Түркістан медицина колледжі оқушыларының ішкі тәртіп


Студенттің анты
«Мен - Қазақстан азаматы сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы "қатарлы әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын туған халқымның ата-дәстүрін жалғастырамын, Мемлекеттің Президентін құрметтеймін. Ата заңды бүлжытпай орындаймын. Қазақстан 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосамын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнүранын сыйлап, қастерлеймін» деп ант етемін!
Студенттер ережесі
- Білімді оқу біліктерімен дағдыларын табандылықпен игеру;
- Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану, болашақтағы мамандығын тыңдай білу;
- Топ студенттерінің өзін-өзі басқару жұмысына белсене араласу;
- Туған өлке табиғатын сақтау, халық мүлкін қорғау;
- Оқуды еңбекті дұрыс ұйымдастыру, үйірмелерде щұғылдану;
- Дене шынықтырумен, спортпен үнемі шұғылдану.
- Ата-ананы құрметтеу, үлкендерді сыйлау және кішілерге қамқор болу;
- Өзін-өзі басқару органдарының шешімін орындау;
- Ұқыпты киіну;
- Жол ережесін ақтау, өрттен сақтану, суда жүзу, тәртіп ережелерін білу жәйе қатаң сақтау.
"КЕЛІСІЛГЕН" "БЕКІТЕМІН"
Кәсіподақ ұйымының Түркістан медицина
төрағасы колледжінің директоры
Н. А. Адырбеков Ғ. Н. Бимурзаев
"" 20 11 ж. «___» 2011 ж.
Түркістан медицина колледжі оқушыларының ішкі тәртіп
ЕРЕЖЕСІ
Колледж оқушыларына арналған ішкі тәртіп Ережесі жан-жақты дамыған, парасатты, қазіргі заман талабына сай орта буынды медицина мамандарын тәрбиелеу мақсатына бағытталған.
Ережеде қарастырылған мәселелерді іске асыру колледж әкімшілігі мен ғылыми-педагогикалык Кеңестің құзіретінде.
Колледж оқушыларының білімі, мінез - құлқы, тәртібі колледжіміздің абыройы.
Біз сіздерді өздеріңіздің оқудағы жетістіктеріңізбен, тәрбиелі мінез - құлықтарыңызбен, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктеріңізбен ұзақ жылдар бойы білікті де білімді орта буынды медицина мамандарын даярлап келе жатқан білім ошағының беделін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Бүл Ережедегі қарастырылған талаптар оқушылардың барлығына бірдей тиісті.
1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Билім алушылардың:
- Оқуға қабылданған білім алушылар Мемлекеттік БілімСтандартына сәйкес білім алуға;
- Қажетті анықтамалық мәліметтерді оқу бөлімінен және бөліммеңгерушілерінен, топ жетекшілерінен сұрап білуге;
- Жалпы білім бағдарламасына сәйкес оқу жоспарына енгізілгенпәндер бойынша кеңес алуға;
- Оқу процесіне қажетті әдістемелік құралдарды, кітапхана жәнемұражай қорын, оқу залын және жатақхананы пайдалануға;
- Сабақтан тыс уақытта өзінің ғылыми, спорттық, шығармашылық кабілетін жүзеге асыруға;
- Колледж басшылығына оқу мен тұрмыс жағдайынабайланысты мәселелерді айтуға
ҚҰҚЫ БАР.
2. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Білім алушылар:
- Колледждің тәртіп Ережесімен танысуға және оны орындауға;
- Барлық дәріс және тәжірибелік сабақтарна медициналықформамен қатысуға;
- Білім алушы оқу сабақтарына (аудиториялық, тәжірибелік, дәріс, сынақ, емтихан және т. б. ) кешікпей келуге;
- Оқу сабақтарын бөлмеуге, оқытушының рұқсатынсыз сабақүстінде кірмеуге немесе шықпауға;
- Оқытушылар мен колледж қызметкерлеріне, басқа да білімалушыларға өзара құрметпен қарауға, сыйластық ережелерінсақтауға;
- Колледжде өзін өзі байсалды ұстап, сыпайы қарым қатынастаболып, тәртіп нормаларын сақтауға;
- Таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелікдағдыны жүйелі де терең меңгеруге;
- Оқу сабақтарына үзбей қатысуға;
- Оқу жоспары мен оқу бағдарламалары бойынша берілген тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;
- Белгілі бір себептермен сабақтардан қалған жағдайда білім алушының өзі немесе ата-анасы колледжге хабар жеткізіп, заңды үлгідегі анықтама қағазын топ жетекшісіне немесе бөліммеңгерушісіне көрсетуге;
- Колледждегі оқу-тәрбие жұмысы мен оқушылардың тұрмыс- тіршілігіне байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуға;
- Колледждің материалдық жеке меншігіндегі мүліктерге (оқу құралдары, муляждар, фантомдар, кітаптар, спорттық инвентарлар және т. б. ) ұқыпты және жауапкершілікпен қарап, күтіп үстауға;
- Колледждің тазалығы мен көркем қалпын сақтауға;
- Қатыса алмаған сабақтарын дер кезінде өтеу жасауға
МІНДЕТТІ
3. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СЫРТ КЕЛБЕТІ
Оқушылардың сырт келбеті мүлтаздай таза, ұқыпты болуы тиіс. Оқу ғимаратында және тәжірибе сабақтары өтетін денсаулық сақтау мекемелерінде білім алушы медициналық формада болуы тиіс. Медициналық форма мына стандартта болуы қажет: жеңі ұзын, ұзындығы тізеден келетін, крахмалданған ақ медициналық халат, крахмалданған ақ қалпақ (чепчик), былғары тәпішке. Әрбір студентте аты-жөні, тобы, бөлімі жазылған бейдж болуы тиіс. Қалпақ шашты жауып туруы қажет. Қыз баларға тырнақ өсіріп, бояуға, беттеріне артық косметика жағуға, салпылдақ сырғалар мен қолға жүзіктер тағуға қатаң тиым салынады. Әжетхана мен асханаға медициналық формада баруға болмайды.
Колледж аумағында темекі тартуға, шемішке шағуға, насыбай атуға және түкіруге рұқсат етілмейді.
4. ОҚУШЫЛАР ОҚУДАН МЫНАДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА
ШЫҒАРЫЛАДЫ:
- Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққанда;
- Сабақты үлгермеген жағдайда (семестр қорытындысыбойынша 3 пәннен үлгермесе) ;
- Оқу тәртібі мен ішкі тәртіп Ережесін бұзғанда;
- Дәлелді құжаттарсыз бір семестр ішінде 60 оқу сағатынақатыспаса;
- Мемлекеттік қорытынды аттестациядан өте алмағанда;
- Оқу ақысын төлемесе;
- Өз еркімен;
- Басқа орта арнаулы оқу орнына ауысуына байланысты;
- Әскер қатарына шақырылғанда.
Ережеге бағынбаған оқушыдан шара қолданудан бұрын жазбаша түрде түсініктеме талап етілуі тиіс. Жауапкершілікке тарту директордың бұйрығымен іске асырылады. Қолданылған шара туралы бұйрық оқушыға таныстырылып, қолы қойылып, қажетті жағдайда бұйрық колледж оқушыларына жарияланады.
Түркістан медицина колледжі окушыларының ішкі тәртіп Ережесі ҚР орта кәсіптік және техникалық білім беру Ережесіне негізделіп құрастырылды.
Түркістан медицина колледжінің 2009 жыл 4 мамырда өткен №8 ғылыми-педагогикалық Кеңесінде талқыланды.
ХАБАР ЛАМА - ХАТ
Құрметті . . . ата-анасы!
ҚР Әкімшілік кодексіне өзгерістер енгізілгенін Сіздерге хабардар етеміз:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz