Шаңғы жорықтары қауіпсіздігі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

  1. Шаңғы жорықтары қауіпсіздігі
  2. Қауіптер және олардың алдын алу шаралары
  3. Жорықтың кез келген жағдайындағы қауіптер
  4. Туристік жорықтың медициналық тұрғыдан қамтамасыз етілуі
  5. Жорық кезінде болатын аурулар кезінде алғашқы көмек көрсету

Шаңғы жорықтары қауіпсіздігі

Жазық, жолды, жазық көтерілу және түсу бойынша туристік шаңғы жорығында қарапайым шаңғы жүрістері қолданылады. Шаңғы техикасын қолданудың бірнеше мысалдарын келтіріп өтейік.

Жазық бойында екі адымды және төртадымды жүріспен қозғалады. Аздап еңіс кезінде біруақытты үшадымды (трехшажный) жүріс қолданылады. Жазық беткейлерде онша тайғамайтын жерде бір мезгілде бесадымсыз жүріс қолданылады. Жазық көтерілулерде тура жүру адымдарымен, ал тіктеу келген көтерілулерде - диагональ немесе зигзаг бойынша жүреді. Көтерілулерді одан ары қарай "жартышырша", "шырша", баспалдақ түрінде жүріп өтеді. Бұрылулар аттау арқылы орындалалды. Орташа биіктіктегі беткей бойынша қозғалыс кезінде сермеліп жүреді.

Шаңғы жорықтарының тәсілдерін үйренуші-туристер екі жыл оқу бойында игереді, бірақ туристік шаңғы жорықтарының күрделі жағдайында өзінің ерекшеліктері бар. Орманда, тайгада маршрутта терең қарлы, қар еріген кезде қозғалыс қиындайды. Бұндай жағдайда адымдау жүрісі қолданылады. 30 см тереңдіктегі қарда бағыттаушының жиі ауысуында шаңғы жолын салады. Шаңғы жолы бірінші жүрушіден кейін тегіс болмайды, оны екінші және үшінші шаңғышылар тегістейді. Ауысым уақытын топ жетекшісі белгілейді. Жақсы қарлы жерде қарапайым қозғалыс жылдамдығы 4-5 км/сағ. Шаңғы жолын салу кезінде жылдамдық 3-4 км/сағ дейін қысқарады, ал орманда терең бұдырлы қарлы жерлерде 1-2 км/сағ дейін азаяды. Шаңғыда ауыр рюкзакпен көтерілу және түсу күрделі, егер беткей бұдырлы болса, онда адымдаумен түскен жақсы. Түсу алдында оны жақсылап қарап алу керек және ең жазық әрі қауіпсіз бағытты таңдау қажет.

Балалар тобында күрделі түсулерде жол таңдау, шаңғы жолын салуды тек топ жетекшісі жасайды. Қар жамылығысының тіктілігіне, тереңдігіне және қаттылығына байланысты беткейден түсу басты немесе төменгі тіректе өткізіледі.

Таныс емес беткеймен түсе отырып, тоқтауды қолданады. Түсуде бұрылудың қарапайым тәсілі аттау болып келеді. Экстренді тоқтау қажет болған кезде, құлаумен тоқтайды. Түсу жолында құлаған кезде тезірек шаңғы жолын босату керек.

Қозғалыста әртүрлі кедергілер кезігеді: құлаған ағаштар, жыралар, орлар, үлкен тастар. Шаңғыны сындырып алмау және жарақат алмау үшін олардан абайлап өту қажет . Жыралардан жанынан аттап өту қажет.

Нашар қатқан өзендерден өткенде, абайлылықты сақтау қажет. Мұз мықтылығын сақтау қажет, ал қауіпті жерлерді 5-6 м интервалмен өту қажет. Мұз мықтылығын тексеруге шыққан адам арқанмен байланып сақтануы қажет. Егер өзенде жусан болса, ал мұзда су болса, оларды айналып өту керек. Судан суланған қарлы бөліктен шыққан кезде шаңғыны жабысқан мұздардан тазалай керек, әйтпесе, қозғалысты қиындатады.

Қозғалысты ұйымдастыру. Туристер-шаңғышылар тобы колоннада бір-бірден жазықты жерлерде 5-6 м интервалда, түсу кезінде 10-15 м интервалда жүреді. Бағыттаушы болып топ жетекшісі немесе жақсы дайындалған турист жүреді. Топтың соңында ең күштілердің бірі жүреді.

Егер шаңғы жолын салу қажет болса, қозғалысты ұйымдастыру өзгереді. Алда жүруші бірнеше минут бойы шаңғы жолын салады, содан кейін бір жағына қарай жылжып, соңында жүруші адамсыз топты алға жібереді, өзі соңғы жүрушінің алдына тұрып жүреді. Осылай, шаңғы жолын салуда бүкіл топ қатысады.

Жетекшінің орны жағдайларға байланысты анықталады. Ол бағыттаушы болуы мүмкін, ортада немесе колоннаның соңында жүреді. Күндізгі жүріс кезінде ол бірнеше рет колоннаны өзінен өткізіп жібереді, шаңғышыларды, олардың құрал-жабдықтарын қарайды, қозғалыс бағытын және жолды таңдау дұрыстылығын қадағалайды.

Соңғы жүрушінің міндетіне шаңғыны ұсақ жөндеулеріне көмек көрсету кіреді. Ол қатысушылардың жағдайын қадағалайды, қажет болған кезде көмек көрсетіп, топ жетекшісіне болған жай туралы хабарлайды. Күн бойында соңғы жүрушіні өзгертпеген дұрыс. Егер жолда біреге тоқтау керек болса, соңғы жүруші онымен қалады; егер тоқтау ұзақ болатын болса, топ қалған адамдарды тосады.

Қысты күні жарық кез ұзақ болмайды, сондықтан түнеу орнынан ерте шығу қаншалықты мүмкін болса, соншалықты ертерек шығу керек. Қозғалыс тәртібі жаяу жорықтағы сияқты. Түнеу орнынан шыққан кейін 15-20 мин сайын бірінші тұрақтауды жасайды, рюкзактарындағы кемшіліктерді жояды, құрал-жабдықтардың дұрыс еместігін түзетеді, артық киімдерін шешеді. Ары қарай балалар тобы әрбір 35 мин сайын, ересектер 50 мин сайын қозғалысты тоқтатып, 5-10 мин демалыс жасайды. Күніне балалар 15-20 км, ал ересектер, жақсы дайындалған туристер жақсы қарда айтарлықтай үлкен қашықтықты жүріп өтеді.

Шаңғы жорығындағы күн тәртібі

7. 00 - 7. 45: 7. 00 - 7. 45
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: тұру, туалет, таңғы ас
7. 00 - 7. 45: 7. 45 - 8. 00
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: шығуға дайындық
7. 00 - 7. 45: 8. 00 - 8. 15
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: қозғалыс
7. 00 - 7. 45: 8. 15 - 8. 25
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: аялдау
7. 00 - 7. 45: 8. 25 - 12. 00
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: аялдаулармен қозғалыс
7. 00 - 7. 45: 12. 00 - 14. 00
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: үлкен аялдау, түскі ас
7. 00 - 7. 45: 14. 00 - 16. 00
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: ауысу, өту
7. 00 - 7. 45: 16. 00 - 16. 30
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: тоқтау, ас (полдник)
7. 00 - 7. 45: 16. 30 - 19. 00
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: бос уақыт
7. 00 - 7. 45: 19. 00 - 19. 30
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: кешкі ас
7. 00 - 7. 45: 19. 30 - 21. 30
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: бос уақыт, киім, құрал-жабдықтарды жөндеу
7. 00 - 7. 45: 21. 30 - 22. 00
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: ұйықтауға дайындық
7. 00 - 7. 45: 22. 00
-: -
тұру, туалет, таңғы ас: ұйқыға жату

Қауіптер және олардың алдын алу шаралары

Тіпті ең қарапайым туристік маршруттардың өзінде қауіптер болады. Бірақ, барлық қауіптерден егер уақтылы көріп және бағалайтын болса, оларды жоюға болады.

Әдетте, апаттар топтың жолында қандай да бір қауіптердің осғанға дейін болмағандықтан болмайды. Олар туристердің апатты жағдайларда өздерін дұрыс ұстай алмауларынан болады. Керісінше, қандай жағдай болмасын, табиғат қандай кедергілер туғызбасын, өзін дұрыс ұстаған туристік ұжым көптеген жағдайда қауіптермен қиын күресте жеңімпаз болып шығады.

Жорық кезінде, бөгеттерді өту және жалпы жұмыстарды орындау кездерінде топта қатаң бірлесушілік, ұжымның ерік-жігерімен болатын тәртіп болу тиіс. Қандай да бір бұзушылықтар жорықтың барлық қатысушыларымен талқылануы тиіс, себебі жорықта тәртіп - бұл тәртіптілік категориясы ғана емес, қауіпсіздіктің ең басты шарасы болып табылады. Тәжірибе, аса қырағылық, жаяу және тау туризмі техникасынан жақсы білім бұлардың барлығы қауіппен күресуде қиын салдарларды жоютын немесе азайтатын факторлар болып табылады.

Жорықта алдын ала қауіпті көре білуге үйрену және қажетті алдын алу шараларын уақытында қабылдау маңызды.

Жорықтың кез келген жағдайындағы қауіптер

Жорықта суқоймалары айтарлықтай қауіп келтіреді, себебі олар туристерге таныс емес. Шомылуға арналған орындарды алдын ала зерттеу қажет, қауіпті жерлерге белгілер қою, шомылу уақытын қатаң түрде сақтау, қауіпсіздік бойынша кезекшілер тағайындалу қажетті. Егер туристер көп болса, топтарға бөлініп жеке-жеке шомылу қажет, шомылғаннан кейін топ мүшелерін санап қою керек.

Жүрістен кейін бірден, өте күйген қалыпта шомылуға болмайды. Суық өзенде шомылмаған жөн болады.

Өткірленген балта және оқталған қаруды дұрыс қолдана алмаған кезде ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Балтаны қолдна білмейтін туристерге жорық алдында қолдануды үйрену қажет. Балтамен шабу кезінде балтаның басы немесе сабы ұшып кетіп, аяққа немесе бақа жерге соғылмайтындай етіп шабу керек. Аяқты кең ғып ашып, соғу бағытында қоймау керек.

Балтамен шабу адамдардан едәуір қашықтықта болу керек. Балтаны рюкзакқа қапсыз сала салуға болмайды, себебі қозғалыс кезінде ол шығып кетіп аяқты жаралауы мүмкін. Балтаны рюкзакқа қатты орап, кесіп өтпейтіндей етіп салу қажет.

Қаруды адамдарға ешқашан бағыттамайды, қажеті болмаса, ататын жеріне ұстамау керек. Аң аулаудан кейін бірден оқтаудан алып тастаған дұрыс. Қаруды қайыққа отырғанда, шыққанда сақ болу керек.

От жалыны, шелектегі ыстық су (көже, шай) қатты күйдіруі мүмкін. Отта дайындағанда денені қорғайтын киімсіз дайындауға болмайды. Отты үрдегенде отқа бетті жақындатпау керек. Отқа басқа бір затпен желдеткен дұрыс.

От үстінде тұрған шелек, ыдыстарды қолға қолғап киіп немесе бірдеме орап алу қажет.

Ыстық тамақпен ыдысты ешқашан адамдар арасында (әсіресе, қараңғыда) қоймайды.

Құрғақ ағаштарды кесу және бөренелерді тасу кезінде бөрене астына түсіп жарақат алу қаупі бар. Ағаштарды құлату кезінде адамдарды ағаштың биіктігінен артық радиусқа кетіру керек, құлаған ағашты қарап тұру қажет. Тасыған бөренелерді тастай салуға болмайды, ақырын жерге қою керек. Қозғалтқан бөрененің астына әсіресе сақ болу керек, бөрененің астына қолды салмау керек. Бөренені арқанмен тасу қажет.

Балтамен шабу адамдардан едәуір қашықтықта болу керек. Балтаны рюкзакқа қапсыз сала салуға болмайды, себебі қозғалыс кезінде ол шығып кетіп аяқты жаралауы мүмкін. Балтаны рюкзакқа қатты орап, кесіп өтпейтіндей етіп салу қажет.

Қаруды адамдарға ешқашан бағыттамайды, қажеті болмаса, ататын жеріне ұстамау керек. Аң аулаудан кейін бірден оқтаудан алып тастаған дұрыс. Қаруды қайыққа отырғанда, шыққанда сақ болу керек.

От жалыны, шелектегі ыстық су (көже, шай) қатты күйдіруі мүмкін. Отта дайындағанда денені қорғайтын киімсіз дайындауға болмайды. Отты үрдегенде отқа бетті жақындатпау керек. Отқа басқа бір затпен желдеткен дұрыс.

От үстінде тұрған шелек, ыдыстарды қолға қолғап киіп немесе бірдеме орап алу қажет.

Ыстық тамақпен ыдысты ешқашан адамдар арасында (әсіресе, қараңғыда) қоймайды.

Құрғақ ағаштарды кесу және бөренелерді тасу кезінде бөрене астына түсіп жарақат алу қаупі бар. Ағаштарды құлату кезінде адамдарды ағаштың биіктігінен артық радиусқа кетіру керек, құлаған ағашты қарап тұру қажет. Тасыған бөренелерді тастай салуға болмайды, ақырын жерге қою керек. Қозғалтқан бөрененің астына әсіресе сақ болу керек, бөрененің астына қолды салмау керек. Бөренені арқанмен тасу қажет.

Туристік жорықтың медициналық тұрғыдан қамтамасыз етілуі

Оқу-жаттығу сабақтары және жорықтар кездерінде қатысушылардың жарақаттар алу және ауырып қалулары мүмкін. Бұндай жағдайларда ауырған адамға уақтылы әрі дұрыс көмек көрсетілмесе, ол айтарлықтай қиындықтарға әкелуі мүмкін. Мысалы, саяхаттары әдетте қоныстанған пунктерден алыста, яғни медициналық мекемелер жоқ жерлерде болғандықтан туристер аурулар кезінде қажетті көмек көрсете білулері тиіс.

Саяхаттарда туристердің білікті медициналық көмек ала алу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан да топты іріктеген кезде топ құрамына медбике немесе дәрігерді алған дұрыс. Егер олар болмаса, алдын ала медициналық қамтамасыз етуге біреуді жауапты етіп қою қажет. Оның міндеттеріне дәрі-дәрмек салынған қорапшаны таңдап алу және құрамын қарау, қажетті дәрі-дәрмекті қолдана білу, ең кең тараған жарақаттар мен аурулардың белгілерін және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білу кіреді. Әрбір турист өзіне және жанындағы адамдарға көмек көрсете білуі тиіс.

Алғашқы көмек көрсету тәсілдері, ауруларды емдеу арнайы медициналық әдебиеттерде сипатталып жазылған. Енді кейбір мүмкін болатын аурулар кездерінде қажетті болатын пайдалы кеңестерге тоқталып өтейік.

Жарақат алу салдарларын уақтылы көмек көрсетумен оны жеңілдетуге немесе тез жоюға болады. Жарақат алу кезінде адам органдары мен терісінің бүтінділігінің бұзылуымен қатар, бүкіл ағза жағдайының өзгеруі және жалпы бұзылуы болуы мүмкін. Жарақат алу салдарынан кейде естен тану, сандырақтау және коллапс құбылыстары болады.

Коллапс айтарлықтай қан жоғалтқанда, жүрек етінің әлсіздігі, ұзақ статикалық жағдай кездерінде болады. Коллапс кезінде адамның есі әдетте сақталады, бірден адамның реңі кетіп, пульсі жиі соғып, әрең сезіледі, демалуы басында ақырын болса, содан соң жиі әрі терең демалмайды, аяқтары-қолдары суыйды, суық тер шығады.

Бұндай құбылыстардың өсуінен адамның есін жоғалтуы бола бастайды.

Естен тану, сандырақтау - бұл жарақат алудан кейін пайда болатын айрықша, өте ауыр жағдай.

Ауырған адамның естен тану жағдайында бірден күшінің құлауы және ағзаның бүкіл қызмет функцияларының әлсізденуі басталады. Адамның дем алуыәрең байқалатын үстіртін болады, реңі кетіп бозарады және терлейді, пульсі жиі болып әрең сезіледі. Жарақаттанған адам жан-жағына беймәлім қарайды. Естен тану күшті ауру тітіркенуі, қан жоғалтудан нерв жүйесінің қатты қозғалуынан пайда болады. Бұлай ауырған адамдар бірінші кезекте көмекті қажет етеді. Ең алдымен, ауруды кетіруге тырысу керек. Мысалы, адамның бір жерін емдеу ауырған адамның жалпы жағдайына жағымды әсер береді. Мысалы, сынған жерді қозғалтпау бірден ауырғанды азайтады. егер мүмкіндік болса, ауырған адамға ауру кетіргіш құралдарды (промедол, морфин, пантопон) салу қажет және жүрекке арналған - камфора, кофеин беру қажет. Ауру адамды жылыту қажет (грелка қою), ыстық тәтті шай, вино беру керек. Егер адамның ішкі құрылысына зақым келмесе, бір қасық ас содасы қосылған бір литр су ішу ұсынылады. Ауырған адамды бір-жерден қозғалтқанда тек жатқызып қана тасиды.

Жорық кезінде болатын аурулар кезінде алғашқы көмек көрсету

Тұншығу (асфиксия) . Бұның себебі кеуде клеткаларын жәншу, тасқын, қар көшкіндері кездерінде қармен, топырақпен жоғары дем алу жолдарының бітеліп қалуы болуы мүмкін. Тұншығу кезінде адамның дем алуы әлсірейдінемесе тоқтайды. Адамның бірден көгеруі, көз жарықшағының кеңейуі, есін жоғалтуы, жиі нашар сезілетін пульсі байқалады. Жүрек қызметінің тоқтап қалуы да мүмкін болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары
Спорттық-сауықтыру туризмі туралы
Тау туризмінің бағыттары
Спорттық-сауықтыру туризмі
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Экстрималды туризмнің жіктелімі
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Тау туризмі
Шаңғы туризмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz