші түрінде ғана жақтық категориясы бар. She, her - әйел жақтың есімдіктері; he, his - ерлер жағы. it, its есімдіктері орта жақтың есімдіктері деп есептеледі. Бірақта ағылшын тілінде жақ категориясы өте қатты дамымаған, ол көбінесе she/her и he/his есімдіктерінде қолданылады. Барлық жаны жоқ заттарды it есімдігімен көрсетеді. Тек кейбір жағдайларда ғана жаны жоқ заттарды she есімдігімен белгілейді. Бірақта she есімдігін айтушы айтып тұрған нәрсені ерекше жылумен айтқанда нақты бір заттарға ғана пайдаланады. Мысалы: I bought a new car. She is beautiful! (Мен жаңа машина сатып алдым. Ол өте әдемі!) немесе I have been through a thousand storms and stories together with this ship. Jeez, she is strong! (Осы кемемен мен мыңдаған теңіз толықдары мен қызықты оқиғалардан өттім. О, алла қандай мықты!) Сонымен қатар бұл есімдік мемлекеттер мен қалалар туралы айтқанда пайдаланылады.
Ерекшеліктер тек she есімдігі үшін ғана емес , сонымен қатар басқада есімдіктер үшінде бар. Мысалы, газеттік басылымдарда I есімдігін қолдануға болмайды. Бірде бір редактор журналист өз ойын білдіргенде осы есімдікті пайдаланса мақаласын өткізбейді. Бірінші түрдегі есімдікті мүлдем пайдаланбаған жөн, бұл іскерлікке жатпайды, егер ол өте қажет болса, I есімдігінің орнына we есімдігін пайдаланған дұрыс . We есімдігі I -ға қарағанда сыпайы естіледі деп есептейді. Мысалы: We are convinced that the Government has made a grave mistake in imposing this tax. (Сөзбе сөз аударсақ: біз сенімдіміз, үкімет бұл салықты енгізу арқылы өте үлкен қателік жасап отыр) . Бұл жерде журналист we есімдігін пайдалану арқылы тек өзін ғана көрсетіп тұр.
They есімдігі де жалпы мағынада адамдарды көрсетеді, бірақта нақты біреуін көрсетпейді. Көбінесе, they есімдігі they say фразасында пайдаланылады . Мысалы:
They say she is going to resign. (Ол жұмыстан шығамын деген арыз береді дейді) .
Неre they use this for cars. (Бұл жерде ол машиналар үшін пайдаланылады) .
You есімдігі жекеше және көпше түрде пайдаланылады. Бірлік санауындағы екінші түрдегі есімдік thou (thee) , қазір қолданылудан шықт, ол тек поэзия мен прозада қолданылады. Әңгімелесуде: thou 🡪 you (атау септігі) ; thee 🡪 you (объекті септік) . Есімдік бар болуы және жоқ болуы әртүрлі мағыналы болуы мүмкін. Мысалы:
George came into the room and turned off the light - Джордж үйге кірді де, жарықты өшірді. Мұнда Джордж екі тізбекті әрекет жасағандығы туралы айтып тұр - үйге кірді және жарықты өшірді.
George came in the room and he turned off the light - Мұнда жеке екі әрекеттердің біріктірілгендігі туралы айтады (мысалы, келгендігі туралы айтылады, және де ол жарықты өшіргендігі туралы тұжырымдалады) .
Контекстке байланысты екі сөйлемді екі түрлі ұғуға болады. Мысалы:
George came into the room and turned off the light - Джордж үйге кірді және (Джордж) жарықты өшірді.
George came in the room and he turned off the light - Джордж үйге кірді және ол жарықты өшірді.
Бұл есімдіктер сөйлемде қазақ тілінде табыс септігіне ( кімді? не? ) немесе жатыс септігінің жанама толықтауышының ( кімге? ) функциясына сәйкес келетін тура толықтауыш функциясын атқарады. Мысалы:
He saw me in the street - Ол мені көшедекөрді .
I met them at the station - Мен оларды вокзалда кездестірдім.
He showed her the picture - Ол оған суретті көрсетті.
Тo жалғауымен объективті септіктегі есімдіктің қосылуы жатыс септіктегі жанама толықтауыш болады және қазақ тілінде барыс септігіне сәйкес келеді.
He showed the picture to her and not to me - Ол суретті оған көрсетті, маған емес.
Вy және with жалғауымен объективті септіктегі есімдіктің қосылуы жатыс септіктегі жанама толықтауыш болады және қазақ тілінде көмектес септігіне сәйкес келеді (кіммен? немен?) :
The article was translated by her and not by them - Мақала онымен аударылды, ал олармен емес.
This pen is bad. I can’t write with it - Бұл нашар қалам. Мен онымен жаза алмаймын.
Объективті септікте есімдік кез келген жалғаумен жатыс септіктегі жанама толықтауыш бола тұра және қазақ тілінде жалғауы бар жанама септікке сәйкес келе қолданылады:
This letter is for you - Бұл хат сіздерге.
I have read about it - Мен бұл туралы оқыдым.
I quite agree with him - Мен онымен толық келісемін.
Бірақта, атау септігіндегі және объективті септіктегі жіктеу есімдіктердің айырмашалақтарына қарамастан, осы екі септіктердегі есімдіктер өзара ауыстырылатын бола алады. Көбінесе бұларды ағылшын тіліндегі әртүрлі диалектарда кездестіруге болады.
«Қазір атау септігіндегі жіктеу есімдіктерді объективті септікпен шығару процесі жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақыттағы тілде It is, I кітаптық стилистикаға көшуде, ал It is me - нейтральды стилистикада. Атау септігінің орнына объективті септіктегі жіктеу есімдіктерді сөйлесу стилистикасында қолдануда who орнына that салыстырмалы есімдігін қолдану күшеюде. Мысалы, сөйлеу стилистикасы: It was me that told the police және кітаптық стилистика: It was I who told the police. Мұндай жағдайдан құтылу кезінде нейтралды стилистикалық сөйлемдерді пайдаланады. Мысалы: I was the one/the person who told the police» [2, 110 б] .
«Және керісінше, бұрын объективті септікте қолданылған есімдіктер қазір атау септігінде пайдаланылады. Мысалы: It is a wonderful moment for my husband and I. Кей жағдайларда оларды паралельді қолдану мүмкін. Мысалы: Some people ought to be below she and Claud (OC. ) ; The gum chewing woman got up and passed in front of her and Claud (ib. ) » [2, 111 б] .
Ағылшын тілінде сөйлесуде көптеген жаңа ережелер бар. Мысалы, жіктеу есімдігі бар, етістіктің жатыс септікті есімдіктермен қосылуында «жақындық ережесі» сақталады, яғни етістік жақын тұрған есімдік түрінде қолданылады. Мысалы: Who is going there? You and I am ; Neither of us try to break it; You are the one that knows it.
Великобританияның әртүрлі графшылығындағы ағылшын тілінің кейбір диалектерінде me есімдігінің орнына us қолданатындығы кездеседі. Мысалы:
Send us some of them - Маған олардың кейбіреулерін жіберші.
Жіктеу есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі төмендегідей:
1. Атау септікте тұрып, бастауыш болады: I am an engineer - Мен инженермін.
2. Баяндауыштың есім бөлігі болады: It is she - Бұл - ол.
3. Табыс септігінде толықтауыш болады: They saw me - Олар мені көрді.
4. Объективті септікте тұрып тура, жанама толықтауыш қызметінен басқа септеуліктермен келіп пысықтауыш болады: There is a blackboard in front of us - Біздің алдымызда тақта бар.
1. 4 Тәуелдеу есімдіктері және олардың сөйлемдегі қызметі
Тиесілі екенін өрнектейтін және w hose? кімдікі? деген сұраққа жауап беретін жеке есімдіктерге тәуелділікті есімдік сәйкес келеді. Тәуелділікті есімдіктердің екі формасы бар: сын есімді есімдік және зат есімді қызмет атқаратын тәуелділікті есімдік.
А) Dependent form - тәуелді форма - зат есімді анықтайды.
B) Absolute form - абсолютті форма, тәуелсіз, жеке тұрып зат есімнің орнына қолданылады:
Take her ball - Оның добын ал.
Here is better - Онікі жақсырақ.
Бұл сөйлемдердегі her - оның тәуелді форма, ал hers - онікі абсолютті форма.
Бұлар жекеше, көпше түрлерге бөлінеді:
His - оның (ер адам)
Her - оның (әйел адам)
It - оның (жан - жануарлар, жансыз заттар үшін)
His - оныкі
Hers - оныкі
Its - оныкі
Бұл формадағы тәуелділікті есімдік үнемі, өзі тиесілі зат есімнің алдында тұрады. Зат есімнің анықтауышы болғандықтан, ол зат есімнің алдында артикльді қолдануды шеттейді:
My pencil is on the table - Менің карандашым столда.
He gave me his address - Ол маған өз мекен-жайын берді.
Егер зат есімге басқада анықтамалар сәйкес келседе, тәуелділікті есімдік оның алдында болады:
Where is my red pencil? - Менің қызыл карандашым қайда?
His elder brother lives in Аstana - Оның үлкен ағасы Астанада тұрады.
Тәуелділікті есімдік артикль сияқты all және both кейін қойылады:
All my pencils are in that box - Менің барлық карандаштарым ана қорапта.
Both his brothers live here - Оның екі ағасыда осында тұрады.
Гордон Е. М. және басқалардың айтуы бойынша тәуелділікті есімдік, өте жиі зат есімнің алдында тұрған, адамға қатысты заттарды көрсететін, артикльді ауыстырады дейді.
Bob nodded at his wife as if he wanted to say “you see?”- Боб өз әйеліне «Көрдін бе?» деп айтқан сияқты болып басын изеді.
He bit his lips, but said nothing. - Ол өз еріндерін тістеді, бірақ ештеңе айтқан жоқ.
Сонда да, есімдіктік орнына артикль пайдаланылатын идиматикалық фразалар бар.
I have a cold in the head - Мен басыма суық тигізіп алдым. .
He was shot through the heart - Атылған оқ оның жүрегінен өтті.
He got red in the face - Оның беті қызарып кетті.
He took me by the hand - Ол менің қолымнан алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz