Қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау жолдары


Қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғау.
Жоспар:
Кіріспе
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақстастық.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар.
3. Қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.
Қорытынды
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен деңгейлерi.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы мынадай:
1) адамның өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау;
2) орнықты дамуға қол жеткiзу;
3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мүдделерiн қорғау;
4) трансшекаралық ластануларды болғызбау, оларды азайту және бақылау;
5) еркiн халықаралық сауда мен инвестицияларды экологиялық стандарттар мен талаптарды сақтау негiзiнде дамыту және қолдау;
6) төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету;
7) трансшекаралық және өңiрлiк экологиялық проблемаларды шешу үшiн халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн қолдану;
8) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарына негiзделедi.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым мiндеттерi жаhандық, трансшекаралық, өңiрлiк және екiжақты негiзде шешiледi.
Халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) халықаралық мiндеттемелердi адал орындау;
2) мемлекеттердiң өз табиғи ресурстарын игеруге деген егемендi құқығын құрметтеу;
3) орнықты дамуға қол жеткiзу үшiн қоршаған ортаны қорғау мен экономикалық дамудың интеграциясы;
4) басқа мемлекеттердiң немесе Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына келтiрiлетiн залалдың алдын алу жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiң жауапкершiлiгi;
5) алдын ала сақтанушылық және алдын ала ескеру шараларын қабылдау;
6) халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу;
7) қоршаған ортаға ықтимал елеулi трансшекаралық әсерi бар қызмет жөнiнде алдын ала хабарлау және өзара консультациялар алысу;
8) жаhандық, өңiрлiк, ұлттық және жергiлiктi деңгейлерде жұмсалатын күш-жiгердiң өзара бiрiн-бiрi толықтыруы;
9) қоршаған ортаны ластауға байланысты шығындар үшiн ластаушының жауапкершiлiгi принциптерiне негiзделедi.
Халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтығының экономикалық негiзiн:
- халықаралық ұйымдарға төленетiн мiндеттi және ерiктi жарналар;
- халықаралық бағдарламаларды, форумдар мен өзге де халықаралық iс-шараларды қаржыландыруға қатысу;
- трансшекаралық әсердiң салдарынан келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiк;
- табиғи ресурстарды бiрлесiп пайдалануға арналған құрылыстарды пайдалануға беруге жұмсалған шығындарды пайдаланылатын табиғи ресурстарға үлестiк қатысу принципiне орай өтеу;
- бiр мемлекеттiң басқа мемлекетке Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өз табиғи ресурстарының үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) өтемақылық негiзде беруi құрайды.
Экологиялық құқық бұзушылықтар үшiн халықаралық жауапкершiлiк.
Экологиялық құқық бұзушылықтар, шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарына келтiрiлген залал, халықаралық шарттардың мiндеттемелерiн сақтамағаны үшiн халықаралық жауапкершiлiк шаралары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес қолданылады.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелерге сәйкес мынадай халықаралық және трансшекаралық рәсiмдерге:
- экологиялық ақпараттың деректерiн алмасу;
- келiсiлген талаптар мен стандарттар негiзiнде қоршаған ортаның бiрлескен мониторингiн жүргiзу;
- халықаралық маңызы бар биологиялық түрлер мен табиғи объектiлердi анықтау және сақтау;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық реттеу нысанасы болып табылатын белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыруға алдын ала негiзделген келiсiм алу;
- қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал қатер төндiретiн белгiлi бiр қызмет түрлерiне қатысты арнаулы рұқсаттар беру;
- қоршаған ортаға әсердi бiрлесiп нормалау және оларды қолданудың тиiмдiлiгiн бағалау;
- қоршаған ортаға әсердi трансшекаралық бағалау;
- трансшекаралық әсердiң ықтимал қаупi болған кезде төтенше жағдайлар туралы хабарлау;
- трансшекаралық әсердiң қаупi болатын төтенше жағдайлар кезiнде басқа мемлекеттердiң сұрауы бойынша көмек көрсету, оған қоса тиiстi бiрлесiп назар аудару жоспарларын әзiрлеу;
- халықаралық мiндеттемелердiң орындалғаны туралы ұлттық баяндамалар әзiрлеу және ұсыну;
- арнайы уәкiлеттi халықаралық ұйымдар жүргiзетiн халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелердiң сақталуын бағалау;
- басқа мемлекеттердiң немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына залал келтiргенi үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану рәсiмдерiне қатысуын көздейдi.
Халықаралық шарттарда белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасы екiжақты және көпжақты ынтымақтастық негiзiнде Эколгия кодекстің қажеттi рәсiмдердi әзiрлейдi.
Халықаралық ынтымақтастық тетiгiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және осы баптың 1-тармағында аталған рәсiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мен мемлекеттiк органдар өз құзыреттерiне сәйкес мемлекетаралық органдар құруға бастамашы болуға құқылы.
Халықаралық шарттар.
Халықаралық шарттар қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық нысаны ретiнде болады.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасымен реттеледi.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды iске асыру:
1) олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi iс-әрекеттер жоспарын әзiрлеу мен бекiтудi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттың орындалуын қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттiк органды айқындауды;
3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарға қатысу тиiмдiлiгiне тұрақты талдау жүргiзудi қамтуы мүмкiн.
3. Қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.
ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жалпыға бірдей экологиялық қауіпіздіктің басымдылығын сақтау прнциптерін басшылыққа ала отырып жузеге асырады. Егер ҚР - ның заңдарына қайшы келмесе және ҚР бекіткен халықаралық шарттарымен реттеслмесе ҚР -ның аумағында
Мемлекеттер арасындағы қарым - қатынастық алғышарты халықаралық құқытың және мемлекеттердің егеменді құқық нормаларын құрметтеу болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралы қатынастарымен бірге пайда болды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттейді және сонымен бірге оның нормаларына ықпал етеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірі үшін орасан маңызы бар жармдана дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқытық нормалардың мазмұның белгілейді.
Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық, химиялық, физикалық, санитарлық - гигиеналық және басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау - бұл мемлекеттің экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды, қаулыларды, басқа да нормативтік - құқықтық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады.
Біздің мемлекетімізде «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама» заңдары және басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.
ҚР заңдарына сәйкес жойып жіберуден, бүлінуден, зақымданудан, азыптозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат және мәденижағынан ерекше құнды қоршаған ортаның обьектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар да ерекше қорғалуға жатады.
Қоршаған табиғи ортаның құқықтық нормаларын үш топқа бөлуге болады.
Халықаралық құқық генетикалық жағынан және өзінің мәні бойынша мемлекетпен байланысты екенің қарамастан, ол жеке мемлекеттің құқығы бола алмайтына сияқты, мемлекеттен жоғары тұратын құқық та бола алмайды. Бұл қатынас, әдетте өзінің таптық табиғаты, саяси сипаты, ішкі құрылысы, аумақтық құрамы, халқының саны жағынан әртүрлі мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және басқа да қатынастарды қорғайды. Бұл арада халықаралық құқық білу қажет. Халықаралық - құқықтық қатынастар обьектісі дегеніміз - ол құқық субьектілері өзара жалпы танылған халықаралық қатынас принциптері мен нормалары негізінде не үшін құқықтық қатынасқатүсетін болса, соның бәрі.
Халықаралық өзара ынтымақтастықтың аясы кеңейген сайын обьектілер шеңбері де кеңейе түседі. Мәселен, жер серігі байланысының құқығы, атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалану, ішкі континенталдық мемлекеттер мәртебесі секілді осы заманғы бағыттар обьектілердің жаңа жүйесін жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz