Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Республика азаматтарының сауаттылық деңгейі.
2.2 Ағарту мекемелері жүйесінің кеңеюі. Емтихан сынақтарының енгізілуі. Ұлттық мектептерге орыс тілі пәннін енгізу.
2.3 Мәдениет мекемелерінің патриоттық тәрбие беру жұмыстары. Жоғарғы оқу орындарын ашылуы.
2.4 Қазақ кеңестік өнерінің дамуы
2.5 Қазақ халқының музыкалық мәдениеті. Қазақ киносы
2.6 Қазақ әдебиеті
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым академиясы жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия» құрылды. Комиссия құрамында А. А. Байков, В. Л. Комаров, В. К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Л. С. Берг, С. Н. Бернштейн, Н. Д. Зелинский, Л. И. Мендельштам, А. Н. Бах т. б. академиктер жұмыс істеді.
Академик А. С. Ор¬лов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік құрастырып, «Батырлар жыры» атты еңбек жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ. И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ. И. Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді.
1. Боздақтар. Алматы-95.
2. М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы-92.
3. М. Қазақстан арсенал – фронты Алматы-70.
4. Абишев Т. “Қазақстан в Великой Отечественной войне” Алматы-52.
5. Бауыржан батыр Алматы-91.
6. Балақаев Т.Б. Алдажұманов Х.С. “Қазақстан еңбек иелері – майданға” Алматы – 1985.
7. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
8. Ш. Ахметов. «Қазақ кеңес балалар әдебиеті». А, 1976.
9. Қазақ балалар әдебиеті хрестоматиясы.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым.
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Республика азаматтарының сауаттылық деңгейі.
2.2 Ағарту мекемелері жүйесінің кеңеюі. Емтихан сынақтарының енгізілуі.
Ұлттық мектептерге орыс тілі пәннін енгізу.
2.3 Мәдениет мекемелерінің патриоттық тәрбие беру жұмыстары. Жоғарғы оқу
орындарын ашылуы.
2.4 Қазақ кеңестік өнерінің дамуы
2.5 Қазақ халқының музыкалық мәдениеті. Қазақ киносы
2.6 Қазақ әдебиеті
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым
академиясы жанынан Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс
қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамында А. А.
Байков, В. Л. Комаров, В. К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар
Қазақстан жерінде Л. С. Берг, С. Н. Бернштейн, Н. Д. Зелинский, Л. И.
Мендельштам, А. Н. Бах т. б. академиктер жұмыс істеді.
Академик А. С. Орлов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік құрастырып,
Батырлар жыры атты еңбек жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық
ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым академиясының
қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты
сирек металды зерттеу ісінде Қ. И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.
И. Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты
Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын
және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек
етті. Соғыс жылдарында қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет
тілдер институты, Шымкент технология институты, Дене шынықтыру институты т.
б.
90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды.
Соғыс жылдарында Ж. Жабаев Ленинградтық өренімді, Ж. Саин өлеңдер
жинағын, Қ. Аманжолов Ақын өлімі туралы аңыздар, С. Мұқанов Өмір
мектебін, М. Әуезов Абай роман эпопеясының 1 кітабын жазды. А. Толстой
Қазақстан жерінде болғанда, Иван Грозный кітабын жазды.
Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.
1941 жылы Қазақстанға Мосфильм, Ленфильм киностудиялары көшіріліп
әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде
23 кинокартина түсірді. Олардың ішінде Партизандар, Екі жауынгер,
Георгий Сакадзе сияқты танымал кинокартиналар бар.

Республика азаматтарының сауаттылық деңгейі.
Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының
түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарынды
іске асыруға академи В. О. Комаров бастаған КСРО Ғылым Академиясының және
Қазақ бөлімшесі Президумының төрағасы, көрнекті ғалым Қ. И. Сәтбаев
бастаған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың
көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне
үлес қосты.
Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы
басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс
жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың
арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан
астам қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі
сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941ж
дейінгі 20 жоғары оқу орына 1944 ж жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы
шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары,
Алматы консерваториясы, Қазақ педогогикалық қыздар институты. Республика
жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж 10,4 мыңнан 1945
жылы 15 мыңға дейін өсті.
Осындай қиын-қыстау күндерге қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл
бөлінді. Соғыс кезінде А.Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы
Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды.
Оның “Ленинградтық өрендерім” атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те, мәні
зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов “Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын”
деп орынды айтты. Н. Тихонов айтқандай, оның “Абдолла” поэзиясының інжу-
маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж.С. Саинның шығармаларын
есімі естен кетпейтін Назым Хикмет “Кеңес Одағының барлық халықтарының
мызғымас достығының белгісі” деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде “Абай”
эпопеясының бірінші кітабын жазуы, қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға
шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың
алғашқы үш жылы ішіндеҚазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған
ұжымдарыда 20 мың спектакль мен концеррттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан
астам концерт майдан шебеінде берілді.
Соғыс жағдайы ғылым мен мәдениеттің одан әрі өркендеуіне белгілі бір
дәрежеде кедергі жасады. Алайда соғыс кезінің жағдайлары алға
қойғанміндеттерді орындауға байланысты ғылымның кейбір ибағыттары шапшаң
қарқынмен дами бастады. 1942 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалы жанынан аспирантура
ұйымдастырылды, соғыс жылдары онда 237 адам оқыды, 63 докторлық және
кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми және ғылыми-техникалық
қызметкерлердің саны 1940 жылғы 152-ден 1945 жылдың аяғында 864-ке жетті.
Олардың ішінде КСРО ҒА-сының академигі мен корреспондент мүшесі, 57 ғылым
докторы, 184 ғылым кандидаты. ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы жүйесінде 600-ден
астам ғылым қызметкер еңбек етті, олардың ішінде 34 ғылым докторы мен
кандидиты болды.

Ағарту мекемелері жүйесінің кеңеюі. Емтихан сынақтарының енгізілуі.
Ұлттық мектептерге орыс тілі пәннін енгізу.

1944 жылдың аяғында КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамына 16 институт және 7
сектор жұмыс істеді, ғылым проблемаларының өрісі кеңіді. Зерттеу
жұмыстарына бөлінген қаржы 11 есе көбейді. 1945 жылдың аяғына қарай
Қазақстанда барлығы 75 ғылыми мекеме, лоборатория, тәжірбие станцилары бар
еді. Соғыс жылдары халықшаруашылық және әскери маңызыбар 160-тан аса
практикалық ұсыныс жасалынды.
1945 жылы қазанда құрылған Ұлттық Ғылым академиясы республиканың мәдени
өміріндегі маңызы зор құбылыс болды. Мұнда ғылыми кадрлардың қалыптасуы мен
ғылымның дамуында эвакуацияланған ғылыми күштердің көрсеткен көмегі
айтарлықтай болды, ал бұл күштер аз емес еді: 20-дан астам ірі-ірі ғылыми-
зерттеу институттары, солармен бірге акдемиктер И.И. Мещанинов, Л. И.
Прасолов, А.С. Оролов, М.М.Завадский және басқа көрнекті ғалымдар бұл
кезеде республикамызда тұрып жатқан. КСРО ҒА президент В. Л. Комаров
бастаған аса көрнекті ғалымдар тобы осындай жұмыс істеді.
Халыққа білім беру. Жоғары мектеп. Соғыс кезіндегі орасан зор
қиыншылықтарға қарамастан халыққа білім беру ісіне зор қамқорлық жасалынды.
1943 жылғы қаңтардан басып барлық мектептерде, техникумдар мен жоғары оқу
орындарында оқитын қазақтарды, басқа да шығыс халықтары өкілдерін оқығаны
үшін ақы төлеуден босату қамқорлықтың айқын айғақтарының бірі болды.
Жұмысшы жастардың кешкі мектептері жүйесін кеңейту, оқушы кадрларды
даярлау, тиісті мақсатында пайдаланылмай келген мектеп үйлерін қайтарып
беру тәртібі жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылды.
Қазақ интеллигенциясы кадрларының өсуінде, ғылым мен мәдениеттің
дамуында жоғары мектеп пен техникалық орта оқу орындары-Алматы шетел
тілінде, Шымкент технологиялық, Дене тәрбиесі институттары, Алматы
консерваториясы, Педагогикалық қыздар институттары ашылды. Студенттердің
саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін көбейді.
Республикада білікті кадрлар даярлауда эвакуацияланған оқу орындары (20-
дан астам жоғары оқу орындары мен 16 техникум еді, олардың 11-і Алматыда
болатын) едәуір жұмыс атқарды. Жоғары оқу орындарының ғалымдары кадрлар
даярлаумен бірге қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының заказдары бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізді.
Қазақ әдебиті Қазақстанның жазылушылары мен ақындары өздерінің
патриоттық борыштарын лайықты орындады, олардың 90-ға жуығы майдандары және
жау тылында жаумен шайқасты. Әдебиеттің өзекті тақырыбы отанды қорғау
болды. Майдангер жазушы Б. Бұлқышевтың публицистикалық туындыларында жауды
талқандаудағы бұйрығы жастардың қаһарманды бейнесі жасалды Жамбылдың “Отан
бұйрығы”, “Мәскеуге”, “Батырдың ұрпағы”, “Ленин қаласының шапағаты” секілді
туындылары, әсіресе оның “Ленинградтық өренім” атты өлеңі кең тарады.

Мәдениет мекемелерінің патриоттық тәрбие беру жұмыстары. Жоғарғы оқу
орындарын ашылуы
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің тарихы туралы ғылыми
түсініктің қалыптасу үрдісін мына кезеңдерде бөліп көрсетуге болады: 1-
кезең — 1917-1950 жылдар ортасы: мәдениет тарихын зерттеудің және
деректемелердің қалыптасуының алғашқы кезеңі. Бүл жылдары аталған кезеңнің
мәдениет тарихы жайлы осы заманғы ғылым талабына сай келетін тарихи
еңбектер болған жоқ. Іс жүзінде мәдениет тарихының кәсіби кадрлары да
болмады. Мәдениет тарихының проблемалары саяси және мемлекеттік органдар
басшылары мен сол жылдар оқиғаларына қатысушылардың сөздері мен мерзімдік
басылымдар беттерінде көрініс тапты. 2-кезең –1950 жылдардың екінші
жартысынан 1980 жылдардың ортасына дейін. Бұл жылдары тарихи-мәдени
зерттеулердің ғылыми инфрақұрылымы, сонымен бірге кеңестік кезеңнің
мәдениет тарихы бойынша ірі монографиялық еңбектер жазған мәдениет
тарихының кәсіби кадрлары қалыптасты. Сонымен қатар мәдениет тарихы бойынша
деректер мен құжаттық материалдардың тақырыптық бағдарлармалары жарық
көрді. 1980 жылдардың екінші жартысынан мәдениет тарихнамасының дамуында
жаңа кезең қалыптасты. Бұл түбегейлі қоғамдық-саяси өзгерістердің
басталуымен және ұзақ жылдар бойы тыйым салынған есімдердің, сонымен бірге
ұлттың мәдени іргетасы. атанған Алаш қайраткерлері рухани мұраларының
тарихымызбен қайта қауышуымен байланысты жүзеге асты.
Кеңес өкіметінің алғашқы екі онжылдығында қоғамның мәдениет туралы
түсінігі сол жылдардағы газет-журналдардың беттерінен айқын көрінеді.
Оларда дәстүрлі қазақ мәдениетінің өкілдері мен жаңа пролетарлық
социалистік мәдениет қайраткерлерінің арасында өткен өткір пікірталастар
жарияланды. Мәдениет пен білім саласының белгілі қайраткерлері, партиялық
және мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлері өздерінің мәдениет
проблемасына көзқарастары мен оны дамыту жолдары, қоғам өмірінің мәдени
жағын жедел ілгері бастыру жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Ұлттық тарихи-
мәдени мұраның тағдыры, жаңа жағдайдағы Қазақстанның Қазан революциясына
дейінгі зиялы қауымының орны мен рөлі, қазақ интеллигенциясының
автономиялық құқығы мен мәдени бастауға ұмтылысы - ұлттың осы және басқа да
көкейтесті мәселелері сол жылдар мерзімді басылымдарынан айқын көрініс
тапты.

Қазақ кеңестік өнерінің дамуы
20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп,
әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына
дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал
болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің
Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда
Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С.
Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды
драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.
Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев керемет
туындылар жазды. Қазақ көркемсурет өнерінің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан
көркемсурет мектебінің өзіндік даму жолы оның есімімен байланысты. Оның
шығармашылығы 20-жылдардың соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель
туындылар Ескі және жаңа тұрмыс деген топтама ретінде белгілі. Суретші
туындыларынан ұлттық ерекшелікке, адам жанына терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Отан соғысы майдандарында
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Мақаш Қозыбаевтың тарих ғылымына қосқан үлесі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Қазақстан тарихы пәні
Қазақстан ұлы отан соғысы жылдары кезеңінде
Пәндер